4. МАРСТЫҢ АЙ ТАСАСЫНА ЕНУІ
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
«Біздің Ай» номинациясындағы жеңімпаз — Итан Чаппел.
Бұл фото біздің оқырмандарға таныс шығар. Толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы 2022 жылдың басты астрономиялық оқиғасы болғаны белгілі. Ол жөнінде арнамызда арнайы бейнеролик те бар.
Mars-Set by Ethan Chappel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Cibolo, Texas, USA, 8 December 2022
Equipment used: Celestron EdgeHD 14 telescope, iOptron CEM70 mount, Astro-Physics BARADV lens, ZWO ASI462MC camera, 7,120 mm f/20, multiple 15-millisecond exposures
#астрофото2023

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ROCKET LAB КОМПАНИЯСЫНЫҢ ELECTRON ЗЫМЫРАНЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
2023 жылы 18 қыркүйекте Rocket Lab компаниясы Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан 41-шы Electron зымыранын ұшырды. 1-саты қалыпты жұмыс істеді. Алайда сатылар ажырағаннан кейін, 2-саты қозғағышы қосылмай қалды. Capella Space компаниясының Acadia 2 жерсерігі төмен жермаңы орбитаға шыға алмады. Бұл биылғы тоғыз старттағы бірінші сәтсіздік, жалпы Rocket Lab тарихындағы 41 ұшырылымның 4-і сәтсіз болды.
Credit: Rocket Lab
#зымыранұшыру

SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 17-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД
2023 жылы 20 қыркүйекте SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.17 миссиясын ұшырды. Мақсат — 22 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Оны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 17-шы рет ұшырылды — жаңа әлем рекорды! 🏆
Үдеткіш бірінші рет 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты миссиясы — DM-2 аясында қолданылған еді. Даг пен Бобтың сапары естеріңізде шығар. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" аталатын қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 12 Starlink миссиясын ұшырды. B1058 бұл жолы да Атлант мұхиты айдынындағы ASOG платформасына сәтті қонды.
Фото: B1058.17 үдеткіші ASOG платформасына сәтті қонды
Credit: SpaceX

B1058.17 үдеткіші ASOG платформасына сәтті қонды
5. «ҚЫЛҚАЛАМ ІЗІ»
«Шұғыла» номинациясындағы жеңімпаз — Моника Девиат.
Поляр шұғыласын әдетте Жер бетіндегі тау, ағаш, ғимараттармен бірге бейнелейді. Ал бұл фото шұғыланың өз көркін паш етіп, каллиграфия өнерінің туындысын еске түсіреді. ЛАЙК? ЛАЙЫҚ!
Brushstroke by Monika Deviat
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Utsjoki, Lapland, Finland, 8 January 2022
Equipment used: Nikon D850 camera, 14 mm f/2.8, ISO 3200, 4-second exposure

ISRO Ай бетіндегі Викрам лендері мен Прагьян айкезбе ровері 22 қыркүйекте, Ай таңы ата оянар деп үміттеніп отыр. Сіздің ойыңызша,
Anonymous Poll
13%
екеуі де оянбайды
38%
екеуі де жұмысын жалғастырады
13%
лендер ғана оянып, хабар жібереді
13%
ровер ғана оянады, бірақ ол Жермен Викрам арқылы байланысатындықтан, мұны ешқашан білмейміз
0%
Ай бетінде ешқандай аппараттар жоқ
25%
маған бәрібір
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЧУВАШИЯДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ
2023 жылы 17 қыркүйекте 14:00 шамасында Күн дискінің орта тұсынан үлкен әрі ұзын филамент үзіліп шықты. Плазма Жерге 18-не кешке жетіп, күшті геомагниттік дауыл туғызды. Жақында күн теңелетінін ескерген жөн, ал бұл мезгілде Рассел—Макферсон эффекті әсерінен магнит дауылдарының күші артады. Сол себепті поляр шұғыласы 55° солтүстік ендікке дейінгі аймақтарда көрінді, ал фототехникамен тіпті 52° с.е. маңында байқалды.
Мына таймлапстағы шұғыла қыркүйектің 19-на қараған түні 55,7° солтүстік ендікте бақыланған. Бұл видео емес, әрқайсы ISO 4000 және 13 секундтық экспозициямен түсірілген кадрлардан құрастырылған таймлапс.
Автор: Констатин Григорьев

👍1
ШҰҒЫЛА, ЖЕТІҚАРАҚШЫ ЖӘНЕ МЕТЕОР
Солтүстік шұғыласы мен Жетіқарақшы шөмішіндегі метеор бір кадрға түсіп қалған! Силәбе облысы, Арғаяш ауданы, Ақбаш селосы. 19 қыркүйек 2023 жыл.
Фото авторы: Ридаль Султанов
Сол метеордың басқа көрінісі. Силәбе облысы, Сосновка ауданы, Өйрәкте (Урефты) көлінің маңы. 19 қыркүйек 2023 жыл.
Фото авторы: Раффи Лутфуллян

INGENUITY 20 МЕТРГЕ ӘУЕЛЕП, МАРСТАҒЫ БИІКТІК РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
2023 жылы 16 қыркүйекте НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс атмосферасында 59-шы рет әуеледі. 142,6 секундтық тік қарғу барысында ол 20 метрге көтеріліп, биіктік рекордын жаңартты. Оның бұрынғы жетістігі 18 метр еді.
Дрон әуеде жалпы алғанда 106,5 минут өткізіп, 13,3 километр ұшып өтті. Оның жылдамдық рекорды — 6,5 м/с. Соңғы ұшулар:
№56. 25 тамыз. 140,9 с, 410 м қашықтық, 12 м биіктік, 5,3 м/с.
№57. 3 қыркүйек. 128,6 с, 217 м қашықтық, 10 м биіктік, 3 м/с.
№58. 11 қыркүйек. 106,8 с, 174 м қашықтық, 10 м биіктік, 3 м/с.
Image Credit: NASA/JPL-Caltech

2023-ТІҢ ЖАЗЫ БАҚЫЛАУ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЫСТЫҚ ЖАЗ БОЛҒАН
НАСА деректері бойынша, 2023 жылдың маусым, шілде, тамыз айларының дүние жүзіндегі орташа температурасы 1951–1980 жж. орташа жазғы температурадан 0,23°С-қа жоғары болған. Картаға сәйкес, ең қатты жылыну Антарктикада тіркеліп отыр. Қазақстан аумағындағы жазғы температура шамамен 1 градусқа көтерілген.
Биылғы жаз жаһандық температура тұрақты тіркеле бастаған 1880 жылдан бергі ең ыстығы деуге толық негіз бар. Рекордтық ыстық — адам әрекеті нәтижесіндегі жаһандық жылыну мен Тынық мұхитта қайта байқала бастаған Эль-Ниньо құбылысының ұштасуының салдары.
Image credit: NASA Earth Observatory/Lauren Dauphin
#жаһандықжылыну

ТАҢДА ШЫҒЫСТАН ЗОДИАК ЖАРЫҒЫ БАЙҚАЛАДЫ
Зодиак жарығы — көктемде күн батысымен және күзде таң атарда қараңғы аспанда бақыланатын әлсіз үшбұрыш жарық. Бұл астрономиялық құбылысты көруге ең қолайлы кезең — көктемгі және күзгі күн теңелуіне жақын күндер. Қыркүйекте біздің Солтүстік жартышар тұрғындары оны таңсәріден бұрын шығыстан көре алады. Ай қазір кедергі келтірмейді, бірақ бәрібір жарықпен ластанбаған қараңғы жерге бару керек.
Құбылысты эклиптика жазықтығында айналып жүрген тозаң бөлшектерінен шағылған күн сәулесі туғызады. Тозаң негізгі белдеу астероидтары немесе Юпитер маңындағы кометалардан шығады деп саналатын. Алайда 2021 жылы наурызда НАСА-ның Юнона ғарыш аппараты оның негізгі көзі Марс екенін анықтады. Арнада Зодиак жарығы туралы екінші ролик жарияланды.
Фото: Yuri Beletsky
#астрокүнтізбе #бейнеролик

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДАҚСЫЗ КЕРІК БАЙҚАЛДЫ
Giraffe Conservation Foundation ұйымының қызметкерлері Намибиядағы Оконьяти қорығында ангола керігінің (Giraffa camelopardalis angolensis) дақсыз төлін байқаған. Енесіне еріп жүрген кішкентай жирафтың біртекті қоңыр терісінде осы түрге тән ою жоқ. Ол — тұмса табиғатта бақыланып отырған бірінші дақсыз керік.
Осы жақында ғана, 2023-тің шілдесінде дақсыз торша керік (G. c. reticulata) дүниеге келгенін білесіздер, бірақ ол қолда, Теннесси штатындағы зообақта туды. Бірінші әрі биылға дейін тіркелген соңғы пигментсіз керік 1972 жылы Жапониядағы зообақта өмірге келген.
Фото: Giraffe Conservation Foundation
#биодерек

😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МӘСКЕУ ҮСТІНДЕГІ БОЛИД
2023 жылы 19 қыркүйектің кешінде Мәскеу үстінде болид, яғни ерекше жарық метеор бақыланған. Болид 100 км биіктікте жарқырай бастап, 60 км шамасында жанып кеткен. Демек ол Мәскеуден 700 км радиустан көрінді. Видеода ол көкжиектен 34 градус биік ұшып өтеді.
Болидті үлкендігі 7 см шамасындағы метеороид туғызды деп бағаланып отыр. Оның жылдамдығы 30 км/сек болған. Ең күшті жарқыл сәтінде болид Толған Айдай жарқыраған (—13 жұлдыздық шама, Вегадан 150 000 есе жарық). Мұндай сирек оқиға Жердің белгілі бір нүктесінде екі жылда бір бақыланады.
Ұшып өткен болидтен қалған із ұзақ уақыт байқалып тұрды. Бұл — 60–90 км биіктіктегі иондалған газ, негізінен азот пен оттегі. Әртүрлі биіктікте жел әр бағытта соғатындықтан, із ирелең пішінге енді.
Видео авторы: Eugen Belayev

👀1
23 ҚЫРКҮЙЕК 2023 — КҮЗГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ
2023 жылы 23 қыркүйекте, Алматы уақытымен 12:50-де Күн аспан экваторын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтті. Қыркүйектегі күн теңелуі деп аталатын құбылыс Солтүстік жартышарда астрономиялық күз, ал Оңтүстік жартышарда көктем басталғанын паш етті.
Бұл астрономиялық құбылыстың басты ерекшелігі — Күннің тура шығыс көкжиектен көтеріліп, дәл батыста ұясына қонуы. Алматы тұрғындары мұны 24-25 қыркүйек күндері бақылай алады. Ал күн мен түннің ұзақтығы 26 қыркүйекте ғана теңеледі. Бір қызығы, қаңтардың басындағы перигелиіне жақындап келе жатқан Жер дәл осы датада Күннен тура 150 миллион километрде орналасады екен.
Қыркүйектегі күн теңелуі жайлы бейнеролик
Дереккөз: timeanddate
#астрокүнтізбе

6. «КҮН СӘУЛЕСІНЕ ІЛІНГЕН»
Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
«Планеталар, кометалар мен астероидтар» номинациясындағы жеңімпаз — Том Уильямс.
Шолпан Жерден қарағандағы өлшемі ең үлкен планета болса да, оның атмосферасындағы ерекшеліктерді суретке тартып алу — үлкен табыс.
Suspended in a Sunbeam by Tom Williams
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Trowbridge, Wiltshire, UK, 26 February 2023
Equipment used: Sky-Watcher 400P (16”) GoTo Dobsonian Reflector telescope, Baader Bessel (U)BVRI and ZWO IR850 filters, ZWO ASI462MM (Early-Bird) camera, 8,750 mm f/21.5, 5,000 x 5.9-millisecond IR exposures 29.5-second total exposure, 7,500 x 13.9-millisecond UV exposures, 104.25-second total exposure: 133.75-second total exposure time

CERES-1 ЗЫМЫРАНЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
2023 жылы 21 қыркүйекте қытайлық Galactic Energy компаниясы Цзюцюань ғарыш айлағынан оныншы Ceres-1 зымыранын ұшырды. Ол Жерді бақылайтын Jilin-1 жерсерігін орбитаға шығаруы тиіс еді. Компания ұшырылым сәтсіз болғанын хабарлап, клиенттен кешірім сұрады.
Бұл — компания мен зымыранның 10 ұшырылымнан тұратын тарихындағы бірінші апат. Машина 1-саты жұмысы барысында-ақ істен шыққан сияқты. Зымыранның 1-ші, 3-ші, 4-ші сатылары қатты отын, 2-ші сатысы сұйық отын жағады.
#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру

❤1😱1
24 ҚЫРКҮЙЕК 2023 — OSIRIS-REx АСТЕРОИД ЗАТЫН ЖЕРГЕ ӘКЕЛЕДІ
Тікелей эфир Алматы уақытымен 20:00-де басталады.
2023 жылы 24 қыркүйекте НАСА-ның OSIRIS-REx ғарыш аппараты Бенну жермаңы астероидынан алынған 400 грамм тас пен топырақ үлгісі бар капсуланы Юта штатындағы әскери полигонға тастайды.
OSIRIS-REx 2016 ж. 8 қыркүйекте ұшырылды. Зонд 2018 жылдың соңғы күні Бенну айналасындағы дөңгелек орбитаға шықты. OSIRIS-REx өзінің төрт ғылыми аспабымен астероидты небәрі 4,8 км биіктіктен зерттеп, картаға түсіре бастады. Ал 2020 ж. 20 қазанда аппарат Бенну бетінен топырақ үлгісін алды. OSIRIS-REx қайтар жолға 2021-дің 10 мамырында шықты.
Миллиард долларлық миссия негізгі міндетін орындаған соң, атын OSIRIS-APEX деп өзгертіп, Апофис астероидын зерттеуге дайындалады. Бұл аспан денесі 2029 жылы 13 көкекте Жерден небәрі 31 600 километрде өтетіні белгілі. Бірнеше күннен соң OSIRIS-APEX Апофиске жақындап, оны 18 ай зерттейді.

✍1👍1