Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ ҒАРЫШТАН КЕЛГЕН ШИФРЛАНҒАН СИГНАЛДЫ ШЕШУГЕ ТЫРЫСУДА

2023 жылы 24 мамырда Алматы уақытымен 21:16-да үш бірдей үлкен радиотелескоп — Грин-Бэнк обсерваториясы, SETI институтының Аллен телескопы мен Medicina радиоастрономиялық стансасы — Марс орбитасынан жеткен шифрланған сигналды қабылдады. Оны 16 минут бұрын еуропалық Trace Gas Orbiter аппараты жіберген еді.

Хабар SETI институтының A Sign in Space жобасы аясында таратылған. Жобаның мақсаты — бөгде өркениеттен хабар келген жағдайға дайын болу. Үш обсерватория зерттеушілері қабылданған сигналды өңдеп, әріптестер мен қалың жұртшылыққа ұсынды. Сигнал мен оны шешуге көмектесетін қосымша материалдарға сілтеме — жоба сайтында. Осы сайт арқылы, әркім өз шешуін ұйымдастырушыларға жібере алады.
👍1
Каховка СЭС-і, 6 маусым 2023 жыл.
Planet Labs компаниясының жерсерігі түсірген фото.
Дереккөз: BBC

P.S. Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгін орыс тілі күнін мерекелеуде.
👍1
ЭКОЦИД

2023 жылы 6 маусымға қараған түні Ресей басқыншылары Днепр өзеніндегі Каховка су электр стансасының бөгетін жарып жіберді. Биіктігі 30 метр, ұзындығы 3650 метр бөгет алпауыт темірбетон құрылыс еді. Ол көлемі 18 текше километр болатын ірі Каховка су қоймасын бөгеп тұрған (салыстыру үшін, Қапшағай — 28 км3, Шардара — 5,7 км3). Қазір су қоймасынан шыққан су Днепр аңғарына жайылуда. The Universe Space Tech сайтындағы мақала негізінде, айуандық терракттің кейбір салдарын ғана қысқаша қарастырайық, оларды толық саралау болашақтың еншісінде.

1. Су басу
Жайылған су қазірдің өзінде оң жағалаудағы Украинаның Херсон қаласының төмен орналасқан бөлігі мен Николаевка, Ольговка, Львово, Тягинка, Понятовка, Ивановка, Токаревка, Приднепровскоені, ал басқыншылар қолындағы сол жағалаудағы Новая Каховка қаласы мен Непряне, Алешки, Кардашевка, Коханы, Голая Пристань, Рыбальче, т.б. елді мекендерін басып жатыр.

2. Энергетика
Каховка СЭС-і толық қирады, оны қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ Каховка су қоймасының деңгейінің төмендеуі әлдеқайда қауіпті. Өйткені Еуропадағы ең ірі Запорожье АЭС-ін салқындату үшін осы жасанды "теңіздің" суы қолданылады. Барлық 6 реактор былтырдан бері сөндіріліп тұрғанымен, олар бәрібір үздіксіз салқындатылуы тиіс. Реакторлар қызып кеткен жағдайда, тарихтағы ең үлкен атом апаты орын алуы ықтимал.

3. Сумен қамтамасыз ету және суару
Каховка су қоймасы толып жатқан суару жүйелерін қамтамасыз етіп тұрған. Солардың ең ұзыны — Қырым түбегіне су беретін 406 километрлік Солтүстік Қырым арнасы толық істен шықты. Жеміс-жидегімен әйгілі Херсон облысының ауыл шаруашылығы да осы арна мен басқа кішірек жүйелерге тәуелді еді. Бұл саланың күйрегені қазірдің өзінде анық. Аймақтағы көптеген қалалардың су алу жүйелері су қоймасының деңгейіне байланысты жобаланған болатын.

4. Экология
Каховка су қоймасы, советтердің ойсыз салған басқа алып құрылыстары сияқты, кезінде экологияға орасан зиян әкелген. Алайда су қоймасы пайда болғалы өткен 67 жылда оның экожүйесі тұрақтанған еді. Онда зоопланктонның 150 түрі, балықтың — 56, омыртқасыздардың — 180 түрі мекендейтін. Жағалауда сансыз құстар ұя салатын. Су қоймасының жойылуы қалыптасқан биологиялық тепе-теңдікті түбегейлі бұзады. Ұзындығы 230 километрге, ең жалпақ жерінің ені 24 километрге жететін қойма көптеген елді мекендерді, зираттарды басып қалған-тұғын. Бұлардың жер бетіне шығуының экологиялық салдарын бағалау қиын.

5. Климат, гидрогеология
Су қоймасының деңгейінің түсуі жерасты суларының деңгейін төмендетіні түсінікті. Бұл Херсон облысының онсыз да шөлейттеніп жатқан оңтүстік бөлігін біржола шөлге айналдырады. Қорыта айтқанда, экоцид акті Оңтүстік Украинаның табиғи жүйелеріне қайтарымсыз өзгеріс енгізетіні айқын.
#көбәріп #геодерек
👍1😱1
Суретте: Каховка СЭС-і жарылысқа дейін
👍1
АУҒАНСТАНДАҒЫ КӨКНӘР АЛҚАПТАРЫ ЕСЕЛЕП АЗАЙДЫ

BBC-дің жазуынша, Ауғанстандағы билікті тәліптер алғалы, апиындық көкнәр егілген алқаптар ауданы 5-6 еседей азайған. Жерсерік суреттерін талдаумен айналысатын британиялық Alcis компаниясының мамандары осындай қорытындыға келді. Мысалы, Гильменд провинциясында былтыр көкнәр (жерсеріктен түсірілген фотода күлгін түсті) 129 000 гектарға егілсе, биыл 1000 гектарға да жетпейді. Диқандар оның орнына бидай (жасыл түсті) егіп жатыр.

Кескін: Alcis/ESRI
👍1
Жазда көзге бірден түсетін шоқжұлдыздың бірі — Сарышаян. Арнамыздағы «Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар» бейнеэнциклопедиясына Сарышаян жайлы да ролик қосылды
#бейнеролик
👍1
Төменгі Днепрдің Каховка СЭС-і бөгеті бұзылғанға дейінгі және кейінгі көрінісі.
Еуропалық Copernicus Sentinel жерсерігі алған фотолар.
😱1
ҚҰС ЖОЛЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ

Галактика орталығы мен Сарышаян шоқжұлдызы. Чилидегі Атакама шөлінен түсірілген.
Фото авторы: Yuri Beletsky
🥰2
SPACEX DRAGON КЕМЕЛЕРІНЕ — БІР МҮШЕЛ

2011 жылы 25 мамырда тарихтағы алғашқы жекеменшік Dragon жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына түйісті (фотоларда). Ал 2023 жылы 6 маусымда стансаға CRS-28 миссиясын орындаған Cargo Dragon 2 C208.4 жүк кемесі келіп жетті. Оның бортында ғарыш стансасына қажет 3,3 тонна нәрсе бар.

Осы 12 жылдағы 28 қамтамасыз ету миссиясы мен Crew Dragon ұшқышты кемесінің 10 сапары аясында, SpaceX компаниясы ХҒС-қа 127 тонна жүк жеткізген. Dragon — стансадан Жерге жүк қайтара алатын жалғыз кеме екені белгілі.
АДАМЗАТТАН ҚҰРАЛҒАН ШАР

Жердегі бүкіл адамдарды арасында бос орын қалдырмай, бір шарға топтастырсақ, оның өлшемі қандай болады екен?

Жер планетасында шамамен 8 млрд адам тұратыны белгілі. Бір адамның орташа массасы 60 кг деп алсақ, адамзаттың жалпы биомассасы 480 млрд кг деген сөз.

Адам денесінің орташа тығыздығы 985 кг/м³ деп қарастырайық. Енді бүкіл адамзатты тығыздығы осындай шарға топтастырсақ, оның көлемі
V = m/р = 480.000.000.000 кг / 985 кг/м³ = 487.309.645 м³

Шардың көлемі V = (4/3) * π * r³
демек шардың радиусы r = ³√(3V/4π) = 488,17 м

Сонда Жерде қазір тұрып жатқан бүкіл адам баласын диаметрі 976 метр шарға сыйғызуға болады екен. Иллюстрация авторы көрнекілік үшін шарды Нью-Йорктегі Орталық паркке қойған.
#биодерек
👍1
SPACEX ЖЕРСЕРІК КОМПАНИЯСЫ РЕТІНДЕ КӨБІРЕК АҚША ТАБА БАСТАДЫ

Бірден айту керек, SpaceX жария компания емес, сондықтан қаржылық есебін жарияламайды. Дегенмен Payload ресурсы оның кірісін бағалауға тырысты. Ресурстың шамалауынша, SpaceX 2022 жылы ұшыру бизнесінен $2,4 млрд кіріс кіргізген, ал Starlink интернет-жерсеріктерінің операторы ретінде $1,8 млрд тапқан. Басқа кірістерді қосқанда, компания жалпы $4,6 млрд кіргізген.

2023 жылға жасалған болжам бойынша, SpaceX ұшыру операторы ретінде $5,2 млрд, жерсерік компаниясы ретінде — $5,4 млрд табады. $825 млн қосымша кірісті есептесек, компания биыл $11,5 млрд кіріске ие болады деп болжанып отыр. SpaceX президенті Гуинн Шотуэллдің айтуынша, Starlink биыл өз ұшырылымына кеткен шығысты өзі жабады, ал жыл қорытындысында алғаш рет компанияға табыс әкелуі мүмкін.

2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан республикалық бюджетінің кірісі — $40,5 млрд, сонда бір жылға орта есеппен $13,5 млрд кіріс жоспарланған.
👍1
Қытай зерттеушілері Stable Diffusion жасанды интеллекті негізінде суреттен QR-код жасайтын бағдарлама шығарғаны белгілі. Танымал сервисті біз де қолданып көрдік.
#жасандысана
👍2