https://www.youtube.com/watch?v=oFvIuSpACQA Басталуы: 21:00 Алматы.
YouTube
Revealing the OSIRIS-REx Asteroid Sample (Official NASA Broadcast in 4K)
The first asteroid sample collected in space by a U.S. spacecraft and brought to Earth is unveiled to the world at NASA’s Johnson Space Center in Houston on Wednesday, Oct. 11.
The science team from NASA’s OSIRIS-REx (Origins, Spectral Interpretation, Resource…

105. УЭББ NGC 346 ЖҰЛДЫЗТҮЗІЛУ ОБЛЫСЫНЫҢ КЕРЕМЕТ КЕСКІНІН АЛДЫ
Уэбб ғарыштық телескопының MIRI аспабы Кіші Магеллан Бұлтындағы ең ірі әрі жарқын NGC 346 жұлдызтүзілу облысының кескінін алды. Кіші Магеллан Бұлты (КМБ) — Құс Жолының серік-галактикасы. Оңтүстік жартышар аспанынан жай көзбен көрінетін кішкене галактикада ауыр элементтер Құс Жолындағыдан азырақ. Ғарыштық тозаң кремний мен оттегі сияқты ауыр элементтерден тұратындықтан, ғалымдар КМБ-да тозаң көп бола қоймас деп санайтын. Алайда MIRI-дің осы жаңа фотосы мен қаңтарда NIRCam камерасы алған кескін осы аймақта тозаң мол екенін көрсетті.
Кескіндегі көк бұйралар силикат тозаң мен полициклдік аромат көмірсутектерді бейнелейді. Сиректеу қызғылт сәулелену орталықтағы өте жарық әрі ауыр жұлдыздар қыздырған ыстық тозаңнан шыққан. Сол жақтағы доға оның ортасындағы жұлдыздың шағылған жарығы болса керек. Солғындау тағы екі доға сол жақ төменгі және оң жақ жоғарғы бұрыштардан байқалады. Ақыры, жарқын дақтар мен талшықтар — протожұлдыздарға толы өңірлер. Зерттеушілер 1001 нүктелік жарық көзін тапты, олардың көбі — әлі тозаң пілләсі ішіндегі жас жұлдыздар.

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
INGENUITY МАРСТАҒЫ БИІКТІК РЕКОРДЫН ТАҒЫ ЖАҢАРТТЫ — 24 МЕТР
2023 жылы 5 қазанда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс атмосферасында 61-ші рет әуеледі. 129,5 секундтық тік ұшу барысында ол 24 метрге көтеріліп, биіктік рекордын жаңартты. 16 қыркүйектегі бұрынғы жетістік 20 метр еді.

БЕННУ АСТЕРОИДЫ ТОПЫРАҒЫНАН КӨМІРТЕГІ МЕН СУ ТАБЫЛДЫ
2023 жылы 11 қазанда НАСА OSIRIS-REx ғарыш аппараты жеткізген Бенну астероиды үлгісін жұртшылыққа көрсетті. Үлгі Джонсон атындағы ғарыш орталығындағы таза бөлме ішінде зерттеліп жатыр. Алдын-ала талдау астероид топырағындағы көміртегі болжанғаннан көп екенін көрсеткен. Құрамында су бар сазды минералдар да мол болып шықты. Тағы бір тосынсый: үлгіалғыш коллекторының ішіндегі топырақтан басқа, коллектордың қақпағынан, сыртқы бөлігі мен астынан көп артық материал табылды.
НАСА үлгінің бір бөлігін Рюгу астероиды затына айырбас ретінде Жапон ғарыш агенттігіне, сондай-ақ миссияға тигізген көмегі үшін Канада ғарыш агенттігіне береді. Бенну заты зерттеу үшін дүние жүзінің 200-ден астам ғалымы кіретін топтарға таратылады. Үш түйір топырақ Смитсон институты, Джонсон ғарыш орталығы мен Аризона университетіндегі мұражайларға қойылады. Мұның бәрі — әкелінген заттың 30%-і, ал қалған 70%-ті НАСА болашақ ұрпақ жаңа технологиямен зерттеуі үшін сақтап қояды.

👍2
12 ҚАЗАН, 20:16-ДА PSYCHE МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
Көміртекті астероидтан әкелінген зат үлгісімен танысып жатқан кезде, металл астероидқа жіберілетін миссия ұшуға дайын тұр. НАСА-ның Psyche ғарыш аппараты 2023 жылы 12 қазанда, Алматы уақытымен 20:16-да ұшырылады. Ертеңгі старт осы заманғы жалғыз жұмысшы аса ауыр зымыран SpaceX Falcon Heavy-дің 8-ші, ал биылғы 4-ші миссиясы болмақ. Негізгі саты қайтарылмайды. Қапталдағы қос үдеткіш құрлықтағы LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы тиіс — тамаша көрініс болатын шығар!
Миссияның мақсаты — темір мен никельге бай Психея (16 Psyche) астероидын зерттеу. Негізгі астероидтар белдеуіндегі бұл дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексеруі тиіс. Толығырақ...
Photo: John Kraus Photos

EUCLID ТІРЕК ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ТАПТЫ
2023 жылы 1 шілдеде ұшырылған Euclid ғарыштық телескопы төрт апта өткенде Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитаға шыққан еді. алайда еуропалық телескоп көп ұзамай екі қиындыққа тап болды. Оның дәл көзеу сенсоры (FGS) ғарыш сәулелері мен күн протондарының кесірінен тірек жұлдыздарға бағыттала алмай тұрды. Және телескоптың белгілі бір бағдарында, күнқағардан өтіп кеткен күн жарығы VIS камерасының аса сезімтал детекторларына түсіп, кескіндердің 10 процентінде артефакт туғызды.
Еуропа ғарыш агенттігі проблемалардың шешілгенін хабарлады. Аппараттың софтвері жаңартылуы арқасында тірек жұлдыздарды іздеу тәсілі өзгерді. Жаңа әдістің сынағы оң нәтиже берді. Ал бұрмаланған кескіндерлің үлесін барынша азайту үшін, алты жылдық бақылау графигі қайта қаралды. Euclid қарашада іске қосылуы мүмкін.
1,2 метрлік телескоппен жабдықталған Euclid оптикалық және таяу инфрақызыл диапазондарда бақылау жүргізеді. Оның нысанасы — алыс галактикалар мен галактика шоғырлары. Euclid галактикалардың қызыл ығысуы мен қашықтығының байланысын зерттеп, Әлемдегі қараңғы энергия мен қараңғы материяны түсінуге қажет деректер жинауы керек.

Psyche миссиясы ауа райына байланысты 13 қазан, Алматы уақытымен 20:19-ға шегерілді.
👍1
18. «ӘУЛИЕ АГНЕССА»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Дерек Хорлок.
Сент-Агнес үстіндегі Құс Жолы, Силли аралдары, Ұлыбритания, маусым 2022.
Құс Жолының басқа көріністері.
St Agnes by Derek Horlock
Astronomy Photographer of the Year 2023
St Agnes, Isles of Scilly, UK, 29 June 2022
#астрофото2023

АДАМ ДАУСЫ — ЖАБАЙЫ АҢДАР ҮШІН ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ ДЫБЫС
Аң патшасы — арыстан табиғаттағы ең қорқынышты жыртқыштың бірі болып саналады. Бірақ адам одан да қорқынышты. Адам үнін естігенде, жыртқыштардың өзі тістеген олжасын тастап қашады. Канадалық ғалымдардың эксперименті осыны көрсетті.
Батыс Онтарио университетінің зерттеушісі Лиана Занетт (Liana Y. Zanette) пен әріптестері арыстан мен адамның қайсы қорқыныштырақ екенін анықтамақ болды. Олар Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық паркіндегі жабайы аңдарды бақылады, мұнда дүниедегі ең ірі арыстан популяциясының бірі сақталған. Арыстан олжасын әдетте суат басында қарауылдайды, браконьерлерлер де аңды сол жерде аулайды. Ғалымдар суатқа баратын соқпақтан бірнеше метр тұсқа камералар мен динамик орнатты. Динамиктен арыстанның ырылы мен адамның сөйлегені, сондай-ақ бақылау үшін мылтық даусы, иттің арсылы мен құстар үні ойнатылды. 19 түрлі жыртқыш пен шөпқоректі жануар түсіп қалған 16000 видео жинақталды.
Адам даусын естіген аңның барлығы дерлік, басқа дыбыс шыққанмен салыстырғанда, суат маңынан екі есе жиі қашады екен. Және олар 40 процент жылдамырақ шауыпты. Атыс пен итке реакция арыстан ырылымен шамалас болды. Құстың сайрауы еш аңды үркітпеді. Арыстандардың өзі ғана адам даусынан да, басқа еш дыбыстан да шошымады. Арыстан дыбысын естіген пілдер қорғанысқа дайындалса, адам сөйлегенде құр бас сауғалап қаша жөнелді.
Арыстаны көп, әрі аң аулауға тыйым салынған аумақты мекендейтін аңдардың өзі азулы жыртқышпен салыстырғанда адамнан қаттырақ қорқатын болып шықты. Және оларға адамның мылтығы мен итінен гөрі өзі қорқынышты екен. Зерттеу нәтижелері Current Biology журналында жарияланған.
#биодерек #ғылымижаңалық

🤯3👍1
FALCON HEAVY ЗЫМЫРАНЫ PSYCHE МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ
2023 жылғы 13 қазанда SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығынан сегізінші Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырды. Тасығыш НАСА-ның 2747 килограмдық Psyche ғарыш аппаратын аттас астероидқа аттандырды. Старттан 1 сағат 2 минут өткенде Psyche зымыранның 2-сатысынан ажырап, планетааралық өтпелі орбитаға шықты. НАСА аппаратпен байланыс орнатылғанын хабарлады. Psyche 16 Психея астероидына 2029 жылы жетеді деп жоспарланған.
Зымыранның жаңа B1079 орталық сатысы қайтарылмады. Төртінші реттен қолданылған B1064, B1065 қапталдағы үдеткіштері құрлықтағы LZ-1, LZ-2 алаңдарына ойдағыдай қонды. Жаңа жүктеме қақпақтарын старттан1600 км қашықтықта Bob кемесі судан шығарып алуы тиіс. 2023 жылы 4 рет көтерілген Falcon Heavy аса ауыр зымырандар арасындағы жылдық ұшырылым рекордын қайталады (Saturn V, 1969 жыл). SpaceX биылғы 72-ші, ал жалпы 275-ші ұшырылымын жасап отыр.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

👏2