Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Хаббл мен Уэбб суреттерінің сапасын салыстыру
#астроқалжың
ҚОС ОРАҚ 🌙
Ай мен Шолпан, 20 шілде 2023 жыл
Фото: Sebastian Voltmer Photography
🥰1
Хаббл мен Уэбб суреттерінің, дәлірек айтқанда, Эдвин Хаббл мен Джеймс Уэбб атындағы ғарыштық телескоптар алған кескіндердің сапасын салыстыру. SMACS 0723 галактикалар шоғыры
🥰1
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Келесі ұшатын Super Heavy B9 үдеткіші 21 шілдеде старт тағанына қойылды. Оның сынақтары 23–25 шілдеде өтуі мүмкін.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B9-ды орнату кезінде Starbase аспанында байқалған Starlink жерсеріктері тізбегі
🤩1
Хаббл мен Уэбб суреттерінің сапасын салыстыру. Бүркіт тұмандығындағы Жаратылыс Ұстындары
🤩1
Мына фотоны Аустралияда өткізілген фотоконкурсқа қабылдамай қойған. Автор суретке ұлы мен екі манекенді түсірген екен. Төрешілер манекендерді жасанды интеллект жасаған орашолақ адам бейнесі деп ойлап қалыпты.
#жасандысана
😁1
СТАРШИПТІҢ ЕКІНШІ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ — ТАМЫЗДА?

Super Heavy B9 бен Starship S25 прототиптері қатысатын сынақтың жоспары біріншісіне ұқсайды, бірақ бірнеше өзгеріс те бар. Олардың ең бастысы — сатылардың ыстықтай ажырауы.

Starship екінші рет самғауы үшін мына жұмыстар атқарылуы тиіс:
— Старт кешенін жөндеуді аяқтау (~90% бітті)
— SH B9 үдеткішінің статикалық сынақтары (23-25 шілдеде басталады)
— Үдеткішке жаңа сатыаралық бөлім мен қорғағыш орнату
— Жүйені жинап, біріккен сынақтар өткізу
— Техникалық дайындық (~1 ай)
— "экологтардың" сотқа берген арыз-шағымына қатысты мәселені реттеу
— FAA-дан нақты ұшырылымға рұқсат алу
— SH B9 үдеткішімен Starship S25 кемесін ғарышқа ұшыру! 🚀

Сredit: SpaceX
🤯1
МЕТЕОР-М № 2-3: АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР

Жаңа ғарыш аппараттары алған алғашқы кескінді жариялайтын дәстүрімізді жалғайық. Роскосмос Метеор-М № 2-3 гидрометеорологиялық жерсерігі түсірген суреттерді жариялады. Жерсеріктің кең ауқымды (2850 км), төмен ажыратымды (1000 м) фото түсіретін МСУ-МР сканері Шығыс Сібір, Моңғолия мен Қытайға назар аударған. МСУ-МР бұлт жамылғысы мен Жердің төсеніш бетін қадағалайды.

Ал КМСС-2 кешені алған алғашқы суреттерде Түркия мен Норвегия жағалаулары қамтылған. КМСС-2 Жердің көрінетін және таяу инфрақызыл диапазондардағы көп зоналық кескіндерін алуға арналған. Шолу жолағының ені 1000 км-ден астам, ажыратым 60 м. Мұндай кескіндер ауыл мен орман шаруашылығы мониторингіне, табиғи өрттерді, су тасқындарын, қар жамылғысын, мұз басуын, жанартаулар атқылауын, бұлттарды, тайфун, циклон, хуракан сияқты қауіпті табиғи құбылыстарды қадағалауға қолданылады.

Метеор-М № 2-3 жерсерігі 2023 жылы 27 маусымда Восточный ғарыш айлағынан ұшырылды. Ол Жер бетін скандайтын радиолокатормен, аса жоғары жиілікті атмосфералық радиометрмен, тропосфера мен стратосферадағы температура мен ылғалдықты, озон қабатындағы озон құрамын талдайтын инфрақызыл спектрометрмен де жабдықталған. Гелиогеофизикалық аппараттар кешені магнитосфера, ионосфера мен жоғарғы атмосфераның жайын бақылайды. Келесі, № 2-4 Метеор-М желтоқсанда шығарылуы тиіс.
Фото: Роскосмос
Көкшақпағын тұтатып, үш арқарға оқ атқан Көгалдай мерген. Шынымен, DALL-E жасанды интеллектінің тегін нұсқасы саусақ жағынан ұятты.

(Көкшақпақ — Ригель, Үшарқар — Орион белдігі, арқарларға дарымаған Оқ — Бетельгейзе, мылтықтың түтіні — Орион тұмандығы)
#жасандысана
101. УЭББ ЕҢ КӨНЕ КҮРДЕЛІ ОРГАНИКАЛЫҚ МОЛЕКУЛАЛАРДЫ ТАПТЫ

Джеймс Уэбб ғарыштық обсерваториясы Әлем 1,4 млрд жаста болғанда өмір сүрген SPT0418-47 галактикасынан полициклдық аромат көмірсутектер (ПАК) тапты. Бұл ПАК-тар — осы уақытқа дейін табылған күрделі органикалық молекулалар ішіндегі ең көнесі.

SPT0418-47-ның қызыл ығысуы 4,22. Бұл оның жарығы Жерге дейін 12 миллиард жылдан астам жүрген деген сөз. Жарық шыққан сәтте, SPT0418-47 жұлдыздар қарқынды түзіліп жатқан жас галактика еді. Сағат шоқжұлдызында орналасқан галактика Құс Жолына аздап ұқсайды: орталық дөңесі бар үйірілетін дискке ие, массасы да шамалас. Бірақ оның спираль тармақтары жоқ.

Мұншама алыс галактиканың жарығы Жер мен екі ортадағы ауыр галактиканың гравитациясының оны ұлғайтуы арқасында ғана анық көрінеді. Бұл құбылыс гравитациялық линзалау деп аталады. Линза алыс галактиканың түрін ұлғайтып қоймай, оны бұрмалап, қисайтады. Мысалы, SPT0418-47-ның көрінісі 30–35 есе ұлғайып, "Эйнштейн сақинасы" атты пішінге енген.
Кескін: жолдағы галактика-линза көк түспен, линзаланған алыс галактика қызыл түспен берілген.
Credit: J. Spilker; S. Doyle; NASA; ESA; CSA
🤯1
Ай шілденің соңын Сарышаян мен Мергенде өткізеді. Мергендегі Шәйнек астеризмі жайлы – роликте.
2
Видео 130 МБ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
САЯСАТ НҰРБЕК ЗЫМЫРАН ҚҰРАСТЫРУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін елордада QazAstroShift жоғары сынып оқушылары арасында зымыран құрастыру бойынша алғашқы республикалық турнирдің финалы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш онлайн кезеңнен өткен және үздік нәтижелер көрсеткен жас инженерлер өз зымырандарын ұшыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығында жиналды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек турнирдің финалистерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

💬«Турнирге қатысушылардың жобаларына қарап, «олардың арасында болашақта қазақстандық Space X-ті жасаушы шығады» деген ойды нақтылаймын. Қорытындылай келе, финалистерге сәттілік тілеп, жеңістің кіші, үлкені болмайтынын айтқым келеді. Сіздердің әрбір жетістігіңіз – прогрессивті Қазақстанның қалыптасуындағы үлкен қадам!», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша бакалавриатқа түсуге болады.

🔗Толығырақ.