Фото: Ангара-1.2 зымыранының ұшырылуы, Роскосмос
График: Космос-2555 орбитасының төмендеуі, авторы Jonathan McDowell

🤔2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТҮНГІ ҰШЫРЫЛЫМ!
Starlink-4.18 — жылдың 21-ші старты
Starlink-4.18 — жылдың 21-ші старты
🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1052.5 сатысының ASOG платформасына қонуы
🤩3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARLINER OFT-2 МИССИЯСЫ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2022 жылы 20 мамырда Алматы уақытымен 04:54-те Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесі ұшқышсыз OFT-2 (Orbital Flight Test) сынақ миссиясы аясында Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. Ұшырылым Канаверал ғарыш айлағы, SLC-41 ұшыру алаңынан ULA компаниясының Atlas V N22 зымыранымен жүзеге асырылды. НАСА мен Boeing Старлайнердің жоспарлы орбитаға шыққанын хабарлады.
ХҒС-пен түйісу 21 мамыр, 05:10-ға жоспарланған. Стансада 8 күн болған кеме Жерге жүк алып қайтуы тиіс. Ол, Orion, Crew Dragon ғарыш кемелеріндей теңізге емес, үш парашют және астындағы үрмелі қапшық көмегімен құрлыққа қонады. 2019 жылы желтоқсанда Starliner ХҒС-қа жете апмай, Жер орбитасында екі тәулік болып қайтқан еді. Бұл сынақ сәтті өтсе, Starliner жыл соңында алғаш рет экипажбен ұшуы мүмкін.

🔥2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БОИНГТЫҢ АТЫ БОИНГ
Таңда ұшырылған CST-100 Starliner ғарыш кемесі орбитаға шығарда, OMAC (Orbital Maneuvering and Attitude Control) қозғағыштарының бірі мерзімінен ерте өшіп қалған. Оны алмастырған қосалқы қозғағыш та ерте өшкен, әйтеуір үшіншісі міндетін орындаған. Қалған он OMAC қозғағышы қалыпты жұмыс істеген. Қазір инженерлер телеметрияны талдап, ақаудың себебін іздеуде. OMAC қозғағыштары ХҒС-қа жеткенше тағы екі рет қосылуы тиіс, содан соң олар тек қайтар жолда, атмосфераға енерде жұмыс істейді.
Старлайнердің "жолаушысы" бар екен. Скафандр кигізілген манекеннің аты — "Зымыраншы қыз Рози". Ғарыш кемесі стансаға 21 мамырдың таңында, Алматы уақытымен 05:10-да түйіседі. НАСА мен Boeing корпорациясы мамандары Starliner ХҒС құрамында 4-5 күн болып, аман-есен оралады деген сенімде.

😁2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
STARLINER ХҒС-ҚА ЖЕТТІ
2022 жылы 21 мамырда, Алматы уақытымен 06:46-да Starliner S2.1 ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына сәтті түйісті. Басқару командасы бір мезет кеменің орнын жаңылыс анықтағандықтан, операция жоспарланғаннан 1,5 сағат кеш өтті. Кемеде стансаға қажет 256 кг жүк бар.
Старлайнер орбитаға шығар сәтте екі қозғағыштың ерте өшу себебі, алдын-ала дерек бойынша, камерадағы қысымның түсуі екен. Бұл миссияға қауіпті емес, барлық маңызды жүйелер қосарланған. Кеменің салқындату жүйесінде де ақау байқалды, бірақ барлық құрал-жабдықтың температурасы қалыпты деңгейде.

👍1👏1
СТАРЛАЙНЕРДІ КІМ ҰШЫРДЫ?
United Launch Alliance компаниясының софтвер-инженері Кейтлин Грийго — Atlas V-тің, сондай-ақ Space Launch System ай зымыраны ICPS екінші сатысының ұшу бағдарламасын жасайтын топтың мүшесі. ULA-ға 2019 жылы, Боулдердегі Колорадо университетін бітірісімен келген Кейтлин компаниядағы ең жас қызметкердің бірі болса да, ұшу бағдарламасының жауапты инженері ретінде үш миссия атқарып үлгерді.

❤3👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СТАРЛАЙНЕРДІҢ ЛЮГІ АШЫЛДЫ
Боб Хайнс Starliner ішіне енген алғашқы ғарышкер болды. Crew-4 экипажы мүшелері кеменің ішін қарап, суретке түсірді. Кемеден зымыраншы Роузиден басқа тағы бір "жолаушы" — KSP бағдарламасындағы кербонавт Джеб табылды. Ғарышкерлер енді Starliner жеткізген 226 кг жүкті стансаға тасып алуы тиіс.

👍2🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARLINER ХҒС-ТАН АЖЫРАДЫ
26 мамырға қараған түні Алматы уақытымен 00:36-да Starliner ғарыш кемесі ХҒС-тан ажырады. Нью-Мексико штатындағы White Sands полигонына қону (құрлыққа) — 04:49-да.
26 мамырға қараған түні Алматы уақытымен 00:36-да Starliner ғарыш кемесі ХҒС-тан ажырады. Нью-Мексико штатындағы White Sands полигонына қону (құрлыққа) — 04:49-да.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARLINER АМАН-ЕСЕН ҚОНДЫ
2022 жылы 26 мамырда Алматы уақытымен 04:49-да Boeing Starliner ғарыш кемесі Нью-Мексико штатындағы White Sands полигонына сәтті қонды. Ол Boe-OFT-2 орбиталық ұшқышсыз сынақ миссиясы аясында Халықаралық ғарыш стансасында болып қайтқан еді.
Стансадан ажыраған соң қозғағыштар, күн панельдері, басқа да жабдықтар орналасқан қызметтік бөлім экипаж капсуласынан бөлініп, атмосферада жанып кетті. Капсула төмендей келе қосалқы парашюттер көмегімен негізгі үш парашют ашылды. Капсула астындағы үрмелі жастықтардың арқасында құрлыққа жайлы қонды. Құрлыққа қонғанның пайдасы — құтқарушы көліктер 10 минуттан соң-ақ капсула жанына жетті.
Сонымен, ұшу барысындағы қиындықтарға қарамастан, Старлайнердің екінші орбиталық сынағы сәтті аяқталды. Миссияны талдай келе, НАСА мен Boeing Boe-CFT ұшқышты сынағының қашан ұшырылатынын шешеді.

🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Transporter-5 — SpaceX үшін биылғы 22-ші ұшырылым. Флорида базасы, SLC-40 ұшыру алаңы, 26 мамыр 2022, 00:35. Smallsat Rideshare бағдарламасы аясында гелиосинхрон орбитаға 59 шағын жерсерік шығарылды. Falcon 9 B1061.8 бірінші сатысы Канавералдағы LZ-1 қону алаңына оралды.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
LUCY ЗОНДЫ АЙ ТҰТЫЛУЫН БАҚЫЛАДЫ
2022 жылы 15 мамырда НАСА-ның Lucy зонды Айдың толық тұтылуын ерекше ракурстан бақылай алды. Ол бұл кезде Жерден 100 миллион километрде, Жер мен Айды қосатын сызыққа перпендикуляр орналасқан еді. Ай Жер көлеңкесіне енгенде, зондтың L’LORRI камерасы Айдың жоғалып кеткенін байқады. Аспап үш сағатта тұтылудың барлығы 86 кескінін алды.
Былтыр күзде ұшырылған Lucy Негізгі белдеудегі бір астероидты зерттеген соң, Юпитердің троялық астероидтарына аттанады. Ол осы жұмбақ денелерге жақын барған алғашқы ғарыш аппараты болмақ. Юпитер орбитасына жетуге қажет үдеу алу үшін, зонд Жер маңында екі гравитациялық маневр жасайды. Оның алғашқысы 16 қазанға жоспарланған.
Credits: NASA/SwRI

28–30 МАМЫР 2022 — ЮПИТЕР МЕН МАРСТЫҢ ҚОСЫЛЫСЫ
2022 жылы 29 мамырда Алматы уақытымен 16:28-де Марс (+0,7m) Юпитерден (-2,2m) жарты градус (35 бұрыштық минут) оңтүстікте өтеді. Қазақстан аумағынан екі планетаның жақындасуын 28–30 мамыр күндері таңда, шығыс көкжиек үстінен бақылай аламыз.
Ол үшін жергілікті уақыт бойынша Күннің шығуына бір жарым — жарты сағат қалғанда шығысқа көз тіккен жөн. Мысалы, Алматыда Марстың жақсы көрінетін мезгілі — 3:35–4:45, ал Күн 5:15-те шығады. Тоғысқан екі планетаның оң жағынан бұлыңғыр Сатурн, ал сол жағынан жарқыраған Шолпан көзге шалынады.

ZHURONG РОВЕРІ ҚЫСҚЫ ҰЙҚЫҒА КЕТТІ
Марстағы қытайлық Zhurong ровері ғылыми жұмысын тоқтатып, алты айға гибернация режиміне өтті. Бұл Марстың солтүстік жартышарында қыс түсуімен және атмосферада тозаңның артуымен байланысты. Желтоқсанға дейін Қытайдың зерттеу бағдарламасын тек Tianwen-1 орбитері ғана жүргізеді. Ол ровер қыстап шығатын Утопия Жазығындағы ауа райын да қадағалап тұрады.
Қазір солтүстік жартышардағы температура күндіз –20 °C-қа дейін "жылыса", түнде –100 °C-қа дейін түседі. Бұл аппараттарды жылытуға қажет энергия шығынын арттырады. Сондай-ақ ровер тұрған аймақтағы шаңды дауылдар кесірінен күн батареяларының өнімділігі де азайған. Марс бетіне бір жыл бұрын түскен Zhurong содан бері екі километрдей жол жүріп тастады. Марс беті мен бетасты қабатын зерттейтін ровер камералармен және спектрометр, радар, ауа райы сенсорларымен жабдықталған.

👍3
STARBASE КЕШЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ ҚАРАЛАДЫ
АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) SpaceX компаниясының Starbase кешенінен Super Heavy / Starship зымырандарын орбитаға ұшыруға рұқсат беру мәселесін 31 мамырда қарауы тиіс. FAA тыңдалымында ұшыру алаңының айнала радиусы 21 км аймақ экологиясына әсері зерттеледі. Зымыран зауыты, сынақ полигоны мен ғарыш айлағынан тұратын кешен Техас штаты, Кэмерон округі, Бока-Чика қыстағы маңында, Мексика шығанағының жағалауында орналасқан.
Қоршаған ортаға кері әсер ететін — орбиталық ұшырылымдардың өзі емес, оларға қажет нысандарды салу. Мысалы, құрылыс жұмыстары кесірінен жерасты суларының деңгейі өзгеруі мүмкін. Салдарынан кей жерлер батпақтанып, ал сулы-батпақты алқаптар, керісінше, құрғап кетуі және өсімдік жамылғысы өзгеруі ықтимал. Мұның бәрі жан-жануарлардың үйреншікті ортасын бұзады.
Бока-Чика маңындағы жер-су, батпақ пен жағалауды көптеген жануар мен құс түрі қоныстайды, соның ішінде сарысирақ шүрілдек пен исланд құмдауығы сияқты қорғаудағы құстар ұя салады екен. Құрылыс жұмыстары жабайы мысық, оцелот, ягурунди, Апломадо сұңқары, сондай-ақ теңіз тасбақасының бес түрінің де мекендейтін ортасына зиян тигізуі мүмкін.
Дегенмен АҚШ Балық қоры мен тұмса табиғат қызметінің FAA-ға жолдаған есебіне сәйкес, Бока-Чика маңындағы аумақ бұл түрлер ареалының кішкене ғана бөлігі болғандықтан, олардың жойылу кету қаупі жоқ. SpaceX жағалау мен сулы-батпақты алқапқа тигізетін әсерді барынша азайтуға және зиянды заттардың төгілуі мен топырақ эрозиясын болдырмауға міндеттеме алып отыр. Компания жоспарланған бірнеше техникалық нысанды салудан да бас тартты.
Рұқсат берілмеген күннің өзінде, бұл Starship орбитаға шықпайды деген сөз емес. Қазір Кеннеди ғарыш орталығында Старшипке арналған старт үстелі салынып жатыр. Ол жерден ұшырылым жасауға толық рұқсат бар. Бір қызығы, Флорида штаты, Мерритт аралында орналасқан Кеннеди орталығының 95%-н табиғи қорықтар алып жатыр.

👍1
31 МАМЫР 2022 — ҒАСЫРДА БІР ЖАУАТЫН ТӨТЕНШЕ МОЛ МЕТЕОР НӨСЕРІ 🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠🌠
2022 жылы 31 мамырда, Алматы уақытымен 10:55-те (басқа болжамдар бойынша 11:04-те немесе 11:17-де) Жердің 73P/Швассман—Вахман 3 кометасы тастаған тозаң шлейфтерімен соқтығысуы болжанып отыр. Бұл комета туғызған ағын тау-Геркулидалар деп аталғанмен, биыл оның радианты көрші Сиыршы шоқжұлдызында, жарық жұлдыз Арктур маңында орналасады. Бірнеше сағат қана жауатын жұлдызды жауынның әр сағатында 600–700 метеор ағуы ықтимал.
Алайда кометаның 1995 жылы бірнеше бөлікке ыдырап кеткенін ескерсек, белсенділік 10 000, тіпті 100 000-ға да жетуі мүмкін — секундына 25 аққан жұлдыз!!! Бірақ бұл үшін комета бөлшектері 27 м/с жылдамдықпен ұшуы керек. Соңғы 230 жылда төрт-ақ аса мол метеор нөсері (ZHR > 50 000) бақыланған: 1799, 1833, 1966 жж. — Леонидалар, 1885 ж. — Биэлидалар. Биылғы нөсер Мексикадан жақсы көрінеді.
Ең өкініштісі, биылғы жұлдыз нөсері жауған кезде біздің елімізде күн шығып кетеді((( Алайда, комета 1892 және 1897 жылдары лақтырған тозаң атмосфераға 30 мамыр 22:00 және 31 күні 16:00 шамасында енеді және негізгі шлейфпен соқтығысу уақыты да қате есептелуі мүмкін. Сондықтан мамырдың 30-нан 31-не қараған түні, әсіресе, таңға жуық, аспанда аққан жұлдыз саны артуы мүмкін. Жас Ай бақылауға кедергі келтірмейді. Тау-Геркулидалар өте баяу ұшатындықтан, онша жарық із қалдырмайды, сондықтан оларды көру үшін барынша қараңғы жерде тұру керек. Әрине, аспан бұлтсыз болсын деп тілейік.
Бұл жұлдыз нөсерін көре алмасақ, келесісі қашан болады? 2034 жылғы қарашадағы Леонидалар ағынының шыңында сағатына 400–500 метеор бақылануы мүмкін. Ал 2098 жылы қазанда Драконидалар нөсерлете жауады екен: сағатына 20 000 аққан жұлдыз!

👍2🤩2