Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
АҚШ-тағы Күн тұтылуы, 14 қазан 2023. Жартылай тұтылу фазасының көріністері:
6. Огайо штаты. Автор — Дрю Леман
7. Монтана штаты. Автор — Tom J. Astle
8. Техас штаты. Автор — OccamsPhi
9. Автор — Эми Уиллер
10. Автор — Ezekiel Overstreet
11. Калифорния штаты. Автор — William Justo
#тұтылу2023
👍1
PSYCHE ҒАРЫШ АППАРАТЫ АЛЫП КҮН ПАНЕЛЬДЕРІН ЖАЙДЫ

13 қазанда ұшырылған Psyche миссиясының жауапты кезеңінің бірі — оның әрқайсы бес сегменттен тұратын екі алып күн панелінің жайылуы еді. НАСА кеше бұл операция сәтті орындалғанын хабарлады. Жалпы ауданы 75 шаршы метр панельдер Жерде тұрса 20 кВт энергия бере алар еді. Зондтың нысанасы — Психея астероиды Күннен қашық болғандықтан, онда қуат 2,3 кВт-қа дейін кемиді.

Телеметрия деректеріне сәйкес, Psyche ойдағыдай жұмыс істеп тұр, онымен орнықты екіжақты байланыс орнатылды. Алдағы 100 күнде аппараттың барлық жүйелері тексеріледі, содан соң оның Холл қозғағыштары алғаш қосылады. Psyche Жермен дәстүрлі радиобайланысқа қосымша, эксперименттік лазер арқылы да байланыса алады. Оптикалық байланыс жүйесі бірінші рет үш аптадан кейін сыналады.

Зонд 2023 жылы мамырда Марс тұсында гравитациялық маневр жасайды. Ол Негізгі астероидтар белдеуіндегі Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Аппарат темір мен никельге бай ауыр денені 26 ай зерттейді деп жоспарланған.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Psyche ұшырылымының әсерлі сәттері
1👍1
ЕУРОПАНЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЗЫМЫРАНЫ ҚАНАТТЫ ЖЕРСЕРІКТЕРДІ КӨТЕРДІ

2023 жылы 8 қазанда Куру ғарыш айлағынан еуропалық Vega жеңіл зымыраны сәтті ұшырылды. Ол — Еуропа ғарыш агенттігінің қолында қалған жалғыз жұмысшы тасығыш. Ауыр Ариан-5 зымыраны қолданыстан алынды, ал оны алмастыратын Ариан-6 әлі дайын емес. Еуропа тапсырысын орындайтын Союз-СТ орта зымыранын ұшыруды Ресей 2022 жылы тоқтатып тастады. Vega-C жеңіл зымыран нұсқасы былтырғы апаттан кейін әлі ұшқан емес.

Вега таиландтық Жерді қадағалау жерсерігі мен тайвандық метеожерсерікті 600 км гелиосинхрон орбитаға шығарды. Қосымша жүктеме ретінде еуропалық 10 кубсат ұшырылды. Олардың арасында 500 км биіктіктен бұлттарды, көлдер мен су қоймаларын бақылайтын испаниялық үш ANSER жерсерігі бар. Бұлар өз бағдарын қозғағыштар көмегімен емес, қанат-құйрығын бұру арқылы сақтап тұрады! Иә, 500 километрдегі атмосфера өте сирек болса да, аэродинамикалық кедергі туғызуға жеткілікті бөлшек саны бар.

Фото: INTA
#зымыранұшыру
👍1
КӘКПІРден көрінген жартылай Күн тұтылуы.
Тесік ожауды кепсер, майшолпы, шабала, күнғалақ, кәкбар деп те атайды екен.
#тілдерек #тұтылу2023
👍1😁1
19. «СОЛТҮСТІК ТЫЛСЫМЫ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джош Дьюри.
Калланиш, Льюис аралы, Шотландия, тамыз 2022.

The Enigma of The North by Josh Dury
Astronomy Photographer of the Year 2023
Callanish, Isle of Lewis, Scotland, UK, 30 August 2022
#астрофото2023
👍1
EURASIAN ROCKETLY CHALLENGE

2023 жылы 27 қазанда Тұран университетінің спорт алаңында зымыран модельдерін ұшырудан 1-ші еуразиялық турнир өтеді екен. Жай-жапсары сілтемеде.
👍2
ҚЫЗ «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРІПТІ

2023 жылғы 14 қазандағы сақиналы күн тұтылуы сәтінде түсірілген фото. Аберт көлінің маңы, Орегон штаты, АҚШ.
Credits: Jerry Zhang (сол жақта), Baolong Chen (фотограф) & Amber Zhang
#тұтылу2023
👍1👏1
ЖЕРСЕРІКТЕРДІ ТЕЗ ҚҰЛДИЛАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ СЫНАЛАДЫ

8 қазанда Vega зымыранымен ұшырылған тағы бір жерсерік — ESTCube-2 кубсаты. Ол ғарыш аппараттарын Жер орбитасынан тез құлатудың жаңа технологиясын сынамақ. Электр зарядты трос Жер ионосферасындағы плазмамен әсерлесіп, жерсерікті тежейді.

Credit: Rute Marta Jansone
1👍1
БИЛЛ АНДЕРС — ТОҚСАНДА!

17 қазанда атақты НАСА астронавты, отставкадағы авиация генерал-майоры, АҚШ-тың Норвегиядағы бұрынғы елшісі Уильям Элисон Андерс 90 жасқа толды. Apollo 8 экипажының мүшесі Ай орбитасынан түсірген тарихи фото жайлы.
👍2
ОҢТҮСТІК ЖАРТЫШАР АСПАНЫ

Оңтүстік жартышардағы түнгі аспанның біздікінен бірнеше айырмашылығы бар:
Біріншіден, біз жыл бойы тамашалайтын Жетіқарақшы, Қарақұрт секілді жұлдызөрнектер көрінбейді.
Екіншіден, Орион, Егіздер, тағы басқа шоқжұлдыздар төңкеріліп бақыланады.
Үшіншіден, ол жақтағы кей шоқжұлдыздарды біз көре алмаймыз, мысалы, Кентавр, Айқыш.
Ақыры, Оңтүстік аспанда жай көзбен көрінетін екі бірдей галактика — Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары — бар.
Толығырақ арнамыздағы жаңа роликте айтылады.
#бейнеролик
👍1
20. «ҚОРАЛАНҒАН АЙ МЕН ШАЙТАН ДӨҢГЕЛЕК»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Таканобу Куросаки.
Уодзудағы шолу дөңгелегі үстіндегі Ай галосы. Тояма, Жапония.

Lunar Halo and the Giant Ferris Wheel by Takanobu Kurosaki
Astronomy Photographer of the Year 2023
Uozu, Toyama, Japan, 14 May 2022
#астрофото2023
👍2
septann2023.gif
12 MB
КЕЗЕКТІ «ЫСТЫҚ» РЕКОРД

GISTEMP деректері бойынша, 2023 жылдың қыркүйегі бақылау тарихындағы ең ыстық қыркүйек болған. Мұндай айлық рекордтар биыл қатарынан төртінші рет тіркеліп отыр: маусым, шілде, тамыз, қыркүйек.

Credit: NASA/Peter Jacobs
#жаһандықжылыну
👍1
21. «ҚАРЛЫ ЭТНА ТАУЫ ҮСТІНДЕГІ 2022 E3 КОМЕТАСЫ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дарио Джаннобиле.
2023-тің қаңтарында Сицилияда түсірілген бұл фотоны кезінде жариялағанбыз. C/2022 E3 (ZTF) кометасы жайлы бейнеролик.

Comet 2022 E3 Above Snowy Mount Etna by Dario Giannobile
Astronomy Photographer of the Year 2023
Mount Etna, Sicily, Italy, 24 January 2023
#астрофото2023
👍1
106. УЭББ ЮПИТЕРДЕГІ РЕАКТИВТІ АҒЫСТЫ БАЙҚАДЫ

Уэбб телескопы Юпитер экваторындағы негізгі бұлт қабатының үстінен ені 4800 км болатын реактивті ағысты анықтады. Ол сағатына 512 км жылдамдықпен қозғалады екен, бұл Жердегі ең қуатты 5 категориялы хураканнан 2 есе күшті! Ағыс Юпитердің төменгі стратосферасында, 40 км биіктікте соғады. Юпитер атмосферасын зерттеген басқа миссиялар одан төменірек қабаттардан алып дауылдар мен аммиак мұзынан тұратын бұлттар тапқан еді. Уэббтің таяу инфрақызыл диапазонда сезімтал көзі бұлттар төбесінен 25–50 километр жоғары өте биік қабаттардың бұрын байқалмаған құрылымын көре алады.

Image: NASA, ESA, CSA, STScI, R. Hueso (University of the Basque Country), I. de Pater (University of California, Berkeley), T. Fouchet (Observatory of Paris), L. Fletcher (University of Leicester), M. Wong (University of California, Berkeley), J. DePasquale (STScI)
#ғылымижаңалық
👍1
22. «ШАҒЫЛ»

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсы жүлдегерлерінің туындыларымен одан әрі танысайық.

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Бурак Есенбей.
Толқынданған құм шағылының қыры үстінде Шолпан жарқырайды. Сәл жоғарырақ Құс Жолының шаңды доғасы иіліп тұр. Фото Мысырдағы «Ақ шөл» Ұлттық паркінде түсірілген.

Dune by Burak Esenbey
Astronomy Photographer of the Year 2023
White Desert National Park, Egypt, 4 March 2022
#астрофото2023
👍1🔥1
BEPICOLOMBO МЕРКУРИЙ МИССИЯСЫНЫҢ ҰШЫРЫЛҒАНЫНА — 5 ЖЫЛ

Жер орағы «БeпиΚοлοмбο» ғарыш аппаратының көзімен, ара қашықтық 540 400 км. Еуропалық және жапон орбитерлерінен тұратын миссия Меркурийге 2018 жылы 20 қазанда аттанды. Ең кішкентай планетаға жіберілген тарихтағы үшінші миссия жайлы — роликте.
👍1
21/22 ҚАЗАН 2023 — ОРИОНИДТЕР МЕТЕОР АҒЫНЫ

2023 жылы 21 қазаннан 22-не қараған түні Орионидтер метеор ағыны шыңына жетеді. Сағатына 15–20 аққан жұлдызға дейін бақылануы мүмкін. Ағынды Галлей кометасынан қалған бөлшектер туғызады, радианты — түн ортасы ауа шығатын Орион шоқжұлдызында.

Биыл бірінші ширектегі Ай ерте батады да, бақылауға кедергі келтірмейді. Ағынды тамашалау үшін, түн ортасынан таң атқанша оңтүстік-батыс жаққа қараған дұрыс. Жарық, әдемі, тез (66 км/сек) Орионидтер айқын із қалдырады. Олар әдетте ақ түсті, бірақ қызыл, көк-жасыл, сары, тоқсары метеорлар да кездеседі. Ағын жайлы басқа да деректер — бейнероликте.

Kecкін: Sky & Telescope, Stellarium with additions by Bob King
#астрокүнтізбе
👍1
23. «КҮЗГІ ҚҰС ЖОЛЫ ДОҒАСЫ МЕН ОРИОНИД БОЛИДІ»

«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Чуньлинь Ли.
2022 жылғы 22 қазандағы Орионидтер метеор ағыны (жұлдыз жауыны жайлы толығырақ — роликте).

Алдыңғы поста жазылғандай, бұл ағынның шыңы биыл қазанның 21-нен 22-не қараған түнге келеді. Түнгі аспанда жарқыраған із қалдыра аққан метеорларды көруге тырысыңыз!

Autumn Milky Way Arc and an Orion Bolide by Chunlin Liu
Astronomy Photographer of the Year 2023
Wangjingtai, Miyun district, Beijing, China, 22 October 2022
#астрофото2023
👍2🔥1