Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
33. «СОЛТҮСТІКТЕГІ АЙ НҰРЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Янник Легодек.

The Northern Moonlight by Yannick Legodec
Astronomy Photographer of the Year 2023
Skógafoss, Skógar, Iceland, 20 August 2022
#астрофото2023
👍1
VIRGIN GALACTIC 10-ШЫ РЕТ СУБОРБИТАҒА АДАМДАРМЕН ҰШТЫ

2023 жылы 2 қарашада Virgin Galactic компаниясы Galactic 05 суборбиталық миссиясын жүзеге асырды. VMS Eve тасығыш ұшағынан ажыраған VSS Unity космопланы 87,2 км биіктікке көтерілді.

Жолаушы кабинасындағылар:
🇺🇲 Алан Штерн — инженер, планетолог-ғалым, Оңтүстік-Батыс зерттеу институтының вице-президенті, New Horizons миссиясының бас ғылыми қызметкері. Ол компанияның #020 астронавты атанды
🇺🇲 Келли Джерарди — Халықаралық астронавтика ғылымдары институтының биоастронавтика зерттеушісі, #021
🇫🇷🇮🇹 Кетти Мезонруж — Luxury Education Foundation президенті, #022
🇺🇸 Колин Беннетт — компания нұсқаушысы (3-ші суборбиталық ұшу)

VSS Unity ұшқыштары:
командир — Майкл Масуччи (6)
екінші ұшқыш — Келли Латимер (3)

Бұл миссияны Оңтүстік-Батыс зерттеу институты қаржыландырған еді. Оның барысында 5 ғылыми эксперимент өткізілді. Штерн адамның ғарышқа ұшуына қатысты физиологиялық деректер жинайтын аппаратураны сынады және НАСА мүддесінде астрономиялық экспермент өткізді. Джерарди бірнеше медициналық зертту жасады: Astroskin биомониторинг жабдығы көмегімен деректер жинады, сұйықтарды микрогравитация жағдайында зерттеді, кей технологияларды суборбиталық ұшу кезінде тексерді.

Virgin Galactic 10-шы рет суборбитаға адам шығарып отыр, оның екеуінде ғылыми зерттеу жүргізілді. Ал жалпы алғанда, бұл компанияның алтыншы ғылыми миссиясы. Galactic 05 ғарыштық ұшақтың "Америка" космопорты жолағына қонуымен аяқталды. Келесі Galactic 06 миссиясы 2024 жылғы қаңтарда суборбитаға төрт туристі шығарады.
👏2
Фото: Virgin Galactic
Image Credit: G. Neukum (FU Berlin) et al., Mars Express, DLR, ESA
👍1
ФОБОС НЕЛІКТЕН КҮҢГІРТ?

Марстың қос серігінің үлкені (орташа диаметрі 22,2 км) Фобос — Күн жүйесіндегі ең күңгірт ай. Фобостың альбедосы, яғни бетінің шағылдыру қабілеті — 0, 071. Яғни Фобос бетіне түскен жарықтың 7 проценті ғана кері шағылады.

Оның орбитасы планетаға өте жақын, Марс бетінен орта есеппен 6000 км. Сол себепті ол Марстың кей жерлерінде күніне екі рет шықса, кей жерлерден мүлдем көрінбейді. Фобос Марсты 7 сағат 39 минут 14 секундта айналып шығады, өз білігінен үйірілу периоды да сондай. Сондықтан Фобос Марсқа үнемі бір бетімен қарап тұр.

Ерекше орбитасы мен түсіне қарағанда, ол Марс өзіне тартып алған, мұз бен күңгірт тастан құралған астероид болуы мүмкін. Фобостың бетін көптеген кратерлер ойған. Ең үлкен Стикни кратерінің диаметрі 9 км.

Фобос Марсқа жылына 2 см жақындап келе жатыр. Беркли университеті ғалымдары Бенджамин Блэк пен Тушар Митталдың моделі бойынша, 20 миллион жылдан кейін Марстың тарту күші Фобосты біртіндеп қирата бастайды. Фобос бөлшектері орбитада қалып, белдеу немесе Сатурндікіндей сақина түзеді. Бұл сақинаның өзі 100 млн жыл өмір сүруі мүмкін.

Фобостың Марс лимбіне жақын мына кескінін еуропалық Mars Express орбитері 2010 жылы түсірген. Байқоңырдан 2003 жылы ұшырылған аппарат Марс орбитасында қазір де жұмыс істеп тұр. Mars Express көрген Фобос фазаларының ауысуы — видеода.
👍2
EUCLID ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕСКІНДЕР ЖАРИЯЛАНДЫ

2023 жылы 7 қарашада Еуропа ғарыш агенттігі Euclid телескопының VIS пен NISP аспаптары оптикалық және таяу инфрақызыл диапазонда түсірген алғашқы бес ғылыми кескінді жариялады. Олар вспаптардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және обсерваторияның сенімді деректер алуға қабілеттілігін айғақтады.

Кескіндерде бейнеленген нысандар:
• IC 342 спираль галактикасы. Керік шоқжұлдызындағы бұл нысан Құс Жолына ұқсас.
• Атбасы күңгірт тұмандығы — Ориондағы тұмандықтар кешеніндегі танымал нысанның бірі. Жұлдыздар жарығын жұтқан тозаң тұмандықты қарайтып тұр, ал бұлттың іші жас жұлдыздарға толы.
• NGC 6397 — Жерге жақындығы бойынша екінші орындағы шар тәрізді жұлдыз шоғыры (Садахана шоқжұлдызы, 7800 жарық жылы). Өте кәрі шоғырда 400 000-дай жұлдыз бар.
• NGC 6822 ергежейлі бұрыс галактикасы. Күннен 1,6 млн жарық жылы қашықтықта, Мерген шоқжұлдызында орналасқан. Ол — Жерге ең жақын галактиканың бірі әрі біздің галактикадан тыс екені анықталған алғашқы жүйенің бірі.
• Персейдегі галактикалар шоғыры — ең ауыр осындай жүйенің бірі. Кескіннен шоғырдағы мың шақты галактика мен ар жақтағы солғын 100 000 алыс галактика көрініп тұр.

2023 жылы 1 шілдеде ұшырылған Euclid ғарыштық телескопы Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға бір айдан соң шыққан еді. Түрлі қиындыққа толы болған калибрлеу мен дайындық кезеңі үш айға созылды. Обсерватория 6 жыл бойы галактикаларды бақылап, олардың қашықтығы мен қасиеттерін анықтайды. Бұл Әлемдегі галактикалар мен қараңғы материяның таралуының барынша дәл үш өлшемді картасын жасауға және Әлемнің кеңею жылдамдығын бағалауға мүмкіндік бермек. Біздің арнада Euclid ғарыштық телескопы жайлы ұзақ және қысқа екі ролик бар.
© ESA/Euclid/Euclid Consortium/NASA, Bildbearbeitung durch J.-C. Cuillandre, G. Anselmi; CC BY-SA 3.0 IGO
👍2
SPACEX БИЫЛҒЫ 80-ШІ ЗЫМЫРАНЫН ҰШЫРДЫ

8 қараша 2023. Starlink-6.26 миссиясына қатысты сандар:

— 11. Falcon 9 B1073 сатысы 11-ші рет ұшты
— 80. SpaceX компаниясының биылғы 80-ші ұшырылымы 🔔
— 95. Биылғы миссиялардың 95%-н бұрын ұшқан сатылар орындады
— 168. Қатарынан 168-ші сатының сәтті қонуы
— 192. Платформаға сәтті қонған 192-ші саты
— 242. 1-сатылардың 242-ші рет сәтті қонуы
— 250. Компанияның қатарынан 250-ші сәтті миссиясы 🔔
— 270. Falcon 9 зымыранының 270-ші ұшырылымы 🔔
— 283. SpaceX компаниясының 283-ші ұшырылымы
— 1000. SpaceX биыл орбитаға 1000 тоннадан астам жүк жеткізді

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍2
СТАРШИП 13–18 ҚАРАШАДА ҰШУЫ МҮМКІН

Мексика шығанағы мен Тынық мұхиттағы Гавай аралдары маңындағы теңіз зоналары 2023 жылғы қарашаның 13-нен 18-не дейін жабылатыны жайлы ескерту берілді! Әзірше лицензия да, ұшырылымға рұқсат та жоқ.

Starship жүйесінің екінші сынақ ұшырылымының жоспары біріншісіне ұқсас:
— Super Heavy үдеткіші кемемен ажырасқан соң старттан 32 км айдынға қонуға тырысады;
— Starship кемесі (орбитаға шыға алса) Гавай архипелагындағы Кауаи аралынан 100 километрде суға құлайды.
108. УЭББ ПЕН ХАББЛ ТЕЛЕСКОПТАРЫ ҒАРЫШТЫҢ ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ҚАНЫҚ ӘРІ АЙҚЫН СУРЕТІНІҢ БІРІН АЛДЫ

НАСА-ның Джеймс Уэбб және Хаббл ғарыштық телескоптары Жерден 4,3 млрд жарық жылындағы ауқымды MACS 0416 галактикалар шоғырын зерттеу үшін күш біріктірді. Алынған панхромат кескінде көрінетін және инфрақызыл жарық қосылып, Әлемнің бұрын-соңды түсірілген ең әсем көрінісінің бірін құрады. Құлпырған түрлі-түсті оттарға толы бұл шоғыр «Жаңажылдық шырша» деп те аталады.

Әр толқын ұзындығындағы жарық түрлі түспен берілген. Көк түсті галактикалар салыстырмалы түрде жақын, оларда жұлдыз түзілу қарқынды жүріп жатыр. Мұны көрінетін жарықта Хаббл жақсырақ байқайды. Қызыл галактикалар әдетте алыстау немесе тозаңға бай, сондықтан Уэббтің инфрақызыл көзімен жақсы көрінеді.

Кескіндегі айрықша бір нысан — «Мотра» аталатын сұмдық жарық жұлдыз. Ол Үлкен Жарылыстан 3 миллиард жыл өте өмір сүрген галактикада орналасқан. Галактикалар шоғыры мен тағы бір жұмбақ нысанның гравитациясы жұлдызды кем дегенде 4000 есе ұлғайтып көрсетеді. Гравитациялық линза құбылысы осы.
👍2
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, Jose M. Diego (IFCA), Jordan C. J. D'Silva (UWA), Anton M. Koekemoer (STScI), Jake Summers (ASU), Rogier Windhorst (ASU), Haojing Yan (University of Missouri)
👍2
34. «КӨЗ» ГАЛАКТИКАСЫ

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының номинация жүлдегерлерімен одан әрі танысайық.

«Галактикалар» номинациясындағы 2-орын — Вейтан Лян.
Көз галактикасы (NGC 4438) — Бикеш шоғырындағы әйгілі әсерлесіп жатқан галактика. Оның кішкенелігі сонша, құрылымын анықтап көру үшін үлкен телескоп қажет. Фотограф ең үлкен әуесқой телескоп — Чилископтағы бір метрлік радиобасқарылатын телескоппен 30 сағат экспозиция жасаған.

The Eyes Galaxy by Weitang Liang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 6, 7, 22 and 28–30 April and 1– 3, 5, 19, 26 and 27 May 2022
Equipment used: ASA 1-meter Richey Chretien telescope, ASA AZ1000 mount, FLI ProLine 16803 camera, 6800 mm 1 m multiple 1,800- and 600-second exposures, 30 hours total exposure
#астрофото2023
👍2
ФРЭНК ФРЕДЕРИК БОРМАН II (14.03.1928 — 7.11.2023)

Бұрынғы НАСА астронавты, Ай орбитасына жеткен 24 адамның бірі Фрэнк Борман 96 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол ғарышқа екі рет ұшып, онда 20 тәулікке жуық болған.

Борман алғаш 1965 жылы 4 желтоқсанда Gemini 7 кемесінің командирі ретінде ұшты. Джим Ловелл екеуі жасаған ғарыштық ұшу ұзақтығының рекорды (14 тәулік) 1970 жылға дейін тұрды. Фрэнк 1968 жылы 21 желтоқсанда ұшырылған Apollo 8 экипажының да командирі болды. Борман, Ловелл мен Билл Андерс Жер табағын толық көрген және Ай орбитасына шығып, оны айналып қайтқан алғашқы адамдар атанды. Осы миссия барысында түсірілген Жердің тарихи фотосы жайлы роликтен Борманның өз даусын естуге болады.

Фрэнк Борман Уэст-Пойнттағы Әскери академия мен Калифорния технологиялық институтын тәмамдаған. Әскери ұшқыш, сынаушы-ұшқыш, инженер, авиатехника магистрі, доцент, полковник. НАСА астронавтары қатарына 1962 жылы «Келесі Тоғыздық» сапында қабылданып, 1970 жылға дейін қызмет еткен. Кейін әуе компаниясының вице-президенті, кәсіпкер болған.

Журналист Эндрю Чайкиннің жазуынша, Гас Гриссом қаза тапқаннан кейін, Айға қонатын бірінші миссияның командирлігіне Борман таңдалған. Алайда ол Аполло-8-ге дейін-ақ "бұл ғарышқа соңғы ұшуым" деген іштей шешім қабылдап қойғандықтан, ұсыныстан бас тартыпты. Борман Apollo 11 миссиясы кезінде АҚШ президенті жанындағы НАСА өкілі міндетін атқарған. Ол Никсонды Айдағы астронавтарға алдын-ала жазылған ұзын-сонар мәтінді оқымай, телефонмен қысқаша сөйлесуге көндіреді. Борман президентке әнұран қоспауға да кеңес берген, өйткені астронавтар Ай бетіндегі шектеулі уақыттың 2,5 минутын қимылсыз тұруға жұмсар еді.

Фрэнк Борман — Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалінің, НАСА мен ӘӘК медальдерінің иегері. Оның есімі Айдың арғы бетіндегі 50 километрлік кратерге, туған қаласы Гэридегі (Индиана) саябақ пен тасжолға, бірнеше мектепке берілген.
👍1💔1