БЕПИКОЛОМБО ҮШІНШІ РЕТ МЕРКУРИЙГЕ ЖАҚЫН ӨТТІ
2023 жылы 19 маусымда BepiColombo миссиясы Меркурий тұсындағы үшінші гравитациялық маневрін жасап, планетаның түнгі бетінен 236 километрде өтті. Алдыңғы жолдағыдай, зондтар ғаламшарды суретке түсіріп, оның магнитосферасы мен плазмалы ортаны зерттеді. Ал лазерлік биіктік өлшеуіш пен MORE гравитациялық аспабы алғаш қосылды.
Маневрдің арқасында миссияның Күнге қатысты жылдамдығы тағы азайды. Келесі маневр — 2024-тің қыркүйегінде. Оған дейін BepiColombo Күннің тарту күшінің траекторияға әсерін тойтару үшін, жорық сатысының қозғағыштарын ұзақ мерзімге қоса бастайды.
2018 жылы 20 қазанда ұшырылған миссия Меркурий орбитасына, планета тұсынан барлығы алты рет ұшып өткен соң барып, 2025 жылы 5 желтоқсанда шығады. Өйткені Меркурийдің тарту күші өте әлсіз болғандықтан, орбитаға бірден шығуға өте көп отын шығындалар еді.
BepiColombo еуропалық Mercury Planetary Orbiter (MPO) және жапондық Mercury Magnetospheric Orbiter (MMO) зондтары мен оларды Меркурийға жеткізетін еуропалық Mercury Transfer Module (MTM) жорық сатысынан тұрады. MPO бортында 11, ал MMO бортында 5 ғылыми аспап бар. Аппараттар планета бетін, ішкі құрылысын, магнит өрісі мен магнитосферасын бір жыл зерттейді. Тарихтағы үшінші Меркурий миссиясы жайлы арнамызда екі ролик бар.

👍1
95. АЛҒАШ РЕТ ҒАРЫШТАН МЕТИЛ-КАТИОН МОЛЕКУЛАСЫ ТАБЫЛДЫ
Уэбб ғарыштық телескопы Орион тұмандығының ғаламат суретін түсірді. Және бұл деректер тамаша жаңалық жасырып жатыр екен. Тарихта алғаш рет ғарыштан метил-катион (CH3+) атты аса маңызды көміртегі молекуласы анықталды. Ол күрделірек органикалық молекулалардың түзілуінде маңызды роль атқарады.
Метил-катион жас жұлдыз жүйесін қоршаған протопланеталық диск ішінен табылды. Болашақ планеталар түзіліп жатқан дискті таяу жас жұлдыздардың ультракүлгін сәулеленуі атқылауда. УК-сәуле күрделі органиканы жоюы күтілгенімен, ол — сонымен бірге, метил-катион мен күрделірек молекулалардың құрылуына қажет энергия көзі де. УК-сәулеленудің осындай дисктердің химиясына әсерін зерттеу, түптеп келгенде, тіршіліктің пайда болуын жақсырақ түсінуімізге көмектеседі.
Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, M. Zamani (ESA/Webb), PDRs4ALL ERS Team
#ғылымижаңалық

🔥2
96. ОРИОН ҚОСҚЫШЫ ИНФРАҚЫЗЫЛ ЖАРЫҚТА
Орион тұмандығындағы Орион қосқышы ретінде танымал облыстың Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam таяу инфрақызыл камерасы алған кескіні. Сол жақ жоғарғы бұрыштағы Трапеция Кластерінің жоғары энергиялы ультракүлгін жарығы тығыз молекуляр бұлттармен әсерлесуде. Жұлдыз сәулеленуі Орион қосқышын біртіндеп қиратып жатыр.
Кескінде протопланеталық дискі бар d203-506 атты жас жұлдыздық жүйе көрінеді. Осы дисктен тарихта алғаш рет ғарыштағы метил-катион (CH3+) атты көміртегі молекуласы анықталды. Ол күрделірек органикалық молекулалардың түзілуінде маңызды роль атқарады.

ДЖОН ГУДЕНАФ (25.07.1922 — 25.06.2023)
Литий-ион аккумуляторды ойлап тапқандардың бірі Джон Баннистер Гуденаф 100 жасында өмірден озды. Америкалық физик-материалтанушы 1980 жылы литий-ион аккумулятордың катоды ретінде кобальт диоксидін қолдануды ұсынды — бұл батарея сыйымдылығын еселеп арттыруға жол ашты. Ғалым осы жетістігі үшін 2019 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды. Сол кезде 97 жаста болған Гуденаф — Нобель сыйлығының ең қарт лауреаты.
Credit: The University of Texas at Austin
#тұлға

🕊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
STARSHIP S25-ТІҢ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ ӨТТІ
27 маусымда SpaceX компаниясы Starship S25 прототипінің статикалық тұтандыру сынағын өткізді. Ғарыш кемесінің алты қозғағышы бірден қосылып, тексерілді. Илон Масктің айтуынша, бұл Starship жүйесінің екінші ұшырылымына дайындықтың шешуші кезеңі. Бірінші ұшу сынағынан кейінгі өзгерістер жайлы — келесі поста.

STARSHIP САТЫЛАРЫ ЕНДІ "ЫСТЫҚТАЙ" АЖЫРАЙДЫ
Илон Маск Starship жүйесіндегі жаңалықтар жайлы әңгімелеп берді. Негізгі жәйттер:
1. Бірінші ұшырылымнан кейін Старшипке 1000-нан астам өзгеріс енгізілген. Ең маңыздысы — сатылардың "ыстық ажырауы", яғни кеме қозғағыштары қосылған сәтте, үдеткіштің бірнеше қозғағышы әлі жұмыс істеп тұрады. Мұндай "тоқтаусыз тартым" әдеттегі ажыраудан (1-саты қозғағыштарының өшірілуі, сатылардың бөлінуі, содан соң 2-саты қозғағыштарының қосылуы) тиімді, өйткені тартымның азаюына жол бермейді. Бұл әдіс Старшиптің жүк көтергіштігін кем дегенде 10%-ке арттырады.
Бірақ қайта қолданылатын үдеткіштің жоғарғы жағын кеме қозғағыштары жұмысы әсерінен қорғау қажеттігі туындайды. Сондай-ақ үдеткіш пен кеменің арасына кеме қозғағыштарынан шыққан газды сыртқа шығаратын қосымша секция орнату керек (кескінде).
2. Ұшыру алаңын жетілдіру. Старт тағаны астына 1000 текше метр темірбетон іргетас құйылды. Енді оған сумен салқындатылатын болат мегапластиналар орнатылады. Старттағы су жүйесі жоғары қаратылған алып субүріккішке ұқсамақ.
3. Бірінші ұшырылымда әр кезде жасалған неше түрлі қозғағыштар қолданылған еді. Жаңаларында газды негізгі камераға беретін газтарату коллекторы жетілдірілді. Ол қозғағыштағы ең қауіпті агрегат екен. Коллектордың болттары астынан кеткен өте ыстық газ көп қиындық туындатқан.
4. Starship бағдарламасына қазіргі күнге дейін 2 млрд доллардан астам қаржы жұмсалды, биыл сома $3 млрд-қа жақындайды.
Бірінші сынақтың барысы — видеода

Жазғы кеш түсе оңтүстікке бет бұрсаңыз, биік екі жарық жұлдыз бірден байқалады. Олар: түнгі аспандағы 4-ші жарық жұлдыз Арктур мен 16-шы орындағы Спика. Толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте.
#бейнеролик
#бейнеролик
YouTube
Спика мен Арктур — маусымдағы жарық жұлдыздар
Маусым кештері түсе, оңтүстікке бет бұрсаңыз, биіктен ерекше жарық екі жұлдызды көресіз. Бұлар — Спика мен Арктур.
Көкшіл-ақ ☆ Спика — Бикеш шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз, ал түнгі аспандағы 16-шы жарық жұлдыз. Ол бізден шамамен 250 жарық жылында және…

👍2
GALACTIC 01 СУБОРБИТАЛЫҚ МИССИЯСЫ — 29 МАУСЫМДА
Virgin Galactic компаниясы алғашқы коммерциялық Galactic 01 миссиясын 2023 жылы 29 маусымда, Алматы уақытымен 21:00-де ұшырады. VSS Unity космопланы бортында суборбитаға Италия Әскери-Әуе күштерінің үш өкілі мен компания қызметкері аттанады. Олар:
🇮🇹 Вальтер Вилладеи
🇮🇹 Панталионе Карлуччи
🇮🇹 Анжело Ландольфи
🇺🇸 Колин Беннет (2-ші суборбиталық ұшу)
VSS Unity ұшықыштары:
🇺🇸 Майкл Мазуччи (4)
🇮🇹 Никола Пекиле
VMS Eve тасығыш ұшағы Нью-Мексикодағы "Америка" космопортынан көтеріледі. VSS Unity осы космопорт жолағына ұшақша қонуы тиіс.

Ертең еуропалық Euclid ғарыштық телескопы ұшырылады. Миссия жайлы қысқа да нұсқа — арнадағы жаңа роликте.
YouTube
Euclid қысқаша. Ұшырылым — 1 шілде 2023, 21:11
Ұшырылым — 1 шілде 2023, 21:11 /Алматы уақыты/
Тікелей эфир: https://www.youtube.com/watch?v=2OJ6lCFS29Y
Еуропа ғарыш агенттігінің Euclid миссиясы қараңғы Әлемнің құрамы мен эволюциясын зерттеуге арналған. Ғарыштық телескоп аспанның үштен бірінен астам бөлігіндегі…

ӘЛЕМДЕГІ ТӨМЕН ЖИІЛІКТІ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТОЛҚЫНДАР «ГУІЛІ» АЛҒАШ ТІРКЕЛДІ
NANOGrav коллаборациясының астрономдары наногерцтік гравитациялық толқындар шығарған шудың сенімді дәлелдері алғаш анықталғанын хабарлады. Олар Құс Жолындағы 67 радиопульсарды 15 жыл бойғы қадағалау деректерін талдап шыққан. Бұл жаңалықтың мәнін келесі абзацта ғылыми тілде жазып, төменірек — қарапайым түсіндіруге тырысамыз.
Теория бойынша, массасы 10^8 —10^10 Күн массасындай аса ауыр қара құрдымдар баяу жақындасқанда, Әлемде төмен жиілікті гравитациялық толқындардың тұрақты шу тәрізді кең жолақты сигналы пайда болады. Алайда ғалымдар мұндай фон барының жеткілікті сенімді дәлелдерін таба алмай келген еді. Жаңалықтың статистикалық мәнділігі 3,5–4 сигма, кеңістік-уақыт метрикасы деформациясының амплитудасы (2,4x10^–15) мен гравитациялық толқын фонының спектрі сигналдың қосар аса ауыр қара құрдымдардан шыққанын растайды.
Гравитациялық толқындар — кеңістік-уақыт қисықтығының әлсіз тербелістері. Олар Әлем арқылы өткенде, кеңістік пен уақытты шымырлатып, сәл ғана бұрмалайды. Гравтолқындар барын 1916 жылы А. Эйнштейн болжаған. Асимметриялы үдеумен қозғалатын кез келген материя гравитациялық толқын шығарады, бірақ ол өте әлсіз болғандықтан, қара құрдым мен нейтрон жұлдыз сияқты ауыр денелердің бірігуінен шыққанын ғана тіркеуге мүмкіндік бар. Мұның өзі адам айтқысыз дәл әрі нәзік құрылғының арқасында, тарихта алғаш рет 2015 жылы 14 қыркүйекте, Эйнштейн болжамынан бір ғасырдан соң жасалды. Бұл жетістікке арналған ролигімізді көрген жөн.
Сонымен, соңғы жаңалықтың мәні неде? Бұған дейін Күннен сәл ауыр нейтрон жұлдыздардан бастап, әрі кеткенде 90 Күн массасындай "шағын" қара құрдымдардың бірігуінен шыққан қысқа толқындар тіркелген. LIGO мен VIRGO детекторлары тіркеген гравтолқындардың жиілігі 35–250 Герц. Жарық жылдамдығымен таралатын бұл гравитациялық толқындар секундына 100 тербеліс жасайды десек, толқын ұзындығы 3000 км шамасында. Оларды анда-санда бір шертілетін ішектің тыңқылына теңейік.
Ал жаңа ашылған гравтолқындардың жиілігі әлдеқайда аз, 10 наногерц (10^–8 Гц) маңында. Демек бұлар адам айтқысыз ұзын, 30 триллион километр, немесе шамамен 1 парсек! Толқын ұзындығы 3 жарық жылынан астам, сәйкесінше төмен жиілікті гравтолқын туғызатын тербеліс периоды жылдарға созылады. Бұл гравтолқындарды бүкіл Әлемді кернеген төмен жиілікті гуілмен салыстыруға болады. Олардың шығу көзі — жүздеген миллион, тіпті миллиардтаған күн массасындай аса ауыр қара құрдымдар.
Әлемдегі галактикалар үнемі соқтығысып, бірігіп жатады. Екі галактика біріккенде, олардың орталықтарындағы аса ауыр қара құрдымдар да жақындасып, бір-бірін айнала келе, қосылып кетеді. Суға тастаған тас су бетін шымырлатқанындай, мұндай айлапат ауыр нысандардың әсерлесуі қоршаған кеңістік-уақыттың өзін дірілдетеді. Осы діріл, яғни гравитациялық толқын жарық жылдамдығымен жан-жаққа таралып, кеңістік пен уақытты бір сығып, бір созып өтеді. Бірақ планетадан миллиард есе ұзын толқынды Жер бетіндегі ешбір аспаппен тіркеу мүмкін емес.
Бақытқа орай, біз Жерден әлдеқайда үлкен галактикада тұрамыз. Құс Жолында төмен жиілікті гравтолқындардың өзін болмаса да, белгілерін жанама жолмен тіркей алатын нысандар бар. Әңгіме ешқашан өзгермейтін дәл уақыт кезеңі сайын радиосәулелену шығарып тұратын өлі жұлдыздар — радиопульсарлар жайында. Олар алыс ғарыштағы идеал дәл сағат іспетті. Алайда гравитациялық толқындар кеңістік-уақыт тінін шымырлатқанда, пульсар мен Жердің ара қашықтығы өзгеріп, пульсарға тән ерекше тұрақты ырғақ азғана бұрмаланады. Радиосигнал бізге сәл ерте, не сәл кеш жетеді. Әрине, болымсыз бір қатеден қорытынды жасауға болмайды. Дегенмен көптеген пульсарды ұзақ уақыт қадағалау арқылы төмен жиілікті гравтолқын белгісін анықтау мүмкін нәрсе.

👍1🔥1
NANOGrav жобасы аясында астрономдар Америкадағы Грин-Бэнк, Аресибо және Very Large Array радиотелескоптары көмегімен 67 радиопульсарды 15 жыл бақылаған. Олардан тәуелсіз Аустралия, Еуропа, Қытай, Үндістан ғалымдары 18 жыл бақылау жүргізген. Барлығы 115 пульсар бойынша мәлімет бар. Зерттеушілер деректерін біріктіріп жатыр, қорытынды нәтиже 1–2 жылда шығып қалар. Айтылған әдіс төмен жиілікті гравтолқынның дәл қайдан келгенін анықтай алмайды, ол шулы қаладағы жалпы фондық гуіл іспетті. Және бұл гуіл ғалымдар болжамынан қаттырақ екен, демек қара құрдымдар бұрын ойлағаннан жиірек бірігеді, не болмаса... Әлем туралы түсінігімізді өзгертуге тура келеді.
Наногерцтік гравитациялық толқындарды аса ауыр қара құрдымдар жұбы шығаратыны ашылды деуге әлі ерте, бірақ мұның жанама белгілері жоғары ықтималдықпен анықталды. Қатенің ықтималдығы — 1:10 000, ал ғылыми теориялар үшін "алтын стандарт" — 1:1 000 000. Толқынның басқа да көздерін — "алғашқы" қара құрдымдарды, не болжалды ғарыштық ішектерді — есептен шығаруға болмайды.
#көбәріп #қарақұрдым #гравтолқын #ғылымижаңалық

🔥1
Кескіндер:
1. "Шағын" қара құрдымдардың бірігуі шығарған қысқа гравтолқындар (2015 жылы ашылды) мен аса ауыр қара құрдымдардың жақындасуы туғызған суперұзын гравтолқындар
BBC
2. Аса ауыр қара құрдымдар шығаратын гравтолқындардың визуализациясы
Aurore Simonnet, NANOGrav Collaboration

Біздің арнада гравтолқындарды суреттермен түсіндіретін жақсы ролик бар: https://youtu.be/QUBBLMdi13c
YouTube
Гравитациялық толқындар суретпен түсіндіріледі
Бұл бейнероликте LIGO коллаборациясы анықтаған гравитациялық толқындар судағы толқын, дыбыс және электромагниттік толқындармен салыстыру арқылы түсіндіріледі. Гравитациялық толқынды тіркегені үшін 2017 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы Райнер Вайсс…
1 ШІЛДЕ 2023 — ШОЛПАН МАРСТЫҢ ЖАНЫНДА
Шілденің алғашқы кештерінде батыстан, Арыстан шоқжұлдызынан, Шолпан мен Марстың жақындасуын көре аламыз. Ай мен планеталардың шілдедегі кездесулері жайлы — арнадағы жаңа роликте.
Кескін: Sky&Telescope

EUCLID ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ 1 ШІЛДЕДЕ ҰШЫРЫЛАДЫ
Сонымен, бүгін Алматы уақытымен 21:12-де еуропалық Euclid ғарыштық телескопы ұшырылады. Falcon 9 зымыраны оны Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесіне қарай жолға шығарып жібереді. Euclid Әлемдегі екі жұмбақ нәрсенің — қараңғы материя мен қараңғы энергияның сырын ашуға көмектеседі. Жаңа ғарыштық телескоп жайлы толығырақ арнадағы ұзақ роликте.
Credit: ESA

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ал Euclid'ті ғарышқа аттандыратын зымыранның 1-сатысы Жерге оралады. Осындай бір сатының не көргені — видеода.
Видео: SpaceX
Видео: SpaceX
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2023 жылы 1 шілдеде, Алматы уақытымен 21:12-де Канаверал базасынан көтерілген SpaceX Falcon 9 зымыраны Еуропа ғарыш агенттігінің Euclid ғарыштық телескопын сәтті ұшырды
👍1