SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 16-ШЫ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД
2023 жылы 10 шілдеде SpaceX компаниясы Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-6.5 миссиясын ұшырды. Мақсат — 22 дана Starlink v2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Оны орындаған Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі 1-сатысы осымен 16-шы рет ұшырылып отыр — жаңа әлем рекорды! 🏆
Үдеткіш бірінші рет сонау 2020 жылы 30 мамырда компанияның алғашқы ұшқышты миссиясы — DM-2 аясында қолданылған еді. Даг пен Бобтың сапары естеріңізде шығар. Сондықтан сатыға НАСА-ның "құрт" аталатын қызыл логотипі салынған. Ол сондай-ақ бір Dragon жүк кемесін, корей жерсерігін, 2 Transporter және 11 Starlink миссиясын ұшырды. B1058 бұл жолы да Атлант мұхиты айдынындағы JRTI платформасына сәтті қонды.
Фото: B1058 үдеткіші 1-ші және 15-ші миссиядан соң
#зымыранұшыру

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1058 — 16-шы рет ұшырылған алғашқы 1-саты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рекордшы бұл жолы да JRTI платформасына сәтті қонды
ЖАПОН МАРС МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ФОБОС РОВЕРІ ДЕ ЕНЕДІ
Жапон Әуе-ғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) Марстың серіктерін зерттеуге бағытталған MMX (Martian Moons eXploration) миссиясын дайындап жатыр. Оның аясында Марстың серігі Фобостан топырақ үлгісін алып, Жерге алып келу де көзделген. Миссия құрамында автомат стансаға қосымша, Фобос бетінде жүретін ровер де болады екен. Бұл жөнінде жапон, герман (DLR) және француз (CNES) ғарыш агенттіктері келісімге келді.
IDEFIX атты ровердің массасы 25 кг, өлшемдері 44x52x35 см болмақ. Оның төрт доңғалағының әрқайсы жеке электроқозғағышпен жабдықталады. Ол Фобос бетімен өте баяу, секундына 1–2 мм жылдамдықпен қозғалады. Ровер бортында камералар, радиометр мен Раман спектрометрі орнатылады.
MMX миссиясы 2024 жылы ұшырылып, Марс маңына 2025-те жетеді. Ол Фобос айналасындағы орбитада жұмыс істеп, арасында Деймос тұсынан жақын ұшып өтеді. Фобостан топырақ үлгісін алу 2028 жылға жоспарланған. Үлгі салынған капсуласы бар қайтарма модуль Жерге 2029 жылы келеді.
Жапониялық Хаябуса-2 зонды Рюгу астероиды бетіне тастаған герман-француз MASCOT аппараты жайлы — роликте. Хаябуса-2 Рюгуды бірнеше жыл зерттеп, ақыры одан алған топырақ үлгісін Жерге сәтті жеткізген еді.

ХҒС ЖЕРДЕН
Барлық 6 iROSA күн панелі жақсы көрініп тұр. Бесінші және алтыншы iROSA маусымда орнатылған еді.

ҚҰС ЖОЛЫ
Шілде — жыпырлаған жұлдыздар мен күңгірт тозаң бұлттарына толы галактика ядросы ең жақсы бақыланатын кез. Әрине, ауылдан, таудан немесе далалықтан. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте
Фото авторы: Jz White
#бейнеролик

ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ МЕТАН ЖАҒАТЫН ЗЫМЫРАН ОРБИТАҒА ШЫҚТЫ
2023 жылы 12 шілдеде, Алматы уақытымен 4:12-де қытайлық Landspace компаниясының ZhuQue-2 зымыраны орбитаға шыға алған бірінші метан отынды зымыран атанды. Оның 2-сатысы 431 х 461 км гелиосинхрон орбитаға шыққаны расталды. ZhuQue-2 бұл жолы пайдалы жүктеме көтерген жоқ. Зымыран осы жылы тағы бір ұшырылуы тиіс.
ZhuQue-2 былтыр 14 желтоқсанда 2-сатыдағв ақау кесірінен орбитаға шыға алмаған. Ұзындығы 49,5 м, диаметрі 3,5 м екі сатылы зымыран 200 км төмен жермаңы орбитаға 6 т, 500 км гелиосинхрон орбитаға 4 т жүктеме көтереді. Ол марштық TQ-12 және маневрлік TQ-11 метан-оттегі қозғағыштарымен жарақтанған.
Биыл 23 наурызда америкалық Relativity Space компаниясының Terran 1 зымыраны, ал 20 көкекте SpaceX компаниясының Starship аса ауыр зымыран жүйесі де орбитаға жетпеген еді. Енді міне, метан қолданатын зымырандардың төртінші әрекеті сәтті болды.
Метан керосинге балама зымыран отыны ретінде көптен бері қарастырылып келеді (тотықтырғыш рөлін оттегі атқарады). Ол ұшырылым құнын арзандатып, қозғағыштарды көп мәрте қолдануды оңайлатады. Сол себепті әлемдік көптеген зымыран өндірушілер метанмен ұшатын тасығыш жасап жатыр.
Credit: Landspace
#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру

АЙ МЕН ҮРКЕРДІҢ ТОҒЫСЫ
2023 жылғы 13 шілденің таңында Ай орағы Үркер жұлдыз шоғырына жақындады. Жаңа Ай маусымның 20-на көрінгендіктен, өткен түні Ай 23-ші жаңасында болды. Ай мен Үркер шығыс көкжиек үстінен келесі таңда да бірге көрінеді, жарқыраған Юпитер де осы маңда.
Жалпы, Ай мен бір жұлдыздың беттесіп айқасуын қазақ «тоғысу» деп атайды. Үркер мен Айдың тоғысын бақылу арқылы халқымыз «Айдың тоғыс есебі» дейін ерекше күнтізбе ойлап шығарған. Үркер Ай жолына таяу болғандықтан, екеуі ай сайын бір тоғысады, не тоғамай жақын (ауыл-үй қонып) өтеді.
Тетелес келетін екі тоғыстың арасындағы уақыт «тоғыс айы» деп аталады. Тоғыс Айдың тақ жаңасына келе бермейді, бірақ дәстүр бойынша, оларды әрқашан тақ санға келтіріп айтады. Ай мен Үркер 27 тәулік 7 сағат 43 минут сайын тоғысады, бұл астрономия тіліндегі «жұлдыздық ай». Оны дөңгелектеп, 28 күн етіп алғанда 28х13=364 болады. Сондықтан Ай мен Үркер жыл бойы 13 рет қана тоғыса алады, жылда 13 тоғыс айы болады. Тоғыс есебі бойынша жыл басы — біртоғыс айы, ол Григорий күнтізбесі бойынша әрдайым мамырда басталады, содан соң ретімен 25, 23, 21, ... 5, 3 тоғыс айлары келеді, ең ақырғысы (13-ай) — үштоғыс айы.
2, 3-ші абзацтардағы мәлімет Хасен Әбішевтің «Аспан сыры» кітабынан алынды.
#күнтізбе #аспансыры

99. УЭББ 45000 АЛЫС ГАЛАКТИКАНЫҢ ПОРТРЕТІН ТҮСІРДІ
Уэбб ғарыштық инфрақызыл телескопының NIRCam камерасы Пеш шоқжұлдызындағы шағын аспан облысының өте терең кескінін алды. Бұл галактикалар эволюциясын зерттейтін JADES (JWST Advanced Deep Extragalactic Survey) аспан шолуы аясында жасалды. Фотоға пішіні мен үлкендігі әрқилы 45 000-нан астам галактика түсіп қалды. Олардың арасында Үлкен Жарылыстан бірнеше жүз миллион жылдан соңғы Қайта Иондалу дәуірінде өмір сүргендері де бар.
JADES бұған дейін қызыл ығысуы 8-ден артық болуы мүмкін 700-дей галактика тапқан еді. Бұл олар Әлемнің алғашқы 600 миллион жылында болған деген сөз. Кандидаттардың кейбірі спектроскопиялық жолмен расталды. Мысалы, Үлкен Жарылыстан небәрі 320 млн өткенде болған JADES-GS-z13-0 — сенімді белгілі галактикалар арасындағы ең алысы.
Credits: NASA, ESA, CSA, Brant Robertson (UC Santa Cruz), Ben Johnson (CfA), Sandro Tacchella (Cambridge), Marcia Rieke (University of Arizona), Daniel Eisenstein (CfA). Image Processing: Alyssa Pagan (STScI)

👍2❤1
12097 x 8482 толық ажыратымдағы нұсқа (133 МБ): https://stsci-opo.org/STScI-01H1Q2DKR7FRQAMDGBGCDAMSPX.png
БҮГІН ЧАНДРАЯН-3 АЙ МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
2023 жылы 14 шілдеде Алматы уақытымен 15:05-те Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Айға Чандраян-3 миссиясын ұшырады. Оны Шрихарикота аралындағы Сатиш Дхаван ғарыш орталығынан LVM3 зымыраны көтереді. Үндістанның үшінші ай миссиясының негізгі үш мақсаты:
1. Лендерді Ай бетіне қаупсіз, жайлы қондыру;
2. Айда жүретін роверді сынау;
3. Ай бетінде ғылыми зерттеулер жүргізу.
Миссия, осыдан 4 жыл бұрын ұшырылған Chandrayaan-2 сияқты, жорық сатысынан, Ай бетіне қонатын лендер мен роверден тұрады, бірақ бұл жолы орбиталық аппарат қарастырылмаған. Жорық сатысы екі аппаратты Айға жеткізеді, оның бортында сондай-ақ Ай орбитасынан Жерді зерттейтін спектрополяриметр бар. Сатының массасы 2148 кг, қуаты 758 Вт.
Викрам-2 лендері Айдың Оңтүстік полюсіне жақын аймаққа 23 тамызда қонады деп жоспарланған. Ол жайлы қона алмай, қирап қалған Викраммен салыстырғанда жетілдірілген: қону қозғағыштары бесеу емес, төртеу, төрт қону тіреуінің беріктігі артқан, лазерлік доплерлік жылдамдық өлшегіш бар. Лендер бортында 4 ғылыми аспап бар, оның массасы 1752 кг (ровермен бірге), қуаты 738 Вт.
Лендерден алты доңғалақты Прагьям-2 ровері Ай бетіне түсіп, 1 cм/с жылдамдықпен 500 метрге ұзайды. Ол электроқозғағыш күшімен жүреді. Прагьям-2 екі спектрометр көмегімен Айдың химиялық және геологиялық құрамын талдауы тиіс. Ровердің массасы 26 кг, қуаты 50 Вт. Екі аппарат та күн панелінен қуат алатындықтан, бір Ай күні (14 жер тәулігі) ғана жұмыс істейді.
Chandrayaan — санскрит тілінен аударғанда "ай кемесі" деген сөз. 2008-2009 жылдары Чандраян-1 стансасы Ай орбитасынан деректер жіберіп, Оңтүстік полюс маңына ұрылған соққы зонды көмегімен ай бетінде су молекулалары барын анықтаған. Чандраян-2 орбитері 2019 жылдан бері 100 км Ай орбитасында жұмыс істеп тұр. Онымен бірге аттанған Викрам лендерінің сәтсіздікке ұшырағанын айттық.

Ұшырылым эфирі: https://www.youtube.com/watch?v=q2ueCg9bvvQ\
YouTube
Launch of LVM3-M4/CHANDRAYAAN-3 Mission from Satish Dhawan Space Centre (SDSC) SHAR, Sriharikota
Chandrayaan-3 is a follow-on mission to Chandrayaan-2 to demonstrate end-to-end capability in safe landing and roving on the lunar surface. It consists of Lander and Rover configuration. It will be launched by LVM3 from SDSC SHAR, Sriharikota. The propulsion…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҮНДІСТАН ЧАНДРАЯН-3 МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ
Жоспарланғандай, 2023 жылы 14 шілдеде Алматы уақытымен 15:05-те Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) Айға Chandrayaan-3 миссиясын ұшырды. Оны Шрихарикота аралындағы Сатиш Дхаван ғарыш орталығынан LVM3 орта зымыраны көтерді. Зымыранның жоғарғы сатысынан ажыраған жорық модулі Айға 40 күндік жолға шықты.
Отынды аз жұмсайтын ұзақ ерекше траекториямен қозғалатын модуль Ай маңындағы 100 км орбитаға шығуы тиіс. Модульден ажырайтын Викрам-2 лендері Оңтүстік полюс маңына 23 тамызда қонады деп жоспарланған, одан Ай бетіне кішкене ровер түседі. Миссия бір ай күні, яғни 14 жер тәулігіне созылады.
Credit: ISRO

👍1