Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
60 ЖЫЛ БҰРЫН АРЕСИБО РАДИООБСЕРВАТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ

Аресибо радиообсерваториясы 1963 жылы 1 қарашада ашылған. Ол Пуэрто-Рико аралында, теңіз деңгейінін 497 метр биіктікте орнатылды. Табиғи карст шұңқырына орнатылған антенна қозғалмайтын және Жердің өз білігінен үйірілуі арқасында бағытталушы еді. Антеннасының диаметрі 305 метр Аресибо, 2016 жылы Қытайда 500 метрлік FAST радиотелескопы іске қосылғанша, әлемдегі ең үлкен апертурасы толық радиотелескоп саналып келді.

Аресибо ғылымға өлшеусіз үлес қосты. Оның көмегімен ашылған кейбір жаңалықтар:
* Меркурийдің жұлдыздық тәулігінің 59 Жер тәулігі екенін анықтау (Гордон Петтенгилл мен Р. Дайс, 1964);
* Алғашқы қосар пульсардың ашылуы (PSR B1913+16, 1974). Бұл үшін Рассел Халс мен Джозеф Тейлор 1993 жылы Нобель сыйлығын иеленді;
* Алғашқы экзопланетаның ашылуы (PSR B1257+12 пульсары маңынан, Александр Вольщан, 1991);
* Ярковский эффектінің алғаш тіркелуі (2003).

Телескоп 1974 жылы 25 000 жарық жылындағы М13 жұлдыз шоғыры бағытына «Аресибо жолдауы» атты радиосигнал жіберген. Ал соңғы жылдары ол жермаңы астероидтарын радиожарықтандырып, шағылған радиосәулені басқа телескоптармен тіркеуге көмектесіп келді. Аресибо телескопы сондай-ақ Contact және GoldenEye фильмдерінде көрініс тапқан.

2020 жылы тамызда аспаптар орнатылған платформаны антенна үстінде ұстап тұратын трос үзіліп, тәрелкеге құлап түсті. Нәтижесінде онда ұзындығы 30 метр, ені бірнеше метр ойық түзілді. Қарашада парабола пішінді антеннаны ұстайтын алты негізгі арқанның бірі үзіліп, оны тағы зақымдады. 19 қарашада АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) жағдайды саралай келе, радиотелескопты бұзуды шешті.

Алайда 2020 жылдың 1 желтоқсанында салмақты көтере алмаған қалған арқандар да үзіліп кетті. Қабылдаушы аппаратура мен сәуле шығарғыш орнатылған 900 тонналық аспалы платформа телескоптың 305 метрлік айнасына құлап түсіп, оны толық күйретті. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.
#ғылымтарихы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аресибо радиотелескопының күйреуі
31. «АРКТИКА ҚАҚПАСЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Даниэль Винье Гарсия.

Arctic Gates by Daniel Viñé Garcia
Astronomy Photographer of the Year 2023
Arctic Henge, Raufarhöfn, Iceland, 27 March 2022
#астрофото2023
LUCY ЗОНДЫ ДИНКИНЕШ АСТЕРОИДЫНЫҢ СЕРІГІН ТАПТЫ

2023 жылғы 1 қарашада, Алматы уақытымен 22:55-те НАСА-ның Lucy ғарыш аппараты Негізгі астероидтар белдеуіндегі Динкинеш астероидынан 430 километрде ұшып өтті. Сөйтсе, ені 790 метр Динкинеш жалғыз емес екен. Lucy оның 220 метрлік серігін байқады.

Зонд (152830) Dinkinesh астероидына жақындап келе жатқанда-ақ, оның жарықтығының құбылуын байқаған. Сондықтан зерттеушілер ол қосар жүйе болуы мүмкін деп болжаған. L'LORRI камерасының жақыннан алған кескіні болжамды растады. Серік іс жүзінде мына фотодағыдай Динкинешке жанасып тұрған жоқ, ол әрірек.

Ұшып өту аппараттың автономды қадағалау жүйесі жақсы жұмыс істейтінін көрсетті. Астероид тұсынан 4,5 км/сек жылдамдықпен заулап өте шыққан зонд аспан денесін ғылыми аспаптарының көзқарас аясында ұстай алды. Яғни Lucy астероид маңындағы орбитаға шыққан жоқ, оның қасынан өте тез ұшып өтті. Бұл 2025-тің 20 көкегіне жоспарланған Негізгі белдеудегі Дональдджохансон астероиды тұсынан өтуге жақсы дайындық. «Люси» 2027 жылы негізгі міндетіне — Юпитердің троялық астероидтарын жақыннан зерттеуге кіріседі.

Lucy миссиясы 7 астероидтың жанынан өтуі жоспарланған еді, ол зерттейтін екі троянның кейін ашылған серіктерін және бағдарламаға қосылған Динкинеш пен оның серігін қосқанда, олардың саны 11-ге жетті. Алғашқы екі дене жайлы ғылыми мәлімет бір аптада хабарланып болады. Lucy Жерден қазір 500 млн км қашықтықта.

Credit: NASA/Goddard/SwRI/Johns Hopkins APL/NOAO
#ғылымижаңалық
👍1
3 ҚАРАША 2023 — ЮПИТЕРДІҢ ҚАРСЫ ТҰРЫСЫ

Әр кеште шығыстан ерекше жарқыраған аспан шырағын байқайтын шығарсыздар. Бұл — қарсы тұрыстағы Юпитер. Алып планета 2023 жылғы 3 қарашада, Алматы уақытымен 11:00-де Жердің тура Күнге қарама-қарсы жағында орналасты.

Есекқырған қазір біздің ғаламшарға 595,8 млн километрге дейін жақындап тұр. Оның көрінетін диаметрі 49 бұрыштық секундқа, ал жарқырауы –2,9m жұлдыздық шамаға дейін артты. 13 ай сайын қайталанатын Юпитердің қарсы тұрысы жайлы роликте толығырақ айтылады.
#астрокүнтізбе
👍1
ҚЫТАЙЛЫҚ ЗЫМЫРАН ПРОТОТИПІ СӘТТІ ҚАРҒЫДЫ

Қытайлық iSpace компаниясы болашақ көп мәрте қолданылатын Hyperbola-2 зымыранының секіру сынағын өткізді. 178 м биіктікке қарғыған SQX-2Y прототипі жоспарланған нүктеден небәрі 1,6 м қиыс қонды. Демонстратордың өлшемдері 17 x 3,3 м, онда метан мен оттегі жағатын тартымы 15 тонна-күш бір JD-1 қозғағышы тұр. Компания секіру биіктігін біртіндеп 100 километрге дейін көтермекші.

Hyperbola-2 бірінші сатысы қайта қолданылатын екі сатылы зымыран болмақ. Машинаның жалпы ұзындығы 28 метр. Ол 500 км гелиосинхрон орбитаға 1100 кг-нан астам, ал 1-сатысы қайтарылған жағдайда — 800 кг пайдалы жүктеме шығара алады.
#ҚытайҒарышта
ӘЙЕЛДЕР ҒАРЫШТА СӨМКЕСІН ЖОҒАЛТЫП АЛДЫ

2023 жылы 1 қарашада НАСА астронавтары Жасмин Могбели (Crew-7 экипажы, қызыл жолақты скафандрда) и Лорал О'Хара (Союз МС-24) ашық ғарышқа шығып, 6 сағат 42 минут жұмыс істеді. Олар ХҒС-тың сол жақ бортындағы күн панельдерін бұратын шарнирдің 12 подшипнигінің бірін ауыстырды. Ғарышкерлер сыртқы камераға кедергі жасап тұрған кабельді дұрыстады. Ал оң жақ борттағы бір антеннаның істен шыққан электроника блогын алып тастауға уақыт жетпей қалды.

Астронавтар ашық ғарыштағы жұмыс барысында құрал-сайман салынған сөмкенің бірінен айрылып қалды. Мұны Басқару орталығы мамандары сыртқы камералардан байқаған. Сөмкенің траекториясын талдау оның стансаға қайта соғылу қатері жоғын көрсетті. Станса мен экипаж қауіпсіздікте, ешқандай шара қолдану қажет емес. Жер шарына +1 жасанды серік.

Credit: NASA TV
#хғс
32. «ЗҮБАРЖАТ ТАМЫР»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Лоренцо Раньери Тенти.

Emerald Roots by Lorenzo Ranieri Tenti
Astronomy Photographer of the Year 2023
Vestrahorn, Stokksnes, Iceland, 19 October 2022
#астрофото2023
FALCON 9 B1058 1-САТЫСЫ 18-ШІ РЕТ ҰШТЫ — ЖАҢА РЕКОРД

2023 жылы 4 қарашада SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.26 миссиясын ұшырды. Мақсат — 23 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Оны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 18-ші рет қолданылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆

Үдеткіш ең алдымен 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты DM-2 миссиясын көтерген. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" атанып кеткен қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 13 Starlink миссиясын ұшырды. B1058.18 бұл жолы да ASOG жүзбелі платформасына сәтті қонды.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍1
SPACEX ЖҮКТЕМЕ ҚАҚПАҒЫН 13-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД

2023 ж. 4 қарашадағы Starlink-6.26 миссиясы барысында тағы бір әлем рекорды жаңартылды. Зымыранның жүктеме қақпақтарының бірі 13-ші рет қолданылды! 🏆

Doug кемесі рекордшы қақпақты Атлант мұхитынан көтеріп алды (суретте), демек ол әлі де қызмет ететін шығар. SpaceX қақпақтарды не үшін аулайтыны жайлы — роликте. Тәжірибе судан тез шығарылған қақпаққа теңіз суы пәлендей зиян тигізбейтінін көрсетті, сондықтан компания оларды жайылған тормен қағып алудан бас тартты.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
starlink.gif
15.1 MB
STARLINK ЖЕРСЕРІКТЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ИНТЕРНЕТ ТАРАТА БАСТАДЫ

2023 жылы 16 қазанда Қазақстанда SpaceX Starlink компаниясының интернеті пайда болған екен. Ол Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке қосылды. Бұл жөнінде сала министрі Бағдат Мусин хабарлаған. Қазақстандағы жерсеріктік интернеттің перспективалары жайында.
👍3
Астанада поляр шұғыласы көрінбей ме? Мына фото дәл қазір Краснодар өлкесінде (46° солтүстік ендік!) түсірілген.
Фото авторы: Алексей Тонкошкуров
👍1😱1
Ақмола облысы, Ерейментау ауданындағы (51°37′ с.е.) поляр шұғыласы! 5 қараша 2023 жыл.
Фото авторы: Нұрқанат Шаймұратұлы
👍1
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ

Күн белсенділігі биыл елеулі артқанын бірнеше рет жаздық. 2023 жылы 3 қарашада Күннен үзілген протуберанец заты жексенбіде 21:40 шамасында Жерге жеткен. Бұл соңғы 20 жылдағы ең қуатты магнит дауылының бірін туғызған. Нәтижесінде әдетте биік ендіктерде ғана көрінетін поляр шұғыласын 6 қарашаға қараған түні орта ендік тұрғындары да тамашалап отыр.

Күн белсенділігі шыңына 2025 жылы жетеді деп күтіледі. демек мұндай оқиғалар жиілей бермек. Күн белсенділігінің Жердегі физикалық процестерге, негізінен Жер магнитосферасы мен атмосферасына әсерін зерттейтін ғылым саласы гелиогеофизика деп аталады. Толығырақ ақпарат біздің арнадағы осы аттас ойнату тізімінде.

Мына сурет Ақмола облысы, Ерейментау ауданында (51°37′ с.е.) түсірілген.
Фото авторы: Нұрқанат Шаймұратұлы
👍1🔥1
33. «СОЛТҮСТІКТЕГІ АЙ НҰРЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Янник Легодек.

The Northern Moonlight by Yannick Legodec
Astronomy Photographer of the Year 2023
Skógafoss, Skógar, Iceland, 20 August 2022
#астрофото2023
👍1
VIRGIN GALACTIC 10-ШЫ РЕТ СУБОРБИТАҒА АДАМДАРМЕН ҰШТЫ

2023 жылы 2 қарашада Virgin Galactic компаниясы Galactic 05 суборбиталық миссиясын жүзеге асырды. VMS Eve тасығыш ұшағынан ажыраған VSS Unity космопланы 87,2 км биіктікке көтерілді.

Жолаушы кабинасындағылар:
🇺🇲 Алан Штерн — инженер, планетолог-ғалым, Оңтүстік-Батыс зерттеу институтының вице-президенті, New Horizons миссиясының бас ғылыми қызметкері. Ол компанияның #020 астронавты атанды
🇺🇲 Келли Джерарди — Халықаралық астронавтика ғылымдары институтының биоастронавтика зерттеушісі, #021
🇫🇷🇮🇹 Кетти Мезонруж — Luxury Education Foundation президенті, #022
🇺🇸 Колин Беннетт — компания нұсқаушысы (3-ші суборбиталық ұшу)

VSS Unity ұшқыштары:
командир — Майкл Масуччи (6)
екінші ұшқыш — Келли Латимер (3)

Бұл миссияны Оңтүстік-Батыс зерттеу институты қаржыландырған еді. Оның барысында 5 ғылыми эксперимент өткізілді. Штерн адамның ғарышқа ұшуына қатысты физиологиялық деректер жинайтын аппаратураны сынады және НАСА мүддесінде астрономиялық экспермент өткізді. Джерарди бірнеше медициналық зертту жасады: Astroskin биомониторинг жабдығы көмегімен деректер жинады, сұйықтарды микрогравитация жағдайында зерттеді, кей технологияларды суборбиталық ұшу кезінде тексерді.

Virgin Galactic 10-шы рет суборбитаға адам шығарып отыр, оның екеуінде ғылыми зерттеу жүргізілді. Ал жалпы алғанда, бұл компанияның алтыншы ғылыми миссиясы. Galactic 05 ғарыштық ұшақтың "Америка" космопорты жолағына қонуымен аяқталды. Келесі Galactic 06 миссиясы 2024 жылғы қаңтарда суборбитаға төрт туристі шығарады.
👏2
Фото: Virgin Galactic