Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SH B9 БЕН STARSHIP S25 ҚАЙДА ҚҰЛАДЫ?

NOAA агенттігінің ауа райы радары SH B9 старттан 250 км қашықтықта, Мексика шығанағы үстінде жарылғанын көрсетті, ал Starship S25-тің сынықтары Атлант мұхитына, Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуаннан 200 километрде құлаған. Кеменің тұмсығының құлдидауы фото мен видеоға да түсіп қалды.

Астроном Джонатан МакДауэллдің пікірінше, Starship 1740 x 150 км орбитаға жеткізетін траекторияға шыққан. Жекелеген сынықтардың орбитаға шығуы екіталай, өйткені жарылыс оларға соншалықты қосымша үдеу бере алмады.

1. Starship S25 кемесінің жолын модельдеу
2. Кеме тұмсығы жарылыстан кейін. Credit: Astronomy live
3. S25 сынықтары
4. SH B9-ды жару
АЙ МЕН ЮПИТЕР ТАҒЫ ЖАҚЫНДАСТЫ

2023 жылғы қарашаның 25-не толуға жақын Ай (Ф= 0,95+) жарқыраған Юпитерден (–2,8m) 3°-та өтеді. Олардың қосылысын 24-нен 25-не және 25-нен 26 қараған түндері көре аламыз. Ай толған кезде Жердің Күнге қарама-қарсы жағында орналасады, 3 қарашада ғана қарсы тұрған Юпитер де осы нүктеден көп ұзаған жоқ. Бұл қосылыстың мәні осында. Қарашадағы Ай мен планеталар жайлы ролик.

Кескін: Sky & Telescope
#астрокүнтізбе
1-ші және 2-ші тізбектегі тоқ күші қанша?
Anonymous Quiz
33%
6 А және 1,5 А
33%
10 А және 2,5 А
33%
2,5 А және 10 А
0%
3,75 А және 15 А
46. «ШПЕРГЕБИТ ШАХТАЛАРЫ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Викас Чандер.
Шпергебит (немісше Sperrgebiet — тыйым салынған аймақ) — Намиб шөліндегі ұлттық парк әрі алмас өндіретін аумақ. Немістер бұл өңірге XX ғасырдың басында келген. Олардан қалған зауыттың қирандыларын Құс Жолы жолағы жарықтандырып тұр. Фотоны белгілі үнді астрофотографы түсірген. Богенфельсе, Намибия.

Sperrgebiet by Vikas Chander
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Bogenfels, Namib Desert, Namibia, 21 September 2022
#астрофото2023
РЕСЕЙ ҒАРЫШКЕРЛЕРІ АЙҒА 2030-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҰШАДЫ

Алғашқы Ресей космонавтары Айға 2031–2040 жылдар аралығында аттанады. Бұл жөнінде "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының бас конструкторы Влдаимир Соловьев өз баяндамасында айтты. Ал 2040–2050 жылдары Ай базасы салынып, онда су мен оттегі өндіріле бастайды. Ресей 2050 жылдан кейін Айда өндірістік кешендер салып, аспан денесінен алынған ресурстарды алыс ғарышты игеруге қолдануды жоспарлап отыр.

2006 жылғы жоспар бойынша, 2015 жылы Айда тұрақты станса құрылып, тағы бес жылдан соң гелий-3 сирек изотопы өндіріле бастауы керек еді.

Коллаж: Ресей ғарышкері Айдан He3 өндіріп жатыр
DALL-E / «Физика және Ғарыш»
ЖЕРДЕ ТАҒЫ МАГНИТ ДАУЫЛЫ ТҰРДЫ

2023 жылғы 25 қараша, Алматы уақытымен 16:12-дегі дерек бойынша, Қиыр Шығыста поляр шұғыласы бақылануда. Геомагниттік дауыл басылмаса, түнде нұрды Солтүстік Қазақстан тұрғындары да көруі мүмкін. Мүмкін еді, алайда аспан ашылмай тұр. 21 қарашада Күн дискінің бергі бетіне шыққан дақтар туғызған геомагниттік дауыл 28-не басталар деп болжанып еді.
Илон Масктың телефоны AT&T байланыс операторының 5G+ желісіне қосылған екен. Ал мынадай суретті сіз де қоя аласыз.
😁2
Біздің солтүстік облыстарда да мынадай әлсіз шұғыла көрінуі мүмкін еді.
Фото: Константин Григорьев, Чувашия (55,7 градус с.е.)
🌚3
SPACEX КОМПАНИЯСЫ STARSHIP IFT-2 СЫНАҚ ҰШЫРЫЛЫМЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖАЙЛЫ

— Барлық 33 Raptor қозғағышы ойдағыдай тұтанып, жүйенің көтерілуі барысында толық уақыт жұмыс істеді.

— Starship сатылардың "ыстықтай" ажырауын сәтті өткізді, оған дейін үдеткіштің 30 қозғағышы сөндірілді, ал кеменің 6 қозғағышы ажырамай тұрып-ақ қосылды.

— Ажыраудан кейін SH B9 төңкерілу маневрін сәтті жасады да, қозғағыштарын қоспақ болды. Осы кезде жоспарланбаған тез бөлшектену (RUD) орын алды. Бұл оқиға ұшудың 3,5 минутынан асқанда, Мексика шығанағынан ~90 км биіктікте болды.

— Екінші сатының барлық 6 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, кемені ~24 000 км/сағ жылдамдықпен ~150 км биіктікке көтерді — S25 ғарышқа шыққан бірінші Starship болды.

— Бұл ұшырылым аясындағы сынақ ұшудың 8-ші минутынан асқанда, телеметрия келмей қалғанда тәмамдалды. Көп ұзамай 2-саты қозғағыштары өшірілуі керек еді. Автоматты қауіпсіздік жүйесі прототипті жарып жіберуге команда берді. Кеменің жағдайы жайлы деректерді талдау мұның дұрыс болғанын көрсетті.

— Сумен салқындатылатын жалынтойтарғыш пен старт алаңына енгізілген басқа да өзгерістер жақсы жұмыс істеді және оларды келесі ұшырылымға дайындау көп еңбек талап кетпейді.

Сынақ барысында жиналған мәлімет одан әрі талданып жатыр. Соның нәтижесінде қорытылған өзгертулер келесі әрекеттерде қолданылады. Үшінші сынақ ұшырылымға қатысатын үдеткіш пен кеме прототиптері алдағы статикалық тұтандыру сынағына дайындалуда.
#зымыранұшыру
👍1
Фото: David JD Photos
Илон Масктың айтуынша, тағы төрт Starship прототипі дайын тұр, солардың бірі — V1 нұсқадағы соңғы кеме. Starship V2 кемелеріне көбірек отын сияды, құрғақ массасы жеңілдеу, ал сенімділігі арттырылған.
👍1
47. «ДОЛБАДАРН ҚАМАЛЫ — УЭЛЬС ХАНЗАДАЛАРЫНЫҢ ҮЙІ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Роберт Прайс.
Лланберис, Гуинедд, Уэльс, Ұлыбритания.

Dolbadarn Castle – Home of Welsh Princes by Robert Price
Astronomy Photographer of the Year 2023
Llanberis, Gwynedd, Wales, UK, 28 April 2022
#астрофото2023
Òàèíñòâåííàÿ ãàëàêòèêà
Çîäèàê
Зодиак — Таинственная галактика (Музыка во вселенной, 1982)
 ñâåòå Ñàòóðíà
Çîäèàê
Зодиак — В свете Сатурна (Музыка во вселенной, 1982)
Ballad For Space Lovers
Space
Space - Ballad For Space Lovers
😁1
ҚҰНДЫЗ АЙЫ

2023 жылғы 27 қарашада Алматы уақытымен 15:16-да Ай толады. Солтүстік Америка үндістері қарашадағы Толған Айды «Құндыз Айы» деп атайды екен. Өйткені бұл жануарлар осы кезеңде қысқа дайындалып, бөген салып, азық қорын жияды. Атау аңшылардың қарашада құндызға қақпан құруымен де байланысты болуы мүмкін.

Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе
👍3