Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СУПЕРЖАҢА ЖҰЛДЫЗДЫ АШТЫ

Жасанды интеллект алғаш рет супержаңа жұлдызды іздеп, тауып, қуаттап, жіктеп және жариялаған. Халықаралық зерттеушілер тобы Bright Transient Survey Bot (BTSbot) атты жасанды интеллектті 1,4 млн кескін көмегімен үйреткен еді. Солтүстік аспанды күнара шолатын Zwicky Transient Facility (ZTF) автомат камерасы кезекті кескіндерін 2023 жылы 3 қазанда түсіріп алған.

BTSbot 5 қазанда ZTF деректерінен супержаңа жарылысын тапқан соң, басқа робот-аспаптармен байланысып, оқиғаны қуаттады. BTSbot оны Ia типті супержаңа ретінде жіктеп, 7 қазанда жаңалық туралы есеп жариялады. Супержаңаға SN2023tyk деген ат қойылды.
#жасандысана #ғылымижаңалық
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP ЖҮЙЕСІ ҚАЙТА ЖИНАЛДЫ

Super Heavy B9 үдеткіші мен Starship S25 прототипі төртінші рет пе, бесінші рет пе, зымыраншылар тілімен айтқанда, "некелесті". Жарылғыш зат заряды орнатылғанына қарағанда, олар жер бетінде енді ажыраспай, ғарыш сапарына бірге аттануға бекінген секілді.

Алайда үлкендер (FAA) "батасын" беруге асығар емес. Десе де "той иелері" (SpaceX) 17 қарашаға шақыру билеттерін тарата бастады. Қолайлысы сол, "аттану" жергілікті уақытпен таңертеңгі сегіздерге, яғни бізше кешкі сегіз шамасына межеленген.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP S25 ПЕН SUPER HEAVY B9 АЖЫРАТЫЛДЫ

Старбейсте ауа райы бұзылайын деп тұр, сондықтан кемені үдеткіштен түсіру жөн деп ұйғарылды. Үдеткіштің құрғақ массасы 180 тонна, кеменікі — 80 тонна, сол себепті желкенділігі үлкен прототиптерді күшті жел аударып тастау қаупі бар. Отын толық құйылған жүйенің жалпы массасы 5000 тонна.
👍2
36. NGC 4945: КОЛДУЭЛЛ 83

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джонатан Лодж.

NGC 4945: Caldwell 83 by Jonathan Lodge
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 9–11 April and 22 December 2021, 7, 8, 13, 14 and 29 January, 28 and 30 March and 1 April 2022
#астрофото2023
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕРГЕ +1 ЖАСАНДЫ СЕРІК

2023 жылы 1 қарашада ашық ғарыштағы жұмыс кезінде НАСА астронавты Жасмин Могбели жоғалтып алған сөмке Жердің жасанды серігіне айналды. Оның орбиталық параметрлері — 415 х 416 км. Құрал-сайман салынған сөмке +6 жұлдыздық шамадағы нысан ретінде ХҒС-тан сәл ілгеріде көрінуі мүмкін.

Ол тез төмендеп, 2024-тің наурызында Жер атмосферасында жанып кетеді. Мұндай оқиға 2008 жылы да болған. Ол кезде сөмкеден НАСА астронавты Хайдемари Стефанишин-Пайпер айрылып қалған екен.
#хғс
👍1
ҮРКЕР ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ

Қарашаның салқын кештерінде, қараңғы түскеннен екі сағаттан соң шығыстан Үркер көріне бастады. M45 шашыраңқы жұлдыз шоғыры жайлы қысқаша ақпарат — арнадағы жаңа роликте, сілтеме комментте.

Фото: Stonehenge Dronescapes
#бейнеролик
Apollo 8 ғарыш кемесінің командирі Фрэнк Борман (1928-2023) мына суретті 1968 жылы желтоқсанда, Айға аттанған алғашқы ұшқышты миссия кезінде түсірді. Борман, Билл Андерс пен Джим Ловелл Жер дискін толық көрген бірінші адамдар еді. Олар сондай-ақ Айдың арғы бетін де алғаш болып өз көзімен көрді.
2👍1
37. NGC 1097 МЕН ҚҰЙРЫҚТАР

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марк Хэнсон мен Майк Селби.

NGC 1097 and Tidal Tails by Mark Hanson and Mike Selby
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 24–27 August 2022
#астрофото2023
👍1
«Энергия–Буран» кешенінің Байқоңырдағы №110 ұшыру алаңына шығарылуы, 1988 жыл. 15 қарашада «Буранның» алғашқы және соңғы ұшқанына 35 жыл толады.
#ғарыштарихы
👍1
20 ЖЫЛ БҰРЫН СЕДНА АШЫЛДЫ

2003 жылы 14 қарашада Паломар обсерваториясындағы Самуэль Ошин атындағы 1,2 метрлік телескоп түсірген суреттерден Седна (90377 Sedna) денесі ашылды. Оны америкалық астрономдар Майкл Браун, Чэдвик Трухильо мен Давид Рабиновиц анықтады. Седна эскимос халқының теңіз аңдары тәңіриясының құрметіне аталған.

Седна Күнді ерекше сопақ орбитамен айналады екен: перигелиі 76 а.б., яғни Нептуннан 2,5 есе алыс, ал афелиі — 1006 а.б., 32 Күн–Нептун қашықтығындай! Ашылған кезде ол Күнге 100 а.б. дейін жақындаған еді. Седна — Күн жүйесіндегі біз білетін денелердің ең қашығының бірі. Ол бұл орбитамен шамамен 11400 жылда бір айналым жасайды.

Кейбір астрономдар Седнаны Нептун гравитациясы әсерінен Койпер белдеуінен түзілген шашыраңқы дискке жатқызса, Браун оны Оорт бұлтының ішкі бөлігінің алғашқы анықталған өкілі деп санайды. Қалай болса да, ғылыми тұрғыдан, Седна — Нептуннан әрі нысандардың ең маңыздысының бірі

Седнаның диаметрі 995 км деп саналады, ол үлкендігі бойынша Нептуннан әрі нысандар арасында Эрида, Плутон, Макемаке мен Хаумеадан кейінгі 5-ші орында. Оның серігі жоқ. Спектрлік талдау Седна бетінде су, метан, азот мұзы мен толиндер барын көрсетті. Оның беті өте қызыл, Марспен шамалас.
МАГЕЛЛАН БҰЛТТАРЫНЫҢ АТЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Оңтүстік жартышардан жай көзбен көрінетін екі шағын галактика бары белгілі. Олар — біздің Құс Жолының серіктері Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары. Олар әйгілі португал теңізшісі Фернан Магелланның құрметіне аталған.

Астрономиялық нысандарға ат қоятын ресми ұйым — Халықаралық астрономиялық одақ (IAU) бұл атауларды өзгертуге шақырды. Одақтың пікірінше, Магеллан саяхатшы ғана емес, басқыншы және кісі өлтіруші болған. Магеллан мен оның адамдары Гуам мен Филиппинде жергілікті тұрғындарды өлтіріп, қыстақтарды өртеген. Сондықтан аспан нысандары отарлаушының есімімен аталмауы керек.

Және, әрине, Магеллан бұл галактикаларды ашқан да жоқ. Тынық мұхит аралдарының байырғы халықтары оларды ежелгі заманнан біліп, өз тілдерінде ат қойғаны анық. Дегенмен Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттарын енді қалай атау жайлы нақты ұсыныс әзірше берілген жоқ.

Соңғы жылдары отарлаушылар қойған немесе солардың құрметіне берілген географиялық атаулар байырғы халықтар тіліндегі атауларға ауыстырылып жатыр. Мысалы, Солтүстік Америкадағы ең биік Маккинли тауы ресми түрде Денали болып өзгертілді. Оңтүстік Америка мен Отты Жер аралдары арасындағы Магеллан бұғазының аты өзгертілер ме екен?
Фото: Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары Чилидегі Серро-Паранал обсерваториясы үстінде
Credit: ESO
38. «МЕССЬЕ 96: СӘБИ-ГАЛАКТИКАНЫ АЯЛАҒАН»

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марк Хэнсон мен Майк Селби.

Messier 96: Holding the Baby Galaxy by Mark Hanson and Mike Selby
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 1–4 April 2022
#астрофото2023
🥰1
35 ЖЫЛ БҰРЫН «БУРАН» ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ

1988 жылы 15 қарашада Алматы уақытымен 9:00-де Байқоңыр ғарыш айлағының №110/37 ұшыру алаңынан «Энергия» аса ауыр зымыраны ұшқышсыз «Буран» кемесін көтерді. Кеме 205 минуттан соң Байқоңырдағы «Юбилейный» аэродромының жолағына автоматты түрде ұшақша қонды. Бұл кеңестік шаттлдың алғашқы және соңғы ұшырылуы еді. «Энергия» зымыраны да осы екінші сәтті ұшырылымнан кейін қайта самғаған жоқ.

Сөйтіп, «америкалық шаттл Кеңес Одағы үстіне шүйіліп, нейтрон бомбасын тастай алады екен» деген сандыраққа сеніп қалған кеңес басшыларының оны қайталамақ әрекеті бір қарағанда сәтті болды. Алайда әу бастан мақсатсыз туған жоба мәнді өмір сүре алмады. «Энергияға» да, кемеге де істейтін ешқандай нақты жұмыс жоқ еді. «Энергияға» 100 тонналық пайдалы жүктеме ойлап табу әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кез келген жерсерікті ұшыруға әлдеқайда арзан «Союз» бен «Протон» зымырандарының мүмкіндігі жетіп артылатын. Ұшқышты «Мир» стансасына да бұлардың қажеті шамалы-тын. Мұндай аса қымбат кешен әскери мақсаттан басқа ештеңеге жарамайтын, ал оның нақты әскери құндылығы нөлдің маңайында болды. 1990 жылы тоқтатылған «Энергия–Буран» бағдарламасы 1993-те түпкілікті жабылды. Кеңестік шаттлмен ұшуға дайындалған Минавиапром ғарышкерлер отряды таратылды, оның мүшелерінің біразы мезгілсіз дүние салды.

Бағдарламаға 1991 жылдың 1 қаңтарына дейін 16,1 млрд рубль жұмсалды деген дерек бар. Белгілі бір кезеңде 2,5 миллион кеңес азаматы осы жобаға жұмыс істеген! «Буранның» жалғыз ұшырылымының өзі 1 миллиард долларға шыққан. Халқын ішер ас, жөндем тауармен қамтамасыз ете алмай отырған елде әр ұшқан сайын бір аса ауыр зымыранды шығын қылатын бес бірдей шаттл жасау әрекеті осылай тынды. Аттыға ілесемін деп жаяудың таңы айрылды. Беліне байлаған шоқпарын көтере алмаған Кеңес Одағының омыртқасы үзілді.

Ғарышқа ұшып келген 1.01 «Буран» кемесі 2002 жылы 12 мамырда 112-ші алаңдағы төбесі опырылған МИК ғимараты ішінде күйреді, оның кесіп алынған қалдықтары метал сынығы ретінде сатылып кетті. МИК ішінде үшінші «Энергияның» дайын блоктары мен демонстрациялық макеті де қирады. Бұл апатта 8 адам қаза тапқанын ұмытпаған жөн. РД-0120 сутегі-оттегі қозғағышының үш макеті Қытайға сатылды.

КСРО тараған сәтте Байқоңырда қалған 1.01 «Буран» мен оның 95-97% дайын ізбасары 1.02 «Буря» Қазақстан Республикасының меншігі еді. Қазір жеке меншікке өтіп кеткен «Буря» МЗК ғимаратында тұр. Баспасөзде жазылғандай, ол күзетілмейді, МЗК-ға қалаған жан кіре алады. Кабина терезелері сынған, іші-сырты талан-таражға түскен, тек сыртқы қаңқасы ғана қалған сияқты. 30-35% дайын болған 2.01 «Байкал» Ресейде біреудің жеке меншігінде, іші тоналған, сырты сын көтермейтін халде. МАКС-2011 әуе салонында көрсету үшін бір жағы ғана жаңғыртылғандай түр жасалды (pokazukha). 10-20% дайын 2.02 «Тайфун» мен 2.03 кемелері Тушино машина жасау зауытында утилизацияланды. 24 рет әуеге көтерілген ұшатын макет Германиядағы мұражайда, басқа макеттердің бірі Мәскеуде, ВДНХ-да, бірі — Сочиде, бірі Байқоңырда тұр.
#ғарыштарихы #көбәріп
👍1
39. «РАДИО «A»: КИЛОГЕРЦТЕН ЭКЗАГЕРЦКЕ ДЕЙІН»

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Мартин Пью.

Radio 'A': Kilohertz to Exahertz by Martin Pugh
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 21 and 23 February 2023
#астрофото2023
🤯1
БІР ЖЫЛ БҰРЫН ARTEMIS I МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2022 жылы 16 қарашада, Алматы уақытымен 12:47:44-те Кеннеди ғарыш орталығының LC-39B ұшыру алаңынан НАСА-ның SLS аса ауыр зымыраны алғаш ұшырылды. Ол ұшқышсыз Orion ғарыш кемесін Айды айналып келетін бірінші сапарға аттандырды.
1👍1
Артемида бағдарламасына арналған бейнероликтер — ойнату тізімінде:
https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtzYXfPh3CB_0K9LT1hJlsjv&si=SlFK0aVezSMEJb5K