Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
OSIRIS-REx АСТЕРОИД ЗАТЫ САЛЫНҒАН КАПСУЛАНЫ ТАСТАДЫ

НАСА OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған топырақ үлгісі бар капсуланы тастағанын хабарлады. Зонд сол сәтте Жер бетінен 102 000 км биіктікте болған. Капсула төрт сағаттан соң, Алматы уақытымен 20:42 шамасында атмосфераға енеді. Ол 13 минуттан соң парашют көмегімен Юта штатындағы шөлдегі әскери полигонға қонуы тиіс.
👍1
Капсула атмосфераға енді, парашюттің ашылуын күтеміз.
👍1
Парашют ашылды!
👍1
Капсула сәтті қонды дейді!
👍2
Басқару орталығында
👍1
Алыс астероид заты Жерге жетті.
👍2
Парашют пен капсула Юта шөлінде жатыр.
👍1
Анығырақ көрініс.
👍2
👽ркениеттер кездесуі?
👍1
НАСА мамандары капсула жанында.
👍2
Тікұшақ капсуланы іліп ұшты. Ол НАСА-ның Хьюстондағы Джонсон атындағы Ғарыш орталығына жеткізіледі.
Капсула таза бөлмесі бар ғимарат қасына түсірілді, Бұл полигон аумағында болса керек.
Қыздарға көтертіп қойды
😁2
Таза бөлме ішінде
👏3
Үкімет берген қолғап ластанып қалды?
Таза бөлме басқа екен, мынау емес
Таза бөлмеге кіргізді
— Сарабдал саясаттың арқасында, үлкен кісінің тікелей тапсырмасымен, — деп тұр ма екен?
OSIRIS-REx МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Сонымен, 2023 жылы 24 қыркүйекте НАСА-ның OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған топырақ үлгісі бар капсуланы Жерге жеткізді. Ішінде 400 граммдай астероид заты бар капсула парашютпен Юта штатындағы полигонға қонды. Хьюстондағы Джонсон Ғарыш орталығында сақталатын Бенну үлгілері дүние жүзі ғалымдарына таратылып, ондаған жылдар зерттеледі.

Аполлондар тобына жататын 510 метрлік Бенну көміртекті астероид деп саналады. Ол 100 километрлік ірілеу дененің ыдырауынан пайда болса керек. Оның минералдық және химиялық құрамы Күн жүйесі ғұмырының алғашқы 100 миллион жылында қалыптасқан. Астероидта атмосфера болмағандықтан, 4,5 миллиард жыл бұрынғы зат онда өзгеріссіз сақталуы тиіс. Әрине, ғарыштық сәулелер әсерін ескерген жөн. Реголит деп аталатын тау жынысын зерттеу Күн жүйесі мен Жердің қалай түзілгенін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Үлгінің 2020 жылғы 20 қазан күні қалай алынғаны
🏆3
OSIRIS-REx-AsteroidBennu-TakingSample-20201020.webm.720p.webm
9.2 MB
Бенну астероидынан топырақ үлгісін алу OSIRIS-REx-тің навигациялық камерасының көзімен, 2020 жылғы 20 қазан
Credit: NASA
330px-OSIRIS-REX_SamCam_TAGSAM_Event_2020-10-20_small.gif
12.4 MB
SamCam камерасының түсіргені
Credit: NASA
👍1