Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🚀

SpaceX:
— Тарихтағы ең қуатты зымыранның 33 Raptor қозғағышы күшімен самғауы!

Credit: SpaceX
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мехазилладан көрініс
🔥1
43. «АРМАННЫҢ АҚЫРЫ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Жан-Франсуа Граффан.
Окситания өлкесі, Франция.

The End of the Dream by Jean-Francois Graffand
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Gavarnie, Occitanie, France, 1 July 2022
#астрофото2023
👍1🔥1
ХҒС-тың алғашқы блогы 1998 жылғы 20 қарашада қайдан ұшырылды?
Anonymous Quiz
7%
Канаверал
14%
Кеннеди ғарыш орталығы
7%
Ванденберг
71%
Байқоңыр
0%
Плесецк
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«ЫСТЫҚТАЙ» АЖЫРАУ — ЕКІНШІ СЫНАҚТЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІ📽

SpaceX:
— Starship сатыларының "ыстықтай" ажырауы — мұншалықты үлкен зымыранда бұл әдістің алғаш қолданылуы. 2-саты қозғағыштарының ажырамай тұрып қосылуы 1-саты берген жылдамдықты жоғалтпау үшін қажет.

— Starship кемесінің орталық үш қозғағышы сатылар ажырасымен дереу бағытын түзейді. Олар қосылар алдында жан-жаққа бұрылып, ыстық жану өнімдерін аралық бөлім жаққа шашқан. Ажыраудан кейін олар қайта тіктеліп, кемені алға жылжытады.
🔥1
44. «ПАНДОРА ҚАЛБЫРЫ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дерек Хорлок.
Тас плитадағы граффити көне грек аңызымен үндеседі. Оны индонезиялық белгілі стрит-арт шебері WD (Wild Drawing) салған. Алико жағажайы, Наксос, Грекия.

Pandora's Box by Derek Horlock
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken on Alyko Beach, Naxos, Greece, 26 July 2022
#астрофото2023
45. «ИЕСІЗ МЕЙМАНХАНА»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дерек Хорлок.
Бұл сурет те Наксостағы Алико жағажайында түсірілген, Грекия.

Abandoned Beach Hotel by Derek Horlock
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken on Alyko Beach, Naxos, Greece, 26 July 2022
#астрофото2023
👏1
SH B9 БЕН STARSHIP S25 ҚАЙДА ҚҰЛАДЫ?

NOAA агенттігінің ауа райы радары SH B9 старттан 250 км қашықтықта, Мексика шығанағы үстінде жарылғанын көрсетті, ал Starship S25-тің сынықтары Атлант мұхитына, Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуаннан 200 километрде құлаған. Кеменің тұмсығының құлдидауы фото мен видеоға да түсіп қалды.

Астроном Джонатан МакДауэллдің пікірінше, Starship 1740 x 150 км орбитаға жеткізетін траекторияға шыққан. Жекелеген сынықтардың орбитаға шығуы екіталай, өйткені жарылыс оларға соншалықты қосымша үдеу бере алмады.

1. Starship S25 кемесінің жолын модельдеу
2. Кеме тұмсығы жарылыстан кейін. Credit: Astronomy live
3. S25 сынықтары
4. SH B9-ды жару
АЙ МЕН ЮПИТЕР ТАҒЫ ЖАҚЫНДАСТЫ

2023 жылғы қарашаның 25-не толуға жақын Ай (Ф= 0,95+) жарқыраған Юпитерден (–2,8m) 3°-та өтеді. Олардың қосылысын 24-нен 25-не және 25-нен 26 қараған түндері көре аламыз. Ай толған кезде Жердің Күнге қарама-қарсы жағында орналасады, 3 қарашада ғана қарсы тұрған Юпитер де осы нүктеден көп ұзаған жоқ. Бұл қосылыстың мәні осында. Қарашадағы Ай мен планеталар жайлы ролик.

Кескін: Sky & Telescope
#астрокүнтізбе
1-ші және 2-ші тізбектегі тоқ күші қанша?
Anonymous Quiz
33%
6 А және 1,5 А
33%
10 А және 2,5 А
33%
2,5 А және 10 А
0%
3,75 А және 15 А
46. «ШПЕРГЕБИТ ШАХТАЛАРЫ»

«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Викас Чандер.
Шпергебит (немісше Sperrgebiet — тыйым салынған аймақ) — Намиб шөліндегі ұлттық парк әрі алмас өндіретін аумақ. Немістер бұл өңірге XX ғасырдың басында келген. Олардан қалған зауыттың қирандыларын Құс Жолы жолағы жарықтандырып тұр. Фотоны белгілі үнді астрофотографы түсірген. Богенфельсе, Намибия.

Sperrgebiet by Vikas Chander
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Bogenfels, Namib Desert, Namibia, 21 September 2022
#астрофото2023
РЕСЕЙ ҒАРЫШКЕРЛЕРІ АЙҒА 2030-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҰШАДЫ

Алғашқы Ресей космонавтары Айға 2031–2040 жылдар аралығында аттанады. Бұл жөнінде "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының бас конструкторы Влдаимир Соловьев өз баяндамасында айтты. Ал 2040–2050 жылдары Ай базасы салынып, онда су мен оттегі өндіріле бастайды. Ресей 2050 жылдан кейін Айда өндірістік кешендер салып, аспан денесінен алынған ресурстарды алыс ғарышты игеруге қолдануды жоспарлап отыр.

2006 жылғы жоспар бойынша, 2015 жылы Айда тұрақты станса құрылып, тағы бес жылдан соң гелий-3 сирек изотопы өндіріле бастауы керек еді.

Коллаж: Ресей ғарышкері Айдан He3 өндіріп жатыр
DALL-E / «Физика және Ғарыш»
ЖЕРДЕ ТАҒЫ МАГНИТ ДАУЫЛЫ ТҰРДЫ

2023 жылғы 25 қараша, Алматы уақытымен 16:12-дегі дерек бойынша, Қиыр Шығыста поляр шұғыласы бақылануда. Геомагниттік дауыл басылмаса, түнде нұрды Солтүстік Қазақстан тұрғындары да көруі мүмкін. Мүмкін еді, алайда аспан ашылмай тұр. 21 қарашада Күн дискінің бергі бетіне шыққан дақтар туғызған геомагниттік дауыл 28-не басталар деп болжанып еді.
Илон Масктың телефоны AT&T байланыс операторының 5G+ желісіне қосылған екен. Ал мынадай суретті сіз де қоя аласыз.
😁2