Артемида бағдарламасына арналған бейнероликтер — ойнату тізімінде:
https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtzYXfPh3CB_0K9LT1hJlsjv&si=SlFK0aVezSMEJb5K

STARSHIP 17 ҚАРАШАДА ҰШЫРЫЛАДЫ!
FAA Starship IFT 02 екінші орбиталық сынақ миссиясына лицензия берді. Ол тек осы ұшырылымға жарамды. Түнде Starship S25 прототипі Super Heavy B9 үдеткішіне қайта орнатылды.
SpaceX компаниясы ұшырылымды жұма, 17 қарашаға белгіледі. Ұшу терезесі Алматы уақытымен 19:00-де ашылады. Ертең ауа райы қолайлы болады деп болжанып отыр.
Фото: John Kraus Photos

🔥1🤯1
40. «ТИХОҒА САЯХАТ»
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының номинация жүлдегерлерімен одан әрі танысайық.
«Адам және Ғарыш» номинациясындағы 2-орын — Эндрю Маккарти.
Халықаралық ғарыш стансасын Айдағы Тихо кратері тұсында суретке тарту үшін белгілі астрофотографтың жарты-ақ секунд мұрсаты болды.
A Visit to Tycho by Andrew McCarthy
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Florence, Arizona, USA, 4 January 2022
Equipment used: Celestron C11 and Sky-Watcher 14" GoTo Dobsonian telescopes, Astronomik UV/IR cut filter, 2.5x Powermate lens, Hobym Traveller mount, ZWO ASI174mm and Sony A7II cameras, 4,125 mm and 2,000 mm f/10, ISO 300 and 50, 2,000 x 0.2-millisecond and 25 x 1/200-second exposures
#астрофото2023

ҚАЗАҚША ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОЛДАНБАЛАРЫ
Қазақ тіліндегі алғашқы AI қолданбалары: QazGPT, Suret. AI, YouTube.Мазмұны. Оларды қолдану үшін сайтқа тіркелу қажет. Тіркелген соң сізге тегін 5 төкең беріледі.
Кескін: «Қазақ ғарышкері бөгде ғаламшар тұрғындары арасында»
Suret. AI қолданбасы генерациялаған
#қазақстанғылымы #жасандысана

STARSHIP ҰШЫРЫЛЫМЫ 18 ҚАРАШАҒА ШЕГЕРІЛДІ
Үдеткіштің бір торкөз рулінің жетегін ауыстыру қажет болып шықты. Сондықтан кеме мен аралық бөлім үдеткіштен ажыратылды. Жөндеу жұмыстарынан соң жүйе қайта жиналады.
2-ші сынақ ұшырылым енді 2023 жылғы 18 қараша, Алматы уақытымен 19:00-ға тағайындалды. Әзірге 20 көкектегі алғашқы орбиталық ұшу сынағының қалай өткенін еске түсірейік.
Фотода: SH B9 үдеткішінің торкөз рульдері, олардың жетектері аралық бөлімнің ар жағында.

👍2
17/18 ҚАРАША 2023 — ЛЕОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫ 🌍🌠
Қарашаның 17-нен 18-не қараған түні Леонидалар метеор ағыны шыңына жетеді. Сағатына 10-ға дейін жұлдыз ағуы мүмкін. "Жауынды" түн ортасы ауғасын бақылаған дұрыс. Жарық ақ метеорлар өте тез ұшады (71 км/сек). Ағын радианты Арыстан шоқжұлдызында. Биыл жіңішке Ай орағы бақылауға кедергі келтірмейді.
55P/Темпель-Таттл кометасының қалдықтары туғызатын жұлдыз жауыны әр 33 жылда ерекше молаяды. Бұл оқиға келесі жолы 2030-да болмақ. Ал 1833, 1866, 1966, 1999, 2001 жылдары Леонидалар шелектеп жауды десе болады. 1999 жылғы нөсерді түні бойы көрудің сәті түскен еді. "Жұлдыздар" секунд сайын аспанның әр тұсынан ағып жатты, тіпті қайсысына қарарыңды білмейсің. Мол ағын түнімен толастамады. Осындай жұлдызды нөсер енді 2099 жылы қайталануы мүмкін.
#астрокүнтізбе

41. «ХАСЛИНГДЕН ТИПТІ ЖАҚЫН КЕЗДЕСУЛЕР»
«Адам және Ғарыш» номинациясындағы жоғары баға — Кэти Макгиннесс.
Хаслингден галосы — Шығыс Ланкаширдегі төбелерге орнатылған төрт мүсін-паноптиконның бірі. Диаметрі 18 метр мүсінді жүздеген жарық-диодтық шамдар жарқыратып тұр.
Close Encounters of the Haslingden Kind by Katie McGuinness
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Haslingden, Lancashire, UK, 26 April 2022
Equipment used: Sony ILCE-7M4 camera, 20 mm f/4, ISO 160; Sky: 151 x 25-second exposures; Foreground: 5-second exposure

18 ҚАРАША, 19:00 — СТАРШИПТІҢ ЕКІНШІ СЫНАҒЫ
⏰ Старт: 18 қараша 2023 жыл, 19:00 (Алматы уақыты)
Ұшу терезесі: 20 минут
Ұшыру алаңы: OLP A, Starbase, Техас
Миссия: Starship аса ауыр зымыран жүйесінің сынағы, Integrated Flight Test 2 (IFT-2)
Негізгі мақсат: сатылардың ыстықтай ажырауын пысықтау
Қосымша мақсаттар: кемені төмендетілген орбитаға шығаруды пысықтау; үдеткішті қайтарып, суға қондыру; кемені суға тастау
Пайдалы жүктеме: жоқ
🚀 Starship жүйесінің прототиптері :
— 1-саты: Super Heavy B9 үдеткіші (1-ші ұшу)
— 2-саты: Starship S25 кемесі (1-ші ұшу)
Не қайтарылады:
— Үдеткіштің старттан ~32 км Мексика шығанағы айдынына қону эксперименті. Содан кейін ол суға батырылады.
— Кемені қондыру ЖОСПАРЛАНБАҒАН. Егер ол атмосфераға енген соң аман қалса, Кауаи аралынан (Гавай архипелагы) ~100 км-де суға құлап, қирайды.
SpaceX компаниясы X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді старттан 30 минут бұрын бастайды.

👍2🔥1
YouTube-тегі кейбір тікелей эфирлер:
NASASpaceflight (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=uOI35G7cP7o
The Launch Pad (ағылшынша)
https://www.youtube.com/watch?v=R0K0uSDE6ks
Открытый космос Зеленого кота (орысша)
https://www.youtube.com/watch?v=zgaIdbXWocc

YouTube
Full Replay: SpaceX Launches Second Starship Flight Test
SpaceX is targeting Saturday for the second flight of Starship. The company has received regulatory approval for the flight. The flight will feature the newly added hot staging ring, allowing the Ship to separate from the Booster while the Booster engines…
STARSHIP ҒАРЫШҚА КӨТЕРІЛГЕНІМЕН, ОРБИТАҒА ШЫҒУҒА СӘЛ ЖЕТЕ АЛМАДЫ
2023 жылы 18 қарашада SpaceX компаниясы Starship аса ауыр зымыран жүйесінің екінші ұшу сынағын (IFT-2) өткізді. Жүйе Starbase ғарыш кешеніндегі A ұшыру алаңынан Алматы уақытымен 19:03-те көтерілді.
Сынақ барысына қысқаша шолу:
✅ Зымыран ойдағыдай көтерілді. Көкектегі ұшырылымнан кейін старт тағанына орнатылған болат мегапластина мен қарсы су шашатын жүйе өз міндеттерін жақсы орындап, бұл жолы таған қираған жоқ
✅ Starship ең жоғары күш түсетін MAX-Q нүктесінен аман өтті
✅ Super Heavy B9 үдеткішінің БАРЛЫҚ 33 ҚОЗҒАҒЫШЫ сатылар ажырағанға дейін өшпей жұмыс істеп тұрды — өте маңызды жетістік!
✅ Сатылардың "ыстықтай" ажырауы тиісті 59 км биіктікте СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
🚫 Үдеткіш қайту маневрін жасау үшін 2 қозғағышын қосты, бірақ содан кейін бірнеше қозғағыш істен шықты. T+00:03:21 уақыт мезетінде ұшуды автоматты тоқтату жүйесі (AFTS) үдеткішті жарып жіберді
✅ Starship S25 кемесінің барлық 6 қозғағышы ойдағыдай қосылып, циклограммаға сәйкес өшірілгенше ойдағыдай жұмыс істеп тұрды
✅ Кеменің ұшу траекториясы номиналға сәйкес болды
🚫 T+00:08:08 мезетінде кемеден телеметрия деректері келмей қалды
🚫 T+00:08:40-та қозғағыштар жоспарлы өшірілісімен, ұшуды автоматты тоқтату жүйесі кемені жарып жіберді (мұның себебі әзірше белгісіз)
✅ Кеме бұл сәтте 148 км биіктікте еді, яғни ғарыш шекарасынан асқан
🚫 Ал оның жылдамдығы 24 124 км/сағ (6,7 км/сек) болды. Демек ол бірінші ғарыштық жылдамдыққа жете алмай, жермаңы орбитаға шығып үлгермеді
⏰ Сынақ жоспарланған 90 минут орнына 8 минут 40 секундқа созылды.
Екінші сынақтың басты мақсаты — сатылардың ажырауы сәтті орындалды. Кеме орбитаға шығуға сәл ғана жетпей қалды. Үдеткіш пен кеменің жұмысы жайлы құнды деректер алынды. Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере келе, SpaceX компаниясы үшін бүгінгі сынақ ТАБЫСТЫ ӨТТІ деп санаймыз. Starship келесі сынақта орбитаға шығатынына сенеміз!
#зымыранұшыру
P.S. SPACEX КОМПАНИЯСЫ STARSHIP IFT-2 СЫНАҚ ҰШЫРЫЛЫМЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖАЙЛЫ
— Барлық 33 Raptor қозғағышы ойдағыдай тұтанып, жүйенің көтерілуі барысында толық уақыт жұмыс істеді.
— Starship сатылардың "ыстықтай" ажырауын сәтті өткізді, оған дейін үдеткіштің 30 қозғағышы сөндірілді, ал кеменің 6 қозғағышы ажырамай тұрып-ақ қосылды.
— Ажыраудан кейін SH B9 төңкерілу маневрін сәтті жасады да, қозғағыштарын қоспақ болды. Осы кезде жоспарланбаған тез бөлшектену (RUD) орын алды. Бұл оқиға ұшудың 3,5 минутынан асқанда, Мексика шығанағынан ~90 км биіктікте болды.
— Екінші сатының барлық 6 қозғағышы ойдағыдай тұтанып, кемені ~24 000 км/сағ жылдамдықпен ~150 км биіктікке көтерді — S25 ғарышқа шыққан бірінші Starship болды.
— Бұл ұшырылым аясындағы сынақ ұшудың 8-ші минутынан асқанда, телеметрия келмей қалғанда тәмамдалды. Көп ұзамай 2-саты қозғағыштары өшірілуі керек еді. Автоматты қауіпсіздік жүйесі прототипті жарып жіберуге команда берді. Кеменің жағдайы жайлы деректерді талдау мұның дұрыс болғанын көрсетті.
— Сумен салқындатылатын жалынтойтарғыш пен старт алаңына енгізілген басқа да өзгерістер жақсы жұмыс істеді және оларды келесі ұшырылымға дайындау көп еңбек талап кетпейді.
Сынақ барысында жиналған мәлімет одан әрі талданып жатыр. Соның нәтижесінде қорытылған өзгертулер келесі әрекеттерде қолданылады. Үшінші сынақ ұшырылымға қатысатын үдеткіш пен кеме прототиптері алдағы статикалық тұтандыру сынағына дайындалуда.

👏2
42. «КЕЛЕСІ АЯЛДАМА — ҒАРЫШ»
«Адам және Ғарыш» номинациясының қысқа тізіміне енген — Кристофер Форден.
Си-Лейк, Виктория штаты, Аустралия, 31 тамыз 2022.
Next Stop, the Cosmos by Christopher Forden
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Sea Lake, Victoria, Australia, 31 August 2022

🔥2