Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
CREW-7 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 26 тамызда, Алматы уақытымен 13:27-де Кеннеди Ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-7 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon C210.3 Endurance ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 27 тамыз, 18:50-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1081 1-сатысы LZ-1 қону алаңына қонды.

Экипаж құрамы:
Командир — Жасмин Могбели (НАСА), 1983 ж.т., Массачусетс технологиялық институтын, АҚШ Әскери-Теңіз Күштері академиясын, Әскери-теңіз сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірген, аэроғарыш техникасының магистрі. 25 ұшақ типінде 2000 сағаттан астам ұшқан, 150 жауынгерлік тапсырма орындаған. АҚШ Теңіз жаяу әскерінің подполковнигі. НАСА-да 2017 жылдан. Германияда туып, АҚШ-та өскен парсы қызы.

Ұшқыш — Андреас Могенсен (ЕҒА), 1976 ж.т., инженер. Данияның алғашқы ғарышкері, 2015 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 10 тәулік өткізген. ЕҒА-да 2009 жылдан.

Миссия маманы — Сатоси Фурукава (JAXA), 1964 ж.т., хирург. 2011 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 167 тәулік болған. JAXA-да 1999 жылдан.

Миссия маманы — Константин Борисов (Роскосмос), 1984 ж.т. Ресей экономикалық академиясын, Уорик университетінің магистратурасын (жүйелік инженер), Мәскеу авиациялық институтының магистратурасын бітірген. Космонавтар отрядына 2018 жылы қабылданды.
#зымыранұшыру
Crew-7 миссиясының старты, сатылардың ажырауы, 1-сатының LZ-1 алаңына қонуы, кеменің 2-сатыдан ажырауы
25 тамыздағы екінші тұтандыру сынағы кезінде Super Heavy B9 прототипіндегі 33 Raptor қозғағышының бәрі от алған және екеуінен басқасы сынақ аяқталғанша істеген. Жалпы тартым 3600 тоннаға жеткен екен. Starship жүйесін старт тағанынан көтеру үшін 30 қозғағыш жеткілікті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Pragyan ровері Айдың Оңтүстік полюсінің құпияларын ашу үшін Shiv Shakti Point нүктесі маңын зерттеуді бастады.
Credit: ISRO
👏1
ROCKET LAB АЛҒАШ РЕТ ЗЫМЫРАН ҚОЗҒАҒЫШЫН ҚАЙТА ҚОЛДАНДЫ

2023 жылы 24 тамызда Rocket Lab компаниясы Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан 40-шы Electron зымыранын ұшырды. Биылғы сегізінші ұшырылымның мақсаты Acadia жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару еді. Зымыранның парашютпен мұхитқа қонған 1-сатысын арнайы кеме судан шығарып алды.

1-сатыда бұрын ұшып келген бір Rutherford қозғағышы алғаш рет қайта қолданылды! Rocket Lab мұны істей білген SpaceX-тен кейінгі екінші ұшыру операторы атанды. Компания алдағы миссиялардың бірінде сатыдағы 9 қозғағыштың бәрін қайтара ұшыруды жоспарлап отыр.

Credit: Rocket Lab
#зымыранұшыру
27 ТАМЫЗ 2023 — САТУРННЫҢ ҚАРСЫ ТҰРЫСЫ

2023 жылы 27 тамызда, Алматы уақытымен 15:00-де Сатурн Жердің тура Күнге қарама-қарсы жағында орналасады. Демек, сақиналы ғаламшар бүгін Жерге барынша жақындайды (1,31 млрд км).

Сатурнды түні бойы, шамамен кешкі 8-ден таңғы 5:30-ға дейін Суқұйғыш шоқжұлдызынан көре аламыз. Сарғыш планетаның жарықтығы +0,2 ж.ш. Оң жақта, Мергендегі Шәйнекте Ай толықсыса, түнгі 11-лерде шығыстан жарқыраған Юпитер шығады.

Ал телескоппен қарасаңыз, қарсы тұрысқа дейінгі және кейінгі бірнеше күнде Сатурн сақиналары ерекше жарық болып көрінеді. Зелигер эффекті деп аталатын құбылысқа сақиналарды құрайтын мұз кесектерінің тіке түскен күн сәулесін толық шағылдыруы себепші.
#астрокүнтізбе
👍3
ЧАНДРАЯН-3 АЙ БЕТІ АСТЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨЛШЕДІ

ISRO Chandrayaan-3 миссиясы қол жеткізген ғылыми деректерді жариялай бастады. Vikram лендерінің бортындағы ChaSTE аспабы 10 см тереңдікке ене алатын термометрмен жабдықталған. Онда он температура сенсоры бар. Аспап Айдың Оңтүстік полюсінде температураның тереңдік градиенті күрт өзгеретінін анықтады. Күн қыздырған күндізгі беттің температурасы 55 °C көрсетсе, 8 см тереңдікте-ақ минус 10 градус екен. Викрамда Луна-25-тегідей шөміш болғанда, сәл тереңнен ғана мұз қазып алу мүмкін еді.

Credit: ISRO
#ғылымижаңалық
👍2
250-ШІ FALCON 9 ЗЫМЫРАНЫ 5000-ШЫ STARLINK ЖЕРСЕРІГІН КӨТЕРДІ

2023 жылы 27 тамызда SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.11 миссиясын ұшырды. Falcon 9 зымыраны 22 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды. 3-ші рет қолданылған B1080 1-сатысы JRTI баржасына сәтті қонды.

Бұл Falcon 9 зымыранының 250-ші ұшырылуы еді! 🔔 249 ұшырылым, соның ішінде соңғы 222-сі қатарынан сәтті өтті. 218 сатыны қондыру әрекетінің 209-ы табысты болды. Қазір ең жиі ұшырылатын зымыран 2010 жылы 4 маусымда алғаш самғаған.

SpaceX компаниясы барлығы 262 ұшырылым жасаса, соның 258-і (соңғы 229-ы қатарынан) сәтті болды. 2023 жылы 59 миссия атқарылып үлгерді.

Ұшырылған Starlink жерсеріктерінің саны 5005-ке жетті! 🔔 Олардың 4662-сі қазір орбитада, 3909-ы — жұмыста.

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
CREW-7 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА ЖЕТТІ

2023 жылы 27 тамызда Алматы уақытымен 19:16-да Crew Dragon C210.3 Endurance ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасының Harmony модуліне түйісті. Біраздан соң люктер ашылып, Crew-7 миссиясы ғарышкерлері Жасмин Могбели, Андреас Могенсен, Сатоси Фурукава мен Константин Борисов стансаға енді.

Оларды Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин, Франсиско Рубио (Союз МС-22/23), Стивен Боуэн, Уоррен Хобург, Сұлтан Әл-Неяди, Андрей Федяев (Crew-6) қарсы алды. Сөйтіп, қазір ХҒС-та қайтадан 11 ғарышкер бар. Бірнеше күннен соң Crew-6 экипажы Жерге оралады.
#хғс
👏3
2023-ТІҢ ШІЛДЕСІ 1880 ЖЫЛДАН БЕРГІ ЕҢ ЫСТЫҚ АЙ БОЛҒАН

НАСА-ның Годдард ғылыми зерттеулер институты (GISS) ғалымдарының айтуынша, биылғы шілдедегі жаһандық орташа температура өлшеу тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Өткен ай осыған дейінгі ең ыстық шілдеден 0,24 °C-қа, ал 1951–1980 жж. шілделердің орташа шамасынан 1,18 °C-қа ыстық болған. Жалпы, 2023 жылдың шілдесі ауа температурасы жүйелі өлшене бастаған 1880 жылдан бергі ең ыстық ай ретінде тіркеліп отыр.

Credits: NASA/GISS
#жаһандықжылыну
ҮНДІ РОВЕРІ КРАТЕРГЕ ТҮСІП КЕТЕ ЖАЗДАПТЫ

Pragyan ровері диаметрі 4 метрлік кратерден 3 метр қашықтықта тоқтап, Жерден берілген бұйрық бойынша кері қайтқан да басқа бағытқа бұрылған.
Credit: ISRO
👍2