Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Rocket Lab компаниясы Electron зымыранының 1-сатысын қалай қағып алды
👏3
Біздің қара құрдымның алғашқы кескіні
3🔥1
МЕРГЕН A* ҚАРА ҚҰРДЫМЫНЫҢ КЕСКІНІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2022 жылы 12 мамырда біздің Құс Жолы галактикасының орталығындағы Мерген A* (Sgr A*) аса ауыр қара құрдымының кескіні жарияланды (оң жақта). Оны Оқиға Көкжиегі Телескопы (EHT) 2019 жылы алған M87 галактикасы орталығындағы қара құрдым кескінімен салыстырайық. EHT коллаборациясы Жер шарының әр аймағында орналасқан бірнеше радиотелескопты біріктіріп, алып радиоинтерферометр құрайды.

Алдымен қара құрдымдардың аспанымызда көрінетін өлшемін қарастырайық. M87-дегі қара құрдым бізден 55 млн жарық жылы қашықтықта, ал Мерген A* — небәрі 27 000 жарық жылында. Сондықтан, M87* іс жүзінде мың еседей үлкен болса да, екі қара құрдымды қоршаған жарық сақиналарының Жерден бақыланатын өлшемдері шамалас.

Ескерте кететін нәрсе. Біріншіден, қара құрдым ешқандай сәулелену шығармайтындықтан, шындығында оның өзі емес, "көлеңкесі" бақыланады. Екіншіден, бақылау көрінетін жарықта емес, миллиметрлік толқын ұзындығындағы радиодиапазонда жүргізілді, кескіндегі түстер шартты түрде таңдалған.
🔥2👏2
M87* ЖӘНЕ SGR A* ҚАРА ҚҰРДЫМДАРЫНЫҢ НАҚТЫ ӨЛШЕМІ

Мессье 87 (M87) галактикасы — Бикеш шоқжұлдызында, бізден 55 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Оның орталығындағы M87* аса ауыр қара құрдымының массасы — 6,5 миллиард Күн массасындай.

Ал біздің Құс Жолының орталығындағы Sgr A* аса ауыр қара құрдымы Күннен 4,3 миллион еседей ауыр, және бізден 27 000 жарық жылында. Бұл шамалар жақында ғана дәлірек өлшенген еді. Мұндай массалы қара құрдымның оқиға көкжиегінің радиусы 12 млн км шамасында болмақ.

Көрнекілік үшін, бұл нысандардың нақты өлшемдері суретте Күн диаметрімен (1,4 млн км), Меркурий орбитасымен (радиусы 58 млн км), Плутон орбитасымен (радиусы 6 млрд км) және Вояджер-1 ғарыш аппаратына дейінгі қашықтықпен (23,4 млрд км) салыстырып көрсетілген.

Credit: EHT collaboration (acknowledgment: Lia Medeiros, xkcd)
👍1🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX Starlink-4.15 — жылдың 20-шы ұшырылымы! Starlink-тің 46 ұшырылымында алғаш рет жаңа саты қолданылды.
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1073 1-сатысы алғаш рет жүзбелі платформаға қонды
👍21
АЙДЫҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ?

Шағылған күн сәулесі жарқырататын Ай, Жер атмосферасының сыртынан қоңырлау-сұр болып көрінеді. Ал атмосфера ішінен ол мүлде басқаша байқалуы мүмкін. Мына суретте бір астрофотограф он жылдан астам уақытта, Италияның әр түкпірінен түсірген Ай кескіндері жинақталған.

Айдың қызыл немесе сары түсі әдетте оның көкжиек маңынан екенін білдіреді. Ұсақ тозаңға толы Жер атмосферасымен ұзақ жол жүрген көк жарықтың біраз бөлігі шашырап кетеді. Сирек ұшырасатын көгілдір Ай атмосферадағы ірілеу тозаң бөлшектері арқылы бақыланған. Күлгін түсті Айды не туғызғаны беймәлім — бұл бірнеше эффекттің жиынтығы шығар.

Соңғы кескінде 2018 жылдың шілдесіндегі толық Ай тұтылуы бейнеленген. Жер атмосферасында сынған жарықтың әсерінен, Жер көлеңкесіне енген Ай қызғылттау реңкке боялды. Бұл — Айдың XXI ғасырдағы ең ұзақ тұтылуы еді. Марстың ұлы қарсы тұрысына сәйкес келген сол тұтылу естеріңізде шығар, толығырақ — бейнероликте.

2022 жылы 16 мамырда да Ай толық тұтылады. Ең үлкен фазасына Алматы уақытымен 10:13-те жететін тұтылу Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Антарктидадан бақыланады.

Image Credit & Copyright: Marcella Giulia Pace
https://youtu.be/AQcL3Gp2jt4
👍1
Айдың толық тұтылуы. 16 мамыр 2022
🔥2🤯1
РЕСЕЙДІҢ ҚҰПИЯ ЖЕРСЕРІГІ ОРБИТАДА 19 КҮН БОЛДЫ

Ресейдің Космос-2555 жерсерігі 17 мамырда орбитадан құлдырап, атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті. Бұл туралы жерсерік бақылаушы споттерлер хабарлады. Космос-2555 Плесецк космодромынан 29 көкекте ұшырылған. Бұл жаңа Ангара-1.2 жеңіл зымыранының 8 жыл үзілістен кейін екінші рет көтерілуі еді.

Z белгісі салынған зымыран жерсерікті перигейі 279 км, апогейі 294 км, еңкеюі 96,5° орбитаға шығарды. 2018 және 2021 жылдары Космос-2525, Космос-2551 деген атпен ұшырылған ЭМКА сериясындағы барлаушы жерсеріктердің орбиталық параметрлері де осындай.

Ресей БАҚ-тары жерсеріктің мақсат орбитаға шыққанын хабарлаған. Алайда Космос-2555 өз күшімен бірде-бір маневр жасап, орбитасын көтере алмады. Нәтижесінде аппарат 19 күннен соң құлауға мәжбүр болды. Ол ғарышта небәрі 41 күн болған әріптесі Космос-2551-дің "жетістігін" жаңартты. Космос-2525 үш жыл, 2021-ге дейін жұмыс істеген.

Эксперттердің пікірінше, қазір Ресейдің қолында екі-ақ оптикалық барлау жерсерігі бар. Олардың өзі — 2013–2015 жж. ұшырылған ескі Персона аппараттары. Оларды алмастыруы тиіс жаңа Раздан жерсеріктері дайын болғанша, ажыратымы нашарлау Разбег аппараттарын ұшыру құпталған. ЭМКА — осы Разбегтің экспериментал нұсқасы. Ресей Персонаның азаматтық нұсқасы — екі Ресурс-П жерсерігін әскери мақсатта қолдануға мәжбүр болды, бірақ былтыр олар да істен шықты. Бұлттың ар жағынан және түнде бақылау жүргізетін радиолокациялық жерсеріктер де жоқтың қасы. Ғарыш сарапшысы Барт Хендрикстің айтуынша, "Ресей қазір орбитада соқыр деуге болады".
👍1
Фото: Ангара-1.2 зымыранының ұшырылуы, Роскосмос
График: Космос-2555 орбитасының төмендеуі, авторы Jonathan McDowell
🤔2👍1
ОҢТҮСТІК ЖАРТЫШАРДАҒЫ ТОЛЫҚ АЙ ТҰТЫЛУЫ
Сантьяго-де-Чили, 16 мамыр 2022
Фото авторы: Yuri Beletsky
👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТҮНГІ ҰШЫРЫЛЫМ!
Starlink-4.18 — жылдың 21-ші старты
🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1052.5 сатысының ASOG платформасына қонуы
🤩3