PRAGYAN РОВЕРІ (МӘҢГІ) ҰЙҚЫҒА КЕТТІ
Pragyan ровері Ай бетінің химиялық құрамын анықтау жөніндегі тапсырмаларын орындады. Ол қауіпсіз орынға тоқтап, ұйқы режиміне кетті. APXS пен LIBS аспаптары сөндірілді. Аккумулятор толық зарядталды. Күн панелі 22 қыркүйекте Күн шығатын бағытқа бұрылып тұр. Радиоқабылдағыш қосулы қалды.
Pragyan Айда өткізетін бірінші түні қатып қалса, ұйқы режимінен шыға алмауы ықтимал. Дегенмен ISRO мамандары ол аман-есен түнеп шығып, келесі таңда оянар деген үмітте. Pragyan бәрібір кеңестік Луноходтар мен Қытайдың Юйтуларынан кейін Айда өздігінен саяхаттаған бесінші ровер ретінде тарихқа енді.

😢2
PRAGYAN РОВЕРІ АЙДА НЕ ІСТЕДІ?
Прагьян ровері Ай бетінде өткізген тоғыз күнде 100 метрден астам жол жүрді, екі спектрометрінің көмегімен топырақтың химиялық құрамын анықтады, Викрам лендері мен айналаның суреттерін түсірді. Осымен үнді ровері өз жұмысын аяқтады, әйткенмен Оңтүстік полюс маңында күн шығысымен оған қайта жан бітер деген азғана үміт бар.
Credit: ISRO

👍1
PRAGYAN РОВЕРІ АЙ БЕТІНЕ ҮНДІСТАН ГЕРБІН ӨРНЕКТЕДІ
Pragyan ровері реголитке Үндістан эмблемасы — Сарнатхадағы император Ашока орнатқан ұстынның тәжіндегі арыстандар бейнесі, сондай-ақ Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) логотипі түрінде із тастаған екен. Chandrayaan-3 миссиясының ғылыми нәтижесін уақыт көрсетер, бірақ ол Үндістан Республикасының насихаты мен пиарына өлшеусіз үлес қосқаны анық.

LRO ЛУНА-25 ҚҰЛАҒАН ЖЕРДІ СУРЕТКЕ ТҮСІРІП АЛДЫ
НАСА-ның LRO орбитері Луна-25 ай лендері құлаған орынды тапты. Ресей аппараты Понтекулан G кратерінің ішкі беткейінде диаметрі 10 метрлік жаңа кратер ойған екен. Оның жоспарлы қону орнынан 400 километр осы маңға құлайтынын Келдыш атындағы Қолданбалы математика институты баллистиктері есептеп шығарған еді. Lunar Reconnaissance Orbiter миссиясы жайлы — роликте.
Credit: NASA/LRO

YouTube
LRO: Айдағы 10 жыл
НАСА-ның Lunar Reconnaissance Orbiter миссиясы Айдағы 10 жылдығын тойлады. 2009 жылы 18 маусымда ұшырылып, Ай орбитасына 23 маусымда шыққан ғарыш аппараты ай ландшафты мен қоршаған ортасын және күн жүйемізді түсінуге, сондай-ақ Ай мен Марстағы болашақ зерттеулерге…
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX: ЖЫЛДЫҢ 62-ШІ ҰШЫРЫЛЫМЫ — ЖАҢА РЕКОРД!
2023 жылы 4 қыркүйекте SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығындағы LC-39A ұшыру алаңынан Starlink-6.12 миссиясын ұшырды. Falcon 9 зымыраны 21 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды. 10-шы рет қолданылған B1073 1-сатысы JRTI баржасына сәтті қонды.
Сонымен, SpaceX 2023 жылы 62 ұшырылым жасады (бәрі сәтті), бұл — компания рекорды 🔔 SpaceX 2022 жылы 61 зымыран ұшырған еді. Компания 17 жылда барлығы 265 ұшырылым жасаса, соның жартысына жуығы соңғы екі жылдың еншісінде.
Falcon тектес зымырандар күнтізбелік жылда 62 рет сәтті ұшырылды — әлем рекорды! 🔔 1980 жылы кеңестік Р-7 тектес тасығыштар 61 сәтті ұшырылым жасаған.
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CREW-6 ЭКИПАЖЫ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
2023 жылы 4 қыркүйекте Алматы уақытымен 10:17-де Crew Dragon C206.4 Endeavour ғарыш кемесінің капсуласы Атлант мұхитына аман-есен қонды. Капсула Megan кемесі бортына қойылған соң, құтқарушылар Crew-6 экипажының мүшелері Стивен Боуэн, Уоррен Хобург, Сұлтан Әл-Неяди мен Андрей Федяевты алып шықты. Орбитада 186 тәулік өткізген ғарышкерлердің денсаулығы қалыпты.
Credit: NASA

РОСКОСМОС ТАҒЫ ДА ФОБОСТАН ТОПЫРАҚ ӘКЕЛУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
— Тағы да Парижге барғым келіп тұр.
— О-о, Парижде болып па едің?
— Жоқ, бірақ бұрын да барғым келген.
Роскосмос құрамындағы Лавочкин атындағы Ғылыми-өндірістік бірлестік Бумеранг планетааралық стансасын жасауды қолға алған. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады. Миссия 2030 жылдан КЕЙІН ұшырылып, Марстың серігі Фобостан топырақ үлгісін алып келуі тиіс. Восточный ғарыш айлағынан Ангара зымыраны көтеретін аппараттың массасы 6,5 тонна болмақ.
Ресей 2011 жылы 9 қарашада дәл осы мақсатта Фобос-Грунт аппаратын ұшырған. Зарядталған ауыр ғарыштық бөлшек әсерінен борттық компьютердің екі жартысы да қайта жүктеліп, аппарат қауіпсіз режимге өтеді. Траекторияда байланыс стансалары болмауы кесірінен марштық қозғағышты қосуға бұйрық дер кезінде берілмей қалды. Жермаңы тірек орбитада қалып қойған Фобос-Грунт екі айдан соң мұхитқа батырылды.
Бейресми дерек бойынша, проблемаға стансаның борттық уақыты (Д.Медведев сол 2011-дің күзінде қысқы уақытқа қайтпай, UTC+4 Мәскеу жазғы декреттік уақытында қалу туралы жарлық шығарған) мен ұшуды басқаратын циклограммада көрсетілген UTC+3 Мәскеу уақыты арасындағы айырма себеп болған.

Blue Origin: "New Glenn 🚀— жаңа дәуірдің жұмысшы көлігі 🐎" 😃
VIKRAM ЛЕНДЕРІ АЙҒА ҚАЙТА ҚОНДЫ ДА ҰЙҚЫҒА КЕТТІ
Айдың Оңтүстік полюсі маңындағы Vikram лендері 2023 жылы 3 қыркүйекке қараған түні орын ауыстырған екен. Қозғағыштарын қосқан модуль 40 см биіктікке көтеріліп, 30-40 см жылжыған соң қайта қонған. Лендер ұшар алдында Ай бетінде тұрған термометрі мен сейсмометрін, сондай-ақ ровер түскен рампаны жинап алған да, жаңа орында қайта түсірген. Лендер бортындағы барлық ғылыми аспаптар жұмысын жалғастырған. Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) эксперимент Ай бетінен көтерілу технологиясын сынау үшін өткізілгенін айтты. Бұл болашақ ұшқышты немесе Айдан топырақ әкелетін миссияларды дайындауға көмектеседі.
4 қыркүйекте Викрам ұйқы режиміне өткізілді. Барлық аспаптар өшірілді. Қабылдағыш қана қосулы қалды. Аккумулятордың заряды таусылысымен, лендер ұйықтап кетеді. ISRO мамандары Викрам мен Прагьян ровері 22 қыркүйекте, жаңа таң атысымен оянар деп үміттеніп отыр. Бұлай болмаған жағдайда, аппараттар Ай бетінде қимылсыз қатып қалмақ.
Chandrayaan-3 миссиясының негізгі жоспары осымен орындалды. Кейбір ақауларға қарамастан, миссия толық табысқа жетті деуге болады. Үндістан Ай орбитасына бұрын да еркін шығып жүрсе, енді жайлы қону технологиясын игергенін дәлелдеді. Ай топырағының химиялық құрамы, температурасы мен сейсмикалық белсенділігі, сондай-ақ Ай бетіне жақын плазмалық орта зерттелді. Табиғи серік бетіне ровер түсіріліп, оның лендермен байланысы сыналды.

Анимация: Vikram лендерінің орын ауыстыруы, 3 қыркүйек 2023 жыл
Кескіндер:
1. лендердің алдыңғы камерасынан көрініс (секіргенге дейін және кейін)
2. лендердің рампа жағының көрінісі (25 тамыз және 3 қыркүйек 2023)

НИШИМУРА КОМЕТАСЫ ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕ БАСТАДЫ!
COBS комета бақылаушылар қауымдастығының дерегінше, C/2023 P1 (Nishimura) кометасының жалтырауы 5,5 жұлдыздық шамаға жетті. Демек, оны, теория бойынша, тас қараңғы жерден жай көзбен көруге болады. Алайда бұрынғыша дүрбімен жарақтанған дұрыс.
Күн шығардан екі сағат бұрын шығысқа, Арыстан шоқжұлдызына көз тігіңіз. Құйрықты жұлдызды бақылауға 5—6 күн ғана уақытымыз қалды. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте.
Фото: Татьяна Сердюкова, Николай Потапов
#бейнеролик #астрокүнтізбе

STARSHIP ЖҮЙЕСІ ЖИНАЛДЫ
2023 жылы 5 қыркүйекте Starship ғарыш кемесінің S25 прототипі Super Heavy B9 үдеткішіне қайта орнатылды. Бұл жолғы жаңалық — сатылардың "ыстықтай" ажырауына көмектесетін аралық бөлімнің болуы. Жинақ енді кейбір сынақтардан өтеді. Starship IFT 02 екінші орбиталық сынақ миссиясы 8—13 қыркүйек арасында ұшырылуы ықтимал.

4. АЙНА-ЭКЗОПЛАНЕТА АШЫЛДЫ
Планеталар мен олардың серіктері өз жарығымен емес, бетінен шағылған жарықпен жарқырайды. Мұны ең жақсы жасайтын дене Ай деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда оның альбедосы (бетінің шағылдыру қабілеті) 12% қана, ал біздің Жер күн сәулесінің 30%-тан астамын ғарышқа қайтарады. Планеталардың көбінің альбедосы төмен, өйткені көбінің жарықты жұтатын атмосферасы бар, не беттері күңгірт. Біздің Күн жүйесіндегі рекордшы болып күн жарығының 75%-ін шағылдыратын қалың бұлт қабаттары бар Шолпан саналады. Алып планеталардың кейбір мұзды серіктері де жоғары альбедоға ие.
LTT9779 b аталған экзопланетаны 2020 жылы TESS ғарыштық телескопы ашқан. Бұл ультраыстық нептунның радиусы Жерден 4,7 есе, ал массасы 29 есе артық. LTT9779 b өз жұлдызын 19 сағатта бір айналады. Оның күндізгі жағы 2000 °C-қа дейін қызады. Жұлдыздан мұндай жақын қашықтықта Нептун шамалас планеталар кездеспейтін — тек газды алыптар мен атмосферасыз жалаңаш супержерлер. Өйткені массасы орташа планета атмосферасын ұстап тұра алмайды да, жалаңаш тас ядро ғана қалады.
LTT9779 b-ның жұмбағын шешу үшін, оны еуропалық Cheops ғарыштық телескопы бақылады. Сөйтсе, дене жұлдыз жарығының 80%-ін шағылдырады екен! Демек планетаның өте қалың бұлт жамылғысы бар. Бұл астрономдарды таң қалдырды. Олар LTT9779 b атмосферасы қандай да бір бұлт жиналуы үшін тым ыстық деп санайтын.
Қосымша талдау мұның да сырын ашты. Ультраыстық нептунның бұлттары силикаттар мен түрлі металдардан, мысалы, титаннан тұратын болып шықты. Бұлар жұлдыз жарығының көп бөлігін шағылдыратын алып айна қызметін атқарады. LTT9779 b метал бұлттарының арқасында атмосферасын сақтап, "ыстық нептундар шөлінде" аман қалған. Ерекше экзопланетаны алдағы жылдары көптеген обсерваториялар бақыламақ.
#ғылымижаңалық

🤯1