Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Artemis II миссиясына арналған Orion кемесінің еуропалық қызметтік модулінің акустикалық сынақтары тәмамдалды. Кеннеди ғарыш орталығының Нил Армстронг атындағы операциялық ғимараты.
Credit: NASA
Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала» кітабын тегін онлайн оқи аласыздар.

https://library.fes.de/pdf-files/bueros/kasachstan/19571.pdf
👍2
ҒАРЫШТА 17 АДАМ БАР — ЖАҢА РЕКОРД!

2023 жылы 30 мамырда, Алматы уақытымен 07:31-де Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан Чанчжэн-2F зымыранымен кезекті Шэньчжоу-16 ғарыш кемесі ұшырылды. 14:29-да кеме Тяньгун ғарыш стансасына түйісті. Бүгін ұшқан Цзин Хайпен (4-ші ғарыштық сапары), Чжу Яньчжу (1), Гуй Хайчао (1) стансада алты айдан бері жүрген Фэй Цзюньлун (2), Дэн Цинмин (1), Чжан Лу (1) үштігіне қосылды.

Жаңа экипаждың екі мүшесі, әдеттегідей, әскери ұшқыш болса, Бейжің әуе және ғарыш сапарлары университетінің профессоры Гуй Хайчао (сол жақта) Қытайдың алғашқы азаматтық ғарышкері атанып отыр. Кеме командирі 56 жастағы генерал-майор Цзин Хайпен (ортада) ғарышқа осымен төртінші рет ұшып, ұлттық рекордты жаңартты.

Шэньчжоу-16 стартына арналған кешегі баспасөз мәслихатында Қытай ұшқышты ғарыштық бағдарламасы директорының орынбасары Линь Сидзян біраз маңызды ақпарат берді. Ең алдымен, Қытай ғарышкерлерін Айға 2030 жылға дейін қондыру жоспарланып отырғаны мәлім болды! Бірінші ұшқышты ай миссиясы қысқа мерзімді болады, Ай бетіне адамдармен бірге роботтар да түседі. Ал Жер маңындағыТяньгун ғарыш стансасы төртінші модульмен кеңейтіледі екен.

Халықаралық ғарыш стансасында қазір 11 кісі барын ескерсек, жер орбитасындағы адамдардың жалпы саны 17-ге жетті! Бұл жаңа әлем рекорды, бұрын бір мезгілде ғарышта ең көбі 14 адам болған еді. Ax-2 миссиясының Crew Dragon Freedom ғарыш кемесі ХҒС-тан 30 мамырда 21:05-те ажырауы тиіс. Ол мұхитқа 12 сағаттан кейін қонады. Ал Шэньчжоу-15 кемесінің Жерге оралуы 4 маусымға қараған түні, Алматы уақытымен 04:26-ға жоспарланған.
#ҚытайҒарышта
🔥2
ҒАРЫШТА БІР МЕЗГІЛДЕ 17 АДАМ — ЖАҢА ӘЛЕМ РЕКОРДЫ!

2023 жылғы 30 мамыр космонавтика тарихында қалатыны анық. UTC бойынша 01:31-де (Алматы уақытымен 07:31) бортында үш адам бар Шэньчжоу-16 ғарыш кемесі ұшырылғаннан бері ғарышта 17 адам ұшып жүр. Бұл адамзат тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, бұрын бір мезгілде ғарышта ең көбі 14 адам болған еді. Қытай кемесі Тяньгун стансасына түйіскеннен (08:29/14:29) Crew Dragon Freedom кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырағанға дейін (15:05/21:05) бұл 17 кісі Жер орбитасындағы екі кешенде болды. Ax-2 миссиясы Мексика шығанағы айдынына 31 мамырда 03:04 UTC (09:04) шамасында қонады деп жоспарланған.

Рекордшылардың есімін атайық.
ХҒС: Союз МС-21/22 — Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин, Франциско Рубио; Crew-6 — Стивен Боуэн, Уоррен Хобург, Сұлтан Әл-Неяди, Андрей Федяев; Ax-2 — Пегги Уитсон, Джон Шоффнер, Әли Әл-Қарни, Райяна Барнауи.
Тяньгун: Шэньчжоу-15 — Фэй Цзюньлун, Дэн Цинмин, Чжан Лу; Шэньчжоу-16 — Цзин Хайпен, Чжу Яньчжу, Гуй Хайчао.
Азаматтығы бойынша: Қытай — 6, АҚШ — 5, Ресей — 3, Сауд Арабиясы — 2, БАӘ — 1. Бұлардың арасында мемлекеттік ғарыш агенттіктерінің 15 ғарышкерінен басқа, жекеменшік Axiom Space компаниясының екі өкілі бар.
#ғарыштарихы
👍1
93. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ ЭНЦЕЛАДТАН АТҚЫЛАҒАН АЛЫП ШАШЫНДЫ КӨРДІ

Уэбб ғарыштық телескопы Сатурнның серігі Энцеладтан атқылап жатқан гейзерді суретке түсіріп алды. Секундына 300 литр шашатын су буы бағанының (плюмнің) ұзындығы 9650 километр екен! Бұл Ирландиядан Жапонияға дейінгі бүкіл Еуразия құрлығы ұзындығындай. Уэбб алған кескінде Энцеладтың өзі бір ғана ақ пиксел түрінде көрінсе, шашын серіктен 20 еседей үлкен. Салыстыру үшін, Cassini ғарыш аппараты жақыннан түсірген сурет қоса берілген. Бұрын телескоптар Энцелад бетінен жүздеген километрге созылған плюмдерді көрсе, Уэббтың теңдессіз сезімталдығы планетологияның жаңа тарауын ашты.

Энцеладтың мұзды беті астында алып тұзды су мұхиты жасырынып жатыр. Үйірілген серік су бүріккішше айналасына мұз кесектері, органикалық қосылыстар мен су буын шашумен болады. Олар Энцелад бетіндегі жарықтардан шығып жатыр. Осы заттардан Сатурн маңындағы "құймақ" пішінді құрылым түзіледі. Астрономдар Уэбб деректері бойынша шашынның 30%-і ғана "құймақта" қалатынын есептеді. Қалған 70% зат Сатурн мен оның сақиналарына жауады.
#ғылымижаңалық
👍2
Credit: NASA, ESA, CSA, Geronimo Villanueva (NASA-GSFC). Image processing: Alyssa Pagan (STScI)
👍2
AX-2 МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

2023 жылы 31мамырда, Алматы уақытымен 09:04-те Ax-2 миссиясының Crew Dragon C212.2 Freedom ғарыш кемесі төрт парашют көмегімен Мексика шығанағына қонды. Бірнеше минуттан кейін капсула теңіз кемесінің бортына көтерілді. Axiom Space компаниясының кәсіби астронавты Пегги Уитсон бастаған экипаж мүшелері Джон Шоффнер, Әли Әл-Қарни, Райяна Барнауи капсуладан шығарылды.

ХҒС-та өткізген сегіз күнде миссия мүшелері медицина, физика және техника салаларындағы 20-дан астам ғылыми зерттеу мен эксперимент өткізді. Оқушыларға арналған лекциялар, ғарыштық тәжірибелер, радиобайланыс сеанстары мен конкурстар да ұмыт қалған жоқ.

30 мамырда бортында адамдар бар алғашқы Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшырылғанына 3 жыл толды. Demo-2 миссиясы, "боти киген батырлар" Даг пен Боб естеріңізде ме? SpaceX компаниясы содан бері 10 ұшқышты миссия аясында ғарышқа 38 адам шығарып үлгерді.

Фото: NASA / Axiom Space
👏2👍1
Жер бетіндегі орташа температура жарты ғасырда 1° көтерілді. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте.
#бейнеролик
👍1
НАСА ЖАҢА АЙ РОВЕРІН ЖАСАТПАҚ

Болашақ Artemis V астронавтары Ай бетінде мынадай Lunar Terrain Vehicle (LTV) көлігімен жүреді екен! Осыған ұқсас Ай ровері соңғы үш Apollo миссиясы ғарышкерлеріне үлкен көмек бергені тарихтан белгілі. Бірақ жаңа буын көлігі жүргізушісіз де қозғала алуы міндетті, бұл жағынан ол Марстағы НАСА роверлерінің жолын жалғастырады.

НАСА салалық өндірушілер арасында конкурс жариялады, ұсыныстар 10 шілдеге дейін қабылданады. LTV көлігін жасауға келісімшарт қарашада жасалады.
Credit: NASA
2023 ж. МАУСЫМДАҒЫ БАСТЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР

🌠 2 маусым — Марс (1.6) Омарта жұлдыз шоғырынан (3.1m) 0°6'-та өтеді
🌙 3 маусым — Ай Антарестен (1.0m) 0°23'-та өтеді
🍓 4 маусым 09:44 — ТОЛҒАН АЙ
4 маусым 17:00 — Шолпанның (-4.4m) ең үлкен кешкі (шығыс) элонгациясы — 45,4°
💫 7 маусым — Ариетидалар метеор ағынының шыңы
🌙 7 маусым 05:09 — Ай перигейде (Жерден 364 859 км), көрінетін диаметрі 32'45"
🪐 9 маусым — Ай Сатурннан (0.7m) 2°58'-та өтеді
🌟 11 маусым — Меркурий (-0.4m) Үркерден (1.2m) 6°12'-та өтеді
⭐️ 13 маусым — Шолпан (-4.5m) Омарта жұлдыз шоғырынан (3.1m) 0°30'-та өтеді
🌙 14 маусым — Ай Юпитерден (-2.1m) 1°22'-та өтеді
🌠 16 маусым — Ай таңда Үркерден (1.2m) 2°-та өтеді
🔮 17 маусым — Сатурнның кері шегіне қозғалысының басы
🔮 17 маусым — Сатурн, Нептун, Юпитер, Уран мен Меркурий аспанның 93 градус облысына жиналады
🌑 18 маусым 10:39 — ЖАҢА АЙ
☀️ 20 маусым — Ай Поллукстан (1.2m) 1°54'-та өтеді
🌺 21 маусым 20:57 — МАУСЫМДАҒЫ КҮН ТЕҢЕЛУІ
Солтүстік жартышарда астрономиялық жаз басталады
🌙 22 маусым — Ай Шолпаннан (-4.4m) 3°41'-та, Марстан (1.7m) 3°47'-та өтеді
🌙 23 маусым 00:32 — Ай апогейде (Жерден 405 384 км), көрінетін диаметрі 29'29"
🌠 27 маусым — Ай Спикадан (1.3m) 1°34'-та өтеді
💫 27 маусым — Маусым Боотидалары метеор ағынының шыңы
🔱 30 маусым — Нептунның кері шегіне қозғалысының басы

Ай бойы іңірде күміс түсті бұлттар байқалуы мүмкін.
#күнтізбе
👍2
Кескін: StarWalk
👍2
ҰЛЫ ДӘУІР АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Еуропалық Ariane 5 ауыр зымыраны соңғы, 117-ші миссиясын орындау үшін Куру ғарыш айлағының ұшыру алаңына шығарылды. Ұшырылым 16 маусымға жоспарланған. Ариан-5 Syracuse 4B және Heinrich Hertz жерсеріктерін геоөтпелі орбитаға көтеруі тиіс. Даңқты зымыран сонау 1996 жылғы 4 маусымда алғаш самғаған еді.

Credit: Arainespace
👍1🔥1
АЙ МЕН ПЛАНЕТАЛАР МАУСЫМДА

Арнадағы жаңа роликте.
Фото авторы: Rami Ammoun
#бейнеролик
👍2