ЧАНДРАЯН-3 АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ
2023 жылы 5 тамызда Chandrayaan-3 миссиясы 164 х 18074 км аймаңы орбитаға шықты. Енді ол біртіндеп орбита биіктігін төмендете береді. Алғашқы осындай маневр 6 тамызда жасалды. Жорық сатысынан ажырайтын Викрам лендері 23 тамызда Айдың Оңтүстік полюсіне жақын аймаққа қонуға тырысады.
Кескін: ISRO

SH B9 ҮДЕТКІШІНІҢ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ
2023 жылы 6 тамызда SpaceX компаниясы Super Heavy B9 прототипінің тұтандыру сынағын өткізді. Сынақ жоспарланған 5 секунд орнына 2,7 секундқа созылды. 33 Raptor қозғағышының 4-уі ерте сөніп қалды. Ұшыру алаңындағы акустикалық толқындарды тежейтін жаңа су жүйесі жақсы жұмыс істеген. Болат мегапластина мен старт тағаны сынаққа шыдас берді.

8–9 ТАМЫЗ 2023 — АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ҚОСЫЛЫСЫ
Тамыздың 7-нен 8-не және 8-нен 9-на қараған түндері, түн ортасы ауа шығыстан жарты Ай мен Юпитерді бақылаңыз. Олардың үстінде Хамал (Тоқты) шоқжұлдызына атын берген жұлдыз жарқырайды. Биігіректе Үшбұрыш шоқжұлдызы орналасады. Айдың сол жағынан Үркер жұлдыз шоғырын көреміз.

ЛУНА-25 СТАРТ АЛАҢЫНА ШЫҒАРЫЛДЫ
Роскосмос Луна-25 ғарыш аппаратын ұшыратын Союз-2.1б зымыранын Восточный ғарыш айлағындағы ұшыру алаңына шығарып, тіктеді. Старт басындағы жылжымалы қызмет көрсету мұнарасына назар аударыңыздар. Байқоңырда мұндай жоқ (мұнара жоқ, V мен Z толып жатыр).
Ресейдің тұңғыш (Кеңес Одағын есепке алсақ, 47 жыл үзілістен кейінгі) ай миссиясы 11 тамызға қараған түні Алматы уақытымен 5:10-да ұшырылады. Лендер 8–12 күннен соң Айдың оңтүстік поляр аймағына қонуы тиіс.

2023 жылғы 9 тамызға қараған түні, сағат 00:30 — 1:00-ден кейін Ай Юпитер мен Үркердің арасынан туады. Келесі түні — Айдың Үркермен тоғысы, «21 тоғыс» айының басы.
Кескін: Sky & Telescope
Кескін: Sky & Telescope
ИОНОСФЕРА ҚАБАТЫ
Ионосфера — газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80 км-ден 800—1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты. Ионосфераның адам өміріне қандай әсері бар? НАСА атмосфераның шетін не үшін зерттейді? GOLD аспабы нені бақылайды? Атмосфераның өзіндік жарқырауы (airglow) деген не?
Бұл сұрақтар арнадағы жаңа роликте қарастырылады. Лайкты бұл постқа емес, Ютубтағы роликке қоюды өтінеміз, сонда оның ұсынылуы артар еді. Қазақша контент құр ұрандағаннан дамымайды, сол контенттің өзін қолдау арқылы дамиды.
#бейнеролик

👍1
104. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ ҒАРЫШТАН ҮЛКЕН СҰРАҚ ТАПТЫ
Жақында жарияланған HH 46/47 Хербиг-Аро нысанының кескінінен бір сұрақ, дәлірек айтқанда, сұрақ белгісі шықты. Ол суреттің төменгі бөлігінде, көкшіл глобуланың оң жағында тұр екен. Фотода белсенді түзіліп жатқан екі жас жұлдыз, оларды затпен қамтамасыз ететін газ-тозаң дискі, сондай-ақ жұлдыздардан атылған джеттер бейнеленгенін еске салайық.
Жұмбақ нәрсенің не екенін оның түсі мен пішініне қарап болжауға болады. Балтимордағы Ғарыштық телескоп ғылыми институты (STScI) ғалымдарының айтуынша, Уэбб кескініндегі қызыл түс нысанның өте қашық екенін білдіреді. Сұрақ белігісін бірігіп жатқан екі галактика мен қатты деформацияланған ірілеу галактиканың бөлігі құрауы мүмкін.
World of Warcraft ойынында сары сұрақ белгісі сіз алып, барлық шартын орындаған квестті өткізуге болатын орынды көрсетеді екен. Дегенмен ғарыш бізге қойған бұл сұрақтың мәнін әркім өзінше түсінуге ерікті.
Credits: NASA, ESA, CSA / Joseph DePasquale (STScI)

🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЧАНДРАЯН-3: АЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕСКІНІ
6 тамызда Chandrayaan-3 миссиясы аймаңы орбитасын 170 х 4313 км-ге дейін төмендетті. Келесі маневр 9 тамызда жасалуы керек. Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Ай орбитасына шығар кезде аппараттың борттық камерасы түсірген суреттерден жасалған анимацияны көрсетті.

GALACTIC 02 СУБОРБИТАЛЫҚ МИССИЯСЫ — 10 ТАМЫЗ, 21:00-ДЕ
Virgin Galactic компаниясы екінші коммерциялық Galactic 02 миссиясын 2023 жылы 10 тамызда, Алматы уақытымен 21:00-де ұшырады. Шамамен 85 км суборбитаға VSS Unity космопланымен үш ғарыштық турист пен компания қызметкері аттанады. Олар:
Джон Гудвин — британ спорт ардагері, 80 жаста. Паркинсон дертіне қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанады. Мысалы, ол Килиманджаро тауына шығып, одан велосипедпен түскен!
Кейша Шахафф — Антигуа мен Барбуда азаматшасы, кәсіпкер, жаттықтырушы. 46 жаста
Анастейша Майерс — Кейшаның қызы, Абердин университетінің студенті, 19 жаста. Кейінгі екеуі суборбитаға билетті лотореядан ұтып алған.
Бетт Мозес — нұсқаушы (4-ші суборбиталық ұшу)
VSS Unity ұшқыштары:
Си Джей Стеркоу (4), бұрынғы НАСА астронавты, нағыз ғарышта 4 рет болған
Келли Латимер (1)
VMS Eve тасығыш ұшағы Нью-Мексикодағы "Америка" космопортынан көтеріледі. VSS Unity осы космопорт жолағына ұшақша қонуы тиіс. Тікелей эфир сілтемесі. Таңғы 5:10-да Роскосмос Луна-25 аппаратын Айға ұшыратынын еске саламыз.

👍2
ЛУНА-25 АЙ МИССИЯСЫ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2023 жылы 11 тамызда Алматы уақытымен 05:10-да Роскосмос Восточный ғарыш айлағынан Союз-2.1б зымыраны көмегімен Луна-25 ғарыш аппаратын ұшырды. 06:31-де аппарат Фрегат үдеткіш блогынан ажырап, Айға бағытталған траекторияға шықты. Ол 16 тамызда 100 км дөңгелек аймаңы орбитаға шығуы, 21 тамызда Айдың оңтүстік поляр аймағындағы Богуславский кратері маңына қонуы тиіс.
Миссияның ғылыми мақсаттары:
— полюс маңындағы реголиттегі су мөлшерін бағалау,
— 40 см тереңдікке дейінгі заттың элементтік және изотоптық құрамын анықтау,
— Ай бетінде нейтрондар мен гамма-сәулелер туындатқан радиациялық фонды өлшеу.
Луна-25 сондай-ақ Күн белсенділігінің әртүрлі деңгейі жағдайындағы ай экзосферасын зерттейді.
Технологиялық міндеттер:
— Айға жайлы қону технологиясын пысықтау,
— келесі миссиялардың қауіпсіз қонуы үшін ай беті бедерінің картасын жасау,
— реголиттің физика-механикалық қасиеттерін зерттеу.
Лендер 31 кг ғылыми жүктемемен (нейтрон/гамма-детектор, энергомасспектрометр, лазерлік масс-анализатор, ИҚ-спектрометр, тозаң мониторингі аспабы), 8 камерамен, топырақ үлгісін алатын шөміші бар робоқолмен жабдықталған. Аппараттың толық массасы 1800 кг, оны Лавочкин атындағы бірлестік жасаған, ғылыми аспаптар —Ғарыштық зерттеулер институтының (ИКИ РАН) өнімі. Луна-25 бортында күн панельдеріне қосымша, плутоний-238 қолданатын 125 ваттық РИТЭГ орнатылған, сондықтан оның түнде қатып қалу қаупі жоқ.
Луна-25 ғылыми миссиясы бір жылға жоспарланған. Роскосмос жобаға жалпы сомасы 5,9 млрд рубль жұмсайды.
#зымыранұшыру

🔥1
11—14 ТАМЫЗ 2023 — ПЕРСЕИДТЕР МЕТЕОР АҒЫНЫ
Жыл сайын 17 шілде — 24 тамыз арасында бақыланатын Персеидтер метеор ағыны 2023-те шыңына, IMO дерегінше, 12-нен 13-не қараған түні жетеді. Ал timeanddate сайты Қазақстандағы шыңды 13/14 тамызға, кейбір басқа сайттар — 11/12-не болжап отыр. Осы үш түнде де жұлдыз ағынын тамашалауға тырысқан жөн. Ескі Ай биыл бақылауға кедергі келтірмейді.
Ағынның зениттік сағаттық саны (ZHR — радиант тастөбеде болғанда, көру қабілеті идеал адам тасқараңғы жерден бір сағатта бақылайтын метеор саны) = 100. Іс жүзінде минутына бір аққан жұлдыз көрінсе жақсы. Жылдам (60 км/сек), жарық, ақ метеорларларды Жердің 109P/Swift-Tuttle кометасы қалдықтарымен соқтығысуы туғызады.
Бақылауға ең қолайлы уақыт — түн ортасы ауғаннан таң атқанша. Әрине, қалада аққан жұлдыз көп көрінбейді, сол себепті мүмкіндік болса, далалықтан, не таудан бақылаған жөн. Тамызда түн салқын болуы мүмкін, жылы киім алыңыз. Фара не қолшам жақпауға тырысыңыз, олар көзді қарықтырып, әлсіз метеорларды көруге кедергі келтіреді, қызыл қолшам пайдаланыңыз.
Ағынның радиантына (метеорлар ұшып шыққан тәрізденетін нүкте) — Персей шоқжұлдызына қарау міндетті емес. Көзіңізді қараңғыға үйретіп алған соң, жайланып шалқаңыздан жатыңыз да, аспанның көкжиектен 30°-тан жоғары кез келген тұсына көз тігіңіз.
#астрокүнтізбе

🥰2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Virgin Galactic компаниясының 88,5 км биіктікке көтерілген Galactic 02 суборбиталық туристік миссиясының көріністері. 10 тамыз 2023 жыл
ИОНОСФЕРА ИНСТИТУТЫ
Жер атмосферасының еркін иондар мен электрондар концентрациясы жоғары бөлігі ионосфера деп аталады. Иондалуды негізінен Күннің ультракүлгін және рентген сәулеленуі, сондай-ақ ғарыштық сәулелер туғызады. Бұл қабат жайлы жақында арнайы ролик жарияладық.
Атмосферада иондалған қабат болуы мүмкіндігін 1902 жылы Оливер Хевисайд, кейін Артур Кеннели болжаған. Ионосфера терминін 1926 жылы Роберт Уотсон-Уатт енгізді. Бұл қабаттың барын 1927 жылы Эдвард Эллтон дәлелдеді (1947 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы). Ал Қазақстанда ионосфераны зерттеудің 80 жылдық тарихы барын, 40 жыл бұрын Алматыда арнайы Ионосфера институты құрылғанын екінің бірі біле бермес.
1943 жылы Қазақ ССР Байланыс министрлігі жанынан құрылған Алматы ионосфералық станциясының міндеті радиотолқындардың таралу жағдайын болжауға қажет ионосфералық параметрлерді өлшеу болған. 1961 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Ионосфера секторы құрылады. Ол 1983 жылы Ионосфера институты ретінде қайта құрылып, ғылыми зерттеудің төмендегі негізгі бағыттары анықталады: Күн-Жер байланыстары, радиотолқындар таралуының заңдылықтары, табиғи және жасанды ионосфералық ауытқулардың диагностикасы.
Институт қазір (терең тыныстап алыңыз) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталады екен. Ионосфера институтының негізгі ғылыми орталықтарын келесі постарда қысқаша сипаттаймыз.
#қазақстанғылымы #ғылымтарихы

YouTube
Ионосфера. НАСА атмосфераның шетін не үшін зерттейді? GOLD аспабы. Атмосфераның өзіндік жарқырауы
GOLD (The Global-scale Observations of the Limb and Disk) аспабы 2018 жылы қаңтарда байланыс жерсерігі бортында ұшырылды. Оның міндеті — ғарыш пен Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарының динамикалық әсерлесуін зерттеу. GOLD пен НАСА-ның басқа миссиясы ICON…
«АЛМА-АТА» ГЕОМАГНИТТІК ОБСЕРВАТОРИЯСЫ
Ионосфера институтының «Алма-Ата» геомагниттік обсерваториясы Алматы қаласынан 10 километрде, теңіз деңгейінен 1300 метр жоғары орналасқан. Халықаралық INTERMAGNET сертификатына ие обсерватория геомагнит өрісін үздіксіз қадағалайды. Мониторинг деректері мына сайтта нақты уақытта, секунд сайын жаңартылып отырады екен.
#қазақстанғылымы

❤1