Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
2023 жылы 24 қазанда төрттен үші жарық Ай (Ф= 0,74+) Сатурннан (+0,7m) 2,5°-та өтеді.
Кескін: Star Walk
#астрокүнтізбе
👍2😁1
НАСА АЙҒА АВТОНОМДЫ РОВЕРЛЕР ТОБЫН ЖІБЕРЕДІ

НАСА CADRE (Cooperative Autonomous Distributed Robotic Exploration) жобасы аясында Айға үш автономды мини-роверден тұратын топ жібермек. Миссия мақсаты — олардың Жерден берілген нұсқаусыз өзара әрекеттесе білуін тексеру. Роверлерді CPLS бастамасы аясында, Intuitive Machines компаниясының лендері жеткізеді. Оның ұшырылымы 2024-ке жоспарланып отыр.

Мини-роверлер Дауылдар Мұхитындағы 70 километрлік Рейнер Гамма өңіріне қонады. Өлшемі шабадандай роверлер күн панельдерін ашып, зарядталып алған соң, арасындағы бірін "басшы" етіп сайлайды. Оның міндеті — тапсырмаларды бөліп беру. Әр ровер өзіне жүктелген тапсырманы қалай қауіпсіз орындауды өзі шешеді.

Роверлер өткізетін бірінші эксперимент — кедергілерді айналып өте, тұрақты бағытты ұстана отырып саппен жүру. Екінші экспериментте олар 400 шаршы метр аумақты зерттейді. Әр ровер георадармен жарақтанған. Олар саппен жүріп келе жатып, бір-бірінің Ай қойнауындағы құрылымдардан шағылған радиосигналын қабылдайды. Нәтижесінде 10 метр тереңдікке дейінгі құрылымдардың үш өлшемді кескіні жасалуы тиіс. Эксперимент олардың бірлескен жұмысының тиімділігі мен біреуі істен шыққан жағдайға бейімделуін сынайды.

Соңғы міндет — аппараттардың температуралық баланс сақтау қабілетін бағалау. Ай экваторындағы күндізгі температура 120 °С-қа жетеді, оған ровер процессорының қызуын қосыңыз. Қызып кетпес үшін, роверлер 30 минуттық "ояу болу — ұйқы" циклін ұстанады. Роверлер әр жарты сағат сайын сөніп, радиатор көмегімен салқындап, аккумуляторын зарядтап алады. Олар оянысымен, бір-бірімен ақпарат алмасып, кімнің тапсырманы жақсы орындағанына қарап, жаңа "жетекші" таңдайды. Америка Айға да демократия мен меритократия қағидаларын жеткізбекші 🙂
👍2
25. «ЖАРЫҚ ШЕҢБЕРІ»

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік туындыларымен одан әрі танысайық.

«Шұғыла» номинациясындағы 2-орын — Андреас Эттль.
Тамаша кескін Норвегияның Лофотен аралдарында алынған. Теңіз суынан шағылған поляр шұғыласы Хастинден тауын жұмбақ ореол қоршап тұрғандай әсер береді.

Circle of Light by Andreas Ettl
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Flakstad, Lofoten Islands, Norway, 20 February 2023
Equipment used: Nikon Z7 camera, 15 mm f/2.8, ISO 1000, 8-second exposure
#астрофото2023
👍1
СТАРШИП ЖҮЙЕСІНЕ ТОЛЫҚ ОТЫН ҚҰЮ СЫНАҒЫ ӨТТІ

24 қазанда ұшыру алаңында жинаулы тұрған Super Heavy B9 үдеткіші мен Starship S25 прототипінің бактары толық толтырылды. Мұндай WDR сынағы әдетте ұшырылымға жақын өткізіледі. Дегенмен жаңартылған лицензия мен ұшуға рұқсат берілуін күтейік. Старшиптің орбитаға екінші ұшуын қарашада көріп қалармыз.

Credit: SpaceX
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Толық отын құю сынағынан соң, старттағы су жүйесі де сынақтан өткізілді.
👍3
МІНСІЗ САҚИНА

Фотограф интерактив карталар көмегімен 2023 жылғы 14 қазандағы тұтылу кезінде Күннің тура ортасына келген Ай бақыланатын орынды тапқан. Мұқият жоспарлау нәтижесінде идеал сақинаны суретке тартудың сәті түсті. Тұтылудың басқа көріністерімен салыстырыңыз. Фото Навахо халқының резервациясында (Navajo nation) түсірілген.

Credit: JMNeelyPhotograhy
#тұтылу2023
👍1🔥1👏1
26. «КӨКЖИЕКТЕГІ ОТТАР»

«Шұғыла» номинациясындағы жоғары баға — Честер Холл-Фернандес.
2023 жылғы ақпанның соңында онжылдықтағы ең күшті күн дауылының біріне куә болдық. Ол бүкіл Жер шарында қуатты поляр шұғыласын туғызды. Жаңа Зеландия магнит полюсінен қашық, сол себепті әдетте түссіз солғын шұғыла байқалатын, бірақ бұл түні жағдай өзгерді.

Fire on the Horizon by Chester Hall-Fernandez
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Birdlings Flat, Canterbury, New Zealand, 27 February 2023
Equipment used: Rokinon 14mm f/2.8 telescope, Nikon Z6 (Astro modified) camera, 14 mm f/1.8, ISO 1600, 15-second exposure
#астрофото2023
👍1
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСҚА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «ҚР атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары Эрлан Батырбековке, Виктор Баклановқа, Владимир Витюкке, Денис Зарваға, Ерболат Қоянбаевқа, Мәжін Сқақовқа, Ирина Тәжібаеваға, Бауыржан Шектібаевқа берілді.

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.
#қазақстанғылымы
👍1👏1
ҚЫТАЙ 12-ШІ РЕТ ҒАРЫШҚА АДАМ ҰШЫРДЫ

2023 жылы 26 қазанда, Алматы уақытымен 09:14-те Қытайдың Цзюцюань космодромынан Чанчжэн-2F зымыранымен кезекті Шэньчжоу-17 ғарыш кемесі ұшырылды. Бұл — Қытайдың 20 жылдағы 12-ші ұшқышты миссиясы. Қытай ғарышкерлерінің жалпы саны 20-ға жетті.

15:46-да кеме Тяньгун ғарыш стансасына түйісті. Жаңа келген Тан Хонбо (2-ші ғарыштық сапары), Тан Шэнцзе (1) мен Цзян Шинлинді (1) стансадағы ғарышкерлер Цзин Хайпен (4), Чжу Яньчжу (1), Гуй Хайчао (1) қарсы алды. Шэньчжоу-17 экипажы ғарышта алты ай болуы тиіс.
#ҚытайҒарышта
👍1
БИЫЛ АҚШ ЗЫМЫРАНДАРЫНЫҢ 86%-Н SPACEX ҰШЫРДЫ

SpaceX компаниясы 2023 жылы Falcon 9 және Falcon Heavy зымырандарын әзірше 76 рет ұшырды. Бұл АҚШ-тың барлық басқа ұшыру операторлары 2020–2023 жж. жасаған ұшырылым санынан (68) көп. Ал жеңіл зымырандарды санамасақ, басқа операторлар 2016-дан бері 71 миссия орындаған.

Инфографика: Ken Kirtland IV
#зымыранұшыру
👍1
29 ҚАЗАН 2023 — АЙДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ТҰТЫЛУЫ

2023 жылы 29 қазанға қараған түні Алматы уақытымен 01:36–02:53 аралығында Ай жартылай тұтылады. Тұтылудың 02:14-тегі ең үлкен фазасында Жер көлеңкесі Айдың 12%-ін ғана қараңғылайды. Аспан ашық болса, құбылыс Қазақстанның барлық аумағынан көрінеді. Біздің елден бақыланатын келесі Ай тұтылуы — 2025 жылғы 7/8 қыркүйекте. Құбылыс жайлы қосымша ақпарат роликте берілген.
#астрокүнтізбе
👍1
ОСЫ ТҮНІ ЕҢ ЖАРЫҚ ЕКІ АСПАН ШЫРАҒЫ БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ

2023 жылғы қазанның 28-нен 29-на қараған түні Толған Ай (Ф= 1,00) ерекше жарық Юпитерден (–2,9m) 2,9°-та өтеді. Толығырақ — видеода.

Ай түнгі 1:36—2:13 арасында жартылай тұтылатынын да ескертейік. 12 проценттік тұтылуға бола ешкім түнде тұра қоймас, бірақ кешке және таң ата Ай мен Юпитердің қосылысына назар аударған жөн. Ал жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ай Үркермен тоғысады.

Кескін: Sky & Telescope
#астрокүнтізбе
👍1
27. «ГРЕЙТ-ПОЛЛЕТ-СИ АРКАСЫ ҮСТІНДЕГІ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ»

«Шұғыла» номинациясының қысқа тізіміне енген — Брендан Александер.
Поллет үлкен теңіз аркасы, Фанад түбегі, Ирландия. 27 ақпан 2023.

Aurora Over the Great Pollet Sea Arch by Brendan Alexander
Astronomy Photographer of the Year 2023
Great Pollet Sea Arch, Fanad Peninsula, County Donegal, Ireland, 27 February 2023
#астрофото2023
👍1
ӨТКЕН ТҮНІ АЙ ТҰТЫЛДЫ

2023 жылғы 29 қазандағы Айдың жартылай тұтылуы. Тұтылудың ең үлкен фазасында Жер көлеңкесі Айдың 12%-ін ғана қараңғылады. Қазақстаннан бақыланатын келесі Ай тұтылуы — 2025 жылғы 7/8 қыркүйекте.

Фото авторы: Николай Романов
#астрокүнтізбе
👍2
29 ҚАЗАН — ИНТЕРНЕТТІҢ ТУҒАН КҮНІ

1969 жылы 29 қазанда ARPANET желісінің екі компьютері арасында алғаш байланыс орнатылды. Калифорния университетіндегі SDS Sigma 7 компьютерінен 640 км жердегі Стэнфорд ғылыми институтының SDS 940 машинасына "login" сөзі екінші талпыныстан сәтті жіберілді. Сағат 22:30 болатын.
👏2
1969 жылғы Интернет картасы
👍4
«КӨК БАСТАУ» КЕЗЕКТІ МАКЕТІН КӨРСЕТТІ

Blue Origin компаниясының қожайыны Джефф Безос НАСА директоры Билл Нельсонды Blue Moon Mark 1 (MK1) жүк лендерінің макетімен таныстырды. Лендердің сипаттамасы:
— Айдың кез келген нүктесіне 3 тонна жүк жеткізу;
— қону дәлдігі 100 метрге дейін;
— New Glenn зымыранымен ұшырылады;
— криоген отын (аса суытылған сұйық метан мен сұйық оттегі) қолданатын BE-7 қозғағышы;
— адам қондыратын нұсқа Blue Moon Mark 2 (MK2) деп аталады, ол жайлы толығырақ.

Credit: NASA
👍1🤨1