САЛТАНАТ АРКАСЫНДАҒЫ АЙ
Бұл фотография мұқият жоспарлауды қажет етті. Біріншіден, бұрыштық масштаб. Егер Париждегі атақты Салтанат аркасына тым жақын тұрсаңыз, толық Ай тым кішкене тәрізденер еді. Керісінше, тым алыс кеткен жағдайда, Ай тым үлкен болып көрініп, аркаға сыймас еді. Екіншіден, уақыт. Бұл қашықтықтан Ай арканың ортасынан минутқа жетпейтін уақыт қана көрінеді. Ескерілуге тиіс басқа жәйттер: жарықтану, салыстырмалы жарықтық, биіктік, алдыңғы планның жақсы қамтылуы мен цифрлық өңдеу. Әрине, сәттілік те керек — ашық аспан қажет қой. Ақыры, жоспар орындалып, адамзаттың екі көзтартары керемет кескінге бірікті.
Image Credit & Copyright: Stefano Zanarello
#nasa_apod #фотокөрме

👍2
Аппаратты құрастырған және басқарып отырған Джонс Хопкинс университеті Қолданбалы физика зертханасының (APL) астрофизигі Гильермо Стенборгтың айтуынша, тәжден атылған зат шаңсорғышша әрекет етіп, жолындағы шаңды тазалап өтеді екен. Паркер зонды құбылысты алғаш бақылаған. Аппараттың WISPR камерасы оны түсіріп те алды. Ал зондтың Күн тәжі ішіне алғаш рет қалай енгені және онда не байқағаны жайлы — роликте.
Credit: NASA/Johns Hopkins APL/Naval Research Lab
#ғылымижаңалық

YouTube
НАСА-ның Паркер күн зонды тарихта алғаш рет Күнге жанасты
Тарихта тұңғыш рет ғарыш кемесі Күнге жанасты. 2021 жылы 28 көкекте НАСА-ның Parker Solar Probe зонды Күн атмосферасының жоғарғы қабаты — тәж арқылы ұшып өтіп, ондағы бөлшектер мен магнит өрісін өлшеді.
Бұл тарихи оқиға Паркер күн зонды үшін маңызды қадам…

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ПАРКЕР ЗОНДЫ КҮН ТӘЖІНЕН АТЫЛҒАН ЗАТТЫҢ ПЛАНЕТААРАЛЫҚ ТОЗАҢДЫ «СОРЫП АЛҒАНЫН» КӨРДІ
2022 жылы 5 қыркүйекте НАСА-ның Паркер күн зонды бұрын-соңды тіркелген ең қуатты тәж атылымының бірін жарып өткен. Бұл инженерлік ерлік қана емес, маңызды ғылыми жетістік. Күн тәжінен атылған затты (Coronal Mass Ejection, CME) басып өту оның планетааралық тозаңмен әрекеттесуі жайлы осыдан 20 жыл бұрын ұсынылған теорияны тексеруге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері The Astrophysical Journal журналында жарияланды.
2003 жылғы жұмыста тәжден атылған зат Күн орбитасындағы планетааралық тозаңмен әрекеттесіп, оны әрі итеріп тастауы мүмкін деген болжам айтылған. Күннің сыртқы атмосферасынан, яғни тәжден атылған алып бағандар ғарыш райын қалыптастырып, жерсеріктер, байланыс, навигациялық жүйелер жұмысына кедергі келтіреді. Олар кейде тіпті Жердегі энергетикалық жүйелерді істен шығаруы мүмкін. CME-нің тозаңмен әсерлесуін зерттеу атылыстың қозғалу жылдамдығын, демек Күннен Жерге келіп жететін уақытын дәлірек болжауға көмектеседі.

👍1
11. «ҚАРАҢҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ»
Инновациялық кескінге арналған Энни Маундер сыйлығының иегері — Джон Уайт.
Әлемдегі ақпараттың басым бөлігі адамның сезім мүшелеріне байқалмайды. Сондықтан бұл ақпаратты интерпретациялап, кескінге айналдыру астрономия үшін өте маңызды. Мынау — біз өзіміз "көре" де, "ести" де алмайтын астрономиялық деректердің қызық визуализациясы. Бұл көрінбейтін қайнардан шыққан дыбыстың көрінісі екен.
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының номинация жеңімпаздарының туындыларымен таныстыруды осымен аяқтаймыз. Оларды біздің каналдан #астрофото2023 деп таба аласыздар. Дегенмен жүлдегерлер де небір әдемі фотолар түсірген. Сондықтан конкурс фотоларының сериясы жалғассын десеңіз, осы посқа лайкпен дауыс беріңіз.
Black Echo by John White
Astronomy Photographer of the Year 2023
Original images from the NASA Chandra X-Ray Observatory, May 2022
#астрофото2023

👍4
2023 ж. ҚАЗАНДАҒЫ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР: ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ЖАУЫНЫ, КҮН МЕН АЙДЫҢ ТҰТЫЛУЫ
1/2 қазан — Ай Юпитерден 3,1°-та өтеді
2 қазан — Ай мен Үркер жұлдыз шоғыры кешке бірге шығады
2/3 қазан — АЙДЫҢ ҮРКЕРМЕН ТОҒЫСЫ (1,1°), 17-ші тоғыс айының басы. 3 қазанның таңында Ай мен Үркер екі еліге дейін жақындасады
8/9 қазан — ДРАКОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ. Сағатына 20–100 метеор көрінуі мүмкін
10 қазан — таңда Шолпан мен жіңішке Ай орағы 5,9°-қа дейін жақындасады
10 қазан 09:43* — Ай апогейде: көрінетін диаметрі 29’29’’, Жерден қашықтығы 405 425 км
12 қазан 20:16 — НАСА-ның Psyche ғарыш аппараты 16 Психея астероидына аттанады
14 қазан 21:05 — 15 қазан 02:55 — КҮННІҢ САҚИНА ТӘРІЗДІ ТҰТЫЛУЫ, ең үлкен фазасы 0,95. Солтүстік және Оңтүстік Америкада бақыланады
14 қазан 23:55 — ЖАҢА АЙ
21/22 қазан — ОРИОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ. Сағатына 10–15 метеор көрінеді
23 қазан — Ай Сатурнның тура астынан шығады
24 қазан — Ай Сатурннан 2,5°-та өтеді
24 қазан 05:00 — ШОЛПАННЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ТАҢҒЫ (БАТЫС) ЭЛОНГАЦИЯСЫ — 46°
26 қазан 08:54 — Ай перигейде: көрінетін диаметрі 32’45’’, Жерден қашықтығы 364 872 км
28 қазан — Толған Ай Юпитермен бірге шығады, түнімен қатар жылжыған Ай мен Юпитер 29 қазанның таңында бірге батады, бүрыштық ара қашықтық 2,9°
29 қазан 02:24 — ТОЛҒАН АЙ
29 қазан 01:36–02:53 — АЙДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ТҰТЫЛУЫ, ең үлкен фазасында Айдың 12%-і ғана қараңғыланады. Қазақстан аумағынан бақыланады
* Алматы уақытымен
Осы оқиғалардың кейбірі жайлы — арнадағы жаңа роликте.
#бейнеролик #астрокүнтізбе

Қазандағы Ай мен планеталар. 23–24 қазан 2023 — Айдың Сатурнмен жақындасуы
2023 жылғы қазандағы басты астрономиялық оқиғалар:
1/2 қазан — Ай Юпитерден 3,1°-та өтеді
2 қазан — Ай мен Үркер жұлдыз шоғыры кешке бірге шығады
2/3 қазан — АЙДЫҢ ҮРКЕРМЕН ТОҒЫСЫ (1,1°), 17-ші тоғыс айының басы. 3 қазанның таңында Ай мен Үркер екі еліге…

👍1🔥1
12. «І ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТРАНШЕЯСЫ» МЕМОРИАЛЫ ҮСТІНДЕГІ АСПАН ЭКВАТОРЫ
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегерлері түсірген туындылармен таныстыруды бастаймыз. Бізден — фото мен қысқаша сипаттама, сіздерден — лайк қана.
«Аспан пейзажы» номинациясындағы 2-орын — Луи Леру-Гера.
Жұлдыз іздерінің бес сағаттық экспозициясы Солтүстік Францияда, І ДЖС майданына қатысқан канадалықтарға арналған ескерткіш кешенде жасалды.
Celestial Equator Above First World War Trench Memorial by Louis Leroux-Gere
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Vimy, Pas-de-Calais, Hauts de France, France, 29 April 2022
Equipment used: Canon EOS 6D (Astro modified), Samyang XP 14 mm f/2.4 lens, 14 mm f/3.2, ISO 1000, 577 x 30-second exposures

НАСА NEW HORIZONS ЗОНДЫНА КОЙПЕР БЕЛДЕУІН 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЗЕРТТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТТІ
New Horizons зонды 2006 жылы ұшырылды. 2015 жылы ол өзінің негізгі міндетін орындап, Плутон мен Харон тұсынан ұшып өтті. Зонд жинаған ақпарат бұл денелер жайлы түсінікті түбірінен өзгертті. Қойнауында бүтін бір мұхит жасырынып жатқан болуы мүмкін Плутонның әлі күнге геологиялық белсенді дене екені планетологтар үшін жаңалық болды.
New Horizons Койпер белдеуі ішіне саяхатын жалғастырып, 2019 жылы 486958 Аррокот аспан денесінің тұсынан ұшып өтті. Ол сонымен қатар, Белдеудегі басқа да денелерді қашықтан бақылап, Кентаврдың Проксимасы жұлдызын фотоға түсірді, Әлемнің фондық жарқырауын өлшеді. Қазір "Жаңа Көкжиек" Койпер белдеуінің тозаңды және плазмалық ортасын зерттеумен, алыс нысандарды бақылаумен және күн желі мен жұлдызаралық иондар жайлы мәлімет жинаумен айналысуда. Аппарат Жерден 57 а.б. (8,5 млрд км) қашықтықта.
2022 жылы НАСА Койпер белдеуін зерттеуді 2024-ке дейін ғана қаржыландырып, сосын аппаратты гелиофизиктердің басқаруына беруді шешкен еді. Бұл шешімге планетологтар қарсы шықты. 2023 жылы 29 қыркүйекте НАСА New Horizons жұмысын ол 2028–2029 жылдар мұғдарында Койпер белдеуінен шығып кеткенше созуды ұйғарды. Енді гелиофизиктер мен планетологтар бірлесіп басқаратын миссияны негізінен НАСА-ның Планеталық ғылымдар бөлімі қаржыландырмақ. Койпер белдеуінде жақын өтуге жарамды қызық нысан табылса, зонд соған бағытталады.

2 ҚАЗАН 2023 — ҮРКЕР, АЙ, ЮПИТЕР
Аспан ашық болса, бүгін кешкі 10 шамасында міндетті түрде шығысқа назар аударыңыз. Үркер жұлдыз шоғыры, кетер Ай мен жарқыраған Юпитер әдемі сап түзейді. Таңға қарай Үркер мен Ай екі еліге дейін жақындасады.
#астрокүнтізбе

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ КОВИДКЕ ҚАРСЫ мРНҚ ВАКЦИНА ҮШІН БЕРІЛДІ
2023 жылғы Нобель аптасы басталды. Дәстүр бойынша, бірінші физиология немесе медицина саласындағы сыйлық берілді. Оны COVID-19-ға қарсы мРНҚ-вакциналардың негізінде жатқан технологияны ойлап тапқаны үшін Каталин Карико (Katalin Karikó) мен Дрю Вайсман (Drew Weissman) иеленді.
Матрицалық РНҚ-ға сүйенетін вакцина жасау технологиясын ғалымдар 2005 жылы ұсынған, міне осы іргелі зерттеу еңбегі қажет кезінде қолданбалы нәтиже берді. BioNTech/Pfizer және Moderna компаниялары санаулы айлар ішінде ковидке қарсы мүлдем жаңа принципке негізделген тиімді вакциналар шығара алды.
#Нобель

👍2🏆1
ОРНЫ ТОЛМАС ӨКІНІШ
Ақпарат құралдары Англияның Нортумберленд ұлттық паркіндегі үш ғасырлық атақты ақ үйеңкіні (явор) бір бұзақы кесіп тастағанын жазды. Полиция 16 жасар күдіктіні тұтқындады. Ағаш тарихи Адриан қорғанын қақ жарып өтетін сайдың түбінде өскендіктен, аспан фонында тамаша байқалатын. Сондықтан фотографтар, соның ішінде астрофотографтар оны суретке түсіруді ұнататын еді. Кейбір әдемі фотоларды келесі поста назарларыңызға ұсынамыз.
Фото: Ian Sproa/BBC

😡1