Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
108. УЭББ ПЕН ХАББЛ ТЕЛЕСКОПТАРЫ ҒАРЫШТЫҢ ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ҚАНЫҚ ӘРІ АЙҚЫН СУРЕТІНІҢ БІРІН АЛДЫ

НАСА-ның Джеймс Уэбб және Хаббл ғарыштық телескоптары Жерден 4,3 млрд жарық жылындағы ауқымды MACS 0416 галактикалар шоғырын зерттеу үшін күш біріктірді. Алынған панхромат кескінде көрінетін және инфрақызыл жарық қосылып, Әлемнің бұрын-соңды түсірілген ең әсем көрінісінің бірін құрады. Құлпырған түрлі-түсті оттарға толы бұл шоғыр «Жаңажылдық шырша» деп те аталады.

Әр толқын ұзындығындағы жарық түрлі түспен берілген. Көк түсті галактикалар салыстырмалы түрде жақын, оларда жұлдыз түзілу қарқынды жүріп жатыр. Мұны көрінетін жарықта Хаббл жақсырақ байқайды. Қызыл галактикалар әдетте алыстау немесе тозаңға бай, сондықтан Уэббтің инфрақызыл көзімен жақсы көрінеді.

Кескіндегі айрықша бір нысан — «Мотра» аталатын сұмдық жарық жұлдыз. Ол Үлкен Жарылыстан 3 миллиард жыл өте өмір сүрген галактикада орналасқан. Галактикалар шоғыры мен тағы бір жұмбақ нысанның гравитациясы жұлдызды кем дегенде 4000 есе ұлғайтып көрсетеді. Гравитациялық линза құбылысы осы.
👍2
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, Jose M. Diego (IFCA), Jordan C. J. D'Silva (UWA), Anton M. Koekemoer (STScI), Jake Summers (ASU), Rogier Windhorst (ASU), Haojing Yan (University of Missouri)
👍2
34. «КӨЗ» ГАЛАКТИКАСЫ

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының номинация жүлдегерлерімен одан әрі танысайық.

«Галактикалар» номинациясындағы 2-орын — Вейтан Лян.
Көз галактикасы (NGC 4438) — Бикеш шоғырындағы әйгілі әсерлесіп жатқан галактика. Оның кішкенелігі сонша, құрылымын анықтап көру үшін үлкен телескоп қажет. Фотограф ең үлкен әуесқой телескоп — Чилископтағы бір метрлік радиобасқарылатын телескоппен 30 сағат экспозиция жасаған.

The Eyes Galaxy by Weitang Liang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 6, 7, 22 and 28–30 April and 1– 3, 5, 19, 26 and 27 May 2022
Equipment used: ASA 1-meter Richey Chretien telescope, ASA AZ1000 mount, FLI ProLine 16803 camera, 6800 mm 1 m multiple 1,800- and 600-second exposures, 30 hours total exposure
#астрофото2023
👍2
ФРЭНК ФРЕДЕРИК БОРМАН II (14.03.1928 — 7.11.2023)

Бұрынғы НАСА астронавты, Ай орбитасына жеткен 24 адамның бірі Фрэнк Борман 96 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол ғарышқа екі рет ұшып, онда 20 тәулікке жуық болған.

Борман алғаш 1965 жылы 4 желтоқсанда Gemini 7 кемесінің командирі ретінде ұшты. Джим Ловелл екеуі жасаған ғарыштық ұшу ұзақтығының рекорды (14 тәулік) 1970 жылға дейін тұрды. Фрэнк 1968 жылы 21 желтоқсанда ұшырылған Apollo 8 экипажының да командирі болды. Борман, Ловелл мен Билл Андерс Жер табағын толық көрген және Ай орбитасына шығып, оны айналып қайтқан алғашқы адамдар атанды. Осы миссия барысында түсірілген Жердің тарихи фотосы жайлы роликтен Борманның өз даусын естуге болады.

Фрэнк Борман Уэст-Пойнттағы Әскери академия мен Калифорния технологиялық институтын тәмамдаған. Әскери ұшқыш, сынаушы-ұшқыш, инженер, авиатехника магистрі, доцент, полковник. НАСА астронавтары қатарына 1962 жылы «Келесі Тоғыздық» сапында қабылданып, 1970 жылға дейін қызмет еткен. Кейін әуе компаниясының вице-президенті, кәсіпкер болған.

Журналист Эндрю Чайкиннің жазуынша, Гас Гриссом қаза тапқаннан кейін, Айға қонатын бірінші миссияның командирлігіне Борман таңдалған. Алайда ол Аполло-8-ге дейін-ақ "бұл ғарышқа соңғы ұшуым" деген іштей шешім қабылдап қойғандықтан, ұсыныстан бас тартыпты. Борман Apollo 11 миссиясы кезінде АҚШ президенті жанындағы НАСА өкілі міндетін атқарған. Ол Никсонды Айдағы астронавтарға алдын-ала жазылған ұзын-сонар мәтінді оқымай, телефонмен қысқаша сөйлесуге көндіреді. Борман президентке әнұран қоспауға да кеңес берген, өйткені астронавтар Ай бетіндегі шектеулі уақыттың 2,5 минутын қимылсыз тұруға жұмсар еді.

Фрэнк Борман — Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалінің, НАСА мен ӘӘК медальдерінің иегері. Оның есімі Айдың арғы бетіндегі 50 километрлік кратерге, туған қаласы Гэридегі (Индиана) саябақ пен тасжолға, бірнеше мектепке берілген.
👍1💔1
35. «КӨРШІЛЕР»

«Галактикалар» номинациясындағы жоғары баға — Пол Монтегю.
NGC 5101 мен NGC 5078 галактикаларын түсіру үшін 8-дюймдік телескоппен 17 сағат дерек жинауға тура келді. Кішкене көршісі IC 879-бен әсерлесіп жатқан NGC 5078-дің шаңды жағын NGC 5101-дің тегіс бетімен салыстыра қараған қызық.

Neighbours by Paul Montague
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Bendleby Ranges, South Australia, 26–28 May 2022
Equipment used: GSO Ritchey-Chretien 8" telescope, Chroma LRGB 31 mm filters, Astro-Physics Mach1 mount, ZWO ASI294MM-Pro camera, 1,200 mm f/6, multiple 3-minute Luminance and 5-minute RGB exposures, approx. 17 hours total exposure
#астрофото2023
👍1🔥1
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СУПЕРЖАҢА ЖҰЛДЫЗДЫ АШТЫ

Жасанды интеллект алғаш рет супержаңа жұлдызды іздеп, тауып, қуаттап, жіктеп және жариялаған. Халықаралық зерттеушілер тобы Bright Transient Survey Bot (BTSbot) атты жасанды интеллектті 1,4 млн кескін көмегімен үйреткен еді. Солтүстік аспанды күнара шолатын Zwicky Transient Facility (ZTF) автомат камерасы кезекті кескіндерін 2023 жылы 3 қазанда түсіріп алған.

BTSbot 5 қазанда ZTF деректерінен супержаңа жарылысын тапқан соң, басқа робот-аспаптармен байланысып, оқиғаны қуаттады. BTSbot оны Ia типті супержаңа ретінде жіктеп, 7 қазанда жаңалық туралы есеп жариялады. Супержаңаға SN2023tyk деген ат қойылды.
#жасандысана #ғылымижаңалық
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP ЖҮЙЕСІ ҚАЙТА ЖИНАЛДЫ

Super Heavy B9 үдеткіші мен Starship S25 прототипі төртінші рет пе, бесінші рет пе, зымыраншылар тілімен айтқанда, "некелесті". Жарылғыш зат заряды орнатылғанына қарағанда, олар жер бетінде енді ажыраспай, ғарыш сапарына бірге аттануға бекінген секілді.

Алайда үлкендер (FAA) "батасын" беруге асығар емес. Десе де "той иелері" (SpaceX) 17 қарашаға шақыру билеттерін тарата бастады. Қолайлысы сол, "аттану" жергілікті уақытпен таңертеңгі сегіздерге, яғни бізше кешкі сегіз шамасына межеленген.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP S25 ПЕН SUPER HEAVY B9 АЖЫРАТЫЛДЫ

Старбейсте ауа райы бұзылайын деп тұр, сондықтан кемені үдеткіштен түсіру жөн деп ұйғарылды. Үдеткіштің құрғақ массасы 180 тонна, кеменікі — 80 тонна, сол себепті желкенділігі үлкен прототиптерді күшті жел аударып тастау қаупі бар. Отын толық құйылған жүйенің жалпы массасы 5000 тонна.
👍2
36. NGC 4945: КОЛДУЭЛЛ 83

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джонатан Лодж.

NGC 4945: Caldwell 83 by Jonathan Lodge
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 9–11 April and 22 December 2021, 7, 8, 13, 14 and 29 January, 28 and 30 March and 1 April 2022
#астрофото2023
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕРГЕ +1 ЖАСАНДЫ СЕРІК

2023 жылы 1 қарашада ашық ғарыштағы жұмыс кезінде НАСА астронавты Жасмин Могбели жоғалтып алған сөмке Жердің жасанды серігіне айналды. Оның орбиталық параметрлері — 415 х 416 км. Құрал-сайман салынған сөмке +6 жұлдыздық шамадағы нысан ретінде ХҒС-тан сәл ілгеріде көрінуі мүмкін.

Ол тез төмендеп, 2024-тің наурызында Жер атмосферасында жанып кетеді. Мұндай оқиға 2008 жылы да болған. Ол кезде сөмкеден НАСА астронавты Хайдемари Стефанишин-Пайпер айрылып қалған екен.
#хғс
👍1
ҮРКЕР ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ

Қарашаның салқын кештерінде, қараңғы түскеннен екі сағаттан соң шығыстан Үркер көріне бастады. M45 шашыраңқы жұлдыз шоғыры жайлы қысқаша ақпарат — арнадағы жаңа роликте, сілтеме комментте.

Фото: Stonehenge Dronescapes
#бейнеролик
Apollo 8 ғарыш кемесінің командирі Фрэнк Борман (1928-2023) мына суретті 1968 жылы желтоқсанда, Айға аттанған алғашқы ұшқышты миссия кезінде түсірді. Борман, Билл Андерс пен Джим Ловелл Жер дискін толық көрген бірінші адамдар еді. Олар сондай-ақ Айдың арғы бетін де алғаш болып өз көзімен көрді.
2👍1
37. NGC 1097 МЕН ҚҰЙРЫҚТАР

«Галактикалар» номинациясының қысқа тізіміне енген — Марк Хэнсон мен Майк Селби.

NGC 1097 and Tidal Tails by Mark Hanson and Mike Selby
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 24–27 August 2022
#астрофото2023
👍1
«Энергия–Буран» кешенінің Байқоңырдағы №110 ұшыру алаңына шығарылуы, 1988 жыл. 15 қарашада «Буранның» алғашқы және соңғы ұшқанына 35 жыл толады.
#ғарыштарихы
👍1
20 ЖЫЛ БҰРЫН СЕДНА АШЫЛДЫ

2003 жылы 14 қарашада Паломар обсерваториясындағы Самуэль Ошин атындағы 1,2 метрлік телескоп түсірген суреттерден Седна (90377 Sedna) денесі ашылды. Оны америкалық астрономдар Майкл Браун, Чэдвик Трухильо мен Давид Рабиновиц анықтады. Седна эскимос халқының теңіз аңдары тәңіриясының құрметіне аталған.

Седна Күнді ерекше сопақ орбитамен айналады екен: перигелиі 76 а.б., яғни Нептуннан 2,5 есе алыс, ал афелиі — 1006 а.б., 32 Күн–Нептун қашықтығындай! Ашылған кезде ол Күнге 100 а.б. дейін жақындаған еді. Седна — Күн жүйесіндегі біз білетін денелердің ең қашығының бірі. Ол бұл орбитамен шамамен 11400 жылда бір айналым жасайды.

Кейбір астрономдар Седнаны Нептун гравитациясы әсерінен Койпер белдеуінен түзілген шашыраңқы дискке жатқызса, Браун оны Оорт бұлтының ішкі бөлігінің алғашқы анықталған өкілі деп санайды. Қалай болса да, ғылыми тұрғыдан, Седна — Нептуннан әрі нысандардың ең маңыздысының бірі

Седнаның диаметрі 995 км деп саналады, ол үлкендігі бойынша Нептуннан әрі нысандар арасында Эрида, Плутон, Макемаке мен Хаумеадан кейінгі 5-ші орында. Оның серігі жоқ. Спектрлік талдау Седна бетінде су, метан, азот мұзы мен толиндер барын көрсетті. Оның беті өте қызыл, Марспен шамалас.