ХҒС-ТЫҢ ТҮСТІ СУРЕТІ
Халықаралық ғарыш стансасы Жерден. Таганрог қаласы, 4 шілде 2023 жыл.
Фото авторы: Максим Хисамутдинов
Құрал-жабдық: монтировка LX200 MadMAX + телескоп Meade ACF 16" f/10 + автофокусер myFP2 + Барлоу линзасы НПЗ 2х + атмосфера дисперсиясын түзеуіш eADC + фильтр Baader ir-cut + камера playerOne imx585
#хғс

🥰1
Sentinel жерсеріктері соңғы кездегі өрттерге байланысты кең танымал болды. Еуропалық Copernicus бағдарламасы аясында Жерді орбитадан қадағалайтын Sentinel аппараттарының әрқайсы жайлы арнадағы бейнероликте айтылады
Кескін: ESA
#бейнеролик
Кескін: ESA
#бейнеролик
👍1
ЛУНА-25 МИССИЯСЫ ҚИЫНДЫҚҚА ТАП БОЛДЫ
Миссия жоспарына сәйкес, Луна-25 зонды 19 тамызда периселениі 18 км қонуалды эллипс орбитаға шығуы тиіс еді. Осы орбитада екі күнде 24 айналым жасаған соң, аппарат Ай бетіне қону процедурасын бастауы керек.
Роскосмостың хабарлауынша, операция барысында туындаған штаттан тыс жағдай маневрді берілген параметрлермен орындауға кедергі болған. Мамандар жағдайды талдау үстінде. Шолушы Анатолий Зак бөліскен бейресми инсайдерлік ақпаратқа сенсек, маневр басталысымен аппаратпен байланыс жоғалып кеткен.

«ОПЯТЬ 25!» ЛУНА-25 КҮЙРЕДІ
2023 жылы 19 тамызда, Алматы уақытымен 17:10-да Луна-25 зонды 18 x 100 км қонуалды эллипс орбитаға шығуға қажет маневр жасауы тиіс еді. 21:35-те Роскосмос операция барысында туындаған штаттан тыс жағдай маневрді берілген параметрлермен орындауға кедергі болғанын, мамандар жағдайды талдап жатқанын хабарлады. Осыдан кейін ешқандай ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Шолушы Анатолий Зак бөліскен бейресми инсайдерлік ақпаратқа сенсек, маневр басталысымен аппаратпен байланыс жоғалып кеткен. Оған тежеу импульсі қажет мөлшерден 1,5 есе артық берілген деген қауесет бар. Бұл шын болса, Луна-25 ендігі Ай бетіне құлап түскен шығар.
20 тамызда 14:50-де Роскосмос аппаратты іздеу мен онымен байланысқа шығу әрекеттері нәтижесіз болғанын хабарлады. Алдын-ала талдау деректері бойынша, іс жүзіндегі импульстің есепті параметрлерден ауытқуымен байланысты, Луна-25 есептелмеген орбитаға шығып, Ай бетімен соқтығысу нәтижесінде өмір сүруін тоқтатты.
Луна-25 — Ресейдің үшінші планетааралық миссиясы. 1996 жылы Марс-96 аппараты Жер айналасындағы биік эллипс орбитаға шыға алмай, бес сағат өте Тынық мұхитқа құлап түсті. 2011 жылы Фобос-Грунт миссиясы Марсқа бағытталған траекторияға шыға алмай, тірек орбитада екі айдай ұшқан соң Тынық мұхитқа құлады.
Луна-25 Айға жетіп қоймай, оның маңындағы орбитаға шығып, Жердің серігін суретке де түсірді. Мына фотода Айдың арғы жағындағы Зееман кратері бейнеленген. Диаметрі 190 км, тереңдігі 8 км Зееман — тереңдігі бойынша Айда 3-ші орында. Өте қатты соққыдан ұшқан ай заты қайта құлап, көптеген ұсақ ойықтар түзген. Луна-25 те Ай бетінде бір ойық қалдырғаны күмәнсіз.

🤔1
ЧАНДРАЯН-3 АЙҒА 23 ТАМЫЗДА ҚОНАДЫ
17 тамызда Chandrayaan-3 миссиясының Викрам лендері жорық сатысынан ажырады. 18 тамызда лендер бірінші төмендеу маневрін сәтті орындап, 113x157 км орбитаға шықты. Ал 20 тамыздағы екінші маневрден соң ол 25x134 км орбитаға түсті. Луна-25-тің кешегі осындай маневрі сәтсіздікпен тынғанын білесіздер.
Викрам-2 2023 жылы 23 тамызда, Алматы уақытымен 18:35-те Ай бетіндегі 70° оңтүстік ендік маңына қонуы тиіс. Үндістан Айға аппарат қондырған төртінші, ал Айдың поляр аймағына табан тіреген алғашқы ел атануға үмітті. 2019-да сәтсіздікке ұшыраған дәл осындай лендер жайлы — роликте.

👏1
КЕҢЕСТЕРДІҢ АЙДАҒЫ ТАБЫСЫНЫҢ СЫРЫ
Кешелі бері Кеңес Одағы Айға 24 аппарат ұшырған еді, қазір не болды деген әңгімелер көп айтылып жатыр. Рас, КСРО-ның "Луна" деген ат қойылған 24 миссия ұшырғаны рас. Бірақ олардың 14-і ғана сәтті болды. 24-тен 14, бұл да жаман көрсеткіш емес сияқты. Бірақ бұл жерде бір кілтипан бар.
КСРО заманында қай аппараттың қайда, не үшін, қашан ұшатыны қазіргідей айлар-жылдар бұрын белгілі болмайтын. Планетааралық миссиялар жайлы әдетте сәтті ұшырылғаннан кейін бір-ақ хабарланатын. Мысалы, ай топырағын әкелуге арналған Е-8-5 / Е-8-5М аппараттарын қарастырайық. Бұлардың қанша жасалғаны белгісіз, ұшырылғаны 11, оған 11 зымыран кетті. 3-і зымыран апатынан күйреді, бұл жайлы, әрине, хабарланған жоқ. 2-і үдеткіш блоктың кінәсінен Айға аттанатын үдеу ала алмай, жермаңы орбитада қалды. олар Космос-300, Космос-305 жерсеріктері атанды.
Айға қарай жолға шыққан алтауына "Луна" деген ат қоюға тура келді, өйткені оларды шетелдіктер байқады ғой. Үшеуі қону кезінде қирады (Луна-15, Луна-18, Луна-23), үшеуі (Луна-16, Луна-20, Луна-24) міндетін ойдағыдай орындап, 324 г реголит алып келді. Сонда ресми дерек бойынша 6 миссияның 3-і сәтті, іс жүзінде 11-ден 3.
Атақты "Луноходтың" төрт данасы жасалған. Біріншісін зымыран құртты. Екіншісі мен үшіншісі Айда сәтті жұмыс істеген соң, төртіншісі ұшырылған жоқ. Сөйтіп, бір зымыран үнемделді.
Жалпы есеп бойынша, кеңестік ай бағдарламасына 24 "Лунадан" бөлек, 5 "Космосты" және зымыран апаты кесірінен орбитаға шыға алмаған 16 аппаратты қосу керек. Соңғыларына ресми ат қойылмағанымен, зауыттық нөмірлері қазір белгілі. Сонда 24-тен 14 емес, 45-тен 14 сәтті миссия болады. "Марс", "Венера" бағдарламаларының да жайы солай. Ұшу терезесі бірінен кейін бірін ұшыруға мүмкіндік бермесе, бірдей аппараттың бірден екеуі ұшырылатын. Мысалы, "Вега", "Фобос" ғарыш аппараттары екі данадан ұшырылды.
Қорытындылағанда, кеңестік планетааралық бағдарламаларға тән ерекшеліктер: 1) аппараттарды артығымен, бірнеше еселеп ұшыру; 2) сәтсіздіктерді жасыру. Мысалы, мына "Луна-25"-тің бірден үшеуін жасап, ұшырғанда, біреуі сәтті қонуы әбден мүмкін еді. Бірақ қазір ол кездегідей есепсіз қаржы жоқ. Және бір "Союзды" 2 жыл жасайтын Ресей өнеркәсібі кеңес заманындағыдай жыл сайын жүздеген ғарыштық зымыран өндіре алмайтыны да анық.
Енді бұл жетістік совет халқына қаншаға шықты? Ғарыш аппараттарының құнын білмейміз. Зымырандар жайлы Қорғаныс өнеркәсібі Мемлекеттік комитетін басқарған К.Н. Рудневтің «Мы стреляем городами» деген бағасы белгілі. Яғни сол заманда көп данамен өндірілген Р-7 зымыранының 1 (бір) данасының құны балабақшалары, мектептері, бүкіл инфрақұрылымымен, бірнеше микроауданнан тұратын бір шағын қаланың құнындай болған. Одан қуатты, және улы отын жағатындықтан қолданыста өте күрделі УР-500 / Протон да арзан тұрмағаны анық. Ал Н-1 секілді айлапат машинаның құнын шамалай да алмаспыз. Байқоңырға құлаған төрт Н-1-ден басқа, тағы бірнешеуі жасалып жатқаны, олар метал сынығына кесілгені мәлім. Бір-ақ рет ұшып келген #1 "Бураннан" басқа дайын тағы біреуін және екі-үшеуі жасалып жатқанын, екі "Энергия" аса ауыр зымыранынына қосымша тағы бірнешеуі дайын тұрғанын, т.с.с. шексіз айта беруге болады.
#ғарыштарихы

INGENUITY ЖАҚСЫ ХАЛДЕ
2023 жылы 12 тамызда НАСА-ның Ingenuity тікұшағы 55-ші рет ұшты. Мақсат Perseverance роверінің жаңа маршрутын әуеден барлау еді. Дрон 143 секундта 264 метр ұшып, жаңа алаңқайға қонды. Ең жоғары жылдамдық — 4, 7 м/с, биіктік — 10 м. Ұшу тікұшақтың барлық жүйелері жақсы жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Демек, 53-ші ұшу кезінде байқалған ақаулар жойылды.

❤2
НИШИМУРА КОМЕТАСЫ ТАҢДА ДҮРБІМЕН КӨРІНЕДІ
C/2023 P1 (Nishimura) кометасының жарықтығы қазір 8,7 жұлдыздық шамаға жетті. Сөйтіп оны дүрбілі бақылаушы көре алады. Комета құйрығының ұзындығы 12 бұрыштық минут, яғни ай дискінің жартысындай.
Кометаны таңғы 4 пен 5 арасында аспанның шығыс тұсынан, Егіздердің төменгі жағынан іздеп көріңіз. 18 қыркүйектегі перигелиіне жақындаған сайын құйрықты жұлдыздың жарқырауы арта береді, бірақ күн нұрынан оны байқау да қиындамақ.
Кескін: The Sky live

МЕРКУРИЙ РЕТРОГРАДТА
2023 ж. 23 тамызда Меркурий (+0,48m) тоқырап, кері шегіне қозғалысқа өтеді. Бірінші планета ретроград бағытпен 15 қыркүйекке дейін жылжиды. Құбылыстың себебі роликте түсіндіріледі.
Сызба: Star Walk
#астрокүнтізбе

2023–2024 ЖЫЛДАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН АЙҒА ҚОНУ МИССИЯЛАРЫ
Қазір Ай бетінде қытайлық Yutu-2 ровері ғана жұмыс істеп тұр. Алайда биылдан бастап Жердің табиғи серігіне бір үйір робот аттанбақ. Алғашқы екі миссия Айға аман-есен қона алмады: көкектегі HAKUTO-R (Жапония) мен тамыздағы Луна-25 (Ресей). Ендігі кезек үнді аппаратында, сәрсенбіде сәттілік тілейік.
3. 2023 ж. 23 тамыз, 18:34 — Chandrayaan-3 миссиясы (Үндістан) Викрам лендерінің Айдың Оңтүстік поляр аймағына қону әрекеті. Тікелей эфир 17:50-де басталады.
Роботтар жорығын НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясындағы алты миссия мен тағы екі жапон аппараты жалғастырады.
4. 2023 ж. 26 тамыз — Жапон ғарыш агенттігінің (JAXA) SLIM лендерінің (суретте) ұшырылуы, H-IIA зымыраны. SLIM Айды 2-3 апта айналған соң, серік бетіне қонады.
5. 2023 ж. 15 қараша — NASA CLPS-2: Intuitive Machines компаниясының IM-1 миссиясы, Falcon 9 зымыраны. НАСА тапсырысы бойынша Nova-C лендерін Айдың Оңтүстік полюсі маңына қондыру. Лендер бортында НАСА-ның 5 жүктемесі бар.
6. 2023 ж. желтоқсан — 2024 ж. басы — NASA CLPS-1: Astrobotic Technology компаниясының Peregrine лендері, Vulcan Centaur зымыранының алғашқы ұшырылымы. Ажал Көліне қонып, 28 аппаратты, соның ішінде НАСА-ның 14 жүктемесін Ай бетіне жеткізу. Лендерден Мексиканың Colmena атты бес кішкене қос доңғалақты роботы да түседі.
7. 2024 ж. І тоқсан — NASA CLPS-3: Intuitive Machines компаниясының IM-2 миссиясы, Falcon 9 зымыраны. Оңтүстік полюске қонатын екінші Nova-C лендерін аттандыру. НАСА-ның PRIME-1 роботы реголитті бұрғылап, су мұзын іздейді.
8. 2024 ж. ІІІ тоқсан — NASA CLPS: Intuitive Machines компаниясының IM-3 миссиясы, Falcon 9 зымыраны. Дауылдар Мұхитындағы Рейнер Гамма өңіріне қонатын үшінші Nova-C лендерін аттандыру. 92 кг ғылыми жүктеме ішінде НАСА Гленн орталығының CADRE автономды роверлер тобы, Джонс Хопкинс университеті Қолданбалы физика зертханасының Lunar Vertex ровері (бұлар жайлы арнайы жазамыз) де бар.
9. 2024 ж. ортасы — NASA CLPS: Firefly Aerospace компаниясының Blue Ghost M1 лендері, Falcon 9 зымыраны. НАСА-ның 150 кг 10 жүктемесін Дағдарыстар Теңізіне жеткізу.
10. 2024 ж. қараша — NASA CLPS: Astrobotic Technology компаниясының Griffin лендері, Falcon Heavy зымыраны. НАСА-ның 450 кг-дық VIPER роверін Нобиле кратеріне түсіру.
11. 2024 ж. соңы — жапониялық ispace компаниясының HAKUTO-R M2 миссиясы, Falcon 9 зымыраны. Екінші HAKUTO-R лендері мен Әмірліктердің Rashid роверін Айға қондырудың екінші әрекеті.

БҮГІН 17:50-ДЕ ҮНДІ ЛЕНДЕРІ АЙҒА ҚОНУҒА ТЫРЫСАДЫ
2023 жылы 23 тамызда, Алматы уақытымен 18:34-те Викрам-2 лендері Ай бетіндегі 69,3° оңтүстік ендік маңына қонуы тиіс. Ол Айдың поляр аймағына қона алған тарихтағы алғашқы аппарат атануы мүмкін. Тікелей эфир 17:50-де басталады.
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) ұйымдастырған Chandrayaan-3 үшінші ай миссиясының негізгі үш мақсаты:
1. Лендерді Ай бетіне қаупсіз, жайлы қондыру;
2. Айда жүретін роверді сынау;
3. Ай бетінде ғылыми зерттеулер жүргізу.
Викрам-2 лендері 2019 жылы 7 қыркүйекте жайлы қона алмай, қирап қалған Викраммен салыстырғанда аздап жетілдірілген: қону қозғағыштары бесеу емес, төртеу, төрт қону тіреуінің беріктігі күшейтілді, лазерлік доплерлік жылдамдық өлшеуіш бар. Оның массасы 1752 кг (ровермен бірге), қуаты 738 Вт. Викрам жайлы кезінде ролик жасағанбыз.
Лендер бортындағы ғылыми жүктеме:
— топырақтың жылуөткізгіштігі мен температурасын өлшейтін ChaSTE аспабы
— ILSA сейсмометрі
— Ай бетіне жақын маңдағы плазманың тығыздығын бағалайтын RAMBHA-LP Ленгмюр зонды
— НАСА ұсынған LRA лазер сәулесін шағылдырғышы.
Лендерден алты доңғалақты Прагьям ровері Ай бетіне түсіп, 1 cм/с жылдамдықпен 500 метрге ұзайды. Ол электроқозғағыш күшімен жүреді. Прагьям APXS альфа-рентген спектрометрі мен LIBS лазерлік спектроскопы көмегімен Айдың химиялық және геологиялық құрамын талдауы тиіс. Ровердің массасы 26 кг, қуаты 50 Вт. Лендер мен ровер, күн панелінен қуат алатындықтан, бір Ай күні (14 жер тәулігі) ғана жұмыс істейді.

ЧАНДРАЯН-3 АЙҒА ЖАЙЛЫ ҚОНДЫ!
2023 жылы 23 тамызда, Алматы уақытымен 18:32-де Chandrayaan-3 миссиясының лендері Айдағы Манцини C мен Симпелий N кратерлерінің арасына, 69,36° оңтүстік ендік, 32,34° шығыс бойлық нүктеге қонды. Тарихта алғаш рет ғарыш аппараты Айдың поляр аймағына табан тіреп отыр.
Үндістан КСРО, АҚШ пен Қытайдан кейін Ай бетіне қонған төртінші мемлекет атанды. Енді лендерден алты доңғалақты ровердің Ай бетіне түсуін күтеміз. Chandrayaan-3 бес ғылым аспаппен жарақтанғанымен, соншалықты күрделі миссия емес. Ол небәрі 14 тәулікке, яғни Айдағы бір жарық күніне созылады. Өйткені аппараттың түнгі суықтан қорғайтын жылытқышы жоқ.

👏2