ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДАҚСЫЗ КЕРІК БАЙҚАЛДЫ
Giraffe Conservation Foundation ұйымының қызметкерлері Намибиядағы Оконьяти қорығында ангола керігінің (Giraffa camelopardalis angolensis) дақсыз төлін байқаған. Енесіне еріп жүрген кішкентай жирафтың біртекті қоңыр терісінде осы түрге тән ою жоқ. Ол — тұмса табиғатта бақыланып отырған бірінші дақсыз керік.
Осы жақында ғана, 2023-тің шілдесінде дақсыз торша керік (G. c. reticulata) дүниеге келгенін білесіздер, бірақ ол қолда, Теннесси штатындағы зообақта туды. Бірінші әрі биылға дейін тіркелген соңғы пигментсіз керік 1972 жылы Жапониядағы зообақта өмірге келген.
Фото: Giraffe Conservation Foundation
#биодерек

😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МӘСКЕУ ҮСТІНДЕГІ БОЛИД
2023 жылы 19 қыркүйектің кешінде Мәскеу үстінде болид, яғни ерекше жарық метеор бақыланған. Болид 100 км биіктікте жарқырай бастап, 60 км шамасында жанып кеткен. Демек ол Мәскеуден 700 км радиустан көрінді. Видеода ол көкжиектен 34 градус биік ұшып өтеді.
Болидті үлкендігі 7 см шамасындағы метеороид туғызды деп бағаланып отыр. Оның жылдамдығы 30 км/сек болған. Ең күшті жарқыл сәтінде болид Толған Айдай жарқыраған (—13 жұлдыздық шама, Вегадан 150 000 есе жарық). Мұндай сирек оқиға Жердің белгілі бір нүктесінде екі жылда бір бақыланады.
Ұшып өткен болидтен қалған із ұзақ уақыт байқалып тұрды. Бұл — 60–90 км биіктіктегі иондалған газ, негізінен азот пен оттегі. Әртүрлі биіктікте жел әр бағытта соғатындықтан, із ирелең пішінге енді.
Видео авторы: Eugen Belayev

👀1
23 ҚЫРКҮЙЕК 2023 — КҮЗГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ
2023 жылы 23 қыркүйекте, Алматы уақытымен 12:50-де Күн аспан экваторын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтті. Қыркүйектегі күн теңелуі деп аталатын құбылыс Солтүстік жартышарда астрономиялық күз, ал Оңтүстік жартышарда көктем басталғанын паш етті.
Бұл астрономиялық құбылыстың басты ерекшелігі — Күннің тура шығыс көкжиектен көтеріліп, дәл батыста ұясына қонуы. Алматы тұрғындары мұны 24-25 қыркүйек күндері бақылай алады. Ал күн мен түннің ұзақтығы 26 қыркүйекте ғана теңеледі. Бір қызығы, қаңтардың басындағы перигелиіне жақындап келе жатқан Жер дәл осы датада Күннен тура 150 миллион километрде орналасады екен.
Қыркүйектегі күн теңелуі жайлы бейнеролик
Дереккөз: timeanddate
#астрокүнтізбе

6. «КҮН СӘУЛЕСІНЕ ІЛІНГЕН»
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
«Планеталар, кометалар мен астероидтар» номинациясындағы жеңімпаз — Том Уильямс.
Шолпан Жерден қарағандағы өлшемі ең үлкен планета болса да, оның атмосферасындағы ерекшеліктерді суретке тартып алу — үлкен табыс.
Suspended in a Sunbeam by Tom Williams
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Trowbridge, Wiltshire, UK, 26 February 2023
Equipment used: Sky-Watcher 400P (16”) GoTo Dobsonian Reflector telescope, Baader Bessel (U)BVRI and ZWO IR850 filters, ZWO ASI462MM (Early-Bird) camera, 8,750 mm f/21.5, 5,000 x 5.9-millisecond IR exposures 29.5-second total exposure, 7,500 x 13.9-millisecond UV exposures, 104.25-second total exposure: 133.75-second total exposure time
#астрофото2023

CERES-1 ЗЫМЫРАНЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
2023 жылы 21 қыркүйекте қытайлық Galactic Energy компаниясы Цзюцюань ғарыш айлағынан оныншы Ceres-1 зымыранын ұшырды. Ол Жерді бақылайтын Jilin-1 жерсерігін орбитаға шығаруы тиіс еді. Компания ұшырылым сәтсіз болғанын хабарлап, клиенттен кешірім сұрады.
Бұл — компания мен зымыранның 10 ұшырылымнан тұратын тарихындағы бірінші апат. Машина 1-саты жұмысы барысында-ақ істен шыққан сияқты. Зымыранның 1-ші, 3-ші, 4-ші сатылары қатты отын, 2-ші сатысы сұйық отын жағады.
#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру

❤1😱1
24 ҚЫРКҮЙЕК 2023 — OSIRIS-REx АСТЕРОИД ЗАТЫН ЖЕРГЕ ӘКЕЛЕДІ
Тікелей эфир Алматы уақытымен 20:00-де басталады.
2023 жылы 24 қыркүйекте НАСА-ның OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған 400 грамм тас пен топырақ үлгісі бар капсуланы Юта штатындағы әскери полигонға тастайды.
OSIRIS-REx 2016 ж. 8 қыркүйекте ұшырылды. Зонд 2018 жылдың соңғы күні Бенну айналасындағы дөңгелек орбитаға шықты. OSIRIS-REx өзінің төрт ғылыми аспабымен астероидты небәрі 4,8 км биіктіктен зерттеп, картаға түсіре бастады. Ал 2020 ж. 20 қазанда аппарат Бенну бетінен топырақ үлгісін алды. OSIRIS-REx қайтар жолға 2021-дің 10 мамырында шықты.
Миллиард долларлық миссия негізгі міндетін орындаған соң, атын OSIRIS-APEX деп өзгертіп, Апофис астероидын зерттеуге дайындалады. Бұл аспан денесі 2029 жылы 13 көкекте Жерден небәрі 31 600 километрде өтетіні белгілі. Бірнеше күннен соң OSIRIS-APEX Апофиске жақындап, оны 18 ай зерттейді.

✍1👍1
OSIRIS-REx АСТЕРОИД ЗАТЫ САЛЫНҒАН КАПСУЛАНЫ ТАСТАДЫ
НАСА OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған топырақ үлгісі бар капсуланы тастағанын хабарлады. Зонд сол сәтте Жер бетінен 102 000 км биіктікте болған. Капсула төрт сағаттан соң, Алматы уақытымен 20:42 шамасында атмосфераға енеді. Ол 13 минуттан соң парашют көмегімен Юта штатындағы шөлдегі әскери полигонға қонуы тиіс.

👍1