Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Кескін: LTT9779 b экзопланетасы мен оның аналық жұлдызы
Credit: ESA
ЖАПОНИЯ XRISM РЕНТГЕН-ТЕЛЕСКОПЫ МЕН SLIM АЙ ЛЕНДЕРІН ҰШЫРДЫ

2023 жылы 7 қыркүйекте Жапон әуе-ғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) XRISM ғарыштық рентген обсерваториясы мен SLIM ай лендерін ғарышқа шығарды. Ұшырылым Танэгасима ғарыш орталығынан, H-IIA зымыранымен жасалды.

XRISM (X-Ray Imaging and Spectroscopy Mission) істен шыққан Suzaku мен Hitomi рентген-телескоптарының орнын басады. Диаметрі 45 сантиметрлік телескоп Resolve спектрометрі мен Xtend камерасымен жабдықталған. Ол жұмсақ ренгтен диапазонында бақылау жүргізеді. Телескоп галактикалар шоғырларын, плазма құрылымдарын, галактикадағы ықшам нысандарды, сондай-ақ галактикаішілік ортаның құрамын зерттейді.

SLIM (Smart Lander for Investigating Moon) лендерінің өлшемі 2,4×1,7×2,7 м, құрғақ массасы 200 кг, ол екі камерасы, ретрорефлекторы және ажырайтын зондтары бар. Оның басты міндеті — Айға өте дәл, 100 метрден аспайтын ауытқумен қону технологиясын пысықтау. Қазіргі аппараттар плюс-минус бірнеше километр дәлдікпен қонып жүр. SLIM отын үнемдейтін айналма жолмен ұшып, Айға 4–6 айдан кейін барып жетеді. Айға қону — 2024 жылы.
👍2
Credit: JAXA, NASA
ҚЫТАЙЛЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК ЗЫМЫРАН АЛҒАШ РЕТ ТЕҢІЗДЕН ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 5 қыркүйекте қытайлық Galactic Energy компаниясы Сары теңіздегі DeFu-15002 платформасынан Ceres-1S зымыранын ұшырды. Ол Заттар интернетіне арналған төрт Tianqi жерсерігін 800 км төмен жермаңы орбитаға сәтті шығарды.

Ceres-1 осымен қатарынан тоғызыншы рет сәтті ұшырылды. Қытайлық жекеменшік компаниялар арасындағы ең өнімдісі Galactic Energy енді бірінші болып теңізден зымыран ұшырып отыр.

#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру
VIRGIN GALACTIC 3-ШІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ СУБОРБИТАЛЫҚ ҰШУ ЖАСАДЫ

Virgin Galactic компаниясы 2023 жылы 8 қыркүйекте Galactic 03 суборбиталық миссиясын жүзеге асырды. VMS Eve тасығыш ұшағынан ажыраған VSS Unity космопланы 88,5 км биіктікке көтерілді де, біраздан соң "Америка" космопортына ұшақша қонды. Оның бортында үш турист пен компания қызметкері болды:

🇺🇲 Кен Бакстер — компанияның #014 астронавты
🇿🇦🇬🇧 Тимоти Нэш (Timothy Nash) — #015
🇬🇧 Адриан Рейнард (Adrian Reynard) — #016
🇺🇸 Бет Мозес (компанияның бас нұсқаушысы, 5-ші суборбиталық ұшу)

VSS Unity ұшқыштары:
🇺🇸 Майкл Мазуччи (5)
🇮🇹 Никола Пекиле (2)

Virgin Galactic туристер жайлы ақпаратты ашқан жоқ. Кен Бакстердің 2004 жылы суборбиталық саяхатқа билет сатып алған алғашқы азамет екені ғана белгілі. Сондай-ақ туристердің бірі деменцияға шалдыққан. Ұшу тікелей эфирде көрсетілмеді.

Бұл компанияның 8-ші суборбиталық миссиясы, биылғы 4-ші ұшу. Galactic 04 миссиясы — қазанның басында. Демек компания айына бір ұшу деңгейіне шыға алды. Жылына 36 турист ұшырылатын болса, 250 000 долларлық билет алып қойған 700-дей (!) клиент "ғарыш сапарына" кезек келетін күнді көп күтетін сияқты.
НИШИМУРА КОМЕТАСЫ ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНДІ

COBS комета бақылаушылар қауымдастығының дерегінше, C/2023 P1 (Nishimura) кометасының жарықтығы 4,7 жұлдыздық шамаға дейін артты. Құйрықты жұлдызды жай көзбен бақылағандар бар, алайда дүрбімен анағұрлым жақсы көрінеді. Комета әлі 2-3 күн бақыланады, бірақ Қазақстан аспанын бұлт тұмшалап тұр.

Фото: Нишимура кометасы Псков облысындағы Митковицы үстінде, 7 қыркүйек 2023
Фото авторы: Петр Митрофанов
📷 Sony A7S + Canon 2.8 L
F200 мм, F/3.5, ISO 10000, 100 x 2 сек
Мына шам неге ұқсайды?
C/2023 P1 КОМЕТАСЫ АУСТРИЯ КӨГІНДЕ

Мартинсберг, Төменгі Аустрия, 6 қыркүйек 2023
Фото авторы: Gerald Rhemann
🔭 Телескоп: ASA Astrograph 8” f 2.9 + ASA DDM60
📷 Камера: Moravian C3 61000, 350+300+300+300 сек
ADITYA-L1 КҮН ТЕЛЕСКОПЫ ТҮСІРГЕН АЛҒАШҚЫ ФОТОЛАР

Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесіне бара жатқан Aditya-L1 ғарыштық обсерваториясы өзін, сондай Жер мен Айды суретке түсірді.
Фото: ISRO
Бұл қалай?
АЙ. ШОЛПАН ЖӘНЕ КОМЕТА

2023 жылғы 11 қыркүйектің таңындағы шығыс аспан. C/2023 P1 (Nishimura) кометасын таңда көрудің соңғы мүмкіндігі.

Кескін: The Sky live
#астрокүнтізбе
SPACEX ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАДЫ

АҚШ Федералдық авиациялық әкімшілігі (FAA) Старшиптің екінші орбиталық ұшырылымына рұқсат беру үшін SpaceX компаниясына 63 іс-шара жасауды міндеттеген еді. Илон Маск солардың 57-сі орындалғанын мәлімдеді. Қалған алты шара кейінгі миссияларға қатысты, сондықтан Starship IFT 02-ге кедергі болмауы керек. Алайда соңғы шешімді, әрине, FAA қабылдайды. Дегенмен SH B9 + Starship S25 прототиптері осы айда ұшып қалар деп үміттенеміз.

Дереккөз: Elon Musk
Аударма: Google Translate
👍1🥰1
5. ҚЫЗЫЛ АЛЫПТЫҢ ЭКЗОПЛАНЕТАСЫ АМАН ҚАЛҒАН

Гавай университеті астрономдары "өмір сүруі мүмкін емес" экзопланета табылғанын хабарлады. Ол өз жұлдызының қызыл алыпқа айналуынан аман қалған. 5 млрд жылдан соң Күн сутегі отынын жағып тауысып, кеңейе бастайды. Қызыл алыпқа айналу барысында ол Меркурий мен Шолпанды, және жоғары ықтималдықпен, Жерді жұтып қояды. Бірақ кейбір планеталар бұл құбылысты сәтті өткеруі мүмкін екен.

8 UMi, немесе Пэкду деп аталатын қызыл алып Жерден 530 жарық жылында. 2015 жылы жұлдыз бетінен 0,46 а.б. қашықтықтағы Халла газды алыбы табылды. TESS ғарыштық телескопы Пэкдудың қазір гелий жағып жатқанын анықтады. Демек ол жақында барынша кеңею фазасынан өтіп, сосын біраз кішірейген. Есептеу оның радиусы 0,7 а.б. дейін жеткенін көрсетті. Сөйтіп, ол газды алыпты жұтып алуы керек еді. Алайда Халла аман қалған.

Ғалымдар мұны түсіндіретін үш түрлі болжам ұсынды. Біріншісіне сәйкес, экзопланета бұрын алыс орбитада болып, қазіргі орнына жақында ғана келген. Басқа теория Пэкду бұрын қосар жүйе болған дейді. Біріккен екі жұлдыз тым қатты кеңейе алмаған. Үшінші болжам осының жалғасы. Жұлдыздардың бірігуі нәтижесінде олардың айналасында газ бұлты пайда болып, одан экзопланета түзілген. Яғни Халла — жақында туған екінші буын планетасы.
#ғылымижаңалық
👏1