ҮНДІ РОВЕРІ АЙДЫҢ ПОЛЯР АЙМАҒЫНАН КҮКІРТ ТАПТЫ
Pragyan роверінің LIBS лазерлік спектроскопы Айдың Оңтүстік полюсі маңында күкірт (S) барын алғаш анықтады. Болжанғандай, Al, Ca, Fe, Cr, Ti, Mn, Si және O элементтері де табылды. Сутегін (H) іздеу жалғасуда. Айдың химиялық және геологиялық құрамын талдайтын LIBS аспабын Бангалордағы Электрооптикалық жүйелер зертханасы (LEOS) жасаған.
Credit: ISRO
#ғылымижаңалық

30/31 ТАМЫЗ 2023 — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ТОЛЫҚ АЙЫ
2023 жылы 30 тамызда, Алматы уақытымен 21:52-де Ай өз орбитасының перигейіне жетіп, Жерге 357 181 км-ге дейін жақындайды. Ай табағының көрінетін диаметрі 33 бұрыштық минут 27 секунд болады. Ал 31 тамыз, 7:37-де Ай толады.
Осы екі астрономиялық оқиғаның тұспа-тұс келуінің арқасында алдағы түні 2023 жылғы ең жарық әрі ең үлкен Толған Айды тамашалауға мүмкіндік бар! Chandrayaan-3 миссиясы қонған аймақ кескінде көк дөңгелекпен белгіленген.
Credit: NASA / ASU / ACT / Lunar Quickmap / Jason Davis / The Planetary Society
#астрокүнтізбе

👍1🤩1
БІР СҰРАҚ ҚОЯЙЫҚ
31 ТАМЫЗ 2023 — АЙДЫҢ САТУРНМЕН ҚОСЫЛЫСЫ
Ал 31 тамызда Толған Ай қарсы тұрыстағы Сатурннан 2,5° оңтүстікте өтеді. Айдың Сатурнмен қосылысы неліктен оның толуымен сәйкес келді деп ойлайсыздар?

👍1
2. ЭКЗОПЛАНЕТАЛАР РАДИУСЫ
НАСА Экзопланеталық архиві деректері бойынша, 2023 жылғы 30 тамызға дейін ашылған 5502 экзопланетаның 4156-ның радиусы белгілі:
Жер шамалас R ≤ 1.25 R_Жер — 520
Супержерлер 1.25 < R ≤ 2 R_Жер — 1057
Нептун шамалас 2 < R ≤ 6 R_Жер — 1786
Юпитер шамалас 6 < R ≤ 15 R_Жер — 595
Юпитерден үлкен 15 R_Жер < R — 198
#қазақшаинфографика

👍2
ҮНДІ АСПАБЫ АЙДАҒЫ ЖАСАНДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ МИКРОСІЛКІНІСТЕРДІ ТІРКЕДІ
Vikram лендеріндегі ILSA сейсмометрі — Айға жеткен МЭМЖ (микроэлектромеханикалық жүйелер) технологиясына негізделген алғашқы аспап. Сейсмометр Pragyan роверінің қозғалыстарын тіркеді. Сондай-ақ 26 тамызда табиғи болуы ықтимал бір оқиға тіркелді, оны не туғызғаны анықталып жатыр. Айдағы сейсмикалық белсенділікті бақылайтын аспапты да Бангалордағы Электрооптикалық жүйелер зертханасы (LEOS) жасаған.

ҮНДІСТАН КҮНДІ ЗЕРТТЕЙТІН АППАРАТ ҰШЫРАДЫ: 2 ҚЫРКҮЙЕК, 12:20-ДА
Үндістан премьер-министрі (ҮПМ): Жарайсыңдар, Айға кеме қондырдыңдар, BRICS-те мерейім үстем болды. Енді бірін Күнге қондырыңдар!
Үнді ғарыш мамандары: Мәртебелі мырза, ол өртеніп кетеді ғой!
ҮПМ: ҮПМ ақымақ деп ойлайсыңдар ма, түге? Түнде қондырасыңдар да.
Қалжыңсыз айтсақ, Үндістан енді Күнді зерттейтін телескоп ұшырмақшы, бірақ ол жұлдызды алыстан бақылайды. 7 ғылыми аспаппен жабдықталған Aditya-L1 ғарыштық телескопы Күн-Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесі айналасындағы гало-орбитада 5 жыл жұмыс істемек. L2 сияқты, L1 нүктесі де Жерден 1,5 миллион километрде, бірақ Жер мен Күннің арасында. Бұл нүктеде, немесе соның айналасындағы гало-, Лиссажу орбиталарда қазір АҚШ-тың DSCOVR, ACE, WIND, еуропалық SOHO аппараттары жұмыс істеп тұр.
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) арқасында санскриттен біраз сөз үйреніп алдық, "Мангала" — Марс, "Чандра" — Ай, "йан" — кеме деген сияқты. Ал "Адития" — әрине, Күн деген сөз екен. Үнді елі, үш Ай миссиясы мен бір Марс миссиясынан соң енді алғаш рет Лагранж нүктесіне қол созбақ.
Ұшырылым Шрихарикота аралындағы Сатиш Дхаван атындағы Ғарыш орталығынан, 2023 жылы 2 қыркүйекте Алматы уақытымен 12:20-да жүзеге асырылады. 1475 килограмдық телескопты үндінің төрт сатылы PSLV-XL зымыраны көтереді: тікелей эфир.
Aditya-L1 — Үндістанның екінші ғарыштық телескопы. 650 км жермаңы орбитада 7 жылдан бері көп диапазондық (көрінетін жарық, ультракүлгін, рентген) Astrosat телескопы бақылау жүргізуде. ISRO биыл желтоқсанда XPoSat рентген-поляриметриялық телескопын ұшыруды жоспарлап отыр.

YouTube
Launch of PSLV-C57/Aditya-L1 Mission from Satish Dhawan Space Centre (SDSC) SHAR, Sriharikota
Aditya L1 shall be the first space based Indian mission to study the Sun. The spacecraft shall be placed in a halo orbit around the Lagrange point 1 (L1) of the Sun-Earth system, which is about 1.5 million km from the Earth. A satellite placed in the halo…
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АГРЕГАТТЫҚ КҮЙІНЕ ҚАРАЙ КЕМСІТУГЕ ЖОЛ ЖОҚ!
Қасиетті бу адамзатты қолөнерден индустрияға жеткізді, мануфактура орнына фабрика ашты. Бу алғашқы пойызды қозғалысқа келтірді, бу өгіз бен жылқының мойнын қамыттан босатты, бу теңізшілерді жел тосудан құтқарды.
Қазір де бу ГРЭС-теріміздің генераторына тоқ беріп тұр, басқа да толып жатқан қызмет атқаруда. Ал болашақта атом буландырған Балқаш суы АЭС турбинасын айналдырмақ.
Бу министрлігі құрылсын!

नमस्ते। भारत से चंद्र समाचार
Намасте. Бхаарат се Чандр самаачаар.
Қайырлы таң, Үндістаннан Ай жаңалықтары.
Vikram лендерінің RAMBHA-LP Ленгмюр зонды 24 тамызда Ай бетіне жақын маңдағы плазманың тығыздығын өлшепті. Таңғы тығыздық текше метрге 5–30 миллион электрон екен. Тығыздықтың күн желі әсерінен Ай күні барысындағы өзгерісін анықтау үшін ол тағы бірнеше рет өлшенуі керек.
Бес сантиметрлік зонд созылып шығатын бір метрлік мачтаға орнатылған. Аспап плазманың тығыздығы мен иондар мен электрондардың температурасын өлшей алады. RAMBHA-LP аспабын Керала штаты, Тируванантапурам қаласындағы SPL/VSSC компаниясы жасаған.
Бүгін 12:20-да Үндістан күн телескопын ұшыратынын еске саламыз.

ҮНДІСТАН ADITYA-L1 ҒАРЫШТЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯСЫН ҰШЫРДЫ
2023 жылы 2 қыркүйекте, Алматы уақытымен 12:20-да Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Aditya-L1 ғарыштық күн телескопын сәтті ұшырды. Бұл елде ауыр зымыран болмағандықтан, үлкейтілген алты қосымша үдеткіші бар төрт сатылы PSLV-XL тасығышы қолданылды. Зымыран 1,5 тонналық обсерваторияны 20 000 км биіктікке көтеріп берді.
Aditya-L1 Күн-Жер жүйесінің Жерден 1,5 млн км қашықтықтағы L1 Лагранж нүктесіне өз күшімен 100 күнде жетеді. ISRO аппараттың күн панелі жайылғанын хабарлады. 7 ғылыми аспаппен жарақтанған телескоп L1 айналасындағы гало-орбитада 5 жыл жұмыс істеуі тиіс. Ол күн тәжі қызуының жұмбағын шешуге тырысып, Күндегі жарқылдар мен тәж заты атылыстарын болжауға көмектеседі.
Фото: ISRO
#зымыранұшыру

3. TESS АШҚАН ЖАҢА СУПЕРЖЕР
2023 жылы 25 шілдеде НАСА-ның TESS ғарыштық телескопының ғылыми бағдарламасы басталғанына 5 жыл болды. Осы уақытта ол экзопланета атануға үміткер 6687 нысан тапты. Бұлардың 363-і расталып та қойды.
Солардың бірі — жақында ашылған TOI-1680 b. Ол бізден 120 жарық жылындағы, Күннен 5 есе кіші күңгірт қызыл ергежейліні айналады. Айналу периоды 4,8 тәулік, жұлдыздан қашықтығы 4,5 млн км.
TOI-1680 b Супержер санатына жатады. Оның радиусы Жердікінен 1,46 есе, ал массасы 3,18 есе артық. Демек оның тығыздығы тура Жердікіндей — 5,5 г/см³. Бұл оның тас планета екенін айғақтайды. Алайда TOI-1680 b жұлдызға тым жақын болғандықтан, оның беті тіршілікке қолайлы бола қоймас. Беттегі температура 130 °C деп бағаланып отыр.

Euclid ғарыштық телескопы 1,5 млн километрдегі L2 Лагранж нүктесіне жеткенмен, 100 көрілімге жете алмай тұр.
YouTube
Euclid ғарыштық телескопы: қараңғы материяны зерттеу
Амстердам маңындағы ESA-ның ESTEC орталығында және Женевадағы CERN-де ғалымдар «Әлемнің қараңғы жағын» — ғарышты билеп тұр деп есептелетін қараңғы материя мен қараңғы энергия атты жұмбақ күштерді зерттеуге тырысуда.
Жер шарындағы ең үлкен бөлшектер үдеткіші…

❤1👍1
PRAGYAN РОВЕРІ (МӘҢГІ) ҰЙҚЫҒА КЕТТІ
Pragyan ровері Ай бетінің химиялық құрамын анықтау жөніндегі тапсырмаларын орындады. Ол қауіпсіз орынға тоқтап, ұйқы режиміне кетті. APXS пен LIBS аспаптары сөндірілді. Аккумулятор толық зарядталды. Күн панелі 22 қыркүйекте Күн шығатын бағытқа бұрылып тұр. Радиоқабылдағыш қосулы қалды.
Pragyan Айда өткізетін бірінші түні қатып қалса, ұйқы режимінен шыға алмауы ықтимал. Дегенмен ISRO мамандары ол аман-есен түнеп шығып, келесі таңда оянар деген үмітте. Pragyan бәрібір кеңестік Луноходтар мен Қытайдың Юйтуларынан кейін Айда өздігінен саяхаттаған бесінші ровер ретінде тарихқа енді.

😢2
PRAGYAN РОВЕРІ АЙДА НЕ ІСТЕДІ?
Прагьян ровері Ай бетінде өткізген тоғыз күнде 100 метрден астам жол жүрді, екі спектрометрінің көмегімен топырақтың химиялық құрамын анықтады, Викрам лендері мен айналаның суреттерін түсірді. Осымен үнді ровері өз жұмысын аяқтады, әйткенмен Оңтүстік полюс маңында күн шығысымен оған қайта жан бітер деген азғана үміт бар.

PRAGYAN РОВЕРІ АЙ БЕТІНЕ ҮНДІСТАН ГЕРБІН ӨРНЕКТЕДІ
Pragyan ровері реголитке Үндістан эмблемасы — Сарнатхадағы император Ашока орнатқан ұстынның тәжіндегі арыстандар бейнесі, сондай-ақ Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) логотипі түрінде із тастаған екен. Chandrayaan-3 миссиясының ғылыми нәтижесін уақыт көрсетер, бірақ ол Үндістан Республикасының насихаты мен пиарына өлшеусіз үлес қосқаны анық.

LRO ЛУНА-25 ҚҰЛАҒАН ЖЕРДІ СУРЕТКЕ ТҮСІРІП АЛДЫ
НАСА-ның LRO орбитері Луна-25 ай лендері құлаған орынды тапты. Ресей аппараты Понтекулан G кратерінің ішкі беткейінде диаметрі 10 метрлік жаңа кратер ойған екен. Оның жоспарлы қону орнынан 400 километр осы маңға құлайтынын Келдыш атындағы Қолданбалы математика институты баллистиктері есептеп шығарған еді. Lunar Reconnaissance Orbiter миссиясы жайлы — роликте.
Credit: NASA/LRO

LRO: Айдағы 10 жыл
НАСА-ның Lunar Reconnaissance Orbiter миссиясы Айдағы 10 жылдығын тойлады. 2009 жылы 18 маусымда ұшырылып, Ай орбитасына 23 маусымда шыққан ғарыш аппараты ай ландшафты мен қоршаған ортасын және күн жүйемізді түсінуге, сондай-ақ Ай мен Марстағы болашақ зерттеулерге…
👍1