Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ЖЕРСЕРІКТЕРДІ ТЕЗ ҚҰЛДИЛАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ СЫНАЛАДЫ

8 қазанда Vega зымыранымен ұшырылған тағы бір жерсерік — ESTCube-2 кубсаты. Ол ғарыш аппараттарын Жер орбитасынан тез құлатудың жаңа технологиясын сынамақ. Электр зарядты трос Жер ионосферасындағы плазмамен әсерлесіп, жерсерікті тежейді.

Credit: Rute Marta Jansone
1👍1
БИЛЛ АНДЕРС — ТОҚСАНДА!

17 қазанда атақты НАСА астронавты, отставкадағы авиация генерал-майоры, АҚШ-тың Норвегиядағы бұрынғы елшісі Уильям Элисон Андерс 90 жасқа толды. Apollo 8 экипажының мүшесі Ай орбитасынан түсірген тарихи фото жайлы.
👍2
ОҢТҮСТІК ЖАРТЫШАР АСПАНЫ

Оңтүстік жартышардағы түнгі аспанның біздікінен бірнеше айырмашылығы бар:
Біріншіден, біз жыл бойы тамашалайтын Жетіқарақшы, Қарақұрт секілді жұлдызөрнектер көрінбейді.
Екіншіден, Орион, Егіздер, тағы басқа шоқжұлдыздар төңкеріліп бақыланады.
Үшіншіден, ол жақтағы кей шоқжұлдыздарды біз көре алмаймыз, мысалы, Кентавр, Айқыш.
Ақыры, Оңтүстік аспанда жай көзбен көрінетін екі бірдей галактика — Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары — бар.
Толығырақ арнамыздағы жаңа роликте айтылады.
#бейнеролик
👍1
20. «ҚОРАЛАНҒАН АЙ МЕН ШАЙТАН ДӨҢГЕЛЕК»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Таканобу Куросаки.
Уодзудағы шолу дөңгелегі үстіндегі Ай галосы. Тояма, Жапония.

Lunar Halo and the Giant Ferris Wheel by Takanobu Kurosaki
Astronomy Photographer of the Year 2023
Uozu, Toyama, Japan, 14 May 2022
#астрофото2023
👍2
septann2023.gif
12 MB
КЕЗЕКТІ «ЫСТЫҚ» РЕКОРД

GISTEMP деректері бойынша, 2023 жылдың қыркүйегі бақылау тарихындағы ең ыстық қыркүйек болған. Мұндай айлық рекордтар биыл қатарынан төртінші рет тіркеліп отыр: маусым, шілде, тамыз, қыркүйек.

Credit: NASA/Peter Jacobs
#жаһандықжылыну
👍1
21. «ҚАРЛЫ ЭТНА ТАУЫ ҮСТІНДЕГІ 2022 E3 КОМЕТАСЫ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дарио Джаннобиле.
2023-тің қаңтарында Сицилияда түсірілген бұл фотоны кезінде жариялағанбыз. C/2022 E3 (ZTF) кометасы жайлы бейнеролик.

Comet 2022 E3 Above Snowy Mount Etna by Dario Giannobile
Astronomy Photographer of the Year 2023
Mount Etna, Sicily, Italy, 24 January 2023
#астрофото2023
👍1
106. УЭББ ЮПИТЕРДЕГІ РЕАКТИВТІ АҒЫСТЫ БАЙҚАДЫ

Уэбб телескопы Юпитер экваторындағы негізгі бұлт қабатының үстінен ені 4800 км болатын реактивті ағысты анықтады. Ол сағатына 512 км жылдамдықпен қозғалады екен, бұл Жердегі ең қуатты 5 категориялы хураканнан 2 есе күшті! Ағыс Юпитердің төменгі стратосферасында, 40 км биіктікте соғады. Юпитер атмосферасын зерттеген басқа миссиялар одан төменірек қабаттардан алып дауылдар мен аммиак мұзынан тұратын бұлттар тапқан еді. Уэббтің таяу инфрақызыл диапазонда сезімтал көзі бұлттар төбесінен 25–50 километр жоғары өте биік қабаттардың бұрын байқалмаған құрылымын көре алады.

Image: NASA, ESA, CSA, STScI, R. Hueso (University of the Basque Country), I. de Pater (University of California, Berkeley), T. Fouchet (Observatory of Paris), L. Fletcher (University of Leicester), M. Wong (University of California, Berkeley), J. DePasquale (STScI)
#ғылымижаңалық
👍1
22. «ШАҒЫЛ»

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсы жүлдегерлерінің туындыларымен одан әрі танысайық.

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Бурак Есенбей.
Толқынданған құм шағылының қыры үстінде Шолпан жарқырайды. Сәл жоғарырақ Құс Жолының шаңды доғасы иіліп тұр. Фото Мысырдағы «Ақ шөл» Ұлттық паркінде түсірілген.

Dune by Burak Esenbey
Astronomy Photographer of the Year 2023
White Desert National Park, Egypt, 4 March 2022
#астрофото2023
👍1🔥1
BEPICOLOMBO МЕРКУРИЙ МИССИЯСЫНЫҢ ҰШЫРЫЛҒАНЫНА — 5 ЖЫЛ

Жер орағы «БeпиΚοлοмбο» ғарыш аппаратының көзімен, ара қашықтық 540 400 км. Еуропалық және жапон орбитерлерінен тұратын миссия Меркурийге 2018 жылы 20 қазанда аттанды. Ең кішкентай планетаға жіберілген тарихтағы үшінші миссия жайлы — роликте.
👍1
21/22 ҚАЗАН 2023 — ОРИОНИДТЕР МЕТЕОР АҒЫНЫ

2023 жылы 21 қазаннан 22-не қараған түні Орионидтер метеор ағыны шыңына жетеді. Сағатына 15–20 аққан жұлдызға дейін бақылануы мүмкін. Ағынды Галлей кометасынан қалған бөлшектер туғызады, радианты — түн ортасы ауа шығатын Орион шоқжұлдызында.

Биыл бірінші ширектегі Ай ерте батады да, бақылауға кедергі келтірмейді. Ағынды тамашалау үшін, түн ортасынан таң атқанша оңтүстік-батыс жаққа қараған дұрыс. Жарық, әдемі, тез (66 км/сек) Орионидтер айқын із қалдырады. Олар әдетте ақ түсті, бірақ қызыл, көк-жасыл, сары, тоқсары метеорлар да кездеседі. Ағын жайлы басқа да деректер — бейнероликте.

Kecкін: Sky & Telescope, Stellarium with additions by Bob King
#астрокүнтізбе
👍1
23. «КҮЗГІ ҚҰС ЖОЛЫ ДОҒАСЫ МЕН ОРИОНИД БОЛИДІ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Чуньлинь Ли.
2022 жылғы 22 қазандағы Орионидтер метеор ағыны (жұлдыз жауыны жайлы толығырақ — роликте).

Алдыңғы поста жазылғандай, бұл ағынның шыңы биыл қазанның 21-нен 22-не қараған түнге келеді. Түнгі аспанда жарқыраған із қалдыра аққан метеорларды көруге тырысыңыз!

Autumn Milky Way Arc and an Orion Bolide by Chunlin Liu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Wangjingtai, Miyun district, Beijing, China, 22 October 2022
#астрофото2023
👍2🔥1
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Таңғажайып факт: судың бір ғана молекуласындағы сутегі атомдарының саны бүкіл Күн жүйесіндегі жұлдыздар санынан екі есе көпІ
#астроқалжың
👍31
INGENUITY МАРС ӘУЕСІНДЕГІ ЖЫЛДАМДЫҚ РЕКОРДЫН СЕГІЗІНШІ РЕТ ЖАҢАРТТЫ — 10 М/С

Марстағы Ingenuity тікұшағы горизонталь ұшу жылдамдығы рекордын секундына 10 метрге жеткізді. Бұл 2023 жылы 12 қазандағы 62-ші ұшу кезінде тіркелді. Дрон 121 секундта 18 метр биіктікте 268 метр ұшып өтті. Ingenuity бір апта бұрын биіктік рекордын жаңартқан еді: 24 метр.

Credit: NASA/JPL-Caltech
👍2
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН!

ARA animation studios жасаған «Шырақ» анимациялық фильмі көркемдік жағынан да, техникалық деңгейі бойынша да әлемдік үздік туындылардан кем түспейтін сияқты.

Видеоның сипаттамасындағы өтінішке назар аударыңыздар. Suzanne Awards Festival at BCON2023 сайтына кіріп, отандық туындыны қолдайық.
2
JUNO ЗОНДЫ ИО ЖАНАРТАУЛАРЫН КӨРДІ

2023 жылы 16 қазанда НАСА-ның Juno ғарыш аппараты Юпитердің серігі Иодан 11 645 километрде ұшып өтті. Зондтың JunoCam камерасы Ионың бұрын-соңды жасалған ең айқын суреттерін түсірді. Олардан тау мен жанартау шыңдары, сондай-ақ күкірт диоксидіне бай Колхида жазығы көрініп тұр. Соңғы кескіннің бірінен Иодағы ең ірі жанартау ойығы — Локи патерасының күңгірт дағы байқалады.

Ио Юпитердің басқа серіктеріне мүлдем ұқсамайды. Оның бетінде соққы кратерлері жоққа тән, ал түсі өте ерекше. Ио бетінде ақ, қызыл, қара, жасыл, сары түстердің алуан реңкі байқалады. Бұл жанартаулардан үздіксіз төгілген күкірт пен силикат қосылыстарының әсері. Жанартаудан атқылаған зат қабаттары кратерлерді тез арада жауып қалады. Серік бетінде соққы формациялары емес, жүздеген километрге жететін лава ағыстары, еріген күкірт көлдері мен тереңдігі бірнеше километр кальдералар бар.

Биыл Juno аппаратының ұшырылғанына 12 жыл, Юпитер маңындағы орбитаға шыққанына — 7 жыл толды. Ол 30 желтоқсанда Ио бетінен небәрі бірнеше жүз километр биіктікте өтеді. Бұл осы аспан денесі жайлы теңдессіз ақпарат жинауға және, әрине, тамаша жаңа суреттер түсіруге мүмкіндік бермек.

Credit: NASA/JPL-Caltech/SwRI
👍2
24. «АЙ ТҰТЫЛУЫНЫҢ БАРЫСЫ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Майк Уайт.

Ай биыл күзде де тұтылады. Алайда 29 қазанда, 01:36—02:53 аралығында бақыланатын жартылай тұтылу мұндай әсерлі болмайды, өйткені ең көп дегенде (түнгі 2:14-те) Айдың 12%-і ғана қараңғыланады.

Passage of a Lunar Eclipse by Mike White
Astronomy Photographer of the Year 2023
Aoraki Mackenzie International Dark Sky Reserve, South Island, New Zealand, 8 and 9 November 2022
#астрофото2023
👍2