Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
105. УЭББ ЖАС «КҮНДІ» СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ

Егер Күнді фотоға түсіру мүмкін болса, ол шамамен осылай көрінер еді. Уэбб ғарыштық телескопы алған мына кескінде полюстерінен газ ағыстары атқылап жатқан жас жұлдыз бейнеленген. Оның жасы небәрі бірнеше ондаған мың жыл, бірақ ол есейгенде біздің Күнге ұқсамақ.

Жаңа туған жұлдыздың айналасындағы мұндай жарық облыстар Хербиг-Аро нысандары деп аталады. HH 211 атты нақты бұл нысан ең жас әрі ең жақындарының бірі, ол бізден 1000 жарық жылы қашықтықта.

Хербиг-Аро нысандары жас жұлдыздан атылған газ ағыстары айналадағы газ бен тозаңмен соқтығысып, соққы толқынын туғызғанда түзіледі. Уэббтің сезімтал инфрақызыл көзі газ бен тозаң тасасындағы ыстық ағынды байқап, оның құрылымын теңдессіз айқындықпен ажыратады.

Credits: ESA/Webb, NASA, CSA, T. Ray (Dublin Institute for Advanced Studies)
🤗1
6. ТЫҒЫЗДЫҒЫ ТӘТТІ МАҚТАДАЙ ЭКЗОПЛАНЕТА ТАБЫЛДЫ

WASP-193b экзопланетасы Жерден 1230 жарық жылы қашықтықтағы жұлдызды айналады. Ол фотометрия арқылы — жұлдыз жарықтығының периодты өзгеруі арқылы анықталған. WASP-193b өз жұлдызын 10 млн км қашықтықта, 6,25 тәулікте бір айналады. Экзопланета температурасы 1000 °C деп бағаланады.

WASP-193b-тің радиусы 1,46 Юпитер радиусындай екені өлшенді. Алайда оның массасы Юпитер массасының небәрі 13,9% екен! Демек оның орташа тығыздығы 0,059 г/см³, бұл тәтті мақтамен шамалас (0,05 г/см³). Салыстыру үшін тас планета Жердің орташа тығыздығы 5,51 г/см³, газды алып Юпитердікі — 1,33 г/см³.

WASP-193b — бүгінге дейін ашылған экзопланеталардың тығыздығы ең азының бірі. Бұған жұлдыздың жақындығынан атмосфераның әдеттен тыс кеңеюі себеп болған шығар. Бірақ бұл жағдайда экзопланета ондаған миллион жылда атмосферасынан толық айырылуы қажет еді, ал оның жасы 6 млрд жыл шамасында. Астрономдар борпылдақ экзопланетаны тағы да бақылап, оның құпиясын шешуге тырыспақ.
👍2
1. «МӘССАҒАН, АНДРОМЕДА» — ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АСТРОФОТОСЫ

Гринуич Корольдік обсерваториясы дәстүрлі «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жеңімпаздарын атады. Бас Жүлде мен «Галактикалар» номинациясындағы 1-орынды әуесқой астрономдар Марсель Дрекслер, Ксавье Строттнер мен Ян Сейнти «Мәссаған, Андромеда» фотосы үшін иеленді.

Көрші спираль галактика талай рет объективке ілінгенімен, оның жанындағы ыстық плазма доғасы алғаш байқалып отыр. 150 000 жарық жылына созылып жатқан алып доға — Бақыланатын Әлемдегі ең үлкен осындай нысан. Андромеда галактикасын аспаннан қалай табу жайы роликте айтылады.

Andromeda, Unexpected by Marcel Drechsler, Xavier Strottner and Yann Sainty
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken near Nancy, France, 2 August–1 November 2022
Equipment used: Takahashi FSQ-106EDX4 telescope, Sky-Watcher EQ6 Pro mount, ZWO ASI2600MM Pro camera, 382 mm f/3.6, multiple exposures between 1 and 600 seconds, 111 hours total exposure
#астрофото2023
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
24 САҒАТТА: FIREFLY ALPHA ЗЫМЫРАНЫ ҮШІНШІ РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ

2022 жылы 15 қыркүйекте Firefly Aerospace компаниясы Ванденберг ғарыш айлағының SLC-2W ұшыру алаңынан үшінші Alpha зымыранын ұшырды. Ол Victus Nox миссиясы аясында Millennium Space Systems компаниясы жасап берген АҚШ Ғарыш күштері жерсерігін мақсат орбитаға сәтті шығарды. Жерсерік орбитадағы басқа нысандарды қадағалауға арналған.

Ұшырылым ерекшелігі — тапсырыс берушінің талабы бойынша 24 сағаттық дайындық. Нұсқау берілісімен, Millennium Space Systems пен Firefly 60 сағатта жерсерікті зымыранға орнатып, келесі 24 сағат ішінде ұшырылымды қамтамасыз етуі тиіс. Шарт орындалды. Нұсқау түскен сәттен зымыран көтерілгенге дейін 27 сағат өткен. Бұл осындай процедура үшін рекорд екен. Компания ұшырылым жайлы алдын-ала хабарлаған жоқ.
#зымыранұшыру
👍1
2. «ҒАЛАМАТ ҒАРЫШТЫҚ ОТШАШУ»

«Аспан пейзажы» номинациясындағы жеңімпаз — Анхель Ан.
Өте сирек бақыланатын спрайт (қызыл найзағай) құбылысы — атмосфераның жоғарғы қабаттарында пайда болатын электр разряды. Тибет тауларындағы Пума Юнко көлі маңында түсірілген тамаша фотодан плазманың нәзік құрылымы айқын байқалады. Фотографтың кадрға спрайттың төменгі бөлігін ғана алуы бөгдепланеталық көрініс әсерін қалдырады.

Grand Cosmic Fireworks by Angel An
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Lake Puma Yumco, Tibet, China, 20 May 2022
Equipment used: Sony ILCE-7S3 camera, 135 mm f/1.8, ISO 12800, 4-second exposure
#астрофото2023
👍1
ПАРКЕР ЗОНДЫ КҮНГЕ ҚАЛАЙ АЛҒАШ ЖАНАСТЫ?

2023 жылы тамызда НАСА-ның Паркер күн зондының ұшырылғанына 5 жыл толды. Ол 27 қыркүйекте Күнге 17-ші мәрте жақындауы тиіс. Паркер зонды бірінші рет Күн бетінен 7,9 млн км қашықтықта өтеді! Ал 2021-дің көкегіндегі сегізінші перигелиінде зонд Күн тәжіне алғаш енген-ді.

Гелиофизика тарихындағы ұлы оқиғаның жай-жапсары арнадағы жаңа роликте түсіндіріледі. Күн туралы бейнелер сериясының жаңа бөлімінен Күннің құрылысы жөнінде де біраз ақпарат аласыз.
#бейнеролик #ғылымижаңалық
3. «КҮНДЕГІ СҰРАҚ»

«Біздің Күн» номинациясындағы жеңімпаз — Эдуардо Шабергер Пупо.
Күн бетіндегі гранулалар талай бақыланса да (мысалы, бейнероликте), мына сұрақ белгісі суретші қылқаламынан шыққандай.

A Sun Question by Eduardo Schaberger Poupeau
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Rafaela, Santa Fe, Argentina, 1 October 2022
Equipment used: Sky-Watcher Evostar 150ED DX Doublet APO refractor telescope at 840 mm focal length 120 mm aperture, Daystar Quark Chromosphere filter, Baader ERF frontal filter, iOptron CEM70G mount, Player One Apollo-M Max camera, Gain 100, 2 panels of 115 x 3.47-millisecond exposures
#астрофото2023
👍1🤯1
NISHIMURA КОМЕТАСЫ ПЕРИГЕЛИІНЕН ӨТТІ

2023 жылы 18 қыркүйекте C/2023 P1 (Nishimura) кометасы өз орбитасының Күнге ең жақын (33 млн км) нүктесінен өтті. Оның жарықтығы 2,4 жұлдыздық шамаға дейін артты. Құйрықты жұлдызды батыстан, кешкі күн шапағынан байқауға тырысыңыз. Комета Күн батқаннан кейін Бикеш шоқжұлдызынан бірнеше минут бақылануы мүмкін.
4. МАРСТЫҢ АЙ ТАСАСЫНА ЕНУІ

Гринуич Корольдік обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының үздік суреттерін жариялауды жалғастырамыз.
«Біздің Ай» номинациясындағы жеңімпаз — Итан Чаппел.
Бұл фото біздің оқырмандарға таныс шығар. Толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы 2022 жылдың басты астрономиялық оқиғасы болғаны белгілі. Ол жөнінде арнамызда арнайы бейнеролик те бар.

Mars-Set by Ethan Chappel
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Cibolo, Texas, USA, 8 December 2022
Equipment used: Celestron EdgeHD 14 telescope, iOptron CEM70 mount, Astro-Physics BARADV lens, ZWO ASI462MC camera, 7,120 mm f/20, multiple 15-millisecond exposures
#астрофото2023
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ROCKET LAB КОМПАНИЯСЫНЫҢ ELECTRON ЗЫМЫРАНЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

2023 жылы 18 қыркүйекте Rocket Lab компаниясы Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан 41-шы Electron зымыранын ұшырды. 1-саты қалыпты жұмыс істеді. Алайда сатылар ажырағаннан кейін, 2-саты қозғағышы қосылмай қалды. Capella Space компаниясының Acadia 2 жерсерігі төмен жермаңы орбитаға шыға алмады. Бұл биылғы тоғыз старттағы бірінші сәтсіздік, жалпы Rocket Lab тарихындағы 41 ұшырылымның 4-і сәтсіз болды.

Credit: Rocket Lab
#зымыранұшыру
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 17-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД

2023 жылы 20 қыркүйекте SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.17 миссиясын ұшырды. Мақсат — 22 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Оны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 17-шы рет ұшырылды — жаңа әлем рекорды! 🏆

Үдеткіш бірінші рет 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты миссиясы — DM-2 аясында қолданылған еді. Даг пен Бобтың сапары естеріңізде шығар. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" аталатын қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 12 Starlink миссиясын ұшырды. B1058 бұл жолы да Атлант мұхиты айдынындағы ASOG платформасына сәтті қонды.

Фото: B1058.17 үдеткіші ASOG платформасына сәтті қонды
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1058.17 үдеткіші ASOG платформасына сәтті қонды
5. «ҚЫЛҚАЛАМ ІЗІ»

«Шұғыла» номинациясындағы жеңімпаз — Моника Девиат.
Поляр шұғыласын әдетте Жер бетіндегі тау, ағаш, ғимараттармен бірге бейнелейді. Ал бұл фото шұғыланың өз көркін паш етіп, каллиграфия өнерінің туындысын еске түсіреді. ЛАЙК? ЛАЙЫҚ!

Brushstroke by Monika Deviat
Astronomy Photographer of the Year 2023
Taken in Utsjoki, Lapland, Finland, 8 January 2022
Equipment used: Nikon D850 camera, 14 mm f/2.8, ISO 3200, 4-second exposure
#астрофото2023
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЧУВАШИЯДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ

2023 жылы 17 қыркүйекте 14:00 шамасында Күн дискінің орта тұсынан үлкен әрі ұзын филамент үзіліп шықты. Плазма Жерге 18-не кешке жетіп, күшті геомагниттік дауыл туғызды. Жақында күн теңелетінін ескерген жөн, ал бұл мезгілде Рассел—Макферсон эффекті әсерінен магнит дауылдарының күші артады. Сол себепті поляр шұғыласы 55° солтүстік ендікке дейінгі аймақтарда көрінді, ал фототехникамен тіпті 52° с.е. маңында байқалды.

Мына таймлапстағы шұғыла қыркүйектің 19-на қараған түні 55,7° солтүстік ендікте бақыланған. Бұл видео емес, әрқайсы ISO 4000 және 13 секундтық экспозициямен түсірілген кадрлардан құрастырылған таймлапс.
Автор: Констатин Григорьев
👍1
ШҰҒЫЛА, ЖЕТІҚАРАҚШЫ ЖӘНЕ МЕТЕОР

Солтүстік шұғыласы мен Жетіқарақшы шөмішіндегі метеор бір кадрға түсіп қалған! Силәбе облысы, Арғаяш ауданы, Ақбаш селосы. 19 қыркүйек 2023 жыл.
Фото авторы: Ридаль Султанов

Сол метеордың басқа көрінісі. Силәбе облысы, Сосновка ауданы, Өйрәкте (Урефты) көлінің маңы. 19 қыркүйек 2023 жыл.
Фото авторы: Раффи Лутфуллян
👍1
INGENUITY 20 МЕТРГЕ ӘУЕЛЕП, МАРСТАҒЫ БИІКТІК РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

2023 жылы 16 қыркүйекте НАСА-ның Ingenuity тікұшағы Марс атмосферасында 59-шы рет әуеледі. 142,6 секундтық тік қарғу барысында ол 20 метрге көтеріліп, биіктік рекордын жаңартты. Оның бұрынғы жетістігі 18 метр еді.

Дрон әуеде жалпы алғанда 106,5 минут өткізіп, 13,3 километр ұшып өтті. Оның жылдамдық рекорды — 6,5 м/с. Соңғы ұшулар:
№56. 25 тамыз. 140,9 с, 410 м қашықтық, 12 м биіктік, 5,3 м/с.
№57. 3 қыркүйек. 128,6 с, 217 м қашықтық, 10 м биіктік, 3 м/с.
№58. 11 қыркүйек. 106,8 с, 174 м қашықтық, 10 м биіктік, 3 м/с.

Image Credit: NASA/JPL-Caltech
👍1
2023-ТІҢ ЖАЗЫ БАҚЫЛАУ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЫСТЫҚ ЖАЗ БОЛҒАН

НАСА деректері бойынша, 2023 жылдың маусым, шілде, тамыз айларының дүние жүзіндегі орташа температурасы 1951–1980 жж. орташа жазғы температурадан 0,23°С-қа жоғары болған. Картаға сәйкес, ең қатты жылыну Антарктикада тіркеліп отыр. Қазақстан аумағындағы жазғы температура шамамен 1 градусқа көтерілген.

Биылғы жаз жаһандық температура тұрақты тіркеле бастаған 1880 жылдан бергі ең ыстығы деуге толық негіз бар. Рекордтық ыстық — адам әрекеті нәтижесіндегі жаһандық жылыну мен Тынық мұхитта қайта байқала бастаған Эль-Ниньо құбылысының ұштасуының салдары.

Image credit: NASA Earth Observatory/Lauren Dauphin
#жаһандықжылыну