Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Crew-7 ұшырылымы 26 тамыз, 13:27-ге шегерілді
Фото: NASA
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Pragyan роверінің Ай бетіне түсуінің видеосы
👍1
ХҒС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: 25 ТАМЫЗ 2023

2023 жылы 24 тамызда Алматы уақытымен 21:00-де ХҒС-тың Звезда модулінің қозғағыштары 21 секундқа қосылды. Нәтижесінде стансаның орбитасы 500 метрге төмендеді. Бұл ғарыштық қоқыстан бұлтару үшін істелді. Жаңа орбитаның перигейі 414,37 км, апогейі 434,59 км.

25 тамызда 9:45-те Звезда модуліне Прогресс МС-24 жүк кемесі түйісті. Ол Байқоңырдан 23-не ұшырылған. Кеме бортында 2495 кг жүк, соның ішінде 500 кг отын, 420 кг ауыз су, 40 кг азот және 1535 кг құрал-жабдық, аспаптар, киім, азық-түлік, медициналық, гигиеналық заттар, т.б. бар.

Стансаға «Ураган», «Терминатор», «Кардиовектор», «Спланх», «Виртуал», «ОМИКи-СПК», «Пилот-Т», «Лазма», «Взаимодействие-2», «Асептик», «Биомаг-М», «Структура», «Пробиовит», «Биодеградация», «Сепарация», «Фототропизм» ғылыми эксперименттеріне арналған құрал-жабдық жеткізілді.

Бұл Прогресс жүк кемелерінің 1978 жылдан бері ғарыш стансаларына 185-ші, ал ХҒС-қа — 90-шы түйісуі екен.

Credit: NASA TV
#хғс
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екі сегментті рампаның (пандустың) жайылуы және ровердің күн панелін ашуы
Credit: ISRO
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЧАНДРАЯН-3 ЛЕНДЕРІ ЧАНДРАЯН-2 КӨЗІМЕН

Үндістанның Ай орбитасындағы Chandrayaan-2 аппараты Chandrayaan-3 табан тіреген орынды қонуға дейін және кейін фотоға түсірген. 1 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған орбитер Айды 4 жыл бойы зерттеп келеді. Одан ажыраған Викрам роверінің бірінші нұсқасы қона алмай, қирап қалған еді. Chandrayaan-2 миссиясы жайлы да ролик жасағанбыз.
Credit: ISRO
👍1
Айдан Жерге қайтайық. Ол да Жерге қайтып келе жатыр. OSIRIS-REx аппараты. Базарлығы бар. Жерге тастайды. Отыз күннен соң. Астероидтан алған тастарын. Анимация — роликте
#бейнеролик
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SH B9 ҮДЕТКІШІНІҢ ЕКІНШІ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ

2023 жылы 25 тамызда Super Heavy B9 прототипінің екінші тұтандыру сынағы өткізілді. Сынақ бұл жолы жоспарланған уақытқа созылды.
👍3
Экипаж кемеде, старт 13:27-де
Credit: SpaceX
CREW-7 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 26 тамызда, Алматы уақытымен 13:27-де Кеннеди Ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-7 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon C210.3 Endurance ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 27 тамыз, 18:50-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1081 1-сатысы LZ-1 қону алаңына қонды.

Экипаж құрамы:
Командир — Жасмин Могбели (НАСА), 1983 ж.т., Массачусетс технологиялық институтын, АҚШ Әскери-Теңіз Күштері академиясын, Әскери-теңіз сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірген, аэроғарыш техникасының магистрі. 25 ұшақ типінде 2000 сағаттан астам ұшқан, 150 жауынгерлік тапсырма орындаған. АҚШ Теңіз жаяу әскерінің подполковнигі. НАСА-да 2017 жылдан. Германияда туып, АҚШ-та өскен парсы қызы.

Ұшқыш — Андреас Могенсен (ЕҒА), 1976 ж.т., инженер. Данияның алғашқы ғарышкері, 2015 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 10 тәулік өткізген. ЕҒА-да 2009 жылдан.

Миссия маманы — Сатоси Фурукава (JAXA), 1964 ж.т., хирург. 2011 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 167 тәулік болған. JAXA-да 1999 жылдан.

Миссия маманы — Константин Борисов (Роскосмос), 1984 ж.т. Ресей экономикалық академиясын, Уорик университетінің магистратурасын (жүйелік инженер), Мәскеу авиациялық институтының магистратурасын бітірген. Космонавтар отрядына 2018 жылы қабылданды.
#зымыранұшыру
Crew-7 миссиясының старты, сатылардың ажырауы, 1-сатының LZ-1 алаңына қонуы, кеменің 2-сатыдан ажырауы
25 тамыздағы екінші тұтандыру сынағы кезінде Super Heavy B9 прототипіндегі 33 Raptor қозғағышының бәрі от алған және екеуінен басқасы сынақ аяқталғанша істеген. Жалпы тартым 3600 тоннаға жеткен екен. Starship жүйесін старт тағанынан көтеру үшін 30 қозғағыш жеткілікті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Pragyan ровері Айдың Оңтүстік полюсінің құпияларын ашу үшін Shiv Shakti Point нүктесі маңын зерттеуді бастады.
Credit: ISRO
👏1
ROCKET LAB АЛҒАШ РЕТ ЗЫМЫРАН ҚОЗҒАҒЫШЫН ҚАЙТА ҚОЛДАНДЫ

2023 жылы 24 тамызда Rocket Lab компаниясы Жаңа Зеландиядағы Махия ғарыш айлағынан 40-шы Electron зымыранын ұшырды. Биылғы сегізінші ұшырылымның мақсаты Acadia жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару еді. Зымыранның парашютпен мұхитқа қонған 1-сатысын арнайы кеме судан шығарып алды.

1-сатыда бұрын ұшып келген бір Rutherford қозғағышы алғаш рет қайта қолданылды! Rocket Lab мұны істей білген SpaceX-тен кейінгі екінші ұшыру операторы атанды. Компания алдағы миссиялардың бірінде сатыдағы 9 қозғағыштың бәрін қайтара ұшыруды жоспарлап отыр.

Credit: Rocket Lab
#зымыранұшыру