Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
АНТЕННАДАҒЫ БЕС МЫСЫҚ

SpaceX Starlink жерсеріктік интернет қызметінің қолданушысы терминал қорабынан шыққан жапсырманың фотосын жариялады. Жапсырмадағы сурет 2021-дің желтоқсанындағы қатты аязда Старлинк антеннасында жылынып отырған бес мысықтың фотосына сілтейді. Аса жоғары жиіліктегі сәулелену шығаратын фазалық антенналық тор аздап қызады.
1😁1
2. ЖАҢА АСТЕРОИДТАР ІЗДЕУГЕ АТСАЛЫСЫҢЫЗ

Каталина аспан шолуы командасы The Daily Minor Planet азаматтық ғылым жобасын бастады. Ол Zooniverse азаматтық ғылым порталында. Кез келген ерікті астрономдарға Каталина шолуы кескіндерінен жаңа астероид табуға көмектесе алады. Шолу телескоптары әр түні мыңдаған сурет түсіретіндіктен, ғалымдар оларды тексеріп шығуға үлгермей жатыр.

Үйрету курсынан өткен соң, автомат жүйе қозғалатын нүкте болуы ықтимал деп белгілеген нысандардың фондағы бұлыңғыр жұлдыз, жерсерік, ғарыштық қоқыс әлде оптикалық артефакт емесін тексеру қажет. Олар бұрын белгісіз Негізгі белдеу астероиды не жермаңы астероид болып та шығуы мүмкін! Сондықтан жаңа астероид ашылған жағдайда, оны ашушының есімі ұмытылмас үшін, міндетті түрде тіркелу керек.
👍3🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ХҒС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2023 жылы 15 маусымда НАСА астронавтары Стив Боуэн мен Вуди Хобург 5 сағат 35 минутқа ашық ғарышқа шығып, алтыншы iROSA иілгіш орама күн панелін орнатып, жайды. Олар 9 маусым күні бесінші панельді жайған еді. Бұл екі iROSA-ны CRS-28 миссиясының Cargo Dragon жүк кемесі жеткізген. iROSA панельдері жайлы толығырақ келесі поста.

Credit: NASA
#хғс
🔥2
АРИАН 5-ТІҢ СОҢҒЫ ҰШЫРЫЛЫМЫ ШЕГЕРІЛДІ

Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыранының осы түнге жоспарланған соңғы, 117-ші миссиясы белгісіз мерзімге шегерілді. Arianespace ұшыру оперторының айтуынша, қатты отын жағатын үдеткіштермен байланыс желісінен кемшілік табылған. Ариан-5 Syracuse 4B француз әскери байланыс жерсерігі мен Heinrich Hertz герман эксперименттік аппаратын геоөтпелі орбитаға көтеруі тиіс. Сонда да атақты зымыранның қызметі аяқталуына арналған жаңа бейнероликті көріңіз.
#бейнеролик
👍1
ЗЫРЫЛДАУЫҚТАҒЫ СУПЕРЖАҢА GEMINI NORTH КӨЗІМЕН

M101 немесе «Зырылдауық» спираль галактикасы Жерден 21 млн жарық жылы қашықтықта, Үлкен Аю шоқжұлдызында орналасқан. Оның Жерге қатысты орналасуы галактиканың спираль құрылымы мен триллион жұлдызын айшықтайды. Сол себепті, M101 — ең жиі суретке түсірілетін галактиканың бірі.

2023 жылы 19 мамырда әуесқой астроном Коичи Итагаки оның спираль тармақтарының бірінің сыртқы жағында SN 2023ixf деген атқа ие болған супержаңа жанғанын байқады. Оны 12 Күн массасынан ауыр қызыл супералыптың жарылысы туғызған. Сутегі қорын жағып тауысқан жұлдыз сыртқы қабықтарын ұстап тұра алмай қалды. Жұлдыз күйреп, сыртқы қабықтар 0,23 жарық жылдамдығындай жылдамдықпен қирады. 10 секунд ішінде Күн бүкіл 10 миллиард жылдық ғұмырында шығаратындай энергия бөлінді.

II типті супержаңа Gemini North телескопы алған суретте спираль тармақтардың біріндегі төтенше жарық көгілдір жұлдыз түрінде көрінеді. Гавайдағы Мауна-Кеа сөнген жанартауы шыңында орнатылған 8,1 метрлік телескоп, жеті айлық жөндеуден соң, дәл мамырда қайта қосылған еді. SN 2023ixf — соңғы онжылдықтағы Жерге ең жақын және ең жарық супержаңа. +10,8m жұлдыздық шамадағы шырақты апертурасы 114 мм-ден үлкен әуесқой телескоптармен де әлі бірнеше ай көруге болады.

Коичи Итагаки 2018 жылы ашқан, Күннен 5 млрд есе жарық Ia типті супержаңа жайлы — роликте.
👍1
Credit: NSF / NOIRLab
👍1
3. АЛЫС ГАЛАКТИКАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Zooniverse азаматтық ғылым порталы базасында Redshift Wrangler жобасы басталды. Рочестер технологиялық институты ғалымдары ашқан жоба аясында Хаббл ғарыштық телескопы мен Кек обсерваториясы алған галактика спектрлері талданады.

Жобаға еріктілер қатыса алады, жұмысқа кірісер алдын үйрету курсынан өтіп, тіркелу керек. Ешқандай астрономиялық білім қажет емес. Ұсынылған алыс галактикалар кескіндері мен спектрлерінен әртүрлі химиялық элементтердің сәулелену және жұтылу сызықтарын табу керек болады. Ғалымдар осы деректер көмегімен галактикалардың космологиялық қызыл ығысуын анықтайды.

Credit: NASA; ESA; G. Illingworth; D. Magee, P. Oesch / University of California; R. Bouwens / Leiden University; UDF09 Team
CREW-7 МИССИЯСЫНЫҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

16 маусымда Crew Dragon ғарыш кемесімен ХҒС-қа аттанатын 7-ші экипаждың соңғы мүшесі белгілі болды. Миссия маманы болып Роскосмос космонавты Константин Борисов (1-ші ғарыштық сапары) бекітілді. Ол кеме командирі Жасмин Могбели (НАСА, 1), ұшқыш Андреас Могенсен (ЕҒА/Дания, 2) және миссия маманы Сатоси Фурукавамен (JAXA, 2) бірге 17 тамызда ұшуы тиіс.

Суретте солдан оңға қарай: Борисов, Могенсен, Могбели, Фурукава
Credit: SpaceX / NASA
👍1
CREW-7 ҒАРЫШКЕРЛЕРІ MRAP КӨЛІГІНДЕ

Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңында апат жағдайында персоналды эвакуациялауға арналған сауытты көлік (MRAP) бар.
Credit: SpaceX/NASA
👍1
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨРТТЕР КАРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ_ӨРТТЕР_КАРТАСЫН_ПАЙДАЛАНУ_БОЙЫНША_НҰСҚАУЛЫҚ.pdf
2.2 MB
Сделали инструкцию к интерактивной карте пожаров, которую вчера бесплатно отдали стране.

Инструкция пока только қазақша, на русском будет чуть позже. Но вполне доступная и понятная.

В принципе, освоить работу с этой картой, даже для человека незнакомого со спутниками, занимает примерно минут 15. Лишь бы умел пользоваться компьютером и браузером.

Надеемся это поможет специалистам на местах более эффективно выявлять риски пожаров и избежать потери ценных природных ресурсов, имущества - и не дай бог, жизней.

А если эта система спасёт хотя бы одну человеческую жизнь - значит уже всё не зря.
@kazchuvash
МАРСТЫҢ ТҮСТІ ПОРТРЕТІ

2003 жылы 20 маусымда Байқоңырдан ұшырылған Mars-Express орбитерінің 20 жылдығына орай, Еуропа ғарыш агенттігі мынадай Марс портретін жариялады. Ол аппараттың жоғары ажыратымды стереокамерасы (HRSC) 4–10 мың км биіктіктен түсірген фотолардан құрастырылған. Қызыл Планетаның әр аймағындағы минералдар құрамының айырмасын көрсету үшін, кескіннің түстері қанықтырылған.

Калтех зерттеушілері Марстың әзірге ең толық үш өлшемді глобусын жасағанын жазғанбыз. Ал "Әл Амал" орбитерінің ғылыми командасы Марс бетінің жаһандық түсті картасын жариялаған.

Фото: ESA/DLR/FU Berlin/G. Michael, CC BY-SA 3.0 IGO
1
21 МАУСЫМ 2023 — ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ

Ертең, Алматы уақытымен 20:57-де Солтүстік жартышарда астрономиялық жаз басталады. Маусымдағы күн тоқырауына қатысты бір қызық дерек — арнадағы жаңа роликте.

Кескін: StarWalk
#күнтізбе #бейнеролик
21–22 МАУСЫМ 2023 — АЙ, ШОЛПАН, МАРС ҮШТІГІ

Бүгін және ертең кешке жас Айдың жіңішке орағы жарқыраған Шолпан мен қызыл Марспен әдемі үштік құрайды. Күн батқаннан бір сағат өте, аспанның батыс жағына қарауды ұмытпаңыз. Қосымша ақпарат — арнайы бейнероликте.

Кескін: Sky & Telescope
#күнтізбе
👍1
DELTA IV HEAVY-ДІҢ СОҢҒЫ ЕКІ СТАРТЫНЫҢ БІРІ — 22 МАУСЫМДА

2023 жылы 22 маусымда, Алматы уақытымен 13:25-те Delta IV Heavy ауыр зымыраны Канаверал әскери базасынан АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының (NRO) NROL-68 жерсерігін геостационар орбитаға көтереді. Бұл әдетте жылына бір ұшатын ауыр тасығыштың 15-ші старты. Ең соңғы, 16-шы ұшырылым келесі жылға жоспарланған.

Осылайша, Delta IV тектес және жалпы Delta маркалы зымырандар тарихы аяқталуға жақын. Boeing корпорациясы өндіріп, ғарышқа ULA операторы жіберетін атақты зымыранның ұшуын сілтемеден көре аласыз. Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыранының соңғы ұшырылымы шілдеге шегерілгенін айта кетейік.
👍2
МАСК ПЕН ЦУКЕРБЕРГ ОКТАГОНДА КЕЗДЕСУГЕ УАҒДАЛАСТЫ ДЕЙДІ

Илон Маск 52 жаста, қазір спортпен айналыспайтын болса керек. Марк Цукерберг 39-да, аралас жекпе-жекпен баяғыдан шұғылданады, джиу-джитсу жарыстарында де жеңген екен. Ғарыш өнеркәсібіне зиян тимесе игі😜
👍1😱1
АЙЫҢ ТУСЫН ОҢЫҢНАН, ЖҰЛДЫЗЫҢ ТУСЫН СОЛЫҢНАН!

Марс, Шолпан, Ай. 21 маусым 2023 жыл, Бішкек.
Фото авторы: Александр Смирнов
2👍1
ТАҒЫ БІР ҒАРЫШТЫҚ ТУРИСТ ҚАЗА ТАПТЫ

АҚШ Жағалау күзеті Титаник кемесі батқан тұсқа сүңгу барысында жоғалып кеткен Титан батискафының сынықтары Атлант мұхиты түбінен табылғанын хабарлады. Аппаратты 3600 метр тереңдіктегі су қысымы жаншып жіберген, борттағы бес адам қаза тапқан.

Олардың арасында британ миллиардері, ұшқыш Хэмиш Хардинг те болды. Бизнес-джет құрастыратын Action Aviation компаниясының төрағасы байлығын экстремал саяхаттарға жұмсаған. Антарктикада талай болған ол, 2016 жылы Базз Олдриннің Оңтүстік полюске саяхатына көмектесті, 2019-да Терри Витспен бірге екі полюсті басып Жер шарын айнала ұшу жылдамдығы рекордын жаңартты, 2021 жылы Мариан шұңғымасының ең терең жері — Челленджер тұңғиығына түсті. Ал былтыр Хардинг Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен 107 км суборбитаға көтерілген еді.

Безостың осымен екінші жолаушысы қаза тауып отыр. 2021 жылы суборбитаға ұшып келгеннен бір айдан соң, америкалық кәсіпкер Глен де Вриз өзі басқарған жекеменшік ұшақ апатынан қаза болған. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені осы кісілердей қатерлі саяхатқа әуес ауқатты адамдар ғарышқа да ұмтылатыны түсінікті.