АНТАРКТИДАДАҒЫ ТЕҢІЗ МҰЗЫ ТЕҢДЕССІЗ АЗАЙДЫ
2022 жылы ақпанда Антарктидадағы теңіз мұзының ауданы жерсеріктен бақылау басталғаннан бергі ең аз көрсеткішке жеткен. Ол алғаш рет 2 миллион шаршы километрден кем болды.
НАСА жерсеріктерінің дерегінше, ең кіші аудан 2022 жылғы 25 ақпанда бақыланған. Мұздың ауданы бұл күні 1,92 млн км^2 болған. Алдыңғы антирекорд — 2,11 млн км^2 — 2017 жылы наурызда тіркелген еді.
Credit: NASA Earth Observatory / Joshua Stevens
#геодерек

🔥2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ax-1 миссиясының Crew Dragon ғарыш кемесі суға қонды
🔥2
AX-1 МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
2022 жылы 25 көкекте, Алматы уақытымен 23:06-да Ax-1 миссиясының Crew Dragon C206.3 Endeavour ғарыш кемесі Флорида маңында мұхитқа қонды. Бірнеше минуттан кейін капсула Megan кемесінің бортына көтерілді. Axiom Space компаниясының кәсіби астронавты Майкл Лопес-Алегрия бастаған экипаж мүшелері Ларри Коннор, Эйтан Стиббе, Марк Пати капсуладан шығарылды.
Қонатын аудандағы қолайсыз ауа райына байланысты, миссия жоспарланған 10 күн орнына, 17 тәулікке созылды. ХҒС-та өткізген жарты айда, тарихтағы алғашқы толық жекеменшік миссия мүшелері көптеген ғылыми эксперименттер жасады.

CREW-4 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2022 жылы 27 көкекте, Алматы уақытымен 13:52-де Кеннеди Ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан Crew-4 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon C212 Freedom ғарыш кемесі алғаш ұшырылып тұр. Falcon 9 зымыранының 4-ші рет қолданылған B1067 нөмірлі бірінші сатысы ASOG платформасына сәтті қонды. Кеменің ХҒС-қа түйісуі 28 көкек, 06:15-ке жоспарланған. Миссия шамамен алты айға созылады.
Экипаж құрамы:
Командир — Челл Линдгрен
Билогия бакалавры, жүрек-қантамыр жүйесі физиологиясы магистрі, шұғыл медицина докторы.
НАСА-да хирург болып жұмыс істеген, 2009 жылдан — НАСА астронавты. 2015 жылы ғарышқа ұшып, ХҒС-та 141 тәулік өткізген. Artemis ай бағдарламасына іріктелген ғарышкерлердің бірі.
Ұшқыш — Боб Хайнс
Әуе-ғарыш техникасы бакалавры және магистрі. ӘӘК сынаушы-ұшқышы, 21 жылдық әскери қызметте 50 ұшақ типінде 3500 сағаттан астам ұшқан. ӘӘК подполковнигі, әскери операцияларға қатысып, марапатталған. 2017 жылдан — НАСА астронавты, ғарышқа алғаш ұшуы.
Миссия маманы — Джессика Уоткинс
Геология бакалавры және докторы. НАСА-ның Эймс атындағы Зертеу орталығының, кейін Реактивті қозғалыс зертханасының қызметкері ретінде Phoenix лендерінің, Калифорния технология университетінің ғылыми қызметкері ретінде — Curiosity, Perseverance роверлері миссияларына атсалысқан. 2017 жылдан — НАСА астронавты, ғарышқа алғаш ұшуы.
Миссия маманы — Саманта Кристофоретти
Еуропа ғарыш агенттігінің үшінші әйел-астронавты, италиялық алғашқы әйел-астронавт. 2014 жылы ғарышта 199 тәулік болған (ЕҒА рекорды). Әуе-ғарыш техникасы магистрі, Италия ӘӘК жойғыш-ұшқышы.

👍3
ТРИБОРО КӨПІРІ ҮСТІНДЕГІ ПЛАНЕТАЛАР ШЕРУІ
Таңда ерте тұрсаңыз, шығыс көкжиек үстінде сап түзеген төрт планетаны көре аласыз. Олар: Юпитер, Шолпан, Марс және Сатурн. Ғаламшарлардың жарықтығы сонша, қаладан да бақыланады. Мына кескін Нью-Йорктегі Триборо (RFK) көпірі маңында түсірілген. Планеталардың таңғы шеруі көкек пен мамыр бойы жалғаспақ, ал маусымда оған тіпті Меркурий де қосылады.
Планеталардың бір қатарда тұратын себебі, олар Күнді бір жазықтықта айналады. Эклиптика жазықтығы деп аталатын бұл жазықтық Күн жүйесімен бірге түзілген, және барлық сегіз планета сонда орналасқан.
Image Credit & Copyright: Stan Honda

🤯4
Күн жүйесі неліктен жазық?
https://youtu.be/Rt4Z08PI1w4
https://youtu.be/Rt4Z08PI1w4
YouTube
Күн жүйесі неліктен жазық?
Түпнұсқа: https://youtu.be/tmNXKqeUtJM
Қазақшалаған "Физика және Ғарыш" арнасы
Мәтінді оқыған Еркебұлан Тоқбазаров
Галактиканың симуляциясын жасаған Rob Crain (Leiden) және the Virgo Consortium, визуализация - Rob Crain (Leiden) және Jim Geach (Hertfordshire)

🔥1
29 КӨКЕК 2022 — МЕРКУРИЙДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН КЕШКІ ЭЛОНГАЦИЯСЫ
Меркурий Күнге тым жақын болғандықтан, оны бақылау әдетте тым қиын. Коперник ғұмырында Меркурийді ешқашан көрмеген деген аңыз бар. Көкжиектен сәл ғана биік кішкене ақ нүктені таңғы не кешкі шапақ фонынан байқау шынымен де оңай емес.
Жылына бірнеше рет, планетаның элонгациясы (Күннен бұрыштық ара қашықтығы) артқан кездерде бақылау оңайлайды. Меркурийдің шығыс элонгациясы үлкен болғанда, оны Күн батқан соң бір сағаттай батыс көкжиек үстінен, ал батыс элонгациясы артқанда, Күн шығарда шығыс көкжиек үстінен көруге болады. Сондықтан шығыс элонгация кешкі, батыс элонгация таңғы деп те аталады. Бақылауға ең қолайлы кезең — шығыс элонгация көктемге, ал батыс элонгация күзге сәйкес келген мезгіл.
2022 жылы 29 көкекте шығыс (кешкі) элонгация 20,6°-қа жететіндіктен, Меркурийді кешке бақылауға қолайлы мүмкіндік туып тұр. Күн ұясына жасырынысымен, батыс көкжиек үстінен Болпанды (қазақ жұлдызшылары кешкі Меркурийді осылай атаған) оңай табасыз. Ал 2 мамырда Меркурий жаңа туған жіңішке Ай орағымен әдемі жұп құрайды. Күнге ең жақын планета 4 мамырдан кейін көрінбей кетеді.

ЮПИТЕР МЕН ШОЛПАННЫҢ ТОҒЫСУЫНА БІР КҮН ҚАЛДЫ
30 көкекте, Алматы уақытымен 23:40-та Шолпан мен Юпитер бір-біріне 13 бұрыштық минутқа дейін жақындайды. Ең жарық екі планетаның жақын қосылысын 30 көкек пен 1 мамыр күндері таңсәріде бақылауға болады.
Әзірге 21 көкекте Сидней Операсы үстінде түсірілген планеталар шеруін тамашалай отырыңыздар. Біздің Солтүстік жартышарда төрт ғаламшар көкжиекке сәл көлбеу сап түзесе, Оңтүстік жартышарда олар тігінен тізіледі екен.
Image Credit & Copyright: Prasun Agrawal

🔥2🤩1
30 КӨКЕК 2022 — ЮПИТЕР МЕН ШОЛПАННЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСЫ
30 көкекте, Алматы уақытымен 23:40-та Шолпан мен Юпитер бір-біріне 13 бұрыштық минутқа дейін жақындайды. Ең жарық екі планетаның жақын қосылысын 30 көкек пен 1 мамыр күндері таңсәріде, шығыс көкжиек үстінен бақылауға болады.Қосылысқа куә болу үшін, жергілікті уақыт бойынша Күн шығатын сәттен бір сағат бұрын, шығыс көкжиек ашық жерге барғаныңыз жөн. Алматыда тоғысу бақыланатын мезгіл: 4:47–5:32, Күн 5:47-де шығады.
Әрине, екі ғаламшар Жерден қарағанда ғана бір сызық бойында дерлік тұрғандай. Іс жүзінде Шолпан көгілдір планетамыздан 147,6 млн километрде, ал Юпитердің бізден ара қашықтығы — 850 млн км. Юпитер мен Шолпанның қосылысы жайлы қосымша деректер — арнамыздағы арнайы роликте: https://youtu.be/FuySM_1lSlI

30 көкек/1 мамыр 2022 — Юпитер мен Шолпанның жақын қосылысы. Таңғы планеталар шеруі
2022 жылғы көкектің соңына таман таңғы аспанның 30° секторына жай көзбен көрінетін төрт планета жиылды. 20-нан бастап таңда шығыстан төрт ғаламшарды бірге кө...
👍1
УЭББ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ОПТИКАСЫН ДӘЛДЕУ АЯҚТАЛДЫ
НАСА-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопын дәлдеу жұмысының соңғы, жетінші кезеңі мәресіне жетті. Мамандар обсерваторияның қуатты төрт ғылыми аспабының әрқайсы айқын, фокустағы кескін түсіре алатына көз жеткізді. Уэбб айналары қазір ғарыштан келген жарықты толықтай фокустап, аспаптарға бағыттауға қабілетті. Және NIRCam, NIRSpec, NIRISS, MIRI аспаптарының әрбірі өзіне түскен жарықты дұрыс қабылдай алады.
Енді телескопты жұмысқа дайындаудың соңғы бөлімі жүзеге асырылады. Ғылыми аспаптарды іске қосу процесі екі айға созылмақ. Әр аспап — теңдесі жоқ линзалар, маскалар, фильтрлер мен арнаулы құралдармен жабдықталған детекторлардың жиынтығы. Іске қосу кезеңінде осы құралдардың әртүрлі комбинациялары бапталып, сыналады. Дәлдеу ресми аяқталған соң, ғылыми аспаптарға жауапты мамандар Балтимордағы Ғарыштық телескоп ғылыми институтының (STScI) Операциялық орталығына келді, ал дәлдеуге атсалысқан кейбір мамандар қызметін тәмамдады.

🔥3
Фото: әр аспаптың көзқарас аясындағы айқын фокусталған жұлдыздар кескіні. Уэбб бұл тест үшін Құс Жолының шағын серігі — Үлкен Магеллан Бұлтының бір бөлігін түсіріп, әр детекторға жүздеген мың жұлдыздан тұратын тығыз көрініс берді. Уэббтың үш визуализаторы бар: NIRCam (мұнда 2 мкм толқын ұзындығындағы кескін көрсетілген), NIRISS (1,5 мкм), MIRI (7,7 мкм, ұзындау толқында жұлдызаралық сәулелену мен жұлдыз жарығы түскен). Ал NIRSpec, негізі спектрограф болғанымен, калибрлеу және нысананы ұстау үшін, мына 1,1 микрометрлік кескін сияқты сурет те түсіре алады. Ақыры, FGC дәл көзеу сенсорының міндеті — жол көрсетуші жұлдыздарға қарап бағдар түзеу болғандықтан, ол ғылыми кескін алуға қолданылмайды, бірақ мұнда көрсетілген сияқты калибрлеуші сурет түсіруі мүмкін.
Credit: NASA/STScI
Credit: NASA/STScI
🔥2👍1👏1