16. «ЖЕРДЕН — ТЕМІРҚАЗЫҚҚА»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Эмад Нематоллахи.
Мазандаран провинциясы, Иран.
Аспан қазығы жайлы ролик.
From Earth to Polaris by Emad Nematollahi
Astronomy Photographer of the Year 2023
Lasem, Mazandaran Province, Iran, 20 July 2022
#астрофото2023

👍1
8–10 ҚАЗАН 2023 — ДРАКОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ
2023 жылғы қазанның 8-нен 9-на қараған түні Драконидалар метеор ағыны өз шыңына жетеді. Ағын 21P/Джакобини-Циннер кометасының қалдықтарымен байланысты. Биыл сағатына 15–20 метеор көрінуі мүмкін (ZHR=15-20). Жалпы, максимум 9 қазан 13:00-де, сондықтан келесі түні де мол жұлдыз жауып қалар.
Ағынның радианты аспанның солтүстік-батыс бөлігіндегі Айдаһар шоқжұлдызының "басында", ол Темірқазық пен өте жарық жұлдыз — Лираның Вегасы арасында. Ерекше қызыл түсті метеорлар аспанда баяу ұшады, сондықтан оларды көру оңай.
#астрокүнтізбе

NGC 6951 ГАЛАКТИКАСЫ ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ КӨЗІМЕН
NGC 6951 галактикасы Кефей шоқжұлдызы бағытында, Жерден 78 миллион жарық жылында. Ол — қосқышы бар спираль галактика. Хаббл телескопы алған кескінде жарық галактика ядросын қоршаған спираль тармақтар айқын көрінеді. Тармақтар көптеген жас жұлдыздар мен күңгірт тозаң жолақтарына толы.
Бұл галактикада осыдан 800 млн жыл бұрын жұлдыздар ерекше қарқынды түзілді. Содан кейінгі 300 миллион жылдық тыныштықтан соң, қайтадан жаңа шырақтар жана бастады. Күңгірт-қызыл турбулентті газ облыстары ішіндегі ашық көгілдір жұлдыздар шоғырларының орташа жасы 200–300 млн жыл. Дегенмен миллиард жастағы көне шоғырлар да кездеседі.
Астрономдар NGC 6951-ді көп мөлшерде инфрақызыл жарық шығаратын сейферт галактикаларына жатқызады. Белсенділікті оның ортасындағы аса ауыр қара құрдым туғызып отыр. Қара құрдымды диаметрі 3700 жарық жылындай жұлдыздар, газ бен тозаңнан құралған сақина қоршаған. Сақинаның жасы 1–1,5 млрд жыл, онда жұлдыздар біршама қарқынды тууда. Оларды құрайтын газ қосқыш арқылы келіп жатса керек. Сақина массасының 40%-тейі 100 млн жылдан жас жұлдыздарға тиесілі.
NGC 6951 супержаңалар отаны ретінде де танымал. Соңғы ширек ғасырда онда алты осындай оқиға тіркелді. Сондықтан бұл қуатты жарылыстардың табиғатын жақсырақ ұғу үшін, NGC 6951-ні тұрақты бақылау маңызды.

10 ҚАЗАН 2023 — АЙ МЕН ШОЛПАННЫҢ ЖАҚЫНДАСУЫ
10 қазанның таңында –4,6 жұлдыздық шамадағы жарқыраған Шолпан мен 18%-тік жіңішке Ай орағы 5,9°-қа дейін жақындасады. Олардың арасынан Арыстан шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы ақшыл-көк Регул (1,4 ж.ш.) көрінеді. Күн шығардан бір сағаттай бұрын аспанның шығыс жағына қараңыз.
Кескін: Sky & Telescope

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
87,3 км биіктікке көтерілген Galactic 04 суборбиталық миссиясының көріністері. 6 қазан 2023 жыл
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
6 қазанда Starship S25 прототипі SH B9 үдеткішінен түсірілді...
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
...өйткені ертеңіне Старбейске дауыл келіп жетті
👍1
17. «КӨНЕДЕН ҚАЛҒАН КӨЗ»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андреас Джонис.
Канар аралдары үстіндегі Құс Жолы, тамыз 2022.
Ancient Survivor by Andreas Jonees
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sabinar, El Hierro, Canary Islands, Spain, 24 August 2022
#астрофото2023
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андреас Джонис.
Канар аралдары үстіндегі Құс Жолы, тамыз 2022.
Ancient Survivor by Andreas Jonees
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sabinar, El Hierro, Canary Islands, Spain, 24 August 2022
#астрофото2023
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЕНДІ НАУКАНЫҢ РАДИАТОРЫ ТЕСІЛДІ
Роскосмос ХҒС-тың ресейлік сегментіндегі Наука модулінің қосымша радиаторынан жылутасығыш (тосол) ғарышқа ағып жатқанын растады. Радиатор модульдің келуін күтіп, 2010-нан бері стансада жинаулы жатқан. Ол биыл мамырда жайылып, жылутасығыш құйылып, Науканың сыртына орнатылды. Модульдегі қалыпты температураны негізгі радиатор ұстап тұр.
Бұл - ресейлік сегменттегі үшінші осындай оқиға. Алдыңғы жылдары Прогресс МС-21 және Союз МС-22 кемелерінің радиаторы тесілген еді. Роскосмос ол оқиғаларға микрометеорит соққысын кінәлаған.

👍1😱1
ЖАПОН МОДУЛІ АЙДЫ АЙНАЛЫП ШЫҚТЫ
2023 жылы 7 қыркүйекте ұшырылған SLIM ғарыш аппараты 4 қазанда Ай бетінен 4992 километрде ұшып өтті. Айға отын үнемдейтін тұзақ пішінді ұзын траекториямен бара жатқан SLIM одан қайта алыстап кетті. Ол жыл соңында Ай маңындағы орбитаға шығады.
SLIM Айға өте дәл (есептелген нүктеден 100 метрден аспайтын ауытқумен) қону технологиясын сынауы тиіс. 700 килограмдық аппарат Айдың бергі бетінің орта ендіктеріндеі шағын Шиоли кратерінің беткейіне қонады.
Кескін: SLIM түсірген Ай фотосы, 5 қазан 2023
Credit: JAXA

ЧАНДРАЯН-3 АЙ МИССИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ
Chandrayaan-3 миссиясының Vikram лендері мен Pragyan ровері 2023 жылы 22 қыркүйекте басталып, 6 қазанда аяқталған жаңа Ай күні барысында Жермен байланысқа шықпады. Бұл аппараттар түнгі суықтан қатып қалып, оянбағанын білдіреді. Олар ешқандай жылытқышпен жабдықталмағандықтан, жоспар бойынша да бір-ақ ай күні жұмыс істеуі тиіс еді. Сонымен, алға қойған барлық міндетін табысты орындаған миссия аяқталды.
Chandrayaan-3 2023 жылы 23 тамызда Айдағы 69,36° оңтүстік ендік, 32,34° шығыс бойлық нүктеге қонды. Тарихта алғаш рет ғарыш аппараты Айдың поляр аймағына табан тіреді. Үндістан Айға қонған төртінші ел атанды.
4 қыркүйекке дейін лендер ықтимал ай сілкінісін естіді, аймаңы плазманың тығыздығы мен реголиттің температурасын өлшеді. 100 метр жүріп өткен ровер реголиттің химиялық құрамын талдады. Chandrayaan-3 — Үндістанның үшінші ай миссиясы. Chandrayaan-2 орбитері аймаңы орбитада 2019 жылдан бері нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Credit: ISRO

БЕННУ АСТЕРОИДЫ ҮЛГІСІНІҢ ЖЕРГЕ ТАСТАЛУЫ
НАСА OSIRIS-REx ғарыш аппараты астероид топырағы салынған капсуланы қалай тастағанын көрсетті. Видео аппараттың ақ-қара бағдарлау камерасының бірі түсірген фотолардан құрастырылған. Капсула 2023 жылы 24 қыркүйекте, Жер бетінен 102 000 км қашықтықтан тасталған еді.
Кескіннің жоғарғы жағынан Күн, ал сол жақ шетінен — жіңішке Жер орағы көрініп тұр. Аппараттан бөлінген капсула анық байқалуы үшін, олардың жарығы әлсіретілген. Бенну астероиды заты салынған капсула 11 қазанда тікелей эфирде толық ашылатынын еске саламыз. Басталуы: 21:00 Алматы.
Credit: NASA

https://www.youtube.com/watch?v=oFvIuSpACQA Басталуы: 21:00 Алматы.
YouTube
Revealing the OSIRIS-REx Asteroid Sample (Official NASA Broadcast in 4K)
The first asteroid sample collected in space by a U.S. spacecraft and brought to Earth is unveiled to the world at NASA’s Johnson Space Center in Houston on Wednesday, Oct. 11.
The science team from NASA’s OSIRIS-REx (Origins, Spectral Interpretation, Resource…

105. УЭББ NGC 346 ЖҰЛДЫЗТҮЗІЛУ ОБЛЫСЫНЫҢ КЕРЕМЕТ КЕСКІНІН АЛДЫ
Уэбб ғарыштық телескопының MIRI аспабы Кіші Магеллан Бұлтындағы ең ірі әрі жарқын NGC 346 жұлдызтүзілу облысының кескінін алды. Кіші Магеллан Бұлты (КМБ) — Құс Жолының серік-галактикасы. Оңтүстік жартышар аспанынан жай көзбен көрінетін кішкене галактикада ауыр элементтер Құс Жолындағыдан азырақ. Ғарыштық тозаң кремний мен оттегі сияқты ауыр элементтерден тұратындықтан, ғалымдар КМБ-да тозаң көп бола қоймас деп санайтын. Алайда MIRI-дің осы жаңа фотосы мен қаңтарда NIRCam камерасы алған кескін осы аймақта тозаң мол екенін көрсетті.
Кескіндегі көк бұйралар силикат тозаң мен полициклдік аромат көмірсутектерді бейнелейді. Сиректеу қызғылт сәулелену орталықтағы өте жарық әрі ауыр жұлдыздар қыздырған ыстық тозаңнан шыққан. Сол жақтағы доға оның ортасындағы жұлдыздың шағылған жарығы болса керек. Солғындау тағы екі доға сол жақ төменгі және оң жақ жоғарғы бұрыштардан байқалады. Ақыры, жарқын дақтар мен талшықтар — протожұлдыздарға толы өңірлер. Зерттеушілер 1001 нүктелік жарық көзін тапты, олардың көбі — әлі тозаң пілләсі ішіндегі жас жұлдыздар.

INGENUITY МАРСТАҒЫ БИІКТІК РЕКОРДЫН ТАҒЫ ЖАҢАРТТЫ — 24 МЕТР
2023 жылы 5 қазанда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс атмосферасында 61-ші рет әуеледі. 129,5 секундтық тік ұшу барысында ол 24 метрге көтеріліп, биіктік рекордын жаңартты. 16 қыркүйектегі бұрынғы жетістік 20 метр еді.

БЕННУ АСТЕРОИДЫ ТОПЫРАҒЫНАН КӨМІРТЕГІ МЕН СУ ТАБЫЛДЫ
2023 жылы 11 қазанда НАСА OSIRIS-REx ғарыш аппараты жеткізген Бенну астероиды үлгісін жұртшылыққа көрсетті. Үлгі Джонсон атындағы ғарыш орталығындағы таза бөлме ішінде зерттеліп жатыр. Алдын-ала талдау астероид топырағындағы көміртегі болжанғаннан көп екенін көрсеткен. Құрамында су бар сазды минералдар да мол болып шықты. Тағы бір тосынсый: үлгіалғыш коллекторының ішіндегі топырақтан басқа, коллектордың қақпағынан, сыртқы бөлігі мен астынан көп артық материал табылды.
НАСА үлгінің бір бөлігін Рюгу астероиды затына айырбас ретінде Жапон ғарыш агенттігіне, сондай-ақ миссияға тигізген көмегі үшін Канада ғарыш агенттігіне береді. Бенну заты зерттеу үшін дүние жүзінің 200-ден астам ғалымы кіретін топтарға таратылады. Үш түйір топырақ Смитсон институты, Джонсон ғарыш орталығы мен Аризона университетіндегі мұражайларға қойылады. Мұның бәрі — әкелінген заттың 30%-і, ал қалған 70%-ті НАСА болашақ ұрпақ жаңа технологиямен зерттеуі үшін сақтап қояды.

👍2
12 ҚАЗАН, 20:16-ДА PSYCHE МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
Көміртекті астероидтан әкелінген зат үлгісімен танысып жатқан кезде, металл астероидқа жіберілетін миссия ұшуға дайын тұр. НАСА-ның Psyche ғарыш аппараты 2023 жылы 12 қазанда, Алматы уақытымен 20:16-да ұшырылады. Ертеңгі старт осы заманғы жалғыз жұмысшы аса ауыр зымыран SpaceX Falcon Heavy-дің 8-ші, ал биылғы 4-ші миссиясы болмақ. Негізгі саты қайтарылмайды. Қапталдағы қос үдеткіш құрлықтағы LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы тиіс — тамаша көрініс болатын шығар!
Миссияның мақсаты — темір мен никельге бай Психея (16 Psyche) астероидын зерттеу. Негізгі астероидтар белдеуіндегі бұл дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексеруі тиіс. Толығырақ...
Photo: John Kraus Photos