Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
СТАРШИПТІҢ ЕКІНШІ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ — ТАМЫЗДА?

Super Heavy B9 бен Starship S25 прототиптері қатысатын сынақтың жоспары біріншісіне ұқсайды, бірақ бірнеше өзгеріс те бар. Олардың ең бастысы — сатылардың ыстықтай ажырауы.

Starship екінші рет самғауы үшін мына жұмыстар атқарылуы тиіс:
— Старт кешенін жөндеуді аяқтау (~90% бітті)
— SH B9 үдеткішінің статикалық сынақтары (23-25 шілдеде басталады)
— Үдеткішке жаңа сатыаралық бөлім мен қорғағыш орнату
— Жүйені жинап, біріккен сынақтар өткізу
— Техникалық дайындық (~1 ай)
— "экологтардың" сотқа берген арыз-шағымына қатысты мәселені реттеу
— FAA-дан нақты ұшырылымға рұқсат алу
— SH B9 үдеткішімен Starship S25 кемесін ғарышқа ұшыру! 🚀

Сredit: SpaceX
🤯1
МЕТЕОР-М № 2-3: АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР

Жаңа ғарыш аппараттары алған алғашқы кескінді жариялайтын дәстүрімізді жалғайық. Роскосмос Метеор-М № 2-3 гидрометеорологиялық жерсерігі түсірген суреттерді жариялады. Жерсеріктің кең ауқымды (2850 км), төмен ажыратымды (1000 м) фото түсіретін МСУ-МР сканері Шығыс Сібір, Моңғолия мен Қытайға назар аударған. МСУ-МР бұлт жамылғысы мен Жердің төсеніш бетін қадағалайды.

Ал КМСС-2 кешені алған алғашқы суреттерде Түркия мен Норвегия жағалаулары қамтылған. КМСС-2 Жердің көрінетін және таяу инфрақызыл диапазондардағы көп зоналық кескіндерін алуға арналған. Шолу жолағының ені 1000 км-ден астам, ажыратым 60 м. Мұндай кескіндер ауыл мен орман шаруашылығы мониторингіне, табиғи өрттерді, су тасқындарын, қар жамылғысын, мұз басуын, жанартаулар атқылауын, бұлттарды, тайфун, циклон, хуракан сияқты қауіпті табиғи құбылыстарды қадағалауға қолданылады.

Метеор-М № 2-3 жерсерігі 2023 жылы 27 маусымда Восточный ғарыш айлағынан ұшырылды. Ол Жер бетін скандайтын радиолокатормен, аса жоғары жиілікті атмосфералық радиометрмен, тропосфера мен стратосферадағы температура мен ылғалдықты, озон қабатындағы озон құрамын талдайтын инфрақызыл спектрометрмен де жабдықталған. Гелиогеофизикалық аппараттар кешені магнитосфера, ионосфера мен жоғарғы атмосфераның жайын бақылайды. Келесі, № 2-4 Метеор-М желтоқсанда шығарылуы тиіс.
Фото: Роскосмос
Көкшақпағын тұтатып, үш арқарға оқ атқан Көгалдай мерген. Шынымен, DALL-E жасанды интеллектінің тегін нұсқасы саусақ жағынан ұятты.

(Көкшақпақ — Ригель, Үшарқар — Орион белдігі, арқарларға дарымаған Оқ — Бетельгейзе, мылтықтың түтіні — Орион тұмандығы)
#жасандысана
101. УЭББ ЕҢ КӨНЕ КҮРДЕЛІ ОРГАНИКАЛЫҚ МОЛЕКУЛАЛАРДЫ ТАПТЫ

Джеймс Уэбб ғарыштық обсерваториясы Әлем 1,4 млрд жаста болғанда өмір сүрген SPT0418-47 галактикасынан полициклдық аромат көмірсутектер (ПАК) тапты. Бұл ПАК-тар — осы уақытқа дейін табылған күрделі органикалық молекулалар ішіндегі ең көнесі.

SPT0418-47-ның қызыл ығысуы 4,22. Бұл оның жарығы Жерге дейін 12 миллиард жылдан астам жүрген деген сөз. Жарық шыққан сәтте, SPT0418-47 жұлдыздар қарқынды түзіліп жатқан жас галактика еді. Сағат шоқжұлдызында орналасқан галактика Құс Жолына аздап ұқсайды: орталық дөңесі бар үйірілетін дискке ие, массасы да шамалас. Бірақ оның спираль тармақтары жоқ.

Мұншама алыс галактиканың жарығы Жер мен екі ортадағы ауыр галактиканың гравитациясының оны ұлғайтуы арқасында ғана анық көрінеді. Бұл құбылыс гравитациялық линзалау деп аталады. Линза алыс галактиканың түрін ұлғайтып қоймай, оны бұрмалап, қисайтады. Мысалы, SPT0418-47-ның көрінісі 30–35 есе ұлғайып, "Эйнштейн сақинасы" атты пішінге енген.
Кескін: жолдағы галактика-линза көк түспен, линзаланған алыс галактика қызыл түспен берілген.
Credit: J. Spilker; S. Doyle; NASA; ESA; CSA
🤯1
Ай шілденің соңын Сарышаян мен Мергенде өткізеді. Мергендегі Шәйнек астеризмі жайлы – роликте.
2
Видео 130 МБ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
САЯСАТ НҰРБЕК ЗЫМЫРАН ҚҰРАСТЫРУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін елордада QazAstroShift жоғары сынып оқушылары арасында зымыран құрастыру бойынша алғашқы республикалық турнирдің финалы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш онлайн кезеңнен өткен және үздік нәтижелер көрсеткен жас инженерлер өз зымырандарын ұшыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығында жиналды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек турнирдің финалистерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

💬«Турнирге қатысушылардың жобаларына қарап, «олардың арасында болашақта қазақстандық Space X-ті жасаушы шығады» деген ойды нақтылаймын. Қорытындылай келе, финалистерге сәттілік тілеп, жеңістің кіші, үлкені болмайтынын айтқым келеді. Сіздердің әрбір жетістігіңіз – прогрессивті Қазақстанның қалыптасуындағы үлкен қадам!», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша бакалавриатқа түсуге болады.

🔗Толығырақ.
ГРЕКИЯДАҒЫ ОРМАН ӨРТТЕРІ

Еуропа Одағы мен Еуропа ғарыш агенттігінің Copernicus Sentinel-2 жерсерігі Грекияның Родос, Корфу, Эвия аралдарында өткен аптада тұтанған орман өрттерін суретке түсіріп алды. Өрт аумағы 11000 гектардан асқан. Температура 40 Цельсий градусын көрсетіп тұр. Ондаған мың тұрғын мен туристер эвакуацияланды.

Image credit: European Space Agency
😨2
Арнада «Көрнекі математика» сериясының екінші ролигі жарияланды.
#бейнеролик
👍1🔥1
ЖЕТІНШІ FALCON HEAVY ЗЫМЫРАНЫ ЕҢ АУЫР ГЕОСТАЦИОНАР ЖЕРСЕРІКТІ КӨТЕРЕДІ

2023 жылғы 27 шілдеде, Алматы уақытымен 9:04-те SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан жетінші Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырады. Ауыр Сұңқар тарихтағы ең ауыр геостационар жерсерікті — Echostar 24 / Jupiter 3 байланыс аппаратын орбитаға шығаруы тиіс.

SSL компаниясы жасаған 9200 килограмдық жерсеріктің құны $445 млн, оны ұшырып бергені үшін Echostar компаниясы SpaceX-ке 100 миллион доллардай төлейді. Ka-диапазонда хабар тарататын аппараттың өткізгіштік қабілеті — 500 Гбит/с. Оның екі күн панелі, төрт плазмалық қозғағышы бар. Жерсерік геостационар орбитада 15 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған.

Зымыранның жаңа орталық сатысы қайта қондырылмайды. Үшінші реттен қолданылатын қапталдағы үдеткіштер құрлықтағы LZ-1, LZ-2 алаңдарына оралуы тиіс. Қатарласа қонған екі сатының керемет көрінісін тамашалауға тырысыңыз. Тікелей эфир сілтемесі

Кескін: Echostar
Алдыңғы поста айтылған Falcon Heavy ұшырылымы 28 шілде, Алматы уақытымен 9:04-ке шегерілді.
Фото: SpaceX
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕР МЕН АЙ МАРС ОРБИТАСЫНАН

Еуропалық Mars-Express орбитері, өзінің 20 жылдығына орай, Жер мен Айды бірнеше рет суретке түсірді. Анимация 15, 21, 27 мамыр, сондай-ақ 2 маусымда алынған кескіндерден құрастырылған. Бұл мерзімде Ай Жер маңынан жарты айналымнан сәл артық жүріп өтті. Ал Марс пен Жердің ара қашықтығы 279 миллионнан 301 миллион километрге дейін өзгерді. Суреттің ажыратымы — пикселге 2570 км.

Фото: ESA
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
DELTA IV HEAVY ҰШЫРЫЛЫМЫНАН КӨРІНІСТЕР

2023 жылы 22 маусымда 15-ші Delta IV Heavy зымыраны ұшырылғаны белгілі. Ол АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының NROL-68 жерсерігін геостационар орбитаға көтерді. Дельта IV Хэвидің соңғы, 16-шы ұшырылымы келесі жылға жоспарланған.

Бұл ауыр зымыранның ұшырылу көрінісі әдетте өте әдемі, әсіресе түнде. Мына анимация осындай бірнеше фотодан құрастырылған.
OSIRIS-REx ТРАЕКТОРИЯСЫН ТҮЗЕТТІ

НАСА-ның OSIRIS-REx миссиясы Бенну жермаңы астероидына 2016 жылы 8 қыркүйекте аттанды. Зонд Беннуге 2018 жылдың соңғы күні жетіп, оның айналасындағы дөңгелек орбитаға шықты. OSIRIS-REx өзінің төрт ғылыми аспабымен астероидты небәрі 4,8 км биіктіктен зерттеп, картаға түсірумен болды.

Ал 2020 жылы 20 қазанда аппарат Бенну бетінен 400 г тас пен топырақ үлгісін алды. Келесі жылдың 10 мамырында OSIRIS-REx қайтар жолға шықты. Ол қазір Жерден 38,6 млн км қашықтықта, планетамызға қатысты 9,7 км/с жылдамдықпен қозғалып келе жатыр.

2023 жылы 26 шілдеде OSIRIS-REx қозғағыштарын 63 секундқа қосып, траекториясын сәл түзетті. Аппарат 10, 17 қыркүйек күндері тағы екі маневр жасайды. Астероид топырағы салынған капсула Юта штатындағы полигонға 24 қыркүйекте тасталуы тиіс. НАСА мамандары капсуланы тауып, тасымалдау жаттығуын өткізді (суретте).

Миллиард долларлық миссия негізгі міндетін орындаған соң, атын OSIRIS-APEX деп өзгертіп, Апофис астероидын зерттеуге дайындалады. Бұл аспан денесі 2029 жылы 13 көкекте Жерден небәрі 31 600 километрде өтетіні белгілі. Бірнеше күннен соң OSIRIS-APEX Апофиске жақындап, оны 18 ай зерттейді.
🔥1
SPACEX — 2023 ЖЫЛҒЫ 50-ШІ ҰШЫРЫЛЫМ

2023 жылы 28 шілдеде Falcon 9 зымыраны Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан кезекті 22 дана Starlink v2 Mini жерсерігін орбитаға шығарды. Бұл SpaceX компаниясының биылғы 50-ші ұшырылымы. SpaceX 2022 жылы 61 зымыран ұшырғаны белгілі. 15-ші рет қолданылған B1062 1-сатысы ASOG баржасына сәтті қонды.

Фото: КҒО LC-39A ұшыру алаңында тұрған Falcon Heavy зымыраны фонындағы старт
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру