ҰЛЫ ДӘУІР АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыраны соңғы, 117-ші миссиясын орындау үшін Куру ғарыш айлағының ұшыру алаңына шығарылды. Ұшырылым 16 маусымға жоспарланған. Ариан-5 Syracuse 4B және Heinrich Hertz жерсеріктерін геоөтпелі орбитаға көтеруі тиіс. Даңқты зымыран сонау 1996 жылғы 4 маусымда алғаш самғаған еді.
Credit: Arainespace

👍1🔥1
ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ МАРСТАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗІЛДІ
2023 жылы 2 маусымда Еуропа ғарыш агенттігі, Mars-Express орбитерінің 20 жылдығына орай, тарихта алғаш рет Марстан тікелей эфир ұйымдастырды. Іс жүзінде, Марс орбитасынан шамамен 50 секунд сайын түсірілген фотолар көрсетіліп тұрды. Қызыл планета қазір бізден 300 миллион километрдей қашықтықта болғандықтан, олардың Жерге жетуіне 17 минут кетті. Mars-Express 2003 жылы 20 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған еді.

YouTube
First livestream from the Red Planet
On Friday, to celebrate the 20th birthday of ESA’s Mars Express, you’ll have the chance to get as close as it’s currently possible get to a live view from Mars. Tune in to be amongst the first to see new pictures roughly every 50 seconds as they’re beamed…
👍1😱1
4 МАУСЫМ 2023 — ШОЛПАННЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ШЫҒЫС ЭЛОНГАЦИЯСЫ
4 маусымда 17:00-де Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы ең үлкен шамаға — 45,4° жетеді. Астрономиялық оқиға ең үлкен кешкі (шығыс) элонгация деп аталады. Бірнеше айдан бері кешкі аспанның сәнін келтіріп тұрған Шолпан бүгін Жер көкжиегінен барынша биік көтеріледі. Оның жарықтығы –4,4 жұлдыздық шамаға жетеді.
Кеш сайын төмендей беретін Шолпан шілденің аяғында кешкі аспаннан жоғалып кетеді де, тағы бір айдан соң Таңғы жұлдыз ретінде қайта оралады. Бүгін 9:44-та Ай толғанын еске саламыз. Ай мен планеталардың маусымдағы орналасуы — роликте.
Скриншот: NASA Eyes
#күнтізбе

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еуропа ғарыш агенттігінің 2 маусымдағы тікелей эфирі видеосын 200 есе тездеткенде, Mars-Express орбитерінің Марс тұсынан бір өткені көрінеді екен.
🤩1
ШЭНЬЧЖОУ-15 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
2023 жылы 4 маусымда Алматы уақытымен 04:33-те қытайлық Шэньчжоу-15 ғарыш кемесінің қону капсуласы Ішкі Моңғолия аймағындағы Дунфэн алаңына аман-есен қонды. Фэй Цзюньлун, Дэн Цинмин, Чжан Лу ғарышта 186 тәулік, 7 сағат, 25 минут болып қайтты. Бұл — бір ұшқышты миссия ұзақтығы бойынша Қытайдың жаңа ұлттық рекорды.
#ҚытайҒарышта

АЙ МУЗЕЙІ
Кешегі постағы сурет фотошоп емес, онда Ай моделін тамашалап тұрған Чехияның Брно қаласының тұрғындары бейнеленген. Ай музейі — британ суретшісі Люк Джеррамның ел аралап жүретін өнер туындысы. Ай моделінің диаметрі 7 метр, оған НАСА-ның LRO орбитері түсірген жоғары ажыратымды (120 пиксель/дюйм) суреттер салынған. Айдың шамамен 500 000 есе кішірейтілген моделі ішінен жарықтандырылады.
Инсталляция ай бейнелерін, ай жарығын және композитор Дэн Джонс жазған көлемді дыбыс композициясын қамтиды. Әр қалада, әр ғимаратта ай жарығы астында әртүрлі қосымша шаралар өтізіледі. Толық ақпарат — Ай музейінің сайтында.

👍1😍1
ҮНДІСТАН МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНАН ЭВОЛЮЦИЯ МЕН ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕНІ АЛЫП ТАСТАДЫ
11–18 жастағы 134 миллион үнді оқушысына арналған мектеп бағдарламасын қадағалайтын Ұлттық кеңес химиялық элементтердің периодтық кестесі мен экологияны оқулықтардан алып тастады. Бұған дейін бағдарламадан эволюция теориясы да жойылған еді. Қоғамдық пәндерден демократия, әралуандық пен саяси партиялар туралы тараулар алынып тасталды. Мына қалпымен Үндістанды жарқын болашақ күтіп тұр дегенге сену қиын.

😢1🥱1
STARLINER ҒАРЫШ КЕМЕСІНІҢ ҰШҚЫШТЫ СЫНАҒЫ ТАҒЫ ШЕГЕРІЛДІ
Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесінің шілдеге межеленген Boe-CFT ұшқышты сынағы белгісіз мерзімге шегерілді. Бұған парашют жүйесіндегі ақаулар мен электр сымдарын орайтын жабысқақ лентаның өрт қауіптілігі себеп болған.
2014 жылы НАСА Boeing және SpaceX компанияларымен ХҒС-қа ғарышкерлер жеткізуге келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін ұшқышсыз және ұшқышты сынақтарды есептемегенде, төрт адамдық 6 рейс жасауы тиіс еді. SpaceX бүгінгі таңда бұл келісімшартты толық орындап, тағы 8 миссияға қосымша тапсырыс алды. Starliner ХҒС-қа бір-ақ рет (онда да екінші әрекеттен) ұшқышсыз барып қайтты.
Фото: Boeing / John Grant

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ ҒАРЫШТАН КЕЛГЕН ШИФРЛАНҒАН СИГНАЛДЫ ШЕШУГЕ ТЫРЫСУДА
2023 жылы 24 мамырда Алматы уақытымен 21:16-да үш бірдей үлкен радиотелескоп — Грин-Бэнк обсерваториясы, SETI институтының Аллен телескопы мен Medicina радиоастрономиялық стансасы — Марс орбитасынан жеткен шифрланған сигналды қабылдады. Оны 16 минут бұрын еуропалық Trace Gas Orbiter аппараты жіберген еді.
Хабар SETI институтының A Sign in Space жобасы аясында таратылған. Жобаның мақсаты — бөгде өркениеттен хабар келген жағдайға дайын болу. Үш обсерватория зерттеушілері қабылданған сигналды өңдеп, әріптестер мен қалың жұртшылыққа ұсынды. Сигнал мен оны шешуге көмектесетін қосымша материалдарға сілтеме — жоба сайтында. Осы сайт арқылы, әркім өз шешуін ұйымдастырушыларға жібере алады.

👍1