FALCON HEAVY ЗЫМЫРАНЫ PSYCHE МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ
2023 жылғы 13 қазанда SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығынан сегізінші Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырды. Тасығыш НАСА-ның 2747 килограмдық Psyche ғарыш аппаратын аттас астероидқа аттандырды. Старттан 1 сағат 2 минут өткенде Psyche зымыранның 2-сатысынан ажырап, планетааралық өтпелі орбитаға шықты. НАСА аппаратпен байланыс орнатылғанын хабарлады. Psyche 16 Психея астероидына 2029 жылы жетеді деп жоспарланған.
Зымыранның жаңа B1079 орталық сатысы қайтарылмады. Төртінші реттен қолданылған B1064, B1065 қапталдағы үдеткіштері құрлықтағы LZ-1, LZ-2 алаңдарына ойдағыдай қонды. Жаңа жүктеме қақпақтарын старттан1600 км қашықтықта Bob кемесі судан шығарып алуы тиіс. 2023 жылы 4 рет көтерілген Falcon Heavy аса ауыр зымырандар арасындағы жылдық ұшырылым рекордын қайталады (Saturn V, 1969 жыл). SpaceX биылғы 72-ші, ал жалпы 275-ші ұшырылымын жасап отыр.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
PERSEVERANCE РОВЕРІ МАРСТАҒЫ ҚҰЙЫННЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАДЫ
Perseverance ровері 2023 жылғы 30 тамызда Езеро кратерінің батыс жиегін бойлай қозғалып бара жатқан ірі шаңды құйынды түсіріп алды. 21 кадрдан құралған қорытынды анимация 20 есе тездетілген. Ғалымдар ені 60 метрдей құйын роверден 4 километрде шығыстан батысқа қарай 19 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанын анықтады. Құйынның көлеңкесіне қарап есептелген биіктігі 2 км шамасында, бірақ кадрға төменгі 118 метрі іліккен.
Марста мұндай құйындар көктем мен жазда, күндіз атмосфераның ең төменгі жылы қабаты көтеріліп, үйіріле бастағанда пайда болады. Олардың ортасында төмен қысымды облыс түзіледі. Құйындар жылу мен шаңды тасымалдайды, сондай-ақ жолындағы ғарыш аппараттарының күн панельдерін тазалап өтеді. InSight лендеріне осындай бір құйын кездеспегені өкінішті.
Credits: NASA/JPL-Caltech

👍1
14 қазан 21:05 – 15 қазан 02:55 — КҮННІҢ САҚИНА ТӘРІЗДІ ТҰТЫЛУЫ
Ең үлкен фазасы 0,95. Солтүстік және Оңтүстік Америкада бақыланады. Тұтылу — тікелей эфирде
#астрокүнтізбе #тұтылу2023

YouTube
The Ring of Fire: 2023 Annular Solar Eclipse (Official NASA Broadcast)
Watch live with us as a “ring of fire” eclipse travels across the United States on Oct. 14, 2023, from Oregon to Texas.
This event occurs when the Moon passes directly in front of the Sun, but appears too small to completely cover the Sun’s surface – resulting…

FALCON HEAVY-ДІҢ PSYCHE МИССИЯСЫН ҰШЫРУЫ
Джон Краустан 1-2 фото болсын
Фото: John Kraus Photos
Джон Краустан 1-2 фото болсын
Фото: John Kraus Photos
2023 жылғы 14 қазандағы Күннің сақина тәрізді тұтылуының көріністері:
1. Техас штаты. Автор — Кристофер Террасас
2. Юта штаты. Автор — Чарльз Стронг
3. Автор — Джейк Эдвардс
4. Техас штаты. Автор — Итан Дальке
5. Орегон штаты. Автор — Cat Lieberknecht
#тұтылу2023

АҚШ-тағы Күн тұтылуы, 14 қазан 2023. Жартылай тұтылу фазасының көріністері:
6. Огайо штаты. Автор — Дрю Леман
7. Монтана штаты. Автор — Tom J. Astle
8. Техас штаты. Автор — OccamsPhi
9. Автор — Эми Уиллер
10. Автор — Ezekiel Overstreet
11. Калифорния штаты. Автор — William Justo

PSYCHE ҒАРЫШ АППАРАТЫ АЛЫП КҮН ПАНЕЛЬДЕРІН ЖАЙДЫ
13 қазанда ұшырылған Psyche миссиясының жауапты кезеңінің бірі — оның әрқайсы бес сегменттен тұратын екі алып күн панелінің жайылуы еді. НАСА кеше бұл операция сәтті орындалғанын хабарлады. Жалпы ауданы 75 шаршы метр панельдер Жерде тұрса 20 кВт энергия бере алар еді. Зондтың нысанасы — Психея астероиды Күннен қашық болғандықтан, онда қуат 2,3 кВт-қа дейін кемиді.
Телеметрия деректеріне сәйкес, Psyche ойдағыдай жұмыс істеп тұр, онымен орнықты екіжақты байланыс орнатылды. Алдағы 100 күнде аппараттың барлық жүйелері тексеріледі, содан соң оның Холл қозғағыштары алғаш қосылады. Psyche Жермен дәстүрлі радиобайланысқа қосымша, эксперименттік лазер арқылы да байланыса алады. Оптикалық байланыс жүйесі бірінші рет үш аптадан кейін сыналады.
Зонд 2023 жылы мамырда Марс тұсында гравитациялық маневр жасайды. Ол Негізгі астероидтар белдеуіндегі Психея астероидына 2029 жылы тамызда жетуі тиіс. Аппарат темір мен никельге бай ауыр денені 26 ай зерттейді деп жоспарланған.

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Psyche ұшырылымының әсерлі сәттері
⚡1👍1