Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SPACEX ЖЕРСЕРІК КОМПАНИЯСЫ РЕТІНДЕ КӨБІРЕК АҚША ТАБА БАСТАДЫ

Бірден айту керек, SpaceX жария компания емес, сондықтан қаржылық есебін жарияламайды. Дегенмен Payload ресурсы оның кірісін бағалауға тырысты. Ресурстың шамалауынша, SpaceX 2022 жылы ұшыру бизнесінен $2,4 млрд кіріс кіргізген, ал Starlink интернет-жерсеріктерінің операторы ретінде $1,8 млрд тапқан. Басқа кірістерді қосқанда, компания жалпы $4,6 млрд кіргізген.

2023 жылға жасалған болжам бойынша, SpaceX ұшыру операторы ретінде $5,2 млрд, жерсерік компаниясы ретінде — $5,4 млрд табады. $825 млн қосымша кірісті есептесек, компания биыл $11,5 млрд кіріске ие болады деп болжанып отыр. SpaceX президенті Гуинн Шотуэллдің айтуынша, Starlink биыл өз ұшырылымына кеткен шығысты өзі жабады, ал жыл қорытындысында алғаш рет компанияға табыс әкелуі мүмкін.

2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан республикалық бюджетінің кірісі — $40,5 млрд, сонда бір жылға орта есеппен $13,5 млрд кіріс жоспарланған.
👍1
Қытай зерттеушілері Stable Diffusion жасанды интеллекті негізінде суреттен QR-код жасайтын бағдарлама шығарғаны белгілі. Танымал сервисті біз де қолданып көрдік.
#жасандысана
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX 200-ШІ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚОНДЫРДЫ

2023 жылы 16 маусымда SpaceX компаниясы Калифорниядағы Ванденберг базасынан кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырды. Ол Transporter-8 миссиясы аясында, 40 елдің жалпы массасы 5000 кг шамасындағы 72 шағын жерсерігін 500 км гелиосинхрон орбитаға шығарды.

9-шы рет қолданылған B1071 1-сатысы құрлыққа, LZ-4 алаңына қонды. Компания осымен 200-ші сатыны сәтті қондырып отыр. Барлығы 211 әрекет жасалған еді (Falcon 9 — 189/198, Falcon Heavy: орталық саты — 1/3, үдеткіштер — 10/10). 44 саты құрлықтағы алаңға, 156 үдеткіш — мұхиттағы жүзбелі платформаға қонды.

Алғашқы сәтті әрекет 2015 жылы 22 желтоқсанда жасалғаны белгілі. Соңғы сәтсіздік 2021 ж. 16 ақпанда тіркелді, содан кейінгі қатарынан 126 қондыру әрекеті сәтті болды. Қызық дерек: 1-ші және 100-ші сәтті қонудың арасында 2191 күн өтсе, 100-ші мен 200-шіні 538 күн бөліп тұр.
#зымыранұшыру
👍1
Шар тәрізді жұлдыз шоғыры — ортасында жұлдыздар тығыз топтасқан сфералық шоғыр. Маусымда ең танымал шар тәрізді шоғырдың бірі — M13 немесе Геркулес жұлдыз шоғырын бақылауға қолайлы мүмкіндік туып тұр. Жай-жапсарын арнадағы жаңа роликтен біліңіз.
#бейнеролик
👍1
1. АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖІКТЕУГЕ ЕРІКТІЛЕР КӨМЕКТЕСЕДІ

Азаматтық ғылым деп еріктілердің ғылыми жобаларға ақысыз атсалысып, ғалымдарға көмектесуін айтады. Астрономия мен астрофизика салаларында да қазір осындай жобалар баршылық, солардың кейбірімен таныстырайық.

2023 жылы наурызда Gaia Vari азаматтық ғылым жобасы басталды. Еуропалық Gaia ғарыштық телескопы Күн—Жер жүйесінің L2 нүктесінде 10 жылдан астам жұмыс істеп тұр. Оның міндеті — Құс Жолы галактикасындағы екі миллиард жұлдыздың таралымы мен қозғалысының өте дәл 3D-картасын жасау. Біздің арнада Gaia телескопы алған нәтижелер жайлы көптеген ролик бар.

Женевадағы Gaia деректерін өңдеу орталығы ашқан жоба Gaia каталогындағы 10 миллион айнымалы жұлдызды жіктеуге арналған. Оған кез келген ерікті атсалыса алады. Алдымен практикалық нұсқаулық пен оқу құралымен танысқан жөн. Жұлдыздардың жарқырау қисығы, жарықтылығының өзгеру периоды, түсінің құбылуы, т.б. деректер бойынша олар әртүрлі типтерге жіктеледі. Жоба Zooniverse азаматтық ғылым порталында орналасқан.
👍1
ТЫНЫҚ МҰХИТ ҮСТІНДЕГІ ЖАСЫЛ ЖАРҚЫЛ

Жасыл жарқыл (green flash) — кейде Күн батарда не шығарда бақыланатын сирек оптикалық құбылыс. Жер атмосферасында сынған (рефракция) күн сәулесі спектр түстеріне жіктеледі. Толқын ұзындығы қысқа болған сайын, жарық атмосфералық рефракция әсерінен биігірек көтеріледі. Жалпайған күн табағының жоғарғы жағы көк-жасыл түске, ал төменгі жиегі тоқсары-қызыл түске боялады. Алайда ең қысқа толқындар — күлгін, көк, көгілдір — атмосферада өте күшті шашырайтындықтан (аспанның көк түсті болуы да осыдан), біздің көзімізге жетпейді. Сөйтіп, әдетте жоғарғы жақта жасыл түс қалады.

Құбылыс жай көзбен Күн толық дерлік батқан не енді ғана шыға бастаған мезетте, көкжиек үстіндегі жасыл сәуле түрінде байқалады. Бұл үшін көкжиектің тиісті жағы толық ашық болуы және саф таза ауа қажет. Сондықтан құбылыс көбінесе ашық теңізде немесе жағалаудан бақыланады. Ал фототехникамен жартылай батқан күн табағының жоғарғы жағындағы жасыл жарқылды түсіріп алуға мүмкіндік бар.

Фото авторы: Yuri Beletsky
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SpaceX: ұшырылымдар мен үдеткіштерді қайтару жиілігі
АНТЕННАДАҒЫ БЕС МЫСЫҚ

SpaceX Starlink жерсеріктік интернет қызметінің қолданушысы терминал қорабынан шыққан жапсырманың фотосын жариялады. Жапсырмадағы сурет 2021-дің желтоқсанындағы қатты аязда Старлинк антеннасында жылынып отырған бес мысықтың фотосына сілтейді. Аса жоғары жиіліктегі сәулелену шығаратын фазалық антенналық тор аздап қызады.
1😁1
2. ЖАҢА АСТЕРОИДТАР ІЗДЕУГЕ АТСАЛЫСЫҢЫЗ

Каталина аспан шолуы командасы The Daily Minor Planet азаматтық ғылым жобасын бастады. Ол Zooniverse азаматтық ғылым порталында. Кез келген ерікті астрономдарға Каталина шолуы кескіндерінен жаңа астероид табуға көмектесе алады. Шолу телескоптары әр түні мыңдаған сурет түсіретіндіктен, ғалымдар оларды тексеріп шығуға үлгермей жатыр.

Үйрету курсынан өткен соң, автомат жүйе қозғалатын нүкте болуы ықтимал деп белгілеген нысандардың фондағы бұлыңғыр жұлдыз, жерсерік, ғарыштық қоқыс әлде оптикалық артефакт емесін тексеру қажет. Олар бұрын белгісіз Негізгі белдеу астероиды не жермаңы астероид болып та шығуы мүмкін! Сондықтан жаңа астероид ашылған жағдайда, оны ашушының есімі ұмытылмас үшін, міндетті түрде тіркелу керек.
👍3🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ХҒС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2023 жылы 15 маусымда НАСА астронавтары Стив Боуэн мен Вуди Хобург 5 сағат 35 минутқа ашық ғарышқа шығып, алтыншы iROSA иілгіш орама күн панелін орнатып, жайды. Олар 9 маусым күні бесінші панельді жайған еді. Бұл екі iROSA-ны CRS-28 миссиясының Cargo Dragon жүк кемесі жеткізген. iROSA панельдері жайлы толығырақ келесі поста.

Credit: NASA
#хғс
🔥2
АРИАН 5-ТІҢ СОҢҒЫ ҰШЫРЫЛЫМЫ ШЕГЕРІЛДІ

Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыранының осы түнге жоспарланған соңғы, 117-ші миссиясы белгісіз мерзімге шегерілді. Arianespace ұшыру оперторының айтуынша, қатты отын жағатын үдеткіштермен байланыс желісінен кемшілік табылған. Ариан-5 Syracuse 4B француз әскери байланыс жерсерігі мен Heinrich Hertz герман эксперименттік аппаратын геоөтпелі орбитаға көтеруі тиіс. Сонда да атақты зымыранның қызметі аяқталуына арналған жаңа бейнероликті көріңіз.
#бейнеролик
👍1
ЗЫРЫЛДАУЫҚТАҒЫ СУПЕРЖАҢА GEMINI NORTH КӨЗІМЕН

M101 немесе «Зырылдауық» спираль галактикасы Жерден 21 млн жарық жылы қашықтықта, Үлкен Аю шоқжұлдызында орналасқан. Оның Жерге қатысты орналасуы галактиканың спираль құрылымы мен триллион жұлдызын айшықтайды. Сол себепті, M101 — ең жиі суретке түсірілетін галактиканың бірі.

2023 жылы 19 мамырда әуесқой астроном Коичи Итагаки оның спираль тармақтарының бірінің сыртқы жағында SN 2023ixf деген атқа ие болған супержаңа жанғанын байқады. Оны 12 Күн массасынан ауыр қызыл супералыптың жарылысы туғызған. Сутегі қорын жағып тауысқан жұлдыз сыртқы қабықтарын ұстап тұра алмай қалды. Жұлдыз күйреп, сыртқы қабықтар 0,23 жарық жылдамдығындай жылдамдықпен қирады. 10 секунд ішінде Күн бүкіл 10 миллиард жылдық ғұмырында шығаратындай энергия бөлінді.

II типті супержаңа Gemini North телескопы алған суретте спираль тармақтардың біріндегі төтенше жарық көгілдір жұлдыз түрінде көрінеді. Гавайдағы Мауна-Кеа сөнген жанартауы шыңында орнатылған 8,1 метрлік телескоп, жеті айлық жөндеуден соң, дәл мамырда қайта қосылған еді. SN 2023ixf — соңғы онжылдықтағы Жерге ең жақын және ең жарық супержаңа. +10,8m жұлдыздық шамадағы шырақты апертурасы 114 мм-ден үлкен әуесқой телескоптармен де әлі бірнеше ай көруге болады.

Коичи Итагаки 2018 жылы ашқан, Күннен 5 млрд есе жарық Ia типті супержаңа жайлы — роликте.
👍1
Credit: NSF / NOIRLab
👍1
3. АЛЫС ГАЛАКТИКАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Zooniverse азаматтық ғылым порталы базасында Redshift Wrangler жобасы басталды. Рочестер технологиялық институты ғалымдары ашқан жоба аясында Хаббл ғарыштық телескопы мен Кек обсерваториясы алған галактика спектрлері талданады.

Жобаға еріктілер қатыса алады, жұмысқа кірісер алдын үйрету курсынан өтіп, тіркелу керек. Ешқандай астрономиялық білім қажет емес. Ұсынылған алыс галактикалар кескіндері мен спектрлерінен әртүрлі химиялық элементтердің сәулелену және жұтылу сызықтарын табу керек болады. Ғалымдар осы деректер көмегімен галактикалардың космологиялық қызыл ығысуын анықтайды.

Credit: NASA; ESA; G. Illingworth; D. Magee, P. Oesch / University of California; R. Bouwens / Leiden University; UDF09 Team
CREW-7 МИССИЯСЫНЫҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

16 маусымда Crew Dragon ғарыш кемесімен ХҒС-қа аттанатын 7-ші экипаждың соңғы мүшесі белгілі болды. Миссия маманы болып Роскосмос космонавты Константин Борисов (1-ші ғарыштық сапары) бекітілді. Ол кеме командирі Жасмин Могбели (НАСА, 1), ұшқыш Андреас Могенсен (ЕҒА/Дания, 2) және миссия маманы Сатоси Фурукавамен (JAXA, 2) бірге 17 тамызда ұшуы тиіс.

Суретте солдан оңға қарай: Борисов, Могенсен, Могбели, Фурукава
Credit: SpaceX / NASA
👍1
CREW-7 ҒАРЫШКЕРЛЕРІ MRAP КӨЛІГІНДЕ

Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңында апат жағдайында персоналды эвакуациялауға арналған сауытты көлік (MRAP) бар.
Credit: SpaceX/NASA
👍1