25 ТАМЫЗ 2023 — АЙДЫҢ АНТАРЕСПЕН ТОҒЫСЫ
2023 жылы тамыздың 25-не қараған таңда бірінші ширектегі Ай Антарес жұлдызымен тоғысады. Құбылыс Солтүстік Америкадан бақыланады. Қазақстанда жарты Айды Антарестің оң жағынан, Сарышаян ішінен көре аламыз.
Кескін: Sky & Telescope
#астрокүнтізбе

ЧАНДРАЯН-3 ҚОНҒАН ЖЕР КӨРІНЕ МЕ?
Иә, ол Айдың бергі бетінде. Chandrayaan-3 Айдың Оңтүстік полюсі маңындағы Манцини C, Симпелий N кратерлерінің арасына, координаталары 69,36° оңтүстік ендік, 32,34° шығыс бойлық нүктеге қонды.
Ол мына картада қызыл жалаушамен белгіленген. Айдың поляр аймағына қонған тұңғыш аппараттың глобустағы орнын картамен салыстыру арқылы шамалай аласыз.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Үнді лендерінің Айға қонуы: борттағы камера түсірген видео
Credit: ISRO
Credit: ISRO
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
25 ТАМЫЗДА CREW-7 ЭКИПАЖЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
2023 жылы 25 тамызда Алматы уақытымен 13:49-да Кеннеди ғарыш орталығынан SpaceX Crew Dragon Endurance C210.3 кемесімен кезекті Crew-7 миссиясы аттанады. Экипажда Жасмин Могбели (НАСА), Андреас Могенсен (ЕҒА), Сатоси Фурукава (JAXA), Константин Борисов (Роскосмос) бар. Бұл экипаж Халықаралық ғарыш стансасында 180 күн болуы тиіс.
Credit: NASA
#хғс

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Pragyan роверінің Ай бетіне түсуінің видеосы
👍1
ХҒС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: 25 ТАМЫЗ 2023
2023 жылы 24 тамызда Алматы уақытымен 21:00-де ХҒС-тың Звезда модулінің қозғағыштары 21 секундқа қосылды. Нәтижесінде стансаның орбитасы 500 метрге төмендеді. Бұл ғарыштық қоқыстан бұлтару үшін істелді. Жаңа орбитаның перигейі 414,37 км, апогейі 434,59 км.
25 тамызда 9:45-те Звезда модуліне Прогресс МС-24 жүк кемесі түйісті. Ол Байқоңырдан 23-не ұшырылған. Кеме бортында 2495 кг жүк, соның ішінде 500 кг отын, 420 кг ауыз су, 40 кг азот және 1535 кг құрал-жабдық, аспаптар, киім, азық-түлік, медициналық, гигиеналық заттар, т.б. бар.
Стансаға «Ураган», «Терминатор», «Кардиовектор», «Спланх», «Виртуал», «ОМИКи-СПК», «Пилот-Т», «Лазма», «Взаимодействие-2», «Асептик», «Биомаг-М», «Структура», «Пробиовит», «Биодеградация», «Сепарация», «Фототропизм» ғылыми эксперименттеріне арналған құрал-жабдық жеткізілді.
Бұл Прогресс жүк кемелерінің 1978 жылдан бері ғарыш стансаларына 185-ші, ал ХҒС-қа — 90-шы түйісуі екен.
Credit: NASA TV

Екі сегментті рампаның (пандустың) жайылуы және ровердің күн панелін ашуы
Credit: ISRO
Credit: ISRO
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЧАНДРАЯН-3 ЛЕНДЕРІ ЧАНДРАЯН-2 КӨЗІМЕН
Үндістанның Ай орбитасындағы Chandrayaan-2 аппараты Chandrayaan-3 табан тіреген орынды қонуға дейін және кейін фотоға түсірген. 1 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған орбитер Айды 4 жыл бойы зерттеп келеді. Одан ажыраған Викрам роверінің бірінші нұсқасы қона алмай, қирап қалған еді. Chandrayaan-2 миссиясы жайлы да ролик жасағанбыз.

Айдан Жерге қайтайық. Ол да Жерге қайтып келе жатыр. OSIRIS-REx аппараты. Базарлығы бар. Жерге тастайды. Отыз күннен соң. Астероидтан алған тастарын. Анимация — роликте
#бейнеролик
#бейнеролик
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SH B9 ҮДЕТКІШІНІҢ ЕКІНШІ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ
2023 жылы 25 тамызда Super Heavy B9 прототипінің екінші тұтандыру сынағы өткізілді. Сынақ бұл жолы жоспарланған уақытқа созылды.

👍3
CREW-7 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ
2023 жылы 26 тамызда, Алматы уақытымен 13:27-де Кеннеди Ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-7 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon C210.3 Endurance ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 27 тамыз, 18:50-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1081 1-сатысы LZ-1 қону алаңына қонды.
Экипаж құрамы:
Командир — Жасмин Могбели (НАСА), 1983 ж.т., Массачусетс технологиялық институтын, АҚШ Әскери-Теңіз Күштері академиясын, Әскери-теңіз сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірген, аэроғарыш техникасының магистрі. 25 ұшақ типінде 2000 сағаттан астам ұшқан, 150 жауынгерлік тапсырма орындаған. АҚШ Теңіз жаяу әскерінің подполковнигі. НАСА-да 2017 жылдан. Германияда туып, АҚШ-та өскен парсы қызы.
Ұшқыш — Андреас Могенсен (ЕҒА), 1976 ж.т., инженер. Данияның алғашқы ғарышкері, 2015 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 10 тәулік өткізген. ЕҒА-да 2009 жылдан.
Миссия маманы — Сатоси Фурукава (JAXA), 1964 ж.т., хирург. 2011 жылы Союз кемесімен ХҒС-қа ұшып, ғарышта 167 тәулік болған. JAXA-да 1999 жылдан.
Миссия маманы — Константин Борисов (Роскосмос), 1984 ж.т. Ресей экономикалық академиясын, Уорик университетінің магистратурасын (жүйелік инженер), Мәскеу авиациялық институтының магистратурасын бітірген. Космонавтар отрядына 2018 жылы қабылданды.
#зымыранұшыру

Crew-7 миссиясының старты, сатылардың ажырауы, 1-сатының LZ-1 алаңына қонуы, кеменің 2-сатыдан ажырауы