«ОРБИТА» РАДИОПОЛИГОНЫ
«Орбита» радиополигоны Алматы қаласынан 30 километр оңтүстікте, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының дәл қасында тұр. Үлкен Алматы көлі маңындағы бұл жер теңіз деңгейінен 2700 метр жоғары. Ондағы ғылыми аспаптар:
- диаметрі 12 метр ТНА-57 параболалық радиотелескопы;
- 1 ГГц және 2,8 ГГц жиіліктегі күн радиосәулеленуін тіркейтін Callisto спектрографы. Халықаралық Callisto желісіне енетін аспап Күн радиожарқылдарын тіркейді;
- SATI оптикалық аспабы мезопауза облысындағы температураны, гидроксил мен молекулалық оттегі эмиссиясын спектрофотометриялық әдіспен өлшейді;
- GNSS қабылдағышы ионосфераның толық электрондық құрамының вариацияларын зерттейді.
#қазақстанғылымы

БИІК ТАУДАҒЫ ТЯНЬ-ШАНЬ ҒЫЛЫМИ СТАНЦИЯСЫ (КОСМОСТАНЦИЯ)
Ионосфера институтының Ғарыш сәулелері станциясы радиополигоннан тау жолымен 6 километр жоғары Жосалыкезең асуында, теңіз деңгейінен 3340 метр биіктікте орналасқан. Оның 18NM-64 нейтрондық супермониторы 1973 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Мұнда сондай-ақ БРС-1 атмосфералық қысым өлшеуіші орнатылған. Станция ғарыш сәулелерінің қарқындылығы мен атмосфералық қысым жайлы деректерді Халықаралық NMDB желісіне минут сайын жіберіп отырады.

JUNO ЗОНДЫ ИОНЫҢ ЖАҢА СУРЕТТЕРІН АЛДЫ
5 тамызда НАСА-ның Juno ғарыш аппаратының ұшырылғанына 12 жыл, Юпитер маңындағы орбитаға шыққанына 7 жыл 1 ай толды. Осыған орай, газды алыптың үлкендігі бойынша төртінші серігі Ионың жаңа суреттерін жариялайық.
Juno 2023 жылы 31 шілдеде Ио бетінен 22 000 километрде ұшып өтті. Зондтың JunoCam камерасы осыны пайдаланып, Ионың ірі пландарын алды. Бұл камера "халық камерасы" деген лақап атқа ие. Өйткені бастапқыда зондқа ешқандай камера орнатуды жоспарламаған НАСА кейін жұртшылық талабына құлақ асты. Соның арқасында енді Юпитер айының керемет кескінін көре аламыз.
Фотолар Ионың басқа серіктерден тым өзгеше екенін көрсетеді. Оның бетінде соққы кратерлері жоқ дерлік. Және Ио беті ерекше түстерге боялған: одан ақ, қызыл, қара, жасыл, сары реңктерді байқауға болады. Бұл ондағы жанартаулардан күкірт қосылыстары мен силикаттар тоқтаусыз төгілуімен түсіндіріледі. Тынымсыз атқылайтын жанартаулар кратерлердің жоқтығына да себеп: олар вулкандық шөгінді астында қалады.
Ио орбитасы Юпитердің радиациялық белдеулерінің бірінің ішімен өтеді. Серік бетіне түсе қалған ғалым өлімге душар ететін сәулелену дозасын төрт-ақ сағатта алар еді. Қуатты радиация тірі ағзаларға ғана емес, электроникаға да өте зиянды. Сондықтан да Юпитер жүйесіне 2031-де жететін еуропалық JUICE аппараты Ио тұсынан бірде-бір рет өтпейді.
Дегенмен НАСА аппаратының қорғанышы әлдеқайда мықты. Juno биыл 30 желтоқсанда Ио бетінен небәрі бірнеше жүз километр биіктікте өтеді. Бұл осы аспан денесі жайлы теңдессіз ақпарат жинауға және, әрине, тамаша жаңа суреттер түсіруге мүмкіндік бермек.

🔥2
ЛУНА-25 АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР
Ғарыш аппараттары түсірген алғашқы кескіндерді жариялайтын дәстүріміз бар. Бүгінгі кезек — 11 тамызда ұшырылған ресейлік Луна-25 ай лендерінде. Фотолар 2023 ж. 13 тамызда, борттағы аспаптар бірнеше минутқа қосылған кезде түсірілген. Бұл сәтте ғарыш аппараты Жерден 310 километрде болған.
Бірінші фотодан Ай, екіншісінен — Жер көрінеді. Үшінші фотода аппараттың элементтері бейнеленген. Бер жақта миссияның эмблемасы, әріректе манипулятор шөміші көрініп тұр. Суреттер неге ақ-қара? Луна-25 лендерінің СТС-Л телевизиялық жүйесінің 8 түсті камерасы бар. Бірақ қазір деректер өткізу қабілеті төмен кіші антенналармен хабарланатындықтан, ақ-қара суреттер жіберген тиімді. Негізгі дәл бағытталған антенна Айға қонғаннан кейін ашылады.
Луна-25 14 тамызда траекториясын екінші рет түзетті. Роскосмостың айтуынша, аппараттың барлық жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр. Аспаптарды тексеру олардың бәрі жұмысқа жарамды екенін көрсеткен. Ай маңындағы 100 км орбитаға шығу — 16 тамызда.
Фото: ИКИ РАН

👍2
INGENUITY ТАҒЫ ЕКІ РЕТ ӘУЕЛЕДІ
Ingenuity дроны Жермен радиобайланыс болмауы себепті үш айдай Марс әуесіне көтерілмеген еді. Тікұшақ 22 шілдеде 53-ші рет ұшты. Алайда жоспарланған 203 метр орнына 142 метр ұшқан "Тапқырлық" ерте қонды. Борттық компьютер бағдарламасының мұндай шешім қабылдауына навигациялық камера алған кадрлардың инерциялық өлшеуіш деректерімен сәйкеспеуі себеп болды. Осындай қате 2021 жылы мамырда, 6-шы ұшу кезінде де байқалған. Содан кейін дрон бағдарламасына енгізілген түзету сәйкессіздікті жойған еді.
54-ші ұшу 3 тамызда өтті. 5 метр биіктікке көтерілген дрон 24 секундтан кейін "Омикрон" алаңқайына қайта қонды. Ingenuity айналаны суретке түсіріп, өз жүйелерін сынады. Соңғы ұшулардың нәтижесінде "Тапқырлық", 2021 жылы Perseverance роверінен түскеннен бері, оған барынша жақын келді. 3 тамызда ровер дронды небәрі 14 метрден суретке түсіріп алды.
Credits: NASA/JPL-Caltech/ASU/MSSS

PERSEVERANCE INGENUITY КӨЗІМЕН
2023 жылы 3 тамыздағы 54-ші ұшу барысында Ingenuity дроны Perseverance роверін 5 метр биіктіктен суретке түсірді. 5 метр биіктікке көтерілген дрон 24 секундтан кейін "Омикрон" алаңқайына қайта қонған еді. Марс бетіндегі НАСА аппараттары қазір бір-бірінен 14 метрде тұр.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ровердің MastCam-Z камерасы түсірген 54-ші ұшу видеосы
ЛУНА-25 АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ
2023 жылы 16 тамызда, Алматы уақытымен 15:03-те ресейлік Луна-25 ғарыш аппараты Ай маңындағы орбитаға шықты. Лендер 21 тамызда Богуславский кратерінің солтүстігіндегі, ортасының координаталары 69,5° о.е., 43,5° ш.б. эллипс ішіне қонуы тиіс. Роскосмос сонымен бірге Луна-25 алған алғашқы түсті фотоны жариялады.

👍1
ЖАҢА КОМЕТА ҚЫРКҮЙЕКТЕ КҮНГЕ ЖАҚЫНДАЙДЫ
Құйрықты жұлдызды 2023 жылы 11 тамыздан 12-не қараған түні жапон әуесқойы Хидео Нишимура ашты. 15 тамызда Кіші планеталар орталығы жаңа комета ашылғанын растап, оған C/2023 P1 (Nishimura) деген ат берді. Ол қазір Егіздер шоқжұлдызында, жарқырауы (magnitude) 10,8 жұлдыздық шама. Комета 18 қыркүйекте Күнге барынша, 33 млн км-ге дейін жақындайды. C/2023 P1 күн қызуынан ыдырап кетпесе, дүрбімен не жай көзбен көрінуі мүмкін.
C/2023 P1 (Nishimura) кометасының жолы:
26 тамыз: C/2023 P1 (mag 9.2) Шаян шоқжұлдызына енеді
5 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 6.9) Арыстан шоқжұлдызына енеді
7 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 6.3) Арыстандағы Расалас жұлдызынан (mag 3.0) 0°16'-та өтеді
9 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 5.6) Арыстандағы Адхафера жұлдызынан (mag 3.4) 0°20'-та өтеді
15 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 3.7) Арыстандағы Денебола жұлдызынан (mag 2.1) 0°10'-та өтеді
16 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 3.4) Бикеш шоқжұлдызына енеді
18 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 3.2) Бикеште перигелиіне жетеді
22 қыркүйек: C/2023 P1 (mag 4.3) Бикештегі Поррима жұлдызынан (mag 2.7) 1°30'-те өтеді
Нишимура кометасын қалай бақылауға болады?
6-шы жұлдыздық шамадан жарық жұлдыздар (магнитудасы 6-дан кем) тас қараңғы аспанда жай көзбен көрінеді. Ал 8-10 еселік дүрбімен-ақ 10-шы ж.ш. дейінгі жұлдыздарды көре аламыз. C/2023 P1 перигелийден өткенде, оның жарқырауы 2-ші ж.ш. дейін, яғни Жетіқарақшы жұлдыздарындай артуы мүмкін. Бірақ бұл кезде ол Күнге тым жақындайтындықтан, күн нұрына шомылған кометаны көре алмаймыз.
Сондықтан кометаны тамыздың аяғы — қыркүйектің басында, ол әлі Күннен биік тұрғанда іздеген дұрыс. Оны таң атпастан бұрын, шығыстан қарапайым дүрбімен бақылауға болады. Шағын телескоп болса тіпті тамаша. Смартфондағы Star Walk, Stellarium сияқты қосымшадан C/2023 P1 деп іздеңіз. Кейін оның жарықтығы артқанымен, бәрібір күн шапағынан байқалмай қалады. Нишимура кометасы 21 қыркүйекте Оңтүстік жартышарға өтіп кетеді.

STEREO-A ҒАРЫШ АППАРАТЫ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
НАСА-ның STEREO (Solar TErrestrial RElations Observatory) миссиясы 2006 жылы 25 қазанда STEREO-A және STEREO-B атты егіз зондтардың ұшырылуынан басталды. Олар Жер орбитасына жақын гелиоцентр орбиталарға шығарылды да, бірі Жерден біртіндеп "оза" бастаса, екіншісі, керісінше. "қалып" қойды.
Біраз уақыттан соң, STEREO зондтарының орналасуы оларға Күнді стереоскопиялық режимде бақылауға мүмкіндік берді. Бірлескен қос аппарат Күн бетіндегі түрлі құрылымдар мен құбылыстардың үш өлшемді кескінін түсіре алатын. Соның арқасында тәж заты атылысының бағытын анықтау мүмкін болды, бұл SOHO секілді жалқы обсерваториялардың қолынан келмейді.
2011 жылы 6 ақпанда STEREO миссиясы тағы бір межеге жетті. Екі аппараттың арасындағы бұрыш 180 градусты құрады. Тарихта алғаш рет Күнді толық сфера түрінде көру мүмкіндігі туды. Бұған дейін бір мезгілде Күннің бір жағын ғана көріп келсек, STEREO оны үш өлшемді дене ретінде бақылай алды. Күннің Жерден көрінбейтін жартышарын бақылау ғарыш райы болжамдарының дәлдігін елеулі арттырды.
Өкінішке қарай, 2014 жылы қазанда STEREO-B аппаратымен байланыс үзілді. Алайда оның сыңары әлі күнге бақылау жүргізіп келеді. Осы жылдар бойы ол Күнді Жерден гөрі сәл тезірек айналумен болды. Сөйтіп, 2023 жылы 12 тамызда бір айналым артық жасаған зонд Жерді қайта қуып жетті. Яғни STEREO-A 17 жылда алғаш рет Жер мен Күннің арасынан өтті.
Миссия мамандары бұл оқиғаға көптен дайындалған еді. STEREO-A зонды SOHO және SDO ғарыштық обсерваторияларымен бірлесе, Күнді стереоскопиялық бақылауды қайта жалғастырады. Бірнеше аптаға созылатын бірлескен бақылау нәтижесінде Күндегі түрлі құрылымдардың үш өлшемді кескіндері жасалады. Күн белсенділігі қайта арта бастағандықтан, алынатын деректер ғалымдар үшін үлкен маңызға ие.
STEREO-A тәж ілмектері (Күннің ірі суреттерінде көрінетін алып аркалар) жай ғана оптикалық иллюзия болуы мүмкін деген теорияны да тексереді. Стереокескіндер бұл болжамның өтірік-расын анықтап беруі тиіс.

stereo-a_crosses_sun-earth_line.gif
11 MB
Credits: NASA's Goddard Space Flight Center/Scientific Visualization Studio/Tom Bridgman
2023 ж. 2-ТОҚСАНДАҒЫ 44 ҒАРЫШТЫҚ ҰШЫРЫЛЫМНЫҢ ЖАРТЫСЫН SPACEX ЖАСАҒАН
BryceTech аналитикалық компаниясының дерегінше, 2022 жылдың 2-тоқсанында SpaceX компаниясы 22 орбиталық ұшырылым жасаған. Екінші орында CASC (Қытай әуеғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы) — 6. Келесі орында — 2 ұшырылыммен Rocket Lab, ISRO (Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы) мен Роскосмос.
Тағы 10 оператор 1 ғарыш миссиясын ұшырған. Олар: CNSA, CAS Space, i-Space, ExPace, Space Pioneer (Қытай), ULA (АҚШ), Главкосмос ПУ (Роскосмостың еншілесі), Arianespace (Франция), KARI (Оңтүстік Корея), Солтүстік Корея ғарыш технологиялары комитеті (сәтсіз).
Мемлекеттер бойынша:
АҚШ — 25
Қытай — 11
Ресей — 3
Үндістан — 2
Франция — 1
Оңтүстік Корея — 1
Солтүстік Корея — 1 (сәтсіз)
Ғарышқа шығарылған пайдалы жүктеме бойынша:
SpaceX — 214 095 кг
CASC — 23 069 кг
Роскосмос — 8 100 кг
CNSA (Қытай Ұлттық ғарыш басқармасы) — 8 082 кг
Шығарылған ғарыштық аппараттар саны:
SpaceX — 648
CASC — 49
Главкосмос ПУ — 49
CAS Space — 26
Инфографика: BryceTech

ХҒС-ТЫҢ ТҮСТІ СУРЕТІ
Халықаралық ғарыш стансасы Жерден. Таганрог қаласы, 4 шілде 2023 жыл.
Фото авторы: Максим Хисамутдинов
Құрал-жабдық: монтировка LX200 MadMAX + телескоп Meade ACF 16" f/10 + автофокусер myFP2 + Барлоу линзасы НПЗ 2х + атмосфера дисперсиясын түзеуіш eADC + фильтр Baader ir-cut + камера playerOne imx585
#хғс

🥰1
Sentinel жерсеріктері соңғы кездегі өрттерге байланысты кең танымал болды. Еуропалық Copernicus бағдарламасы аясында Жерді орбитадан қадағалайтын Sentinel аппараттарының әрқайсы жайлы арнадағы бейнероликте айтылады
Кескін: ESA
#бейнеролик
Кескін: ESA
#бейнеролик
👍1