YouTube-тегі кейбір тікелей эфирлер:
NASASpaceflight (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=uOI35G7cP7o
The Launch Pad (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=R0K0uSDE6ks
Открытый космос Зеленого кота (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=zgaIdbXWocc

YouTube
Full Replay: SpaceX Launches Second Starship Flight Test
SpaceX is targeting Saturday for the second flight of Starship. The company has received regulatory approval for the flight. The flight will feature the newly added hot staging ring, allowing the Ship to separate from the Booster while the Booster engines…
STARSHIP ҒАРЫШҚА КӨТЕРІЛГЕНІМЕН, ОРБИТАҒА ШЫҒУҒА СӘЛ ЖЕТЕ АЛМАДЫ
2023 жылы 18 қарашада SpaceX компаниясы Starship аса ауыр зымыран жүйесінің екінші ұшу сынағын (IFT-2) өткізді. Жүйе Starbase ғарыш кешеніндегі A ұшыру алаңынан Алматы уақытымен 19:03-те көтерілді.
Сынақ барысына қысқаша шолу:
✅ Зымыран ойдағыдай көтерілді. Көкектегі ұшырылымнан кейін старт тағанына орнатылған болат мегапластина мен қарсы су шашатын жүйе өз міндеттерін жақсы орындап, бұл жолы таған қираған жоқ
✅ Starship ең жоғары күш түсетін MAX-Q нүктесінен аман өтті
✅ Super Heavy B9 үдеткішінің БАРЛЫҚ 33 ҚОЗҒАҒЫШЫ сатылар ажырағанға дейін өшпей жұмыс істеп тұрды — өте маңызды жетістік!
✅ Сатылардың "ыстықтай" ажырауы тиісті 59 км биіктікте СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
🚫 Үдеткіш қайту маневрін жасау үшін 2 қозғағышын қосты, бірақ содан кейін бірнеше қозғағыш істен шықты. T+00:03:21 уақыт мезетінде ұшуды автоматты тоқтату жүйесі (AFTS) үдеткішті жарып жіберді
✅ Starship S25 кемесінің барлық 6 қозғағышы ойдағыдай қосылып, циклограммаға сәйкес өшірілгенше ойдағыдай жұмыс істеп тұрды
✅ Кеменің ұшу траекториясы номиналға сәйкес болды
🚫 T+00:08:08 мезетінде кемеден телеметрия деректері келмей қалды
🚫 T+00:08:40-та қозғағыштар жоспарлы өшірілісімен, ұшуды автоматты тоқтату жүйесі кемені жарып жіберді (мұның себебі әзірше белгісіз)
✅ Кеме бұл сәтте 148 км биіктікте еді, яғни ғарыш шекарасынан асқан
🚫 Ал оның жылдамдығы 24 124 км/сағ (6,7 км/сек) болды. Демек ол бірінші ғарыштық жылдамдыққа жете алмай, жермаңы орбитаға шығып үлгермеді
⏰ Сынақ жоспарланған 90 минут орнына 8 минут 40 секундқа созылды.
Екінші сынақтың басты мақсаты — сатылардың ажырауы сәтті орындалды. Кеме орбитаға шығуға сәл ғана жетпей қалды. Үдеткіш пен кеменің жұмысы жайлы құнды деректер алынды. Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере келе, SpaceX компаниясы үшін бүгінгі сынақ ТАБЫСТЫ ӨТТІ деп санаймыз. Starship келесі сынақта орбитаға шығатынына сенеміз!
#зымыранұшыру
P.S. SPACEX КОМПАНИЯСЫ STARSHIP IFT-2 СЫНАҚ ҰШЫРЫЛЫМЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖАЙЛЫ
— Барлық 33 Raptor қозғағышы ойдағыдай тұтанып, жүйенің көтерілуі барысында толық уақыт жұмыс істеді.
— Starship сатылардың "ыстықтай" ажырауын сәтті өткізді, оған дейін үдеткіштің 30 қозғағышы сөндірілді, ал кеменің 6 қозғағышы ажырамай тұрып-ақ қосылды.
— Ажыраудан кейін SH B9 төңкерілу маневрін сәтті жасады да, қозғағыштарын қоспақ болды. Осы кезде жоспарланбаған тез бөлшектену (RUD) орын алды. Бұл оқиға ұшудың 3,5 минутынан асқанда, Мексика шығанағынан ~90 км биіктікте болды.
— Екінші сатының барлық 6 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, кемені ~24 000 км/сағ жылдамдықпен ~150 км биіктікке көтерді — S25 ғарышқа шыққан бірінші Starship болды.
— Бұл ұшырылым аясындағы сынақ ұшудың 8-ші минутынан асқанда, телеметрия келмей қалғанда тәмамдалды. Көп ұзамай 2-саты қозғағыштары өшірілуі керек еді. Автоматты қауіпсіздік жүйесі прототипті жарып жіберуге команда берді. Кеменің жағдайы жайлы деректерді талдау мұның дұрыс болғанын көрсетті.
— Сумен салқындатылатын жалынтойтарғыш пен старт алаңына енгізілген басқа да өзгерістер жақсы жұмыс істеді және оларды келесі ұшырылымға дайындау көп еңбек талап кетпейді.
Сынақ барысында жиналған мәлімет одан әрі талданып жатыр. Соның нәтижесінде қорытылған өзгертулер келесі әрекеттерде қолданылады. Үшінші сынақ ұшырылымға қатысатын үдеткіш пен кеме прототиптері алдағы статикалық тұтандыру сынағына дайындалуда.

👏2
42. «КЕЛЕСІ АЯЛДАМА — ҒАРЫШ»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Кристофер Форден.
Си-Лейк, Виктория штаты, Аустралия, 31 тамыз 2022.
Next Stop, the Cosmos by Christopher Forden
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Sea Lake, Victoria, Australia, 31 August 2022
#астрофото2023

🔥2
СТАРШИПТІҢ СТАРТ ТАҒАНЫ ТАМАША ХАЛДЕ
Илон Маск:
— Жаңа ғана ұшыру алаңын көріп шықтым — ол тамаша халде! Сумен салқындатылатын болат пластина келесі ұшырылым үшін жөндеуді талап етпейді. SpaceX командасы мен мердігерлерімізді осындай сенімді жүйені тез жобалап, құрастыра алғанымен құттықтаймын!
✅ Сенімді 0-ші саты
✅ Сенімді көтерілу
✅ 33 қозғағыштың сенімді жұмысы
✅ Сенімді ажырау
-==біз осындамыз==-
⏳ Орбитаға сенімді шығу
Фото: Elon Musk

👍4
🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🚀
SpaceX:
— Тарихтағы ең қуатты зымыранның 33 Raptor қозғағышы күшімен самғауы!
Credit: SpaceX

👍2
43. «АРМАННЫҢ АҚЫРЫ»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Жан-Франсуа Граффан.
Окситания өлкесі, Франция.
The End of the Dream by Jean-Francois Graffand
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Gavarnie, Occitanie, France, 1 July 2022

👍1🔥1
ХҒС-тың алғашқы блогы 1998 жылғы 20 қарашада қайдан ұшырылды?
Anonymous Quiz
7%
Канаверал
14%
Кеннеди ғарыш орталығы
7%
Ванденберг
71%
Байқоңыр
0%
Плесецк
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«ЫСТЫҚТАЙ» АЖЫРАУ — ЕКІНШІ СЫНАҚТЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІ📽
SpaceX:
— Starship сатыларының "ыстықтай" ажырауы — мұншалықты үлкен зымыранда бұл әдістің алғаш қолданылуы. 2-саты қозғағыштарының ажырамай тұрып қосылуы 1-саты берген жылдамдықты жоғалтпау үшін қажет.
— Starship кемесінің орталық үш қозғағышы сатылар ажырасымен дереу бағытын түзейді. Олар қосылар алдында жан-жаққа бұрылып, ыстық жану өнімдерін аралық бөлім жаққа шашқан. Ажыраудан кейін олар қайта тіктеліп, кемені алға жылжытады.

🔥1
44. «ПАНДОРА ҚАЛБЫРЫ»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дерек Хорлок.
Тас плитадағы граффити көне грек аңызымен үндеседі. Оны индонезиялық белгілі стрит-арт шебері WD (Wild Drawing) салған. Алико жағажайы, Наксос, Грекия.
Pandora's Box by Derek Horlock
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken on Alyko Beach, Naxos, Greece, 26 July 2022

45. «ИЕСІЗ МЕЙМАНХАНА»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дерек Хорлок.
Бұл сурет те Наксостағы Алико жағажайында түсірілген, Грекия.
Abandoned Beach Hotel by Derek Horlock

👏1
SH B9 БЕН STARSHIP S25 ҚАЙДА ҚҰЛАДЫ?
NOAA агенттігінің ауа райы радары SH B9 старттан 250 км қашықтықта, Мексика шығанағы үстінде жарылғанын көрсетті, ал Starship S25-тің сынықтары Атлант мұхитына, Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуаннан 200 километрде құлаған. Кеменің тұмсығының құлдидауы фото мен видеоға да түсіп қалды.
Астроном Джонатан МакДауэллдің пікірінше, Starship 1740 x 150 км орбитаға жеткізетін траекторияға шыққан. Жекелеген сынықтардың орбитаға шығуы екіталай, өйткені жарылыс оларға соншалықты қосымша үдеу бере алмады.
1. Starship S25 кемесінің жолын модельдеу
2. Кеме тұмсығы жарылыстан кейін. Credit: Astronomy live
3. S25 сынықтары
4. SH B9-ды жару