NISHIMURA КОМЕТАСЫ АСТРОФОТОГРАФТАР ӘЙНЕГІНДЕ, 9 ҚЫРКҮЙЕК 2023
Астрофотографтар мұндай жарқын суреттерді жарықты жинақтау арқылы алатын еске саламыз. Бұл үшін олар ондаған секундтық экспозициямен алынған бірнеше кадрды біріктіреді. Ал құралсыз көзбен тәжірибелі бақылаушылардың өзі C/2023 P1 кометасын 4,7 жұлдыздық шамадағы көмескі нысан ретінде әрең көргенін айтуда.
1. Словакия
Фото авторы: Петр Горалек
Canon Ra, Tamron 70-200 mm, f2.8, ISO 800, 10x20 сек
2. Аустрия
Фото авторы: Michael Jäger
11" RASA QHY600, 3х60 сек
3. Аризона, АҚШ
Фото авторы: Джереми Перес
Canon 6Dii + Canon EF 24-105 f/4 105 мм, f/4, ISO 12800, 41x4 сек
4. Чехия. Комета көкжиектен небәрі 4° биік
Фото авторы: Мартин Гембек
5. Долан-Спрингс, Аризона, АҚШ
Фото авторы: Рэндал Пэйлор

🔥1
ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ПЛАНЕТАЛАР
Жақында Күнге қарсы тұрған Сатурн 2023-тің қыркүйегінде түні бойы дерлік бақыланады. Түн ортасына таман оған Юпитер қосылса, таңда Шолпан жарқырайды. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте.
#астрокүнтізбе #бейнеролик

YouTube
2023 жылғы қыркүйектегі планеталар
Жақында Күнге қарсы тұрған Сатурн 2023-тің қыркүйегінде түні бойы дерлік бақыланады. Түн ортасына таман оған Юпитер қосылса, таңда Шолпан жарқырайды.
Credit: NASA/JPL-Caltech
Дереккөз: https://solarsystem.nasa.gov/skywatching/whats-up/
Music: Midnight North…

AX-3 МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Axiom Space компаниясы ХҒС-қа баратын үшінші жекеменшік миссиясының толық құрамын (фотода солдан оңға қарай) жариялады.
Командир — Майкл Лопес-Алегрия (Axiom) 🇺🇸🇪🇸
Ұшқыш — Вальтер Виладеи (Италия Әскери-әуе күштері) 🇮🇹
Миссия маманы — Алпер Гезеравжы (Түркия ғарыш агенттігі) 🇹🇷
Миссия маманы — Маркус Вандт (Еуропа ғарыш агенттігі/Швеция) 🇸🇪
Бұрынғы НАСА астронавты, қазір Axiom Space қызметкері Майкл Лопес-Алегрия ғарышқа 6-шы рет ұшпақ. Қалғандары үшін бұл алғашқы сапар, дегенмен Вальтер Виладеидің Galactic 01 миссиясында суборбитаға көтерілгені есімізде. Алпер Гезеравжы Түркияның бірінші ғарышкері атанады.
Crew Dragon ғарыш кемесінің старты 2024 жылдың 1-тоқсанына жоспарланған. Ax-3 экипажы Халықаралық ғарыш стансасында 14 күн өткізуі тиіс.
Credit: Axiom

ЯДРОЛЫҚ КҮШ ҚОНДЫРҒЫСЫ БАР ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҒАРЫШ АППАРАТЫН ЛОКХИД МАРТИН ЖАСАЙДЫ
2019 жылы басталған DRACO жобасының мақсаты — ядролық зымыран қозғағышы бар эксперименттік ғарыш аппаратын жасау. Ядролық реакторды жасау General Atomics компаниясына тапсырылды, ал аппараттың өзін жасау құқына Blue Origin мен Lockheed Martin таласқан еді.
2023 жылы 26 шілдеде НАСА мен АҚШ ҚМ Перспективалық зерттеу жобалары басқармасы (DARPA) Локхид Мартинмен шарт жасасып, компанияға 499 млн доллар жүлде берді. Аппарат жұмыс денесі ретінде қолданылатын сұйық сутегі құйылған бактан, ядролық реактордан, тасымалдаушы конструкциядан, шүмектен тұрмақ. Реактор отыны — жоғары концентрациялы аз байытылған уран, оған BWX Technologies жауапты.
Аппарат 700–2000 км биіктіктегі жермаңы орбитаға 2027 жылы шығарылуы мүмкін. Реактор орбитаға жеткеннен кейін барып қосылады. Сынақтар бітісімен, реактор өшіріледі, аппарат қауіпсіз орбитада қалады.
Кескін: Lockheed Martin

👍3
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) директорының міндетін атқарушы Старшиптің екінші орбиталық ұшырылымына лицензия қазанда берілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ сынақты АҚШ Балық қорын және жабайы жануарларды қорғау қызметі (USFWS) құптауы керек. Бүгін, 14 қыркүйекте Starship S25 прототипі Super Heavy B9 үдеткішінен ажыратылып, жеке тұғырға орнатылды.
Фотода: Starship командасы ұшыру алаңында
Сredit: SpaceX

👍1
АЛПЕР ГЕЗЕРАВЖЫ — ТҮРКИЯНЫҢ БОЛАШАҚ БІРІНШІ ҒАРЫШКЕРІ
Алпер Гезеравжы (Alper Gezeravcı) 1979 жылы Мерсин қаласында дүниеге келген. Ол Түркия Әскери-Әуе академиясы мен Дейтондағы АҚШ ӘӘК технологиялық институтын бітірген. 21 жылдық тәжірибесі бар әскери ұшқыш жақында полковник шенін алды. Бір қызығы, Алпер жайлы мақала қазіргі сәтте түрікше Wiki-дің өзінде жоқ, тек француз және италия тілдерінде ғана.

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шотландиядағы Лох-Мор көлі үстіндегі Құс Жолы мен солтүстік шұғыласы
Таймлапс авторы: Maciej Winiarczyk
Таймлапс авторы: Maciej Winiarczyk
👍1
БАЙҚОҢЫРДАН СОЮЗ МС-24 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ
2023 жылы 15 қыркүйекте, Алматы уақытымен 21:44-те Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан Союз-2.1а зымыраны Союз МС-24 ғарыш кемесін орбитаға сәтті шығарды. Кеме бортында Роскосмос космонавтары Олег Кононенко, Николай Чуб және НАСА астронавты Лорал О'Хара бар.
Союз МС-24 Халықаралық ғарыш стансасына екі-ақ айналымнан соң, 00:56-да түйіседі деп жоспарланған. Кеме ғарышта 192 тәулік болады, бірақ Кононенко мен Чуб екінші мерзімге қалып, стансада 375 тәулік өткізуі тиіс.
Фото: Роскосмос
#зымыранұшыру