Ұшырылым эфирі: https://www.youtube.com/watch?v=q2ueCg9bvvQ\
YouTube
Launch of LVM3-M4/CHANDRAYAAN-3 Mission from Satish Dhawan Space Centre (SDSC) SHAR, Sriharikota
Chandrayaan-3 is a follow-on mission to Chandrayaan-2 to demonstrate end-to-end capability in safe landing and roving on the lunar surface. It consists of Lander and Rover configuration. It will be launched by LVM3 from SDSC SHAR, Sriharikota. The propulsion…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҮНДІСТАН ЧАНДРАЯН-3 МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ
Жоспарланғандай, 2023 жылы 14 шілдеде Алматы уақытымен 15:05-те Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Айға Chandrayaan-3 миссиясын ұшырды. Оны Шрихарикота аралындағы Сатиш Дхаван ғарыш орталығынан LVM3 орта зымыраны көтерді. Зымыранның жоғарғы сатысынан ажыраған жорық модулі Айға 40 күндік жолға шықты.
Отынды аз жұмсайтын ұзақ ерекше траекториямен қозғалатын модуль Ай маңындағы 100 км орбитаға шығуы тиіс. Модульден ажырайтын Викрам-2 лендері Оңтүстік полюс маңына 23 тамызда қонады деп жоспарланған, одан Ай бетіне кішкене ровер түседі. Миссия бір ай күні, яғни 14 жер тәулігіне созылады.
Credit: ISRO

👍1
Мексика Ұлттық автономды университеті химия факультетінің корпусы. Нобель сыйлығын алған үш мексикалықтың (Альфонсо Гарсия Роблес — бейбітшілік, Октавио Пас — әдебиет, Марио Молина — химия) үшеуі де осы университетте оқыған. Бір қызығы, дипломат пен химик тиісті дипломын алып шықса, ақын білім ордасын өзі тастап кеткен.
⚡3
100. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛҒАНЫНА — 1 ЖЫЛ
2023 жылы 12 шілдеде Джеймс Уэбб ғарыштық инфрақызыл телескопының ғылыми бағдарламасының басталғанына бір жыл толды. Обсерватория командасы мұны Жыланбөктерген шоқжұлдызының Ро жұлдызы маңындағы молекуляр бұлттардың суретімен атап өтті.
Жыланбөктергеннің Росы бұлт кешені — бізге ең таяу жұлдызтүзілу облысының бірі. Ол Күннен 420 жарық жылы қашықтықта. Суретте күн массасымен шамалас елу шақты жас жұлдыз бар. Күңгірт облыстарда тығыз газ бен тозаң бұлттарынан протожұлдыздар түзілуде. Жұлдыз түзіліп үлгерген тұстардағы газ иондалып, күшті жарық шығарады. Алып молекулалық сутегі ағыстары қызыл түспен берілген. Жіңішке джеттер жаңа туған жұлдыз өз «пілләсін» алғаш жарып шыққанда атылады. Суреттің төменгі жағындағы жарық жұлдыз Күннен әлдеқайда ауыр. Оның қуатты сәулеленуі айналадағы бұлттарды толқындатып тұр. Бұлттарда көп мөлшерде полициклдық аромат көмірсутектер бары белгілі.
НАСА басшысы Билл Нельсонның айтуынша, — «Джеймс Уэбб» бір-ақ жылда адамзаттың ғарыш туралы түсінігіне өзгеріс енгізді. Ол Әлемнің алыс түкпірлері мен тозаң бұлттарының ар жағына алғаш үңілді. Әр жаңа кескін — бүкіл дүние жүзі ғалымдарына бұрын армандамаған жаңа сұрақтар қойып, оларға жауап табуға мүмкіндік беретін жаңалық».

SPACEX КОМПАНИЯСЫ — 250-ШІ ҰШЫРЫЛЫМ
16 шілде 2023 жыл. Starlink-5.15 миссиясы.
Falcon 9 зымыранының 16-шы рет ұшырылған (рекордтың қайталануы 🏆) B1060 1-сатысы ASOG платформасына қону үшін төмендеп келеді, ал 2-саты соңғы 54 дана Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға алып бара жатыр. Falcon 9 енді тек Starlink v2 Mini жерсеріктерін ұшырады. Ал Starship жүйесі іске қосылысымен, орбитаға толық өлшемді Starlink v2 аппараттары шығарыла бастайды.
Фото: John Kraus Photos
#зымыранұшыру

ЕГІСТІКТЕГІ ЖАҢА ДӨҢГЕЛЕКТЕР
Ұлыбританияның Вустершир графтығы, Кейкбол-лейн маңындағы егістікте мынадай өрнек пайда болыпты. Фотолар 2023 ж. 16 шілдеде түсірілген. Өрнек 1990 жылы 12 шілдеде Уилтширде байқалып, кейін Led Zeppelin тобы альбомының мұқабасында бейнеленген атақты пиктограммаға ұқсас.
Фото: Stonehenge Dronescapes Photography

⚡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2023 жылдың бірінші жартысындағы орбиталық ұшырылымдар
#зымыранұшыру
#зымыранұшыру
👍2
МАРС ШАҢЫН КІМ СЫПЫРАДЫ?
Perseverance роверінің өзі зерттемек болған тастарды марс шаңынан тазартатын кішкене сыпырғыштары бар екен. Ровер өзінің шаң тазалау құрылғысын белгілі бір уақыт сайын ірі планмен суретке түсіріп тұрады.
Credits: NASA/JPL-Caltech

👏1😁1
Оңтүстік Балық шоқжұлдызындағы Фомальгаут — түнгі аспандағы 18-ші жарық жұлдыз. Жерден небәрі 25 жарық жылындағы жұлдызды жазғы таңдарда тура оңтүстіктен көруге болады. Жақында Уэбб ғарыштық телескопы Фомальгауттың екі тозаң белдеуін тапқанын хабарлағанбыз. Енді осыған арналған бейнероликті көріңіз
Credits: NASA, ESA, CSA, University of Arizona, STScI
#бейнеролик

ШОЛПАН МЕН АЙ ОРАҒЫ
19 шілдеде Күн ұясына қонысымен, батыс көкжиек үстінен қылдай жіңішке Ай орағы мен жарқыраған Шолпанды көруге болады.