Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
НАСА АГЕНТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА — 65 ЖЫЛ

Кеше АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасының (NASA) құрылғанына 65 жыл толған екен. Ол Әуеде ұшу жөніндегі Ұлттық кеңесші комитет (NACA) пен кейбір басқа мекемелердің негізінде құрылып, 1958 жылы 1 қазанда жұмысын бастады. Осы жылдар ішінде агенттіктің ғылым мен ғарышты игеруге қосқан үлесі жайлы айтып жату қажет емес шығар.

65 жыл болмаса да, соңғы 6,5 жыл бойы НАСА жетістіктерін насихаттап келе жатқан жоба ретінде, өз атымыздан және көрермендеріміз мен оқырмандарымыз атынан агенттікті құттықтаймыз. НАСА мен оның бөлімшелері алған кескіндер мен бейнематериалдарды, соның ішінде НАСА телескоптарының деректерін қоғам игілігі ретінде еркін қолдануға болады. НАСА ұстанымына сәйкес, бұл мәліметтер үшін Америка салық төлеушілері ақша төлеп қойған, сондықтан олар тегін әрі еркін таратылады. Мұндай мүмкіндік үшін НАСА-ға рақмет!

НАСА жасасын! Ғылым жасасын!
👏21
2023 ЖЫЛҒЫ ФИЗИКА САЛАСЫНДАҒЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ АТТОСЕКУНДТЫҚ ИМПУЛЬСТАР ҮШІН БЕРІЛДІ

3 қазанда Швед Корольдік ғылым академиясы 2023 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарын атады. Жүлдені «электрондар динамикасын зерттеу мақсатында жарықтың аттосекундтық импульстарын шығаратын эксперименттік әдістер» үшін Пьер Агостини (Pierre Agostini), Ференц Краус (Ferenc Krauz) пен Анн Л’Юилье (Anne L’Huillier) иеленді.

Биылғы лауреаттардың еңбегі адамзатқа атомдар мен молекулалар ішіндегі электрондар әлемін зерттейтін жаңа құралдар берді. Олар көрсеткен төтенше қысқа жарық импульстарын шығару әдістерін электрондар орын ауыстыратын не энергиясын өзгертетін тез процестерді өлшеуге қолдануға болады.

Өте тез өтетін құбылыстарды зерттеу үшін бізге арнайы технология қажет. Электрондар әлеміндегі өзгерістер аттосекундтың ондық бөліктерінде жүреді. Аттосекунд (10^–18 с) дегеніміз — секундтың миллиард миллиардтан бір бөлігі. Оның қысқалығы сондай, Әлем жаралғалы қанша секунд өтсе, бір секундтың өзінде сонша аттосекунд бар. Лауреаттар өткізген эксперименттерде осы аттосекундпен өлшенетін төтенше қысқа жарық импульстері алынды. Демек, бұл импульстерді атом мен молекула ішіндегі процестердің кескінін алуға қолдана аламыз.

Анн Л’Юилье 1987 жылы асыл газбен инфрақызыл лазер сәулесін өткізгенде, жарықтың нешетүрлі обертоны пайда болатынын анықтады. Әр обертон — лазер сәулеленуінің әр циклына сәйкес берілген циклдар санына ие жарық толқыны. Оларды газ атомдарымен әсерлескен лазер туғызады, және кейбір электрондарға лазер берген қосымша энергия жарық түрінде шығарылады.

Пьер Агостини 2001 жылы әрқайсы небәрі 250 аттосекундқа созылатын жарық импульстарының сериясын шығарып, зерттей алды. Сол жылдары Ференц Краус ұзақтығы 650 аттосекундтық жеке жарық импульсін ажыратуға мүмкіндік берген эксперимент өткізді.

Лауреаттардың еңбегі бұрын қадағалап үлгеру мүмкін болмаған аса тез процестерді зерттеуге жағдай туғызды. Енді электрондар әлеміне есік ашылды. Аттосекундтық физиканың арқасында электрон басқаратын механизмдерді түсіне аламыз. Келесі қадам — оларды пайдалана білу.

Бұл әдістер болашақта түрлі салада қолданылуы мүмкін. Мысалы, электроникада материалдағы электрондарды бақылау өте маңызды. Аттосекундтық импульс көмегімен белгілі бір молекуланы идентификациялауға болатындықтан, дәрігерлер осы әдіспен түрлі ауруларды анықтай алады.

Француз экспериментатор-физигі Пьер Агостини (1941) аттосекундтық жарық импульстарын шығаратын RABBITT әдісін ойлап тапқан. Ол қазір Огайо штаты университетінің профессоры. Мажар-аустрия физигі Ференц Краус (1962) — Макс Планк Кванттық оптика институтының директоры әрі Мюнхендегі Людвиг Максимиллиан университетінің эксперименттік физика профессоры. Француз атомдық физигі Анн Л’Юилье (1958) — Швециядағы Лунд университетінің профессоры. Ғалымдар миллион доллар шамасындағы сыйлықты теңдей бөліседі.
#Нобель #ғылымижаңалық
🏆2
Бүгін Алматы уақытымен 15:45-те басталатын баспасөз мәслихатында химия саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі белгілі болады. Алайда таңертең Швецияның Aftonbladet газеті Швед Корольдік ғылым академиясынан келген пресс-релизді жариялады. Онда Нобель сыйлығы «кванттық нүктелерді ашқаны және синтездегені» үшін америкалық ғалымдар Мунги Бавенди мен Луис Брюске, сондай-ақ 1999 жылдан Америкада тұратын ресейлік Алексей Екимовқа берілгені айтылған. Химия бойынша Нобель комитеті бұл Швед академиясының қатесі екенін, шешім 13:30-де басталатын мәжілісте қабылданатынын мәлімдеді.
#Нобель
🏆1
ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ КВАНТТЫҚ НҮКТЕЛЕР ҮШІН БЕРІЛДІ

4 қазанда 2023 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды. Нобель сыйлығын кванттық нүктелерді ашып, зерттегені үшін Мунги Бавенди (Moungi G. Bawendi), Луис Брюс (Louis E. Brus) пен Алексей Екимов (Alexei I. Ekimov) алды.

Кванттық нүкте — өлшемі бірнеше нанометрлік жартылай өткізгіш кристал бөлшегі. Өте кішкентай болғандықтан, олардың оптикалық қасиеттеріне кванттық эффекттердің ықпалы зор. Кванттық нүктенің өлшемін таңдай отырып, қасиеттерін де өзгертуге мүмкіндік бар.

Алғаш болып кванттық нүктелерді Алексей Екимов шыны матрицада мыс хлоридінен синтездеді. Бұл 1981 жылы Ленинградтағы Мемлекеттік оптикалық институт (әйгілі ГОИ) қабырғасында жасалды. Кванттық нүктелердің бірінші коллоид ерітіндісін 1983 жылы Луис Брюс алды. Мунги Бавенди қажет өлшемді кванттық нүктелердің монодисперстік ерітіндісін синтездеудің ыңғайлы әдісін ойлап тапты.

Физика саласындағы сыйлықты иеленгендер кеше жарияланған еді.
#Нобель #ғылымижаңалық
👍1
ПАРКЕР ЗОНДЫ КҮНГЕ ЖАҚЫНДАУ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ — 7,26 МЛН КМ

2023 жылы 27 қыркүйекте Паркер күн зонды Күнге 17-ші рет (жоспарланған 24-тен) жақын өту кезінде жасанды нысанның жұлдыз фотосферасына жақындауы және ғарыш аппаратының жылдамдығы рекордтарын жаңартты. Олар енді сәйкесінше 7,26 млн км және 176,46 км/сек. Алдыңғы рекордтар да Паркер зондына тиесілі еді.

Зонд 3 қазанға дейін ғылыми дерек жинады. Енді ол автономды жұмыс режимінен шығып, жинаған мәліметінің бәрін 19 қазанға дейін Жерге хабарлаумен болады. 2024 жылғы желтоқсанның ортасында Паркер жұлдыздың фотосферасына 6 миллион километрге дейін жақындап, іс жүзінде Күн атмосферасына енеді. Бұл қашықтық Күнге Меркурий орбитасының перигелиінен 7 есе жақын.

Кескін: NASA GSFC / CIL / Brian Monroe
🔥1
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҒАРЫШ СЫЙЛЫҒЫ ИЛОН МАСК ПЕН УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ КОМАНДАСЫНА БЕРІЛДІ

Әзірбайжан астанасында 74-ші Халықаралық астронавтика конгресі (IAC 2023) өтіп жатыр. Жиынға 100-ден аса елдің ғарыш агенттіктері мен ғарыш компанияларының 5000-нан астам өкілі қатысуда. Конгресс аясында 190 іс-шара өткізіледі. Көрмеге 150 компанияның өнімі қойылған.

Конгресте Халықаралық астронавтика федерациясының (IAF) Әлемдік ғарыш саласын дамытуға қосқан теңдессіз үлесі үшін сыйлықтары табыс етілді. Жеке тұлғалар арасында 2023 жылғы Дүниежүзілік ғарыш сыйлығын SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Рив Маск, ұжымдар арасында — Джеймс Уэбб телескопының командасы (НАСА, Еуропа ғарыш агенттігі, Канада ғарыш агенттігі, суретте) иеленді.

Фото: IAF
👍1
Екінші SLS-тың негізгі сатысының RS-25 қозғағышы сынаққа апарыла жатыр. НАСА-ның Стеннис атындағы Ғарыш орталығы, 3 қазан 2023.
👍1
Бұл кезде Старбейсте Starship-тің Raptor Vac қозғағышын сүйреп келе жатқан Tesla Cybertruck байқалды.
👍1
13. «КҮМІС ТҮН»

«Аспан пейзажы» номинациясындағы жоғары баға — Петер Хошанг.
Күміс түстес бұлттар әдетте жоғары ендіктерден бақыланатындықтан, Венгрия үстінде көзге сирек шалынады. Бірақ Жазғы күн тоқырауына жақын уақытта, сәті түссе, керемет астрономиялық құбылыстың куәсі болуыңыз мүмкін. Біздің елде күміс түстес бұлттар маусым-шілдеде Солтүстік Қазақстан облысынан бақыланады.

Noctilucent Night by Peter Hoszang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Apajpuszta, Pest County, Hungary, 30 June 2022
Equipment used: Nikon D810A camera, 50 mm f/4, ISO 400, 6-second exposure
#астрофото2023
SENTINEL-2 ЖЕРСЕРІГІ АНТАРКТИКАДАҒЫ ТРАГЕДИЯНЫ БАЙҚАДЫ

Былтыр қарашада Беллинсгаузен теңізіндегі мұз тым ерте сөгіліп, қанаттанып үлгермеген 10 000 император пингвині балапаны су түбіне кеткен. XXI ғасырдың соңына таман император пингвині (Aptenodytes forsteri) колонияларының 90%-і құруы мүмкін. Толығырақ — мақалада.

Фото: Copernicus Sentinel-2
#жаһандықжылыну
😱1
100 ЖЫЛ БҰРЫН ЭДВИН ХАББЛ АНДРОМЕДА ТҰМАНДЫҒЫНЫҢ БАСҚА ГАЛАКТИКА ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ

1923 жылғы қазанның 5-нен 6-на қараған түні 33 жастағы астроном Эдвин Хаббл Маунт-Уилсон обсерваториясының сол замандағы ең ірі 2,5 метрлік телескоп-рефлекторы көмегімен M31 спираль тұмандығын фотоға түсірді. Шыны пластинадағы фотоны алдыңғы суреттермен салыстыра келіп, Хаббл Андромеда тұмандығынан айнымалы жұлдыз — цефеиданы тапты. Ғалым VAR! (Variable star) деген белгі соққан сол шыны пластина Карнеги Ғылым институтында сақталып тұр.

Цефеидалардың қашықтығын анықтау тәсілі белгілі болғандықтан, Хаббл тұмандықтың бізден тым алыс екенін ұқты. Ол осы және кейін ашылған басқа цефеидалар көмегімен спираль тұмандықтардың біздің Галактикадан аса қашықта жатқан бөлек жұлдыз жүйелері екенін дәлелдеді. Жүз жыл бұрын, астрономдардың көбі Әлем біздің Құс Жолы галактикасымен шектеледі деп санайтын.

Коперник Жердің мәртебесін бүкіл Әлемнің орталығынан Күнді айналатын планетаның біріне түсірсе, Бруно Күннің өзін Галактикадағы қаптаған жұлдыздың біріне дейін төмендеткен. Ал Құс Жолының Әлемдегі сансыз галактиканың бірі ғана екенін дәлелдеген Хаббл осы үрдісті жалғастырды. Эдвин Хабблдың бұл жаңалығы Әлем туралы түсінікті түбірінен өзгертті.

#nasa_apod #ғылымтарихы
👍2
Image Credit & Copyright: Courtesy Carnegie Institution for Science
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшақ жолаушылары Канаверал мүйісінен ұшырылған Falcon 9 зымыранын көрген
👍1
99-ШЫ ATLAS V АЛҒАШҚЫ KUIPERSAT ЖЕРСЕРІКТЕРІН ҰШЫРАДЫ

2023 жылы 7 қазанға қараған түні, Алматы уақытымен 00:00-де ULA ұшыру операторы 99-шы Atlas V ауыр зымыраны күшімен KuiperSat Protoflight миссиясын жүзеге асырады. Ол Amazon компаниясының KuiperSat-1, KuiperSat-2 интернет-жерсеріктерін 500 км төмен жермаңы орбитаға шығаруы тиіс. Бұл екі аппарат жерсеріктердің жаңа мегашоқжұлдызының алғашқы қарлығаштары болмақ.

Амазонның Project Kuiper жерсерік топтамасы Жер бетіндегі қолданушыларға кең ауқымды интернет таратып, SpaceX Starlink және OneWeb жобасымен бәсекеге түспек. Жоспар бойынша, биіктіктері 590 км, 610 км, 630 км үш деңгейдегі 98 орбиталық жазықтыққа 3276 аппарат шығару көзделген.

ULA Vulcan Centaur және Blue Origin New Glenn жаңа зымырандарын күтуден шаршаған Amazon топтаманы құруды сыннан өткен зымыран көмегімен бастайтын болды. Бұл Атлас 5-тің биылғы 2-ші, ал ULA-ның биылғы 3-ші ұшырылымы. Тікелей эфир сілтемесі
#зымыранұшыру