Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
CREW-7 ҒАРЫШКЕРЛЕРІ MRAP КӨЛІГІНДЕ

Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңында апат жағдайында персоналды эвакуациялауға арналған сауытты көлік (MRAP) бар.
Credit: SpaceX/NASA
👍1
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨРТТЕР КАРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ_ӨРТТЕР_КАРТАСЫН_ПАЙДАЛАНУ_БОЙЫНША_НҰСҚАУЛЫҚ.pdf
2.2 MB
Сделали инструкцию к интерактивной карте пожаров, которую вчера бесплатно отдали стране.

Инструкция пока только қазақша, на русском будет чуть позже. Но вполне доступная и понятная.

В принципе, освоить работу с этой картой, даже для человека незнакомого со спутниками, занимает примерно минут 15. Лишь бы умел пользоваться компьютером и браузером.

Надеемся это поможет специалистам на местах более эффективно выявлять риски пожаров и избежать потери ценных природных ресурсов, имущества - и не дай бог, жизней.

А если эта система спасёт хотя бы одну человеческую жизнь - значит уже всё не зря.
@kazchuvash
МАРСТЫҢ ТҮСТІ ПОРТРЕТІ

2003 жылы 20 маусымда Байқоңырдан ұшырылған Mars-Express орбитерінің 20 жылдығына орай, Еуропа ғарыш агенттігі мынадай Марс портретін жариялады. Ол аппараттың жоғары ажыратымды стереокамерасы (HRSC) 4–10 мың км биіктіктен түсірген фотолардан құрастырылған. Қызыл Планетаның әр аймағындағы минералдар құрамының айырмасын көрсету үшін, кескіннің түстері қанықтырылған.

Калтех зерттеушілері Марстың әзірге ең толық үш өлшемді глобусын жасағанын жазғанбыз. Ал "Әл Амал" орбитерінің ғылыми командасы Марс бетінің жаһандық түсті картасын жариялаған.

Фото: ESA/DLR/FU Berlin/G. Michael, CC BY-SA 3.0 IGO
1
21 МАУСЫМ 2023 — ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ

Ертең, Алматы уақытымен 20:57-де Солтүстік жартышарда астрономиялық жаз басталады. Маусымдағы күн тоқырауына қатысты бір қызық дерек — арнадағы жаңа роликте.

Кескін: StarWalk
#күнтізбе #бейнеролик
21–22 МАУСЫМ 2023 — АЙ, ШОЛПАН, МАРС ҮШТІГІ

Бүгін және ертең кешке жас Айдың жіңішке орағы жарқыраған Шолпан мен қызыл Марспен әдемі үштік құрайды. Күн батқаннан бір сағат өте, аспанның батыс жағына қарауды ұмытпаңыз. Қосымша ақпарат — арнайы бейнероликте.

Кескін: Sky & Telescope
#күнтізбе
👍1
DELTA IV HEAVY-ДІҢ СОҢҒЫ ЕКІ СТАРТЫНЫҢ БІРІ — 22 МАУСЫМДА

2023 жылы 22 маусымда, Алматы уақытымен 13:25-те Delta IV Heavy ауыр зымыраны Канаверал әскери базасынан АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының (NRO) NROL-68 жерсерігін геостационар орбитаға көтереді. Бұл әдетте жылына бір ұшатын ауыр тасығыштың 15-ші старты. Ең соңғы, 16-шы ұшырылым келесі жылға жоспарланған.

Осылайша, Delta IV тектес және жалпы Delta маркалы зымырандар тарихы аяқталуға жақын. Boeing корпорациясы өндіріп, ғарышқа ULA операторы жіберетін атақты зымыранның ұшуын сілтемеден көре аласыз. Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыранының соңғы ұшырылымы шілдеге шегерілгенін айта кетейік.
👍2
МАСК ПЕН ЦУКЕРБЕРГ ОКТАГОНДА КЕЗДЕСУГЕ УАҒДАЛАСТЫ ДЕЙДІ

Илон Маск 52 жаста, қазір спортпен айналыспайтын болса керек. Марк Цукерберг 39-да, аралас жекпе-жекпен баяғыдан шұғылданады, джиу-джитсу жарыстарында де жеңген екен. Ғарыш өнеркәсібіне зиян тимесе игі😜
👍1😱1
АЙЫҢ ТУСЫН ОҢЫҢНАН, ЖҰЛДЫЗЫҢ ТУСЫН СОЛЫҢНАН!

Марс, Шолпан, Ай. 21 маусым 2023 жыл, Бішкек.
Фото авторы: Александр Смирнов
2👍1
ТАҒЫ БІР ҒАРЫШТЫҚ ТУРИСТ ҚАЗА ТАПТЫ

АҚШ Жағалау күзеті Титаник кемесі батқан тұсқа сүңгу барысында жоғалып кеткен Титан батискафының сынықтары Атлант мұхиты түбінен табылғанын хабарлады. Аппаратты 3600 метр тереңдіктегі су қысымы жаншып жіберген, борттағы бес адам қаза тапқан.

Олардың арасында британ миллиардері, ұшқыш Хэмиш Хардинг те болды. Бизнес-джет құрастыратын Action Aviation компаниясының төрағасы байлығын экстремал саяхаттарға жұмсаған. Антарктикада талай болған ол, 2016 жылы Базз Олдриннің Оңтүстік полюске саяхатына көмектесті, 2019-да Терри Витспен бірге екі полюсті басып Жер шарын айнала ұшу жылдамдығы рекордын жаңартты, 2021 жылы Мариан шұңғымасының ең терең жері — Челленджер тұңғиығына түсті. Ал былтыр Хардинг Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен 107 км суборбитаға көтерілген еді.

Безостың осымен екінші жолаушысы қаза тауып отыр. 2021 жылы суборбитаға ұшып келгеннен бір айдан соң, америкалық кәсіпкер Глен де Вриз өзі басқарған жекеменшік ұшақ апатынан қаза болған. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені осы кісілердей қатерлі саяхатқа әуес ауқатты адамдар ғарышқа да ұмтылатыны түсінікті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4. БАСҚА АЗАМАТТЫҚ ҒЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ

Басқа да астрономиялық азаматтық ғылым жобалары:
Solar Jet Hunter — SDO ғарыштық обсерваториясы алған суреттерден күн джеттерін табу.
Spiral Graph — спираль галактикалардың тармақтарының ширатылу деңгейін анықтау. Өте қызық жоба!
Jovian Vortex Hunter — НАСА-ның Юпитер атмосферасындағы құйындарды іздеу үшін ашқан жобасы.

Credit: NASA, ESA, S. Beckwith (STScI), The Hubble Heritage Team (STScI/AURA)
👍2
EUCLID ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ 1 ШІЛДЕДЕ ҰШЫРЫЛАДЫ

2023 жылы 1 шілдеде Falcon 9 зымыранымен еуропалық Euclid ғарыштық телескопы ұшырылады. Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесінде жұмыс істейтін аппарат ғалымдарға Әлемдегі екі жұмбақ нәрсенің — қараңғы материя мен қараңғы энергияның сырын ашуға көмектеседі. Euclid миссиясы жайлы толығырақ арнадағы жаңа роликте айтылады.
#бейнеролик
🥰1👏1
ХҒС-ТАҒЫ iROSA КҮН ПАНЕЛЬДЕРІ

2023 жылғы маусымда НАСА астронавтары Халықаралық ғарыш стансасының бесінші және алтыншы iROSA орама күн панельдерін жазды. Алғашқы екі iROSA 2021 жылдың маусымында, келесі екеуі — 2022 жылы желтоқсанда орнатылған еді.

ХҒС-ты электр энергиясымен төрт жұп үлкен күн панельдері қамтамасыз етеді. Әр жұп 20 кВт, ал бәрі бірлесіп 160 кВт энергия өндіруі тиіс. Бірінші жұп 2000 жылы желтоқсанда, келесілері — 2006, 2007, 2009 жылдары орнатылған. 15 жыл жұмысқа есептелген панельдер әлі тоқ беріп тұр, бірақ біртіндеп тозып, қуаты төмендей бастағаны түсінікті.

Сондықтан НАСА тапсырысы бойынша Boeing корпорациясы жаңа Roll Out Solar Array (ROSA) жеңіл иілгіш панельдерін жасады. Ол дәл сонша энергия өндіретін бұрынғы қатаң панельдерден 20%-ке жеңіл, ал ауданы 25%-ке кіші. Рулон түрінде оралған ROSA Dragon жүк кемесінің сыртқы жүктасығышында аз орын алады. Оның орауын жазу үшін қозғағыш керек емес, панель онымен бірге оралған композит уықтардың потенциал энергиясы есебінен өзі ашылады.

ROSA 2017 жылы маусымда ХҒС-қа жіберіліп, 12 күн сынақтан өткен соң, алынып тасталды. Пайдалануға оның үлкенірек ISS Roll Out Solar Array (iROSA) нұсқасы қабылданды. Алғашқы екі iROSA көбірек тозған ең ескі күн панельдерінің бетіне орнатылды. Қазір iROSA саны алтауға жеткенін айттық. Бірақ жаңа панельдер кішірек болғандықтан, ескілерін толық көлегейлемейді.

Жаңа үлгідегі алты панельдің де әрқайсы 20 кВт энергия өндіреді. Бұл 120 килоВаттқа көлегейленбеген бір жұп және ішінара жабылған үш жұп ескі панель беретін 95 кВт-ты қоссақ, күн жарығы түскен станса 215 кВт қуат алады. Оның жартысы борттық жабдықтар қажетіне жұмсалса, жартысы станса Жер көлеңкесіне енгенде қуат беретін литий-ион аккумуляторларды зарядтайды.

Он айлық сапардан соң астероидқа соғылған DART миссиясы iROSA панельдерінен қуат алған алғашқы планетааралық аппарат болды. Ай орбитасында құрастырылатын болашақ Gateway ғарыш стансасы да осындай күн панельдерімен жабдықталмақ.

Credit: NASA
#хғс
БЕПИКОЛОМБО ҮШІНШІ РЕТ МЕРКУРИЙГЕ ЖАҚЫН ӨТТІ

2023 жылы 19 маусымда BepiColombo миссиясы Меркурий тұсындағы үшінші гравитациялық маневрін жасап, планетаның түнгі бетінен 236 километрде өтті. Алдыңғы жолдағыдай, зондтар ғаламшарды суретке түсіріп, оның магнитосферасы мен плазмалы ортаны зерттеді. Ал лазерлік биіктік өлшеуіш пен MORE гравитациялық аспабы алғаш қосылды.

Маневрдің арқасында миссияның Күнге қатысты жылдамдығы тағы азайды. Келесі маневр — 2024-тің қыркүйегінде. Оған дейін BepiColombo Күннің тарту күшінің траекторияға әсерін тойтару үшін, жорық сатысының қозғағыштарын ұзақ мерзімге қоса бастайды.

2018 жылы 20 қазанда ұшырылған миссия Меркурий орбитасына, планета тұсынан барлығы алты рет ұшып өткен соң барып, 2025 жылы 5 желтоқсанда шығады. Өйткені Меркурийдің тарту күші өте әлсіз болғандықтан, орбитаға бірден шығуға өте көп отын шығындалар еді.

BepiColombo еуропалық Mercury Planetary Orbiter (MPO) және жапондық Mercury Magnetospheric Orbiter (MMO) зондтары мен оларды Меркурийға жеткізетін еуропалық Mercury Transfer Module (MTM) жорық сатысынан тұрады. MPO бортында 11, ал MMO бортында 5 ғылыми аспап бар. Аппараттар планета бетін, ішкі құрылысын, магнит өрісі мен магнитосферасын бір жыл зерттейді. Тарихтағы үшінші Меркурий миссиясы жайлы арнамызда екі ролик бар.
👍1
Credit: ESA / JAXA
👍1
95. АЛҒАШ РЕТ ҒАРЫШТАН МЕТИЛ-КАТИОН МОЛЕКУЛАСЫ ТАБЫЛДЫ

Уэбб ғарыштық телескопы Орион тұмандығының ғаламат суретін түсірді. Және бұл деректер тамаша жаңалық жасырып жатыр екен. Тарихта алғаш рет ғарыштан метил-катион (CH3+) атты аса маңызды көміртегі молекуласы анықталды. Ол күрделірек органикалық молекулалардың түзілуінде маңызды роль атқарады.

Метил-катион жас жұлдыз жүйесін қоршаған протопланеталық диск ішінен табылды. Болашақ планеталар түзіліп жатқан дискті таяу жас жұлдыздардың ультракүлгін сәулеленуі атқылауда. УК-сәуле күрделі органиканы жоюы күтілгенімен, ол — сонымен бірге, метил-катион мен күрделірек молекулалардың құрылуына қажет энергия көзі де. УК-сәулеленудің осындай дисктердің химиясына әсерін зерттеу, түптеп келгенде, тіршіліктің пайда болуын жақсырақ түсінуімізге көмектеседі.

Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, M. Zamani (ESA/Webb), PDRs4ALL ERS Team
#ғылымижаңалық
🔥2
96. ОРИОН ҚОСҚЫШЫ ИНФРАҚЫЗЫЛ ЖАРЫҚТА

Орион тұмандығындағы Орион қосқышы ретінде танымал облыстың Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam таяу инфрақызыл камерасы алған кескіні. Сол жақ жоғарғы бұрыштағы Трапеция Кластерінің жоғары энергиялы ультракүлгін жарығы тығыз молекуляр бұлттармен әсерлесуде. Жұлдыз сәулеленуі Орион қосқышын біртіндеп қиратып жатыр.

Кескінде протопланеталық дискі бар d203-506 атты жас жұлдыздық жүйе көрінеді. Осы дисктен тарихта алғаш рет ғарыштағы метил-катион (CH3+) атты көміртегі молекуласы анықталды. Ол күрделірек органикалық молекулалардың түзілуінде маңызды роль атқарады.

Credit: ESA/Webb, NASA, CSA, M. Zamani (ESA/Webb), PDRs4ALL ERS Team