Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ҚАРАҢҒЫ МАТЕРИЯНЫҢ ФЛУКТУАЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
31 ҚАЗАН — ҚАРАҢҒЫ МАТЕРИЯ КҮНІ

Жапон астрономдары теңдессіз жаңалық ашты. Олар ALMA радиотелескоптар кешені көмегімен Әлемде қараңғы материя таралуының ірі галактикалар масштабынан кіші масштабтағы флуктуациясын анықтады.

Қараңғы материя — Әлем массасының 29%-н құрайтын зат. Ол жарықты шығармайды, шағылдырмайды және жұтпайды, сондықтан ешқашан көрінбейді. Оның барын кәдімгі материяға гравитациялық әсері арқылы ғана білеміз. Мысалы, таяу спираль галактикалардың сыртқы бөліктері, қараңғы зат әсерінен, тек жай материя болған жағдайдағыдан тезірек айналады.

Қараңғы материя кеңістікте біркелкі таралмаған, ол шоғырлар құрайды. Сондықтан оның тарту күші алыс жарық көздерінен келе жатқан электромагниттік толқынның жолын қисайтады. Бұл эффект гравитациялық линзалау ретінде белгілі. Қараңғы материя ауыр галактикалар мен галактикалар шоғырларымен байланысқан. Алайда оның кіші масштабта қалай таралғаны белгісіз.

Жапон астрономдары ALMA көмегімен Жерден 11 млрд жарық жылындағы 3 MG J0414+0534 4 атты алыс квазарды зерттеді. Оның суретін бер жақтағы галактиканың гравитациялық линзасы төрт еселеген. Бірақ квазар кескінінің орны мен пішіні бер жақтағы галактиканың тарту күшін ғана ескерген есептеулерге сай болмай шықты. Квазар жарығына тағы бір нәрсе әсер еткен.

Бұл ірі галактикалардан кіші, нақты айтқанда, 30 000 жарық жылынан аз масштабтағы қараңғы материяның әсері екені анықталды. Демек, қараңғы материя шоғырлары галактикалардың ішіне ғана емес, галактикааралық кеңістікке де тараған. Бұл жаңалық осы жұмбақ субстанция жайлы теорияларды тексеру мен оның құпиясын ашуға жәрдемдеседі.
#ғылымижаңалық
👍1🔥1
107. ШАЯН ТӘРІЗДІ ТҰМАНДЫҚ УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ КӨЗІМЕН

Краб Тұмандығы (Messier 1, M1, NGC 1952, Taurus A) — 1054 жылы Торпақ шоқжұлдызында жарылған супержаңаның қалдығы. Аспандағы ең көп зерттелген нысанның біріне енді Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam мен MIRI аспаптары да көз тікті.

Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, T. Temim (Princeton University)
👍1
29. «ЖАРЫҚ ШЫМЫЛДЫҒЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андреас Эттль.
20 ақпанда Норвегияның Лофотен аралдарында түсірілген тағы бір фото.

Curtain of Light by Andreas Ettl
Astronomy Photographer of the Year 2023
Hamnøy, Lofoten Islands, Norway, 20 February 2023
#астрофото2023
👍3
1 ҚАРАШАДА LUCY ЗОНДЫ ДИНКИНЕШ АСТЕРОИДЫНЫҢ ҚАСЫНАН ӨТЕДІ

2023 жылғы 1 қарашада, Алматы уақытымен 22:54-те НАСА-ның Lucy зонды Негізгі астероидтар белдеуінің ішкі шетіндегі (152830) 1999 VD57 Dinkinesh астероидынан 425 километрде ұшып өтеді. 1999 жылы ашылған бұл дененің өлшемі 700 метрдей.

Ұшып өтуден бір сағаттай бұрын, ара қашықтық 16 000 км болғанда, аппарат өзінің терминалдық жүйесі көмегімен Динкинештің орнын белсенді қадағалай бастайды. Жүйе астероидты 4,5 км/сек жылдамдықпен заулаған зондтың ғылыми аспаптарының көзқарас аясында автоматты түрде ұстап тұруы тиіс. Жақын өту кезінде зондтың антеннасы Жерге бағытталып тұрмайды, сондықтан алынған кескіндер мен ғылыми деректер келесі апталарда хабарланады.

Lucy 2024 жылы 12 желтоқсанда гравитациялық маневр жасау үшін Жер тұсына екінші рет оралады. 2025-тің 20 көкегінде ол Негізгі белдеудегі Дональдджохансен астероидының қасынан өтеді. «Люси» 2027–2033 жылдары Юпитердің 8 троялық астероидын жақыннан зерттейді деп жоспарланған.

Credit: NASA
👍2
МАШИНАНЫ ҮЙРЕТУ ЖАЙЛЫ ҚАЗАҚША КІТАП

Сингапурлық Bolttech компанияның машинаны үйрету жөніндегі аға инженері, PhD Мағжан Қайранбаймен сұхбат. Ол машинаны үйрету (Machine Learning) саласында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Мағжанның “Жасанды Интеллект инженері болу” сериясындағы кітаптарын мына сайттан сатып ала аласыздар. Ал «Python тілінде бағдарламалау негіздері» кітабын тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар.

#қазақстанғылымы
👍2
ЖАС ЖҰЛДЫЗДАР ТӘЛІМБАҒЫ

1990 жылы 24 көкекте ұшырылған Хаббл ғарыштық телескопы әр туған күнін бір тамаша суретпен атап өтетіні белгілі. 2020 жылғы кескінде NGC 2020 және NGC 2014 атты екі әдемі тұмандық бейнеленген еді. Толығырақ — арнамыздағы жаңа роликте.

Credit: NASA, ESA, STScI
#бейнеролик
1
30. «КҮН АЙМЕН БИЛЕГЕНДЕ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Филип Гребенда.

When the Sun Dances With the Moon by Filip Hrebenda
Astronomy Photographer of the Year 2023
Arnarstapi, Snæfellsbær, Iceland, 17 September 2022
#астрофото2023
👍1😱1
60 ЖЫЛ БҰРЫН АРЕСИБО РАДИООБСЕРВАТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ

Аресибо радиообсерваториясы 1963 жылы 1 қарашада ашылған. Ол Пуэрто-Рико аралында, теңіз деңгейінін 497 метр биіктікте орнатылды. Табиғи карст шұңқырына орнатылған антенна қозғалмайтын және Жердің өз білігінен үйірілуі арқасында бағытталушы еді. Антеннасының диаметрі 305 метр Аресибо, 2016 жылы Қытайда 500 метрлік FAST радиотелескопы іске қосылғанша, әлемдегі ең үлкен апертурасы толық радиотелескоп саналып келді.

Аресибо ғылымға өлшеусіз үлес қосты. Оның көмегімен ашылған кейбір жаңалықтар:
* Меркурийдің жұлдыздық тәулігінің 59 Жер тәулігі екенін анықтау (Гордон Петтенгилл мен Р. Дайс, 1964);
* Алғашқы қосар пульсардың ашылуы (PSR B1913+16, 1974). Бұл үшін Рассел Халс мен Джозеф Тейлор 1993 жылы Нобель сыйлығын иеленді;
* Алғашқы экзопланетаның ашылуы (PSR B1257+12 пульсары маңынан, Александр Вольщан, 1991);
* Ярковский эффектінің алғаш тіркелуі (2003).

Телескоп 1974 жылы 25 000 жарық жылындағы М13 жұлдыз шоғыры бағытына «Аресибо жолдауы» атты радиосигнал жіберген. Ал соңғы жылдары ол жермаңы астероидтарын радиожарықтандырып, шағылған радиосәулені басқа телескоптармен тіркеуге көмектесіп келді. Аресибо телескопы сондай-ақ Contact және GoldenEye фильмдерінде көрініс тапқан.

2020 жылы тамызда аспаптар орнатылған платформаны антенна үстінде ұстап тұратын трос үзіліп, тәрелкеге құлап түсті. Нәтижесінде онда ұзындығы 30 метр, ені бірнеше метр ойық түзілді. Қарашада парабола пішінді антеннаны ұстайтын алты негізгі арқанның бірі үзіліп, оны тағы зақымдады. 19 қарашада АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) жағдайды саралай келе, радиотелескопты бұзуды шешті.

Алайда 2020 жылдың 1 желтоқсанында салмақты көтере алмаған қалған арқандар да үзіліп кетті. Қабылдаушы аппаратура мен сәуле шығарғыш орнатылған 900 тонналық аспалы платформа телескоптың 305 метрлік айнасына құлап түсіп, оны толық күйретті. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.
#ғылымтарихы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аресибо радиотелескопының күйреуі
31. «АРКТИКА ҚАҚПАСЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Даниэль Винье Гарсия.

Arctic Gates by Daniel Viñé Garcia
Astronomy Photographer of the Year 2023
Arctic Henge, Raufarhöfn, Iceland, 27 March 2022
#астрофото2023
LUCY ЗОНДЫ ДИНКИНЕШ АСТЕРОИДЫНЫҢ СЕРІГІН ТАПТЫ

2023 жылғы 1 қарашада, Алматы уақытымен 22:55-те НАСА-ның Lucy ғарыш аппараты Негізгі астероидтар белдеуіндегі Динкинеш астероидынан 430 километрде ұшып өтті. Сөйтсе, ені 790 метр Динкинеш жалғыз емес екен. Lucy оның 220 метрлік серігін байқады.

Зонд (152830) Dinkinesh астероидына жақындап келе жатқанда-ақ, оның жарықтығының құбылуын байқаған. Сондықтан зерттеушілер ол қосар жүйе болуы мүмкін деп болжаған. L'LORRI камерасының жақыннан алған кескіні болжамды растады. Серік іс жүзінде мына фотодағыдай Динкинешке жанасып тұрған жоқ, ол әрірек.

Ұшып өту аппараттың автономды қадағалау жүйесі жақсы жұмыс істейтінін көрсетті. Астероид тұсынан 4,5 км/сек жылдамдықпен заулап өте шыққан зонд аспан денесін ғылыми аспаптарының көзқарас аясында ұстай алды. Яғни Lucy астероид маңындағы орбитаға шыққан жоқ, оның қасынан өте тез ұшып өтті. Бұл 2025-тің 20 көкегіне жоспарланған Негізгі белдеудегі Дональдджохансон астероиды тұсынан өтуге жақсы дайындық. «Люси» 2027 жылы негізгі міндетіне — Юпитердің троялық астероидтарын жақыннан зерттеуге кіріседі.

Lucy миссиясы 7 астероидтың жанынан өтуі жоспарланған еді, ол зерттейтін екі троянның кейін ашылған серіктерін және бағдарламаға қосылған Динкинеш пен оның серігін қосқанда, олардың саны 11-ге жетті. Алғашқы екі дене жайлы ғылыми мәлімет бір аптада хабарланып болады. Lucy Жерден қазір 500 млн км қашықтықта.

Credit: NASA/Goddard/SwRI/Johns Hopkins APL/NOAO
#ғылымижаңалық
👍1
3 ҚАРАША 2023 — ЮПИТЕРДІҢ ҚАРСЫ ТҰРЫСЫ

Әр кеште шығыстан ерекше жарқыраған аспан шырағын байқайтын шығарсыздар. Бұл — қарсы тұрыстағы Юпитер. Алып планета 2023 жылғы 3 қарашада, Алматы уақытымен 11:00-де Жердің тура Күнге қарама-қарсы жағында орналасты.

Есекқырған қазір біздің ғаламшарға 595,8 млн километрге дейін жақындап тұр. Оның көрінетін диаметрі 49 бұрыштық секундқа, ал жарқырауы –2,9m жұлдыздық шамаға дейін артты. 13 ай сайын қайталанатын Юпитердің қарсы тұрысы жайлы роликте толығырақ айтылады.
#астрокүнтізбе
👍1