Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Тікұшақ капсуланы іліп ұшты. Ол НАСА-ның Хьюстондағы Джонсон атындағы Ғарыш орталығына жеткізіледі.
Капсула таза бөлмесі бар ғимарат қасына түсірілді, Бұл полигон аумағында болса керек.
Қыздарға көтертіп қойды
😁2
Таза бөлме ішінде
👏3
Үкімет берген қолғап ластанып қалды?
Таза бөлме басқа екен, мынау емес
Таза бөлмеге кіргізді
— Сарабдал саясаттың арқасында, үлкен кісінің тікелей тапсырмасымен, — деп тұр ма екен?
OSIRIS-REx МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Сонымен, 2023 жылы 24 қыркүйекте НАСА-ның OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған топырақ үлгісі бар капсуланы Жерге жеткізді. Ішінде 400 граммдай астероид заты бар капсула парашютпен Юта штатындағы полигонға қонды. Хьюстондағы Джонсон Ғарыш орталығында сақталатын Бенну үлгілері дүние жүзі ғалымдарына таратылып, ондаған жылдар зерттеледі.

Аполлондар тобына жататын 510 метрлік Бенну көміртекті астероид деп саналады. Ол 100 километрлік ірілеу дененің ыдырауынан пайда болса керек. Оның минералдық және химиялық құрамы Күн жүйесі ғұмырының алғашқы 100 миллион жылында қалыптасқан. Астероидта атмосфера болмағандықтан, 4,5 миллиард жыл бұрынғы зат онда өзгеріссіз сақталуы тиіс. Әрине, ғарыштық сәулелер әсерін ескерген жөн. Реголит деп аталатын тау жынысын зерттеу Күн жүйесі мен Жердің қалай түзілгенін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Үлгінің 2020 жылғы 20 қазан күні қалай алынғаны
🏆3
OSIRIS-REx-AsteroidBennu-TakingSample-20201020.webm.720p.webm
9.2 MB
Бенну астероидынан топырақ үлгісін алу OSIRIS-REx-тің навигациялық камерасының көзімен, 2020 жылғы 20 қазан
Credit: NASA
330px-OSIRIS-REX_SamCam_TAGSAM_Event_2020-10-20_small.gif
12.4 MB
SamCam камерасының түсіргені
Credit: NASA
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жерден 321 млн км қашықтықтағы Бенну астероидынан топырақ үлгісін алған OSIRIS-REx зондының TAGSAM үлгіалғышы. Үлгі салынған контейнердің қақпағы дұрыс жабылмағаны және реголит бөлшектерінің сыртқа ұшып жатқаны байқалады.

OSIRIS-REx қажет 60 грамның орнына 400 г үлгі жинаған екен. Өйткені Бенну беті болжанғаннан борпылдақ болып шығып, TAGSAM жарты метрдей тереңдікке енген. Сөйтіп ол көп мөлшерде топырақ пен біршама ірі тастар да алған. Осы тастар сауыттың қақпағын жаптырмай тұрды. 23 қазанда ғана 10 грамдай материал ғарышқа шашылған.

Credit: NASA
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2020 жылғы қазанның соңында алынған үлгі TAGSAM механизмінің робоқолы көмегімен арнайы капсулаға салынды. StowCam камерасы түсірген суреттер мұның дұрыс істелгенін қуаттады.
Credit: NASA
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақыры, капсуланың қақпағы жабылып, бекітілді. Міне, осы капсула кеше Жерге түсті. Қазір ол Юта штатындағы ӘӘК полигонында, таза бөлмеде. Бүгін капсула Хьюстондағы НАСА-ның Джонсон Ғарыш орталығына жеткізіледі. Сондағы таза бөлмеде капсула ашылып, Бенну астероидынан әкелінген топырақ үлгісі шығарылуы тиіс.
Credit: NASA
👍1🔥1
7. СҰР АСПАНДАҒЫ ЖҰЛДЫЗ ЖОЛЫ МЕН ҚАЙРАҢДАҒЫ КЕМЕ

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
«Адам және Ғарыш» номинациясындағы жеңімпаз — Викас Чандер.
Сұрқай аспанды тілгілеген жұлдыз тректері боз теңізде қайраңдаған кеме көрінісін әрлеп тұр.

Zeila by Vikas Chander
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Hentiesbaai (Henties Bay), Erongo Region, Namibia, 18 September 2022
Equipment used: Nikon D850 camera, 135 mm f/2.8, ISO 200, 30-minute exposure
#астрофото2023
🔥1
OSIRIS-REx => OSIRIS-APEX

НАСА-ның OSIRIS-REx (Origins, Spectral Interpretation, Resource Identification, Security, Regolith Explorer) миссиясы 2023 жылы 24 қыркүйекте сәтті аяқталғанын жаздық. Оны жүзеге асырған ғарыш аппараты болса, жаңа OSIRIS-APEX (APophis EXplorer) миссиясын бастады. Бұл қалай?

Бенну астероидынан алынған реголит үлгісін Жерге тастаған зондтың барлық жүйелері жақсы халде. Және бактарда қалған отын тағы бір аспан денесіне аттануға жеткілікті. Сондықтан миллиард долларға шыққан миссияны осымен тәмамдау обал болар еді.

370 метрлік Апофис жермаңы астероиды 2004 жылы ашылды. Алдын-ала есептеу оның Жерге 2029 жылы соқтығысу ықтималдығы 2,7% екенін көрсетті. 99942 Apophis ретінде тіркелген дененің Жерге құлауы 1200 мегатонна тротил жарылысына барабар энергия шығарады екен. Салыстыру үшін: Хиросимаға тасталған атом бомбасы — 13–18 килотонна, Тұңғыс метеориті — 10–40 мегатонна, "Патша-Бомба" сутегі бомбасы — 57 мегатонна. Астероид құрлыққа соқса, бес километрлік кратер түзіліп, мыңдаған шаршы километр аудан тып-типыл болар еді. Ал мұхитқа құлағанда пайда болған алып цунами көптеген елдерге апат әкелері анық.

Бақытқа орай, толық есеп Апофистің 2029 жылы ғана емес, жалпы таяудағы 100 жылда Жерге соқтығыспайтынын анықтады. Дегенмен ол 2029 жылы 13 көкекте планетамыздан небәрі 31 600 километрде, яғни геостационар жерсеріктерден төмен өтеді. Жай көзбен көрінетін астероидтың таяу келуі — онжылдықтың басты астрономиялық оқиғасының бірі болмақ. Оның жарқырауы +3,1m, Кішіқарақшыдағы Ақбозат, Көкбозат жұлдыздарындай болады. Арнамызда бұл жайлы да ролик бар.

Өзі жақындап келген аспан денесін зерттеуге қолайлы мүмкіндік туатыны түсінікті. Еуропа ғарыш агенттігі, Роскосмос, басқа да ұйымдар Апофиске түрлі зонд жіберуді ойластырғанымен, Қытай миссиясы ғана нақты жүзеге асатын шығар.

НАСА, осы айтылғанның бәрін ескере келе, OSIRIS-REx-ке жаңа тапсырма беруді ұйғарды. Ғарыш аппараты Апофиске, ол Жер тұсынан өтісімен бірнеше күннен кейін жетеді. Зонд астероидты 18 ай зерттейді. Кейін бірнеше маневр жасаған зонд Апофиске барынша жақындап, қозғағыштарын қосады. Нәтижесінде астероидтың беткі қабаты үрленіп, OSIRIS-APEX ашылып қалған төменірек қабаттың құрылысы мен химиялық құрамын талдайды.
1👍1
Фото: NASA
👍2👏1
НАСА АЙДЫҢ ОҢТҮСТІК ПОЛЮСІНДЕГІ ШЕКЛТОН КРАТЕРІНІҢ МОЗАИКАСЫН КӨРСЕТТІ

Кореялық Danuri зонды 2022 жылғы желтоқсаннан бері Айды 100 км дөңгелек орбитадан зерттеп жүргені белгілі. Оның бортындағы НАСА-ға тиесілі ShadowCam камерасы Ай кратерлерінің ешқашан тіке күн сәулесі түспейтін қараңғы түптерін Жерден немесе Ай тауларынан шағылған болымсыз жарықтың көмегімен-ақ суретке түсіре алады. Аспапты Malin Space Science Systems компаниясы мен Аризона штаты университеті жасаған.

Ай білігінің көлбеулігі небәрі 1.5° (Жердікі 23°) болғандықтан, оның полюстеріндегі ең терең кратерлердің түбіне ешқашан күн сәулесі түспейді. Сол себепті олардағы су мұзы миллиондаған жыл сақталады. Мұз — болашақ Айды игерушілер үшін құнды ресурс. Бірақ Айда таза мұз кеніштері бар ма, әлде ол реголитпен аралас па? ShadowCam камерасы осы сұраққа жауап іздейді.

ShadowCam НАСА-ның LRO зондында орнатылған LROC камерасынан 200 есе сезімтал. Ал LROC Ай бетінің егжей-тегжейлі кескіндерін алуға қабілетті, бірақ жоғарыда айтылған көлеңке аймақтарды ажырата алмайды. Керісінше, күнгей облыстар ShadowCam үшін тым жарық.

Жақында екі камераны басқаратын командалар өз суреттерін біріктіріп, Шеклтон кратерінің мозаикасын жасаған екен. Кратердің LROC айналасын түсірсе, оның ішін ShadowCam бейнелеген. Айдың Оңтүстік полюсіндегі осы 21 километрлік соққы формациясы LRO көзімен.
👍1
Credits: Mosaic created by LROC (Lunar Reconnaissance Orbiter) and ShadowCam teams with images provided by NASA/KARI/ASU
👍1
8. YY HYA ЖҰЛДЫЗЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖАҢА ГАЛАКТИКАЛЫҚ ТҰМАНДЫҚТАР

«Жұлдыздар мен тұмандықтар» номинациясындағы жеңімпаз — Марсель Дрекслер.
YY Hya жұлдызы маңындағы тұмандық бұрын белгісіз галактикалық эмиссиялық тұмандықтарды іздеу барысында табылған. 360 сағаттық экспозиция нәтижесінде астрофотограф жұлдыз қалдығының ғаламат бейнесін алды.

New Class of Galactic Nebulae Around the Star YY Hya by Marcel Drechsler
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Ovalle, Chile, 8 March 2021–8 April 2022
Equipment used: ASA Newtonian 500 mm telescope, ASA DDM85 mount, FLI ProLine 16803 camera, 1,900 mm f/3.8, 890 x 1,200-second exposures, 672 x 300-second exposures and 15 x 1,800-second exposures
#астрофото2023
👍1