НАСА АЙДЫҢ ОҢТҮСТІК ПОЛЮСІНДЕГІ ШЕКЛТОН КРАТЕРІНІҢ МОЗАИКАСЫН КӨРСЕТТІ
Кореялық Danuri зонды 2022 жылғы желтоқсаннан бері Айды 100 км дөңгелек орбитадан зерттеп жүргені белгілі. Оның бортындағы НАСА-ға тиесілі ShadowCam камерасы Ай кратерлерінің ешқашан тіке күн сәулесі түспейтін қараңғы түптерін Жерден немесе Ай тауларынан шағылған болымсыз жарықтың көмегімен-ақ суретке түсіре алады. Аспапты Malin Space Science Systems компаниясы мен Аризона штаты университеті жасаған.
Ай білігінің көлбеулігі небәрі 1.5° (Жердікі 23°) болғандықтан, оның полюстеріндегі ең терең кратерлердің түбіне ешқашан күн сәулесі түспейді. Сол себепті олардағы су мұзы миллиондаған жыл сақталады. Мұз — болашақ Айды игерушілер үшін құнды ресурс. Бірақ Айда таза мұз кеніштері бар ма, әлде ол реголитпен аралас па? ShadowCam камерасы осы сұраққа жауап іздейді.
ShadowCam НАСА-ның LRO зондында орнатылған LROC камерасынан 200 есе сезімтал. Ал LROC Ай бетінің егжей-тегжейлі кескіндерін алуға қабілетті, бірақ жоғарыда айтылған көлеңке аймақтарды ажырата алмайды. Керісінше, күнгей облыстар ShadowCam үшін тым жарық.
Жақында екі камераны басқаратын командалар өз суреттерін біріктіріп, Шеклтон кратерінің мозаикасын жасаған екен. Кратердің LROC айналасын түсірсе, оның ішін ShadowCam бейнелеген. Айдың Оңтүстік полюсіндегі осы 21 километрлік соққы формациясы LRO көзімен.

👍1
8. YY HYA ЖҰЛДЫЗЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖАҢА ГАЛАКТИКАЛЫҚ ТҰМАНДЫҚТАР
«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясындағы жеңімпаз — Марсель Дрекслер.
YY Hya жұлдызы маңындағы тұмандық бұрын белгісіз галактикалық эмиссиялық тұмандықтарды іздеу барысында табылған. 360 сағаттық экспозиция нәтижесінде астрофотограф жұлдыз қалдығының ғаламат бейнесін алды.
New Class of Galactic Nebulae Around the Star YY Hya by Marcel Drechsler
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Ovalle, Chile, 8 March 2021–8 April 2022
Equipment used: ASA Newtonian 500 mm telescope, ASA DDM85 mount, FLI ProLine 16803 camera, 1,900 mm f/3.8, 890 x 1,200-second exposures, 672 x 300-second exposures and 15 x 1,800-second exposures
#астрофото2023

НАМИБИЯ ТҮНДЕРІ
Викас Чандердің ғаламат 4k-видеосы
Викас Чандердің ғаламат 4k-видеосы
YouTube
Namibian Nights
Namibia,
Vast empty landscapes which stretch from horizon to horizon and as far as the eye can see.
A long coastline where the deserts meet the oceans, deadly by nature and a graveyard for countless shipwrecks. Rock formations, desert dunes, quiver and camel…

БЕННУ АСТЕРОИДЫ ЗАТЫ 11 ҚАЗАНДА КӨРСЕТІЛЕДІ
2023 жылы 24 қыркүйекте OSIRIS-REx ғарыш аппараты тастаған капсула ертеңіне Хьюстондағы Джонсон Ғарыш орталығына жеткізілді. Мұнда Бенну астероидынан алынған үлгіні зерттеу үшін арнайы зертхана салынған. Алдымен капсулаға салынған контейнер алынды. Азот толтырылған бокс ішінде контейнерден TAGSAM үлгіалғышы шығарылды. Ол 11 қазандағы тікелей эфир барысында толық ашылып, үлгі дүние жүзіне көрсетіледі. 4,5 миллиард жылдық астероид топырағын зерттеу Жерде органикалық зат пен судың қалай түзілгенін түсіну үшін маңызды.
Суретте: Lockheed Martin компаниясының мамандары Леви Ханиш пен Майкл Кэй үлгі салынған контейнердің қақпағын алып жатыр
Credit: NASA/Robert Markowiz

👍2
9. «SH2-132: ЖАРЫҚ ҚАРЫҚТЫРҒАН»
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
Үздік дебютантқа арналған сэр Патрик Мур атындағы сыйлықтың иегері — Аарон Вильгельм.
Алыс ғарыштың мына ғажайып кескінін алуға талай еңбек пен уақыт жұмсалды. Автор астрофотографияға жаңадан қадам басса да, сапалы суретке қол жеткізді. Иір-иір күңгірт тозаң жолақтары барынша айқын, ал жұлдыздар мінсіз дөңгелек болып шыққан.
Sh2-132: Blinded by the Light by Aaron Wilhelm
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Santa Monica, California, USA, 22, 24, 25, 27 and 28 September 2022, and 2, 3, 16 and 17 October 2022
Equipment used: William Optics Fluorostar132 mm telescope, Chroma 3 nm/50 mm SII/H-alpha/OIII filters, Astro-Physics Mach2GTO mount, ZWO ASI6200MM-Pro camera, 910 mm f/6.9, SII, 87 x 900-second exposures; H-alpha, 92 x 900-second exposures; OIII: 87 x 900-second exposures, 66-hours and 30-minutes total exposure time

СОЮЗ МС-23 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ОРАЛДЫ
2023 жылы 27 қыркүйекте Союз МС-23 ғарыш кемесінің қону капсуласы Жезқазған маңындағы жоспарлы орынға аман-есен қонды. Кемемен Роскосмос космонавтары Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және НАСА астронавты Франсиско «Фрэнк» Рубио Жерге оралды. Бұл экипаж өз Союз МС-22 ғарыш кемесінің тесіліп қалуына байланысты, ХҒС-та, жоспарланғандай алты ай емес, бір жыл болып, арнайы бос ұшырылған басқа кемемен қайтып отыр.
Ғарышта 370 тәулік 21 сағат 22 минут болған Рубио АҚШ астронавтары арасындағы бір ғарыш сапары ұзақтығы рекордын жаңартты. 🏆 Бұрынғы рекорд Марк Ванде Хайдың еншісінде еді (355 тәулік 3 сағат 45 минут, 2021-22 жж).
Ал тарихтағы ең ұзақ ғарыш сапарын ресейлік Валерий Поляков жасады. Ол 1994–1995 жылдары Союз ТМ-18 кемесі мен Мир стансасының бортында ғарышта үздіксіз 437 тәулік 17 сағат 58 минут өткізді. Екінші орында — оның отандасы Сергей Авдеев (379 тәулік 14 сағат 51 минут, 1994-95 жж). Ал үшінші орынды енді бүгін оралған үш ғарышкер бөліседі.
ХҒС-68, ХҒС-69 ұзақ мерзімді экспедициялары қатарында болған Прокопьев, Петелин мен Рубио Халықаралық ғарыш стансасына ең ұзақ бір ғарыш сапарын орындаған ғарышкерлер атанды. 🏆 Поляков пен Авдеев Мир стансасына ұшқан еді.
#хғс

👍2❤1
Фотоларды НАСА-ның штаттағы фотографы Билли Ингаллс түсірген
Photo Credit: NASA/Bill Ingalls
Photo Credit: NASA/Bill Ingalls
👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ОРТА ЕНДІКТЕГІ СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ
Тверь облысы (57° с.е.), 18 қыркүйек 2023 жыл. Бұл видео емес, әрқайсы ұзақ экспозициямен түсірілген кадрлардан құрастырылған таймлапс.
Автор: Сергей Данилов

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP ЖҮЙЕСІ ТАҒЫ ЖИНАЛДЫ
2023 жылы 27 қыркүйекте Starship ғарыш кемесінің S25 прототипі Super Heavy B9 үдеткішіне үшінші рет орнатылды. Экологтар старттағы жаңа су жүйесін талдап бітсе және FAA өзгертілген жаңа ұшу лицензиясын бекітсе, екінші орбиталық сынақ қазанның соңында жүзеге асуы мүмкін. Оған дейін толтыра отын құю сынағы өткізіледі және ұшуды тоқтату жүйесінің жарылғыштарын орнату үшін кеме түсіріледі. Соңғы операция ұшырылымға бірнеше күн қалғанда жасалады.

B1058.17 — КҮЙЕЛЕШ РЕКОРДШЫ
2023 жылы 20 қыркүйекте Falcon 9 зымыранының B1058.17 1-сатысы алғаш болып 17-ші рет ұшырылғанын білесіздер. Ол қонған ASOG платформасы 24 қыркүйекте Канаверал портына жеткізілді. Саты мұнда B1060.17 үдеткішінің айтылған рекордты қайталағанына куә болды. B1058 сатысындағы NASA эмблемасы керосиннің баттасқан күйесінен әзер көрініп тұр.

10. «ЖҮГІРГЕН БАЛАПАН» ТҰМАНДЫҒЫ
16 жасқа дейінгі жас фотографтар арасындағы жеңімпаздар — Рунвэй Сюй мен Бинью Ван.
Жасөспірімдер IC2944 тұмандығы мен ондағы жұлдыз шоғырының жарқын түстерін бейнелей алған. Шоғырдағы бірнеше ыстық жас жұлдыздың қуатты сәулеленуі айналасындағы тұмандықты жарқыратып тұр.
The Running Chicken Nebula by Runwei Xu and Binyu Wang
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in El Sauce Observatory, Río Hurtado, Chile, 19 December 2022
Equipment used: ASA N20 f/3.8 Newtonian telescope, ASA DDM85 mount, FLI Proline 16803 camera, 1900 mm f/3.8, 5.5-hour total exposure

❤2
29 ҚЫРКҮЙЕК 2023 — ЕГІН ОРУ АЙЫ
2023 жылы 28 қыркүйекте, Алматы уақытымен 07:06-да Ай өз орбитасының перигейіне жетіп, Жерге 359 910 км-ге дейін жақындайды. Ай табағының көрінетін диаметрі 33 бұрыштық минут 12 секунд болады. Ал 29 қыркүйек, 15:58-де Ай толады. Бұл астрономиялық оқиғалардың сәйкес келуін НАСА жылдың төртінші әрі соңғы Суперайы деп санайды.
АҚШ-та осы Толған Айды «Егін ору Айы» деп те атайды, өйткені ол 23 қыркүйектегі Күзгі күн теңелуіне ең жақын толған Ай. Қосымша ақпарат — арнадағы жаңа роликте.
Фото: Hannah Rochford
#астрокүнтізбе #бейнеролик

СҮТҚОРЕКТІЛЕР 250 МИЛЛИОН ЖЫЛДАН СОҢ ЖОЙЫЛАДЫ
Шамамен 1 миллиард жылдан кейін, қызыл алыпқа айналған Күннің қызуы Жердегі тіршілікті жойып жіберетіні белгілі. Алайда сүтқоректі жануарлар одан әлдеқайда ерте, 250 миллион жылдан соң-ақ өмір сүре алмай қалады екен. Мұндай болжам Nature Geoscience журналында жарияланған мақалада айтылған.
Сүтқоректілер Жерде осыдан 310 млн жылдай бұрын пайда болғанмен, 66 млн жыл бұрынғы бор-палеоген қырылуынан соң барып планетада үстемдік құра бастады. Олардың табысына кайнозойдағы салқындаулар мен жылынуларға сәтті бейімделе білуі себепші. Қазіргі антропоген жылыну сүтқоректілер үшін соншалықты қауіпті емес. Бүкіл қазба отынды жағып жіберген күннің өзінде планетадағы орташа температура 2300 жылға қарай 12 градусқа көтеріледі, бірақ құрлықтың көп бөлігі тіршілікке жарамды болып қала береді.
Әңгіме мынада. 250 миллион жылдан кейін Жер шарындағы материктер Пангея Ультима атты суперконтинентке бірігеді. Пенсильвания штаты университеті зерттеушілері жасаған модельдеу көрсеткендей, континенттердің соқтығысуы жанартау белсенділігін күшейтіп, CO2 бөлінуі ұлғаяды. Суперконтиненттің ауданы аса үлкендігінің өзі құрлық үстіндегі ауа температурасын 13,9 градусқа көтереді. Күн тұрақтысының шамасы артып, планета беті күн сәулесінен ерекше қызады. Осы факторлар әсерінен, 250 миллион жыл өте Пангея Ультимада күрт континенттік климат қалыптасады.
Сөйтіп онда сүтқоректілердің тіршілік етуіне жарамды орындар өте аз қалады. Модельдеу CO2-ның ұзақ мерзімді орташа концентрациясы 621 ppm-ға (миллиондық үлеске) жететінін көрсетті. 556 ppm концентрацияда құрлықтың 16%-і, 1120 ppm болғанда — 8%-і ғана тіршілікке жарамды болмақ.
#биодерек #геодерек

Кескін: Alex Farnsworth
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚҰРТТАР 140 МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚҚА ЖАУАПТЫ ЕКЕН
Жауын құрттары дәнді дақылдардың жаһандық түсімінің 6,5%-н, ал бұршақ тұқымдастар түсімінің 2,3%-н қамтамасыз ететін болып шықты. Бұл массаға шаққанда дүние жүзі бойынша жылына 144 миллион тонна өнім деген сөз. Мұндай қорытынды Nature Communications журналында жарияланған ғылыми мақалада келтірілген.
I.M. Lubbers, J.W. van Groenigen, G.B. De Deyn, Urban Utan, Wim van Egmond / Micropolitan Museum, Marie Curie Alumni Association, 2014
#биодерек