КОМА ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ
Мамыр — Береника Шашы шоқжұлдызындағы Кома шашыраңқы жұлдыз шоғырын дүрбімен бақылауға қолайлы мезгіл. Ол аспанның үш елідей облысына шашылған 40–50 жұлдыздан тұрады. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте.
#бейнеролик

👍1🤩1😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UNITY КОСМОПЛАНЫ «ҒАРЫШҚА» БЕСІНШІ РЕТ ШЫҚТЫ
2023 жылы 25 мамырда Virgin Galactic компаниясы Unity 25 миссиясын сәтті өткізді. VMS Eve тасығыш-ұшағынан ажыраған VSS Unity космопланы суборбитаға, 87,2 км биіктікке дейін көтерілді. Борттағы адамдар 3-4 минут салмақсыздық жағдайын сезінген соң, Unity Нью-Мексикодағы "Америка" космопорты жолағына ұшақша қонды.
Экипажды Virgin Galactic қызметкерлері құрады:
👩🚀 Бет Мозес (суборбитаға 3-ші рет шықты)
👨🚀 Люк Мейс (1)
👩🚀 Жәмила Гилберт (1)
👨🚀 Кристофер Хьюи (1)
VSS Unity ұшқыштары:
👨🚀 Майкл Мазуччи (3)
👨🚀 Си Джей Стеркоу (3), бұрынғы НАСА астронавты, нағыз ғарышта 4 рет болған
VMS Eve ұшқыштары:
👨✈️ Жәмил Джанджуа
👨✈️ Никола Пекиле
Халықаралық авиация федерациясы (FAI) ғарышты 100 км биіктіктен бастайды. Ал АҚШ Әскери-Әуе Күштері стандартына сәйкес, ғарыштың шекарасы 80,45 км (50 миля) биіктікте. Unity космопланы одан бесінші рет асып отыр. Компания енді 250 000 долларлық билет алып қойған 700-дей (!) клиентті "ғарышқа" шығаруды бастамақ.

👍1
БІЛМЕЙТІН ЖЕРДІҢ ОЙ-ШҰҢҚЫРЫ КӨП: HAKUTO-R НЕЛІКТЕН КҮЙРЕГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ
26 мамырда жапониялық ispace компаниясы HAKUTO-R лендерінің Айға қону әрекеті неліктен сәтсіздікке ұшырағанын мәлім етті. Мамандар лендер төмендеу барысында хабарлаған телеметриялық деректерді талдап шыққан. Басты себеп — зондтың бағдарламасындағы (софтвер) қате.
Қону ауданына құлдилаған зондтың Ай бетінен биіктігінің борттық компьютер есептеген (графикте көк түспен берілген) және альтиметр өлшеген (қызыл) шамалары арасында сәйкессіздік туған. Лендер кратер үстіне келгенде, биіктік өлшеуіш аспап, әрине, Ай бетіне дейінгі қашықтықтың қайта артқанын көрсеткен. Бірақ аппараттың бірқалыпты төмендеп келе жатқанын білетін компьютер, аспап лағып кетті деп санап, енді оның дерегін ескермей, өзі есептеген биіктікке ғана сүйене бастаған.
Салдарынан лендерді баяулататын тежегіш қозғағыштар тым ерте, яғни тым биікте қосылған. HAKUTO-R операцияны толық жақсы орындап, вертикаль жылдамдығын 1 м/с-тан кем межеге дейін азайта алған. Алайда бұл қозғағыштардың отыны Ай бетіне жетпей тұрып таусылып қалғаны түсінікті. Соның кесірінен ғарыш аппараты аспан денесі бетіне ақырын қонудың орнына, еркін түсу үдеуімен құлаған.
Проблеманы туындатқан басты жәйттің бірі — миссия жобасы дайын болғаннан кейін, 2021 жылы, қону ауданын өзгерту туралы шешім қабылдануы. Жаңа ауданның ерекшеліктері бағдарламада толық мөлшерде ескерілмей қалса керек. Бұған уақыттың тығыздығы әсер еткен шығар.
Компания бағдарламаға тиісті түзетулер енгізетінін айтты. Жалпы алғанда, M1 миссиясы аппараттың техникалық сенімділігін көрсетті. Барлық құрылғылар ең соңғы сәтке дейін қалыпты жұмыс істеген. 2024 жылғы M2 және 2025-ке жоспарланған M3 миссияларының мерзімі өзгермейді.
#Айбетітегісемес #көбәріп

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
JUICE ЗОНДЫ ТОЛЫҚ ЖАЙЫЛДЫ
RPWI аспабының үш антеннасы мен төртінші Ленгмюр зондының ашылуымен, еуропалық JUICE аппараты жорық конфигурациясына толық енді. Бірақ ол бірден тіке Юпитерге аттанбайды. Бесінші планетаға жетуге қажет үдеу алу үшін, алдағы 6,5 жылда ішкі Күн жүйесінде гравитациялық маневрлер сериясы жасалады.
JUICE мына денелердің тұсынан жақын ұшып өтеді:
— Жер—Ай жүйесі — тамыз 2024;
— Шолпан — 31 тамыз 2025;
— Жер — 29 қыркүйек 2026;
— Жер — 18 қаңтар 2029;
— 223 Rosa астероиды — 15 қазан 2029.
Еуропалық аппарат Юпитер маңындағы орбитаға 2031 жылы шілдеде шығуы тиіс. 2034 жылдың желтоқсанында ол Юпитердің серігі Ганимедті айнала бастайды. Миссия 2035 жылдың соңында Ганимед бетіне құлаумен аяқталады.
Credit: ESA / Juice / JMC

VSS Unity суборбиталық космопланының 25 мамырдағы соңғы сынағының көріністері. Virgin Galactic компаниясы маусымнан бастап коммерциялық ұшуларға кіріспек.
👍1
ХҒС-ТАҒЫ АРАБТАР
1-2. Әли Әл-Қарни (Саудия) Cupola модулінде
3. Райяна Барнауи (Саудия)
4-5. Сұлтан Әл-Неяди (БАӘ) 42-ге толды
Credit: NASA

Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала» кітабын тегін онлайн оқи аласыздар.
https://library.fes.de/pdf-files/bueros/kasachstan/19571.pdf

ҒАРЫШТА 17 АДАМ БАР — ЖАҢА РЕКОРД!
2023 жылы 30 мамырда, Алматы уақытымен 07:31-де Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан Чанчжэн-2F зымыранымен кезекті Шэньчжоу-16 ғарыш кемесі ұшырылды. 14:29-да кеме Тяньгун ғарыш стансасына түйісті. Бүгін ұшқан Цзин Хайпен (4-ші ғарыштық сапары), Чжу Яньчжу (1), Гуй Хайчао (1) стансада алты айдан бері жүрген Фэй Цзюньлун (2), Дэн Цинмин (1), Чжан Лу (1) үштігіне қосылды.
Жаңа экипаждың екі мүшесі, әдеттегідей, әскери ұшқыш болса, Бейжің әуе және ғарыш сапарлары университетінің профессоры Гуй Хайчао (сол жақта) Қытайдың алғашқы азаматтық ғарышкері атанып отыр. Кеме командирі 56 жастағы генерал-майор Цзин Хайпен (ортада) ғарышқа осымен төртінші рет ұшып, ұлттық рекордты жаңартты.
Шэньчжоу-16 стартына арналған кешегі баспасөз мәслихатында Қытай ұшқышты ғарыштық бағдарламасы директорының орынбасары Линь Сидзян біраз маңызды ақпарат берді. Ең алдымен, Қытай ғарышкерлерін Айға 2030 жылға дейін қондыру жоспарланып отырғаны мәлім болды! Бірінші ұшқышты ай миссиясы қысқа мерзімді болады, Ай бетіне адамдармен бірге роботтар да түседі. Ал Жер маңындағыТяньгун ғарыш стансасы төртінші модульмен кеңейтіледі екен.
Халықаралық ғарыш стансасында қазір 11 кісі барын ескерсек, жер орбитасындағы адамдардың жалпы саны 17-ге жетті! Бұл жаңа әлем рекорды, бұрын бір мезгілде ғарышта ең көбі 14 адам болған еді. Ax-2 миссиясының Crew Dragon Freedom ғарыш кемесі ХҒС-тан 30 мамырда 21:05-те ажырауы тиіс. Ол мұхитқа 12 сағаттан кейін қонады. Ал Шэньчжоу-15 кемесінің Жерге оралуы 4 маусымға қараған түні, Алматы уақытымен 04:26-ға жоспарланған.
#ҚытайҒарышта

🔥2