EUCLID ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР
Еуропа ғарыш агенттігі Euclid обсерваториясының VIS аспабы оптикалық, ал NISP аспабы — инфрақызыл диапазонда алған алғашқы кескіндерді жариялады. Өңделмеген тестілік суреттерден Құс Жолындағы жұлдыздар мен жұлдыз шоғырлары, сондай-ақ ғарыш сәулелерінің іздері көрініп тұр. Евклидтің NISP аспабы, сонымен бірге, саңылаусыз спектроскопия режимінде сынақ бақылау жүргізген.
Credit: ESA; Euclid Consortium; NASA

2 ТАМЫЗДА СОҢҒЫ ANTARES 230+ ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
Northrop Grumman корпорациясы 2023 жылы 2 тамызда, Алматы уақытымен 06:31-де Antares 230+ зымыранын ұшырады. НАСА Уоллопс орталығы аумағында орналасқан MARS космопортынан (Вирджиния штаты) көтерілген тасығыш Cygnus жүк кемесін ХҒС-қа жөнелтуі тиіс. 200-ші сериядағы Антарес зымырандары осымен өз қызметін аяқтайды. Тікелей эфир сілтемесі.
100-ші Antares нұсқаларының 1-сатысында ресейлік Кузнецов фирмасының НК-33 қозғағышының Aerojet Rocketdyne жетілдірген түрі AJ-26 орнатылатын. Осы қозғағыштың 6-секундта істен шығуы 2014 жылы 28 қазанда зымыран апатына әкеп соқтырды. Зымыранның Antares 230 нұсқасында оны НПО Энергомаш фирмасының РД-181 агрегаты алмастырды. Өзара санкцияларға байланысты 2022 жылы Ресей АҚШ-қа зымыран қозғағыштарын сатуды тоқтатты. Ал 1-сатының негізгі бөлігі Украинаның Южмаш кәсіпорнында жасалатын. Дайын 1-сатылар да, Ресейден алып қойған РД-181 қозғағыштары осымен түгесіледі.
Фото: Northrop Grumman

🔥1
СОҢҒЫ ANTARES 230+ ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛДЫ
2023 жылы 2 тамызда, Алматы уақытымен 6:31-де соңғы Antares 230+ зымыраны ұшырылды. Вирджиния штатындағы MARS космопортынан көтерілген тасығыш Cygnus NG-19 жүк кемесін ХҒС-қа аттандырды. Northrop Grumman Innovation Systems ұшыру операторының Антарес 200 зымырандары осымен өз қызметін аяқтады.
Antares тасығышының тарихын қысқаша шолып шығайық. НАСА-ның Халықаралық ғарыш стансасына жүк жеткізетін жаңа кемелерге жариялаған CRS конкурсында екі қатысушы жеңіп шықты. Өйткені бір тасымалдаушыға тәуелді болып қалмау үшін, НАСА міндетті түрде екі орындаушымен шарт жасасады. Жеңімпаздың бірі — SpaceX компаниясы, Dragon жүк кемесін де, оны ұшыратын Falcon 9 зымыранын да өз күшімен жасауды ұйғарғанын білеміз. Ал 2015 жылы Orbital ATK құрамына енген Orbital Sciences болса, Cygnus кемесі мен Antares зымыранын құрастыру барысында басқа өндірушілерге елеулі сенім артты. Атап айтқанда, кеменің жүк модулін италиялық Thales Alenia Space жасайды. 2018 жылы Orbital ATK-ны Northrop Grumman корпорациясы 9,2 млрд долларға сатып алғанын айта кетейік.
Антарестің 100-ші нұсқаларының 1-сатысында ресейлік Кузнецов фирмасының НК-33 қозғағышының Aerojet Rocketdyne жетілдірген түрі AJ-26 орнатылатын. Кеңестік Н-1 аса ауыр зымыранын өндіру тоқтатылғанда, оған арнап жасалған көптеген НК-33 құпия қоймада қалып қойған екен. Оларды кәдеге жарату мақсатында екі жаққа да тиімді келісім жасалған. Antares өз қызметін 2013 жылы 21 көкекте Cygnus кемесінің масса-габариттік моделін көтеруден бастады. Төрт сәтті миссиядан кейін, 2014 жылы 28 қазанда зымыран жүк тиелген кемемен бірге жарылып кетті. Апатқа қозғағыштың 6-шы секундта істен шығуы соқтырғаны анықталды.
Содан соң, зымыранның Antares 230 нұсқасында НК-33-ті ресейлік Энергомаш фирмасының РД-181 агрегаты алмастырды. Ал 1-сатының корпусы Украинаның Днепр қаласындағы Южмаш кәсіпорнында жасалатын. Өзара санкцияларға байланысты былтыр Ресей АҚШ-қа зымыран қозғағыштарын сатуды тоқтатқан еді. ULA ұшыру операторының қолында Atlas V зымыранына керек РД-180 агрегаттарының біраз қоры бары белгілі, ал РД-181 осымен түгесілді.
2-сатыда ATK компаниясының Castor 30 қатты отын жағатын қозғағышы қолданылады (Antares 110 — Castor 30A, 120 — 30B, 130/230/230+ — 30XL). Антарес тек Cygnus жүк кемесін ХҒС-қа ұшырумен ғана айналысты. Барлығы 18 ұшырылым жасалды (1-і сәтсіз): Antares 110 — 2, 120 — 2, 130 — 1 (1), 230 — 5, 230+ — 8. Antares 230-дың биіктігі 42,5 м, диаметрі 3,9 м, массасы 298 т, төмен жермаңы орбитаға 8000 кг көтере алады. Cygnus кемесіне 3000 кг жүк сыяды.
Жаңа Antares 330 нұсқасының 1-сатысын енді Firefly Aerospace компаниясы жасайтын болды, оған 7 Firefly Miranda қозғағышы қойылады. 330 алғаш 2025 жылы ұшады делінеді. Шынын айту керек, Firefly-дың өзінің тасы өрлеңкіремей тұр. Alpha зымыранының бірінші старты апатты, екіншісі ішінара сәтсіз болды. 3-ші ұшырылым осы тамызға жоспарланған. Ал жаңа Miranda қозғағыштарымен ұшатын Beta зымыраны 2024-те қанаттануы тиіс.
Бір мәрте қолданылатын Cygnus жүк кемелері ХҒС-қа жылына екі рет жіберіледі, сондықтан келесі үш кемені... әрине, Falcon 9 ұшырады (SpaceX-тен басқа кімде артық зымыран болсын). Northrop Grumman-ның кемені басқа тасығышқа бейімдеу тәжірибесі бар. 2015-17 жылдары, Антарес нұсқасын ауыстырғанша, үш Сигнусты орбитаға Atlas V шығарып берген еді.
#зымыранұшыру #ғарыштарихы #көбәріп

YouTube
Northrop Grumman Innovation Systems зымыран паркі
Бұрынғы Orbital ATK жекеменшік ғарыш компаниясының зымырандар паркімен таныстырамыз. Парк пайдалы жүктеме шығаруға деген әртүрлі қажеттілікті өтей алатын тасығыш-зымырандардың кең ассортиментінен тұрады.
2018 жылы маусымда компанияны 9,2 млрд долларға Northrop…

3 ТАМЫЗ 2023 — АЙДЫҢ САТУРНМЕН ҚОСЫЛЫСЫ
3 тамыздың кешінде толық Ай (Ф=0,95-) Сатурннан (+0,6m) 2,5°-та өтеді. Ай 9 тамызда Үркерге ауыл-үй қонса, 24-не Антареспен тоғысады. Ал 27 тамыз — Сатурнның қарсы тұрысы. Арнадағы жаңа ролик осы оқиғаларға арналған.
#күнтізбе #бейнеролик
Кескін: Sky & Telescope

ЧАНДРАЯН-3 АЙҒА БЕТ ТҮЗЕДІ
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) хабарлағандай, Chandrayaan-3 миссиясы 1 тамызда жермаңы орбитасының апогейін төртінші рет көтерген соң, Айға бағытталған траекторияға шықты. Аймаңы орбитаға шығу маневрі 5 тамызда жасалуы тиіс. Аппарат содан соң орбита биіктігін біртіндеп төмендете береді.
2023 жылы 14 шілдеде ұшырылған Чандраян-3 миссиясы жорық сатысы, лендер мен кішкентай роверден тұрады. Оның міндеті — Үндістанды Айға ғарыш аппаратын жайлы қондырған төртінші ел атандыру, Ай бетін, бетасты қабаты мен атмосферасын зерттеу және роверді сынау. Викрам-2 лендері 70° оңтүстік ендік маңына 23 тамызда қонуы мүмкін.
Кескін: ISRO

ВОЯДЖЕР-2 ЖІБЕРГЕН СИГНАЛ ҚАБЫЛДАНДЫ
НАСА-ның Алыс ғарыштық байланыс желісі (DSN) Вояджер-2 ғарыш аппаратынан жеткен сигналды ұстай алды. Ол бізден 20 миллиард километрдегі аппараттың жұмыс істеп, ақпарат таратып тұрғанын айғақтайды.
2023 жылғы 21 шілдеде Жерден берілген қате команда кесірінен Вояджер-2 зондының антеннасы Жермен байланыс сызығынан 2 градусқа ауытқып кеткенін жазғанбыз. Салдарынан зонд команда қабылдай да, жинаған дерегін хабарлай да алмай қалды. Вояджердің мұндай жағдайдан сақтандыратын ішкі мүмкіндігі бар. Voyager 2 жылына бірнеше рет кеңістіктегі бағдарын автоматты түрде қалпына келтіреді. Келесі осындай операция 15 қазанда жасалуы тиіс.
НАСА мамандары байланыстың өздігінен қалпына келуін күтіп отырмай, DSN-ның Канберрадағы антенналар кешені көмегімен Вояджер-2 жіберген сигналды ұстап алуға талпынды. Ақыры аппараттың "жүрек қағысын" естудің сәті түсті. Енді Канберра кешені зондқа бағдарын түзетуге бұйыратын барынша күшейтілген сигналдар жібереді. Егер аппараттың ауытқыған антеннасы Жер әмірін естісе, байланыс жақында-ақ қалпына келер еді. Олай болмаған жағдайда, қазанға дейін күтуге тура келеді.

👏1
102. УЭББ ӘЛЕМ ӨРМЕГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖІПТЕРІНІҢ БІРІН КӨРДІ
Астрономдар Үлкен Жарылыстан небәрі 830 миллион жылдан соң өмір сүрген он галактикадан құралған жіптектес құрылымды анықтады. Уақыт өте ол галактикалар шоғырына айналуы тиіс.
Галактикалар Әлемде бей-берекет шашылып жатқан жоқ. Олар шоғырларға жинақталғаннан бөлек, бір-бірімен байланысты жіп тәрізді алып құрылымдар да құрайды. Бұл жіптердің араларын айлапат бос кеңістік — войдтар бөліп жатыр. Астрономдар Әлемдегі ғаламат өрмек қалай пайда болғанын білгісі келеді. Шешуші рөлді аса ауыр қара құрдымдар атқарды деп саналады.
ASPIRE (A SPectroscopic survey of biased halos In the Reionization Era) жобасының зерттеушідері осы болжамды тексеру үшін Уэбб ғарыштық телескопын қолданды. Бақылау барысында 10 галактикадан тұратын, ұзындығы 3 миллион жарық жылы жіпті табудың сәті түсті. Оларды квазар — орталығында белсенді аса ауыр қара құрдымы бар галактика түйіндеп тұр. Астрономдардың есебінше, уақыт өте бұл жіп Береника Шашы іспетті ірі галактикалар шоғырына айналған.
#ғылымижаңалық

ВОЯДЖЕР-2 ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
2023 жылы 1 тамызда НАСА Алыс ғарыштық байланыс желісінің (DSN) Канберрадағы антенналар кешені Вояджер-2 жіберген үзік сигналды ұстағаны белгілі. Кешен зондқа екі градусқа бұрылып кеткен антеннасын қайта Жерге бағыттауға бұйыратын барынша күшейтілген команда жіберді. 19,9 млрд км қашықтықтағы аппараттың жауабын 37 сағат күтуге тура келді.
4 тамызда НАСА Вояджер-2-ден толыққанды ғылыми және телеметриялық деректер қабылданғанын хабарлады. Олар аппараттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және күтілген траекторияда екенін мәлім еткен. Жақсы жаңалық тарихи миссияның 46 жылдығы қарсаңында келді.
Вояджер-2 1977 жылы 20 тамызда ұшырылды. Ол — Күн жүйесіндегі төрт алып планетаның бәрінің тұсынан ұшып өткен жалғыз ғарыш аппараты. Voyager 2, өз сыңарынан алты жылдан соң, 2018 жылы 10 желтоқсанда жұлдызаралық кеңістікке енді. Вояджер-2 әлі істен шықпаған бес ғылыми аспабы алған деректерді 2026 жылға дейін хабарлап тұруы мүмкін.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starlink жерсеріктері тізбегі Жапонияның Хирацука қаласы үстінде
103. УЭББ ХЕРБИГ-АРО НЫСАНДАРЫН СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ
Уэбб ғарыштық телескопы HH 46/47 кешенінің ең егжей-тегжейлі инфрақызыл кескінін алды. Оны екі жас жұлдыздан шыққан джеттер түзген.
HH 46/47 кешені Жерден 1470 жарық жылында, Желкен шоқжұлдызы бағытында орналасқан. Ол — Хербиг-Аро нысаны, яғни жас жұлдыз өз ғұмырының алғашқы бірнеше миллион жылында шығарған джеттер. Жұлдыздан атылған зат қоршаған газ-тозаң бұлттарымен соқтығысып, олармен белсенді әрекеттесу нәтижесінде күлте пішінді ерекше құрылымдар түзеді.
Бір-біріне өте жақын екі жас жұлдыз фотодағы ақшыл тоқсары облыста, олар Уэбб оптикасына тән алты дифракциялық сәулемен айшықталған. Шырақтар өздерін қоректендеріп тұрған газ-тозаң дискі ішінде орналасқан. Дисктің өзі инфрақызыл диапазонда көрінбейді, бірвқ оның көлеңкесі жұлдыздарды қоршаған екі күңгірт конус құрайды.
Фотодағы ең жарқын нәрсе — орталық жұлдыздардың екі жағына жайылып бара жатқан отты-тоқсары түсті екі күлте. Олар өткен мыңжылдықтарда, жаңа атылған заттың ертерек атылғандарымен соқтығысып, соңғыларының пішінін өзгертуі барысында қалыптасқан. Кейінгі атылыстар кескінде көгілдір жіпше түрінде байқалады.
Екінші көзге түсетіні — фотода көк түспен берілген тұманды бұлт. Бұл глобула, яғни тығыздығы жоғары газ-тозаң тұмандығы. Глобула оптикалық диапазонда ар жағындағы жұлдыздардың жарығын тұтатын қараңғы бұлт тәрізді байқалады. Бірақ инфрақызыл жарықта бәрі басқаша. Біз глобуланың өз құрылымын да, ар жағында не барын да көре аламыз.
Астрономиялық өлшеммен алғанда, HH 46/47 ғұмыры тым қысқа болмақ. Бірнеше миллион жылдан кейін-ақ жұлдыздар толық қалыптасып бітіп, зат атуын тоқтатады. Мына ғаламат көріністі құраған материя біртіндеп ғарышқа жайылып, жоғалып кетеді.