This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
VSS Unity космопланының бөлінуі және өз қозғағышын қосуы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Салмақсыздық, суборбитаға шығу
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
VSS Unity космопорттың ұшу-қону жолағына қонды
ИЛОН МАСКТІҢ IAC 2023 КОНГРЕСІНДЕГІ СӨЗІ
Бакуде өткен 74-ші Халықаралық астронавтика конгресі (IAC 2023) аясында Илон Маск видеоконференция режимінде сөз сөйледі. SpaceX басшысы 5 қазанда қозғаған кейбір мәселелер:
СТАРШИПТІҢ 2-ШІ ҰШЫРЫЛЫМЫ
* Starship ұшырылатын күн әлі белгісіз. бұрынғыша FAA рұқсатын күтіп отырмыз.
* Starship-тің екінші ұшырылымында ыстықтай ажырау алғаш сыналады. Кеменің қозғағыштары уақтылы қосылып және ажырау кезінде үдеткіш жарылып кетпесе, орбитаға шығуға үміт бар.
АЛДАҒЫ ЖОСПАР
* Болашақта Super Heavy шамамен 5 минуттан кейін қонады. Starship — 1,5 сағаттан соң оралады.
* Super Heavy бірнеше рет суға қондырылады. Содан кейін барып, келесі жылдың аяғына таман, оны старт мұнарасындағы Мехазилла "қолына" қондыруға әрекет жасалады.
* Super Heavy-дің тартымы жаңа Raptor қозғағыштары арқасында 50%-ке арттырылуы мүмкін.
* Starship кемесі көбірек жұмыс істеп, Super Heavy-тің үлесі азаяды. Түптің түбінде үдеткіш 100-ақ секунд жұмыс істеуі мүмкін.
* Старшиптерді ұшыруға Канаверал мүйісіндегі LC-49 ұшыру алаңын пайдалану жөнінде НАСА-мен келіссөз жүріп жатыр.
* Starship-ке арналған мұхиттағы старт платформалары да ойда бар.
ҒАРЫШТА ОТЫН ҚҰЮ
* Старшиптің танкер ретінде қолданылатын арнайы нұсқасы болады.
* бір Старшипті екіншісіне түйістіру ХҒС-қа түйісуден оңай.
STARLINK V3
* Starlink V3 жерсеріктерін орбитаға шығару келесі жылы басталуы ықтимал. Starship оларды көтеруге тағы бір жылдан кейін дайын болады. Бұл кемені қондырып үйренгенге дейін-ақ жасала бастайды.
* Falcon 9 үш дана Starlink V3 ұшыра алады.
ЖЕР-ЖЕР РЕЙСТЕРІ
* Starship Лос-Анджелестен Сиднейге шамамен 20 минутта жетеді. Мұндай ұшу толық автоматты режимде өтеді, ұшқыш керек емес.
* Жер-Жер рейстерінің басты мәселесі — ұшақпен салыстырғандағы экономикалық тиімділік. Зымыран отыны арзан, сондықтан бұл тиімді болып шығар.
СТАРШИПТІҢ БОЛАШАҒЫ
* Starship-тің ішкі көлемі 1000 текше метр, яғни ХҒС-пен шамалас. Оны ғарыш стансасы ретінде пайдалауға әбден болады. Старшиптің жүк таситын нұсқасына диаметрі Хабблдан үш есе үлкен телескоп сыйып кетеді.
* Айға қонатын Starship HLS нұсқасының Жерге не Марсқа қонатын нұсқадан айырмашылығы көп бола қоймас.
* Марсқа бірінші ұшқышсыз Старшиптің қонуына 3-4 жыл бар. //Маск IAC 2017 конгресінде Старшип Марсқа 2022-де қонады деген еді//
* Starship жылына 1000 рет ұшырылатын кез келеді.
* Марсқа жеткізілген 1 миллион тонна пайдалы жүктеме төмен жермаңы орбитаға шығарылған 5 миллион тонна деген сөз.
* 10 жылдан кейін IAC конгресі ғарышта өткізіледі.

YouTube
IAC 23 Baku - Day 4 - Part 2/2 - International Astronautical Congress
INTERNATIONAL ASTRONAUTICAL CONGRESS 2023
Thursday 5 October - Afternoon sessions
-
The IAC 2023 in Baku, Azerbaijan!
2-6 October 2023
GLOBAL CHALLENGES AND OPPORTUNITIES: GIVE SPACE A CHANCE
At the IAC 2019, the IAF General Assembly selected Baku, Azerbaijan…

👍1
МЕТЕ АТАТӨРЕ — КАВЕНДИШ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ
Кавендиш зертханасы — Кембридж университетінің Физика факультеті (the Department of Physics). Ол 1874 жылы студенттер әрі оқып, әрі университет қызметкерлерімен бірге зерттеу жүргізе алатын дүниедегі алғашқы оқу-ғылыми зертханасы ретінде құрылған. Кавендиш зертханасында Нобель сыйлығының 30 лауреаты еңбек еткені белгілі.
Зертханадағы Кавендиш физика профессоры (Cavendish Professor of Physics) лауазымын әйгілі ғалымдар Джеймс Максвелл (1871–1879), лорд Рэлей (1879–1884), сэр Дж. Дж. Томсон (1884–1919), лорд Резерфорд (1919–1937), сэр Уильям Брэгг (1938–1953), сэр Невилл Мотт (1954–1971), сэр Брайан Пиппард (1971–1984), сэр Сэм Эдвардс (1984–1995) және сэр Ричард Френд (1995–2020) иеленген. Қазір бұл орын бос тұр.
1979 жылға дейін Кавендиш физика профессорлары факультет басшысы (Head of department) міндетін де атқарып келсе, сол жылы екі қызмет ажыратылды. Міне, осы екінші қызметке түрік ғалымы Мете Ататөре (Mete Atature) тағайындалып отыр. Ол Билкент университетінен (Түркия) бакалавр, Бостон университетінен PhD докторы дәрежесін алғып шыққан. ETH Zurich Кванттық фотоника тобында постдок болған, ал 2007 жылдан — Кавендиш зертханасында оқытушы, доцент (2011), профессор (2015).

15. «АРМАН ШЫҢЫНДА»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Джефф Графи
On Top of the Dream by Jeff Graphy
Astronomy Photographer of the Year 2023
Pain de Sucre, Queyras, France, 30 May 2022
#астрофото2023

PSYCHE ЗОНДЫНЫҢ ҰШЫРЫЛУЫНА 4 КҮН ҚАЛДЫ
НАСА-ның Psyche ғарыш аппараты 2023 жылы 12 қазанда, Алматы уақытымен 20:16-да Falcon Heavy зымыранымен ұшырылады. Миссияның мақсаты — темір мен никельге бай Психея (16 Psyche) астероидын зерттеу. Негізгі астероидтар белдеуіндегі бұл дене Күн жүйесі ғұмырының басында қираған протопланета ядросы не оның сынығы деп саналады. Psyche астероидтың қалай түзілгенін анықтап, осы теорияны тексеруі тиіс.
Дәстүр бойынша, миссия жайлы оны дайындап, басқаратын мамандардың өзі әңгімелейтін роликті аударып жариялап отырмыз.
#бейнеролик

НАСА-ның Psyche миссиясы — теңдессіз металл астероидты зерттеу
2023 жылы қазанда НАСА-ның Psyche миссиясы аттас теңдессіз металл астероидты зерттеуге аттанады. 16 Психея (Psyche) астероиды Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі белдеуде орналасқан. Негізінен тас аралас никель мен темірден тұратын астероид ежелгі…
👍1
16. «ЖЕРДЕН — ТЕМІРҚАЗЫҚҚА»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Эмад Нематоллахи.
Мазандаран провинциясы, Иран.
Аспан қазығы жайлы ролик.
From Earth to Polaris by Emad Nematollahi
Astronomy Photographer of the Year 2023
Lasem, Mazandaran Province, Iran, 20 July 2022

8–10 ҚАЗАН 2023 — ДРАКОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ
2023 жылғы қазанның 8-нен 9-на қараған түні Драконидалар метеор ағыны өз шыңына жетеді. Ағын 21P/Джакобини-Циннер кометасының қалдықтарымен байланысты. Биыл сағатына 15–20 метеор көрінуі мүмкін (ZHR=15-20). Жалпы, максимум 9 қазан 13:00-де, сондықтан келесі түні де мол жұлдыз жауып қалар.
Ағынның радианты аспанның солтүстік-батыс бөлігіндегі Айдаһар шоқжұлдызының "басында", ол Темірқазық пен өте жарық жұлдыз — Лираның Вегасы арасында. Ерекше қызыл түсті метеорлар аспанда баяу ұшады, сондықтан оларды көру оңай.
#астрокүнтізбе

NGC 6951 ГАЛАКТИКАСЫ ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ КӨЗІМЕН
NGC 6951 галактикасы Кефей шоқжұлдызы бағытында, Жерден 78 миллион жарық жылында. Ол — қосқышы бар спираль галактика. Хаббл телескопы алған кескінде жарық галактика ядросын қоршаған спираль тармақтар айқын көрінеді. Тармақтар көптеген жас жұлдыздар мен күңгірт тозаң жолақтарына толы.
Бұл галактикада осыдан 800 млн жыл бұрын жұлдыздар ерекше қарқынды түзілді. Содан кейінгі 300 миллион жылдық тыныштықтан соң, қайтадан жаңа шырақтар жана бастады. Күңгірт-қызыл турбулентті газ облыстары ішіндегі ашық көгілдір жұлдыздар шоғырларының орташа жасы 200–300 млн жыл. Дегенмен миллиард жастағы көне шоғырлар да кездеседі.
Астрономдар NGC 6951-ді көп мөлшерде инфрақызыл жарық шығаратын сейферт галактикаларына жатқызады. Белсенділікті оның ортасындағы аса ауыр қара құрдым туғызып отыр. Қара құрдымды диаметрі 3700 жарық жылындай жұлдыздар, газ бен тозаңнан құралған сақина қоршаған. Сақинаның жасы 1–1,5 млрд жыл, онда жұлдыздар біршама қарқынды тууда. Оларды құрайтын газ қосқыш арқылы келіп жатса керек. Сақина массасының 40%-тейі 100 млн жылдан жас жұлдыздарға тиесілі.
NGC 6951 супержаңалар отаны ретінде де танымал. Соңғы ширек ғасырда онда алты осындай оқиға тіркелді. Сондықтан бұл қуатты жарылыстардың табиғатын жақсырақ ұғу үшін, NGC 6951-ні тұрақты бақылау маңызды.

10 ҚАЗАН 2023 — АЙ МЕН ШОЛПАННЫҢ ЖАҚЫНДАСУЫ
10 қазанның таңында –4,6 жұлдыздық шамадағы жарқыраған Шолпан мен 18%-тік жіңішке Ай орағы 5,9°-қа дейін жақындасады. Олардың арасынан Арыстан шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы ақшыл-көк Регул (1,4 ж.ш.) көрінеді. Күн шығардан бір сағаттай бұрын аспанның шығыс жағына қараңыз.
Кескін: Sky & Telescope

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
87,3 км биіктікке көтерілген Galactic 04 суборбиталық миссиясының көріністері. 6 қазан 2023 жыл
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
6 қазанда Starship S25 прототипі SH B9 үдеткішінен түсірілді...
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
...өйткені ертеңіне Старбейске дауыл келіп жетті
👍1
17. «КӨНЕДЕН ҚАЛҒАН КӨЗ»
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андреас Джонис.
Канар аралдары үстіндегі Құс Жолы, тамыз 2022.
Ancient Survivor by Andreas Jonees
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sabinar, El Hierro, Canary Islands, Spain, 24 August 2022
#астрофото2023
«Аспан пейзажы» номинациясының қысқа тізіміне енген — Андреас Джонис.
Канар аралдары үстіндегі Құс Жолы, тамыз 2022.
Ancient Survivor by Andreas Jonees
Astronomy Photographer of the Year 2023
El Sabinar, El Hierro, Canary Islands, Spain, 24 August 2022
#астрофото2023
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЕНДІ НАУКАНЫҢ РАДИАТОРЫ ТЕСІЛДІ
Роскосмос ХҒС-тың ресейлік сегментіндегі Наука модулінің қосымша радиаторынан жылутасығыш (тосол) ғарышқа ағып жатқанын растады. Радиатор модульдің келуін күтіп, 2010-нан бері стансада жинаулы жатқан. Ол биыл мамырда жайылып, жылутасығыш құйылып, Науканың сыртына орнатылды. Модульдегі қалыпты температураны негізгі радиатор ұстап тұр.
Бұл - ресейлік сегменттегі үшінші осындай оқиға. Алдыңғы жылдары Прогресс МС-21 және Союз МС-22 кемелерінің радиаторы тесілген еді. Роскосмос ол оқиғаларға микрометеорит соққысын кінәлаған.

👍1😱1
ЖАПОН МОДУЛІ АЙДЫ АЙНАЛЫП ШЫҚТЫ
2023 жылы 7 қыркүйекте ұшырылған SLIM ғарыш аппараты 4 қазанда Ай бетінен 4992 километрде ұшып өтті. Айға отын үнемдейтін тұзақ пішінді ұзын траекториямен бара жатқан SLIM одан қайта алыстап кетті. Ол жыл соңында Ай маңындағы орбитаға шығады.
SLIM Айға өте дәл (есептелген нүктеден 100 метрден аспайтын ауытқумен) қону технологиясын сынауы тиіс. 700 килограмдық аппарат Айдың бергі бетінің орта ендіктеріндеі шағын Шиоли кратерінің беткейіне қонады.
Кескін: SLIM түсірген Ай фотосы, 5 қазан 2023
Credit: JAXA